Просмотр содержимого документа
«Іс - шара Татулық тәрегі»
№ 5 мектеп-лицейі
«Тіл-татулық тірегі».
Өткізген: Нұрымбетова Н.О Сыныбы: 2а
Тақырыбы: «Тіл-татулық тірегі». Мақсаты:1.Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету. 2. Сөздік қорларын молайтып, шешендік өнерге баулу. 3.Ана тілін қастерлеуге, адамгершілікке тәрбие- леу.
Тәрбие сағатының барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: - Оқушылардың назарын аудару. ІІ.Кіріспе сөз: - Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгін бізде ерекше тәрбие сағаты. «Тіл-татулық тірегі» атты тәрбие сағатының мақсаты: Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру. Анықтама беру: Мемлекетіміз ҚР деп аталады. ҚР-дың жер көлемі үлкен. Өз әнұраны, елтаңбасы, туы, Ата заңы бар тәуелсіз елімізді Елбасы Н.Ә.Назарбаев басқарады. Мемлекетімізде бірнеше ұлт өкілдері тұрады. ҚР тәуелсіз республика болып 1991 жылдың 16 желтоқсанында жарияланды. 1989 жылы 22 қыркүйекте Республиканың Жоғарғы кеңесі қабылдаған ҚР-ң Тіл туралы Заңына сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Яғни қазақ тілі- мемлекеттік тіл болып жарияланды. 22 қыркүйек- Қазақстан Халықтарының Тілдер күні деп жарияланды. ІІІ. Көрініс: «Ең қымбат қазына» Қатысушылар: қария, баласы, дана қарт. Ертеде бір тілге жүйрік шешен қария көз жұмарында ұлына: «Балам, әкем кедей болды деп қамықпа. Менің саған тастаған көп қазынам бар, соны тауып алып қадіріне жет» депті. Бала кейіннен оны әрі іздейді, бері іздейді, таба алмайды. Арып-ашып жүріп, ауылдағы абыз-ақсақалдарға мұңын шағыпты. Әлгі дана қарт тыңдап болып: «Әке баласына өтірік айтпас болар, ақтық демінде ақиқатын айтқан екен. Әкең өте шешен адам еді, жарықтық. Оның саған қалдырған мол мұрасы- қасиетті тіл. Бәріміз сөздің дәмін келтіріп, қалай сөйлеуді сенің әкеңнен үйренген едік. Дүниеде тілден қымбат, мәңгілік мұра болмақ-па, сірә!» - деп аталы сөздің жұмбағын шешіп беріпті.
І - кезