kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?ош бол, бастауыш!" ерте?гілігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

“?ош бол, бастауыш!” атты салтанатты жиын Ма?саты: 1) білімні? сара жолы, ?айнар к?зі бастауыштан басталатынын ??ындыру, о?ушыларды білімді болу?а ша?ыру; 2) бастауыш сыныбымен, ал?аш?ы ?стазымен ?оштастыра отырып, ?мірден ?з орындарын таба білуге ы?пал ету; а?ыл, ой-?рісін дамыту,білімге,?нерге деген ?абілетін арттыру; 3) білім ордасын, ?стаздарын, ата-аналарын ??рметтеуге, жауапкершілікке, сенімділікке, Отанны? адал ?л-?ызы болу?а т?рбиелеу. К?рнекілігі: интерактивті та?та, слайдтар, на?ыл с?здер, ?нтаспа, г?лдер, шарлар, жалаушалар, о?ушылар ж?мысыны? к?рмесі (шы?армашылы? папкілері, ?лгілі д?птерлер мен к?нделіктер, рефераттар, сал?ан суреттер жина?ы, ж?лделі дипломдар)
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?ош бол, бастауыш!" ерте?гілігі »

Қош бол, бастауыш!” атты салтанатты жиын

Мақсаты: 1) білімнің сара жолы, қайнар көзі бастауыштан басталатынын ұғындыру, оқушыларды білімді болуға шақыру;

2) бастауыш сыныбымен, алғашқы ұстазымен қоштастыра отырып, өмірден өз орындарын таба білуге ықпал ету; ақыл, ой-өрісін дамыту,білімге,өнерге деген қабілетін арттыру;

3) білім ордасын, ұстаздарын, ата-аналарын құрметтеуге, жауапкершілікке, сенімділікке, Отанның адал ұл-қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, нақыл сөздер, үнтаспа, гүлдер, шарлар, жалаушалар, оқушылар жұмысының көрмесі (шығармашылық папкілері, үлгілі дәптерлер мен күнделіктер, рефераттар, салған суреттер жинағы, жүлделі дипломдар)

Барысы.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар,ата-аналар, қонақтар және оқушылар! Бастауышпен қоштасу мерекесіне қош келдіңіздер!

Қарсы алыңыздар! Алдарыңызда №6 орта мектебінің 4 “А” сынып оқушыларын сынып жетекшісімен бірге зал төріне шақырамыз! (Аты-жөндері айтылады) (Музыка жүріп жатады)

Жүргізуші: Құрметті жиынға қатысушылар! Алдарыңызда тұрған балалар осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай бүлдіршіндер еді. Енді міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш сынып білімін аяқтап, жоғарғы сыныпқа қадам басқалы отыр. “Талаптарына нұр жаусын!” деген тілекпен жиынды ашуға рұқсат етіңіздер.

Абзал жан бар биік тұлға, байсалды,

Құшақ жая түлектерді қарсы алды.

Бүгінгідей салтанатты шақта бір

Құттықтайды мектеп басшысы баршаңды.

Салтанатты жиынды ашу үшін сөз мектеп басшысы -------------------беріледі.

(ҚР гимні орындалады)

Жүргізуші: Бастауышпен қоштасу тойына қатысушылрға мерекелік шашу - ән “Туған жер”.

Орындайтын: Сыдықова Алтынай және Аминова Айнұр.

(Оқушылар жалаушалармен қимылдар жасайды)

Жүргізуші: Енді жиынға қатысып отырған қонақтармен таныстыруға рұқсат етіңіздер. 1. __________________________

2. __________________________

3. __________________________

4. __________________________

Жүргізуші: Салтанатты жиынның I бөлімінде 4 “А” гимназия сыныбының оқушылары дайындаған “Қош бол, бастауыш!” атты әдеби-сазды бағдарламаны тамашалаңыздар!

I бөлім. Ұстаздық еткен жалықпас...


1-жүргізуші: Ассалаумағалейкум, ағайын!

2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, қымбатты ұстаздар мен ардақты ата-аналар, қонақтар!

1-жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Сан ұрпақты тәрбиелеп-оқытқан,

Өмір деген үлкен жолда тарландар.

2-жүргізуші: Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

Қош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,

Бастауышпен қоштасу тойымызға.

1-жүргізуші: Өтті оқу, сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.

Оқулықпен достасқан,

Білімдері ұштасқан,

Гимназия сыныбы

Бастауышпен қоштаспақ.

2-жүргізуші: Біз бүгін білім мен тәрбие беріп, ой-санамызды дамытқан, жанымызға білімнің нұрын сыйлаған, алаңсыз бақытты балалық шағымыздың куәсі болған, білімнің соқпағынан ғылымның арнасына кең жол ашқан бастауыш мектеппен қоштасамыз.

1-жүргізуші: Армысыз аяулы ұстаз, білім берген,

Біздермен бірге жүріп, бірге күлген.

Бірге: Құтты болсын бүгінгі мерекеміз,

Біз бүгін ұстаздарды жыр етеміз!


Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән-мағына, құдіретті күш пен қасиетті ұғым жатыр. “Жақсы мұғалім – мектептің жүрегі” деген болатын Ы.Алтынсарин атамыз. Ұстаз алдынан өтпейтін жан жоқ, өмірдегі қоғам қайраткерлері де, небір данышпан адамдар мен қарапайым еңбеккерлер де – бәрі бір адамға қарыздар. Ол-ұстаз.

2-жүргізуші: Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздардың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға!

Хан бол, мейлі қара бол,

Дарын бол, мейлі дана бол,

Өтетін бәрі алдынан

Ұстаздар бейне сара жол.

Ұстаздар – ұлттың тірегі,

Ұстаздар – мектеп жүрегі.

Ұрпаққа жетер ұстазбен

Халықтың ұлы тілегі, –

дегендей, ұстаз туралы небір тамаша сөздер көп емес пе?

– Саят, қалай ойлайсың, тек екеуіміз айта бергенше, басқа достарымызға да кезек берсек қайтеді?

– Әрине, дұрыс айтасың. Біз де кішкене тынығып алайық. Сыныптастарымыз дайын тұр.

1-оқушы Ұстаз деген қасиетті адам бар,

Біле білсең, сенің екі анаң бар.

Бірі сенің туған анаң болса егер,

Екінші анаң “ұстаз” деген данаң бар.

Туған анаң болмаса ойнамас ең, күлмес ең,

Жарық дүние нұр сәулесін көрмес ең.

Ұстаз – ана болмаса сен өмірдің

Мәні менен мағынасын білмес ең.

2-оқушы Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы.

Ұстаз болу – мінездің күншуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы.

3-оқушы Мұғалімдік – ең құрметті мамандық,

Жас ұрпақты өсіретін адам ғып.

Ұстаздардан шәкірттерге таралған

Мол мейірім, ізгілік пен адалдық.

Шәкірттердің тыңдап жауап-сұрағын,

Жас санаға төгіп білім шуағын.

Хат танытып жол сілтеген өмірге,

Бұл өмірде құрметті жан – мұғалім.

4-оқушы Ұстаздықты сүйіп, қалап таңдаса,

Өнегесін жас ұрпаққа арнаса.

Нағыз ұстаз, міне осы дер едім,

Қиыны мен қызығына қанбаса.

Ұстаздардың ұлағатты сөзінен

Өмір бойы таусылмас нәр аламыз.

Ұстздардың мейірімді көзінен

Күн нұрындай жылылықты табамыз.

5-оқушы Үйретіп бізге алғаш Әліппені,

Мұғалім ғылымға жол салып берді.

Адамның ой-арманы, мақсаттары,

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

6-оқушы Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны,

Айқара есікті ашып тастағаны.

Бір мереке думан боп осы маңда,

Жетелеп бір сыныпқа апарғаны.

Енді, міне, сағымдай боп өте шықты,

Төрт жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті?

Ұстаз-ана жасады мына бізден,

Білімді де өнерлі бір-бір мықты.

7-оқушы Ұлы өмірге жетелеп,

Ашқан білім есігін.

Құрметтейік мәпелеп,

Ұстаздардың есімін.

Келешекке алтын бақ,

Қосар таудың үлесін.

Жасай берсін жарқылдап,

Ұстаз атты ұлы есім.

8-оқушы Оқытты ұстаз-анамыз,

Өсті білім-санамыз.

Туған елді сүйетін

Біз бақытты баламыз.

Бойымызда бұлан-күш,

Еркін өскен ұланбыз.

Оқу-білім үйреткен

Бәрі: Ұстаздарға мың алғыс!

2-жүргізуші: Ұстаз еңбегі – ұлы еңбек. Өйткені ол шәкіртінің көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қияға қанат қақтырады.Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.Сондықтан да біз ұлағатты ұстаздар алдында бас иеміз!

(Бәрі бас иеді.)


Хор: Ұстазым әні


– Мен саған бір сұрақ қояйыншы. Алғаш рет мектепке келгенің есіңде ме ?

–Әрине , есімде. Мені анам ертіп әкелген болатын.Мектеп алдында өзім сияқты балалар. Мен сынып табалдырығын жасқаншақтап аттаған болатынмын.

– Иә, мен де сондай болғанмын.Бірақ бізді ұстазымыз жылы жүзбен қарсы алып, өз баласынан кем көрмеді. Қолдарымызға қалам ұстатып ,А әрпінен бастап,42 әріпті танып,1 -ден миллионға дейін санай алатын дәрежеге жеткізді.

  • Олай болса, әңгімені тоқтатып, мектеп туралы жырлайық


9-оқушы Әлі есімде мектепке келгеніміз,

Келгеніміз, сыныпқа енгеніміз.

Жасқаншақтап, таңырқап тұрған шақта

Өзің болдың, ұстазым, сенгеніміз.

Мектеп-үйім, ұстаздарым, ата-анам,

Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.

Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,

Тамырланып сан тарапқа тараған.

10-оқушы Мектеп деген – білім кені, жыр кені,

Мектеп деген – ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген – тәрбиеші адамға,

Мектеп деген – даналардың мекені.

11-оқушы Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,

Жайнаттың үмітімнің гүлін жағып.

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

Өткіздім мұнда балғын жасымды мен,

Жаныма сіңді сенің асыл киең.

Сарқылмас бастауысың ұлылықтың,

Мектебім, саған мәңгі басымды ием.

12-оқушы Мектебім – мәңгі бапкерім,

Қарызбыз саған бәріміз.

Өзіңе деген парызды

Ақтаймыз талай әлі біз.

Қадірлі мектеп – бұл мектеп,

Оқыған ата-анамыз.

Атыңды сенің құрметтеп,

Әрқашан еске аламыз.


Хор Аяулы әнім -мектебім

II бөлім. Алғашқы ұстазға арнау


2-жүргізуші: Келесі өлең-жырымыз алғашқы ұстазымыз Базаргүл апайға арналады. Қабыл алыңыз!


13-оқушы Білімнің байыбына барып терең,

Алғашқы ұстаз бастап еді Әліппеден.

Жаны асыл ұстазымның бастауыштан

Бастаған тәрбиесін алып келем.

Базаргүл апай, білімге төпеледің,

Әрбір пәнді үйреттің, жетеледің.

Біздер үшін шаршауды білмеп едің,

Есіміңді төбеме көтеремін.

14-оқушы Беруші ең бізге талай өлең-тақпақ,

Таласып қалушы едік біздер жаттап.

Өзіңіз баға қойған күнделікті

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.

Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға,

Ұқсатып ек біз сізді анамызға.

Жақын тарттық, біртіндеп бауыр бастық,

Жүргеніңді ұнаттың арамызда.

15-оқушы Анамдайсыз, менің асыл ұстазым,

Өтті бізбен көктем, күзің,қыс,жазың.

Төрт жыл бойы тәрбиелеп, аялап,

Болашаққа жарқын жолды нұсқадың.

Кем көрмеймін сізді асыл анамнан,

Сізге ұқсап қудық біз де сан арман.

Сіздей адам дүниеде көп емес,

Балалардың бақыты үшін жаралған.

16-оқушы Сырымызды бес саусақтай біледі,

Біздер үшін бөлек жаны, жүрегі.

Базаргүл апай қамқор болып үнемі

Біздер үшін бақыт іздеп жүреді.


Шәкірті үшін аямаған уақытты,

Тілейміз біз амандық пен шаттықты.

Білім алған сіз сияқты ұстаздан

Біздей шәкірт шынында да бақытты.

17-оқушы Көреміз көзіңізден мейірімді,

Сеземіз анамыздың алақанын.

Қыран ана секілді күтіп-баптап,

Ұшырған ұясынан балапанын.

Айтамыз, апай, сізге көп-көп алғыс,

Қашанда қасыңыздан табылармыз.

“Бастауыш – бар білімнің негізі” деп,

Біз сізді әрқашанда сағынамыз.

1-жүргізуші: “Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға”,-деп Абай атамыз айтқандай, біздерді бастауышта білімге жетелеген, адалдыққа, татулыққа тәрбиелеген алғашқы ұстазымыз әрі сынып жетекшіміз Базаргүл апайға мың алғыс айтып, басымызды иеміз.


Ән “ Алғашқы ұстазым”.


III бөлім. Отан-ана саясында


1-жүргізуші: Біз бастауыштың гимназия сыныбында сапалы білім алумен бірге өз Отанымыз, егеменді еліміз Қазақстанды сүюге, оны қастерлеп-қадірлеуге, туған тілімізді құрметтеуге үйрендік. Туған тілді мақтан ету, оны таза сақтап, өсе түсуіне еңбек сіңіру - әрбір қазақ отбасының парызы.


18-оқушы Қазақ тілім, өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім.

19-оқушы Сен неткен Отан анам ғажап едің,

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.

Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,

Жайнай бер, Ұлы Отаным – Қазақ елім!

Қайсарлы Қазақстан ұланымыз,

Елімізге лайық болу ұранымыз.

Шығарып қазақ атын бар әлемге

Сөнбесін әрқашан да жыр-әніміз.

20-оқушы Кең-байтақ, көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің.


Хор “Егемен ел- Қазақстан”

2-жүргізуші: Ендігі біздің айтар ақ тілегіміз түн ұйқысын төрт бөлген, біздердің тәрбиелі азамат болып шығуымыз үшін аянбай еңбек етіп жүрген аяулы аналарымызға арналады.

Ана дегеніміз - әлемнің жан-дүниесі, оның бастауы мен таусылмайтын жалғасы. Аналарымызға деген біздің алғысымыз шексіз. Сондықтан абзал аналарымызға балалық жүрегімізден өлең жолдарын арнаймыз.


21-оқушы Өмірде ана-бақыт, ана-пана,

Өмірді өркендетер ана ғана.

Өсірген талай көсем, талай шешен,

Талай ер, талай ақын, талай дана.

22-оқушы Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай үн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Мен өзіңмен қайда болса біргемін,

Махаббатың жүрегімде жүр менің.

Күн нұрындай жадырай бір күлгенің,

Қандай жақсы ортамызда жүргенің.

23-оқушы О, Анашым! Таянышым, тірегім,

Бар бақытты бір басыңа тіледім.

Мені жақсы болса екен деп қашанда,

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.

Аялаған, баптаған,

Асыраған, сақтаған.

Сақтандырып күнде еппен

Айтып бәрін үйреткен,

Бәрі: Анамызға мың алғыс!

Музыкалық сәлем жолдау.

Аналардың тілегі” әнін орындайтын – Султан Арайлым


IV бөлім. Не үйрендік?


1-жүргізуші: –Біздің 4 жыл бойы білім алуға көмектескен, қолымызға ұстаған оқулықтарымыз бар емес пе? Сол оқулықтардан нені үйрендік?

– Көп нәрсе үйрендік. Мен соның біреуін айтып өтейін. “Ана тілі” пәнінен ақын–

жазушылардың көптеген шығармаларын оқыдық, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар жаттадық. Ата-бабаларымыздың өткен тарихын білдік, олардың батырлық, адамгершілік қасиеттерінен үлгі алдық.

Әйтекеңнің жарып айтқан,

Қазыбектің қазып айтқан,

Төле бидің тауып айтқан

Ұлағатты сөзінен өнеге үйрендік.

Олай болса, қазір көп жасаған атаның сұрағына ақылды баланың жауабын тыңдайық.

Көрініс “Ата мен ақылды бала”


Ата: Арман деген не?

Бала: Арман дегеніміз – ақыл-ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, бала өссем дейді, қыз көрікті болсам дейді, жігіт бақытты болсам дейді. Қарт жүзге жетсем дейді, ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді.

Ата: Дос табу оңай ма?

Бала: Өмірде ақылдыға дос табу қиын, ақымаққа оңай. Ақылдының досы аз, қасы көп, ақымақтың досы көп болғанымен жақсылығы жоқ.

Ата: Үйде кім, елде кім қадірлі?

Бала: Үйде қонақ, қарт, бала қадірлі,

Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі

Ата: Елді кім, үйді кім бүлдіреді?

Бала: Елді өсекші бүлдіреді, үйді ақылсыз бала бүлдіреді.

Ата: Өмір сүру не үшін қажет?

Бала: Адамның өмір сүруі үшін су, от, тұз, ақыл қажет. Су тіршіліктің нәрін береді, ол өмірдің сәнін береді, тұз астың дамын келтіреді, ақыл мәнін береді.

Ата: Адамға ақыл беретін кімдер?

Бала: Ата-ана, ұстаз, дос. Ата-ана ақылын баласына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Адал дос – ақылшың.

Ата: Дүниеде не жетім?

Бала: Жаңбыр жаумаса – жер жетім.

Басшысы болмаса – ел жетім.

Ұқпасқа айтылған сөз – жетім.

Ата: Дүниеде не қымбат?

Бала: Алтын ұяң – Отан қымбат,

Құт, береке атаң қымбат.

Асқар тауың әкең қымбат.

Ұят пенен ар қымбат.

  • Енді басқа оқулықтардан не үйренгенімізді достарымыз айтып берсін.


“Қазақ тілінен” дыбыс, әріп, сөйлем, сөз таптары, сөйлем мүшелері туралы оқып, түрлі тақырыпта шығармалар мен мазмұндамалар жазуды үйрендік.


“Математикадан” көп таңбалы сандарды оқып, жазып, барлық амалдарға есептер шығаруды үйреніп, теңдеулерді шешіп, көбейту кестесі мен кез-келген өлшем бірліктерді жаттадық.


Ал “Дүниетану” пәнінен айналамыздағы қоршаған ортамен, жан-жануарлармен, өсімдіктермен танысып, өз жеріміздің табиғаты мен байлығы туралы оқып-үйрендік.


Сонымен қатар біздер гимназия сыныбында оқи жүріп, оқу бағдарламасын меңгерумен қатар ұстазымыздың бағыт беріп отыруының нәтижесінде ұйымшылдыққа үйреніп, әр пән бойынша білімімізді тереңдету мақсатында шығармашылықпен іздене білуге дағдыландық. Және жыл бойы жүргізілген “Абайтану” “Жас суретші” атты үйірмелерге қатысып, қабілетімізді дамыттық.

Мұғалім: “Білімді мыңды, білікті бірді жығады” демекші, осы пәндерден алған білімдеріңді байқап көрейін. (Пәндер бойынша сұрақ-жауап жүргізіледі)


Хор “Мектебім”

V бөлім. Өзге тілдің бәрін біл...

2-жүргізуші: Біздер болашақта еліміздің жан-жақты ұл-қыздары болу үшін “Өзге тілдің бәрін біл...” дегендей, гимназия сыныбында өз мамандары жүргізетін орыс тілі, ағылшын тілі, информатика сабақтарында көп нәрсені үйрендік.

Ендігі алғыс пен тілектерімізді осы пәндерден сабақ берген маұғалімдерге арнаймыз.

Орыс тілі пәнін оқытқан Әсем апайды ортаға шақырамыз.

(Орыс тілінде өлеңдер оқылып, ән айтылады, орыс биі биленеді)


Осы жылы үйреткен орыс тілін,

Бұл пәннен берген берген бізге толық білім.

Бақыт тілеп біз сізге, Әсем апай,

Алғыс айтып, сыйлаймыз көктем гүлін.

2-жүргізуші: Үш тұғырлы тілдің бірі-ағылшын тілі екендігі баршаға белгілі.

Қойылады бізге талап жаңаша,

Шетел тілін үйрендік біз таласа.

4 жыл бізді ағылшынша оқытқан,

Мейірімді Ақмарал апай тамаша!

Апайды құрметтеп ортаға шақырамыз.

(Ағылшын тілінде өлең-тақпақ, ән айтылады)

Тілді білу әр баланың арманы,

Бола білді балалардың қорғаны.

Ақмарал апай, сізді мақтан етеміз,

Арайласын әр күніңіз алдағы.

1-жүргізуші: Енді біз ортамызға информатика пәнінің қызығы мен қыр-сырын үйретіп, 4 жыл оқытқан Амангүл апайды шақырамыз.

(Пән туралы тақпақтар айтылады. Көрініс “Ұры мен хакер”)

Информатика сабағына қызығып,

Ақ халатпен баратынбыз тізіліп.

Амангүл апай, сізге рахмет айтамыз.

Сіз бердіңіз пән туралы түсінік.

Алда талай жаңалықты ашамыз,

Жылдам ойлап компьютерді басамыз.

Техниканы меңгеруді үйреткен

Амангүл апай, ұзақ ғұмыр жасаңыз!

Денсаулық қой адамға ең керегі

Жүру керек шынықтырып денені.

Жарыстар мен түрлі ойын өткізіп,

Гүлбаршын апай денеден сабақ береді.

Сыныптағы спортқа құмар балалар,

Құрметтейді, сізді жақсы көреді.

Осы ұстаздарға музыкалық сәлем жолдау

VI бөлім. Қоштасар кез келді...

1-жүргізуші: Парасатты жандарсың ғой, ұстаздар,

Төрт жылды біз бірге өткіздік достардай.

Қимастықпен, толқуменен біз тұрмыз,

Жылы жаққа ұшып кетер құстардай.

Таусылмайтын бізге айтар ақылы,

Біз әрине, ұқтық оның мақұлын.

Кейде тентек болдық бала мінезбен,

Жылдар жылжып өтті міне, ақыры.

2-жүргізуші: Өзіңізді ұстаз, қадірлейміз, сыйлаймыз,

Бір өзіңмен қоштасуға қимаймыз.

Бастауышпен қоштасатын сәт туды,

Қош бол, ұстаз, аттанамыз қимай біз.

Бәрі: Жастың өсті санасы,

Елжірейді жүрегі.

Бастауышқа бар бала

Алғыс айтып жүреді.

24-оқушы Шаттанамын, мен бүгін шаттанамын,

Ғылым сырын түсіндім, мақтанамын.

Осы сырды үйреткен бастауышым,

Төрт жыл өтіп, ал бүгін артта қалдың.

25-оқушы Білім алдым жан-жақты,

Өзіңде өстім, көктедім.

Қош, ұстазым алғашқы,

Қош, бастауыш мектебім!

Бәрі: Бастауыштан жоғарыға аттаймыз,

Ұстаздардың еңбектерін ақтаймыз.

Рақмет сізге, алғашқы ұстаз!

Қош бол, бастауыш мектеп!

Жүргізуші: “ Қош бол, бастауыш! ” атты әдеби-сазды бағдарламасын көрермендер жүрегіне әсерлі жеткізгендері үшін рақмет айтамыз!

(Оқушыларға отыруға рұқсат беріледі)

VII бөлім. Сыныпқа сипаттама

Жүргізуші: Ажырамай мектептен бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берейік құрметпен өзіңізге,

Шәкірттерге арналсын тілегіңіз.

1. Сынып жетекшісіне сөз беріледі.

(Сынып көрсеткіштері айтылады)

2... Мектеп басшыларына сөз беріледі.

(Ата-аналарға алғыс хаттар мен белсенді оқушыларға мақтау қағаздары тапсырылады)


VIII бөлім. Қонақтарға сөз берсек...

1. Сөз кезегі қонақтарға беріледі.


2. Ата-ана бақ тілейді баласына,

Жетсе дейді биікке, бар асуға.

Бүгінгі мерекеде ата-аналар

Ақ тілегін айтам деп таласуда.


Ата-аналарға сөз беріледі.


Жүргізуші: Осымен 4 “А” гимназия сыныбының “Қош бол, бастауыш!” атты мерекесі аяқталды.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
"?ош бол, бастауыш!" ерте?гілігі

Автор: Калиева Айсулу Жаксылыккызы

Дата: 09.05.2015

Номер свидетельства: 209510

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "?ош бол бастауыш мектебім "
    ["seo_title"] => string(30) "k-osh-bol-bastauysh-miektiebim"
    ["file_id"] => string(6) "141495"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1418132781"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "?ош бол,бастауышым! "
    ["seo_title"] => string(21) "k-osh-bol-bastauyshym"
    ["file_id"] => string(6) "220297"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1434568479"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Бастауыш сыныппен ?оштасу "
    ["seo_title"] => string(29) "bastauysh-synyppien-k-oshtasu"
    ["file_id"] => string(6) "133649"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1416561899"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(136) "Тема:Доклад.Бастауыш сынып о?ушыларыны?  шы?армашылы? ?абілеттерін  дамыту. "
    ["seo_title"] => string(82) "tiema-doklad-bastauysh-synyp-ok-ushylarynyn-shyg-armashylyk-k-abiliettierin-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "177046"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1424540660"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(189) "Зерттеу ж?мысыны? та?ырыбы: «А?ылшын тілі саба?ында о?ушыларды а?ылшын халы? ертегілері ар?ылы т?рбиелеу» "
    ["seo_title"] => string(122) "zierttieu-zhu-mysynyn-tak-yryby-ag-ylshyn-tili-sabag-ynda-ok-ushylardy-ag-ylshyn-khalyk-iertieghilieri-ark-yly-t-rbiielieu"
    ["file_id"] => string(6) "191608"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427349122"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства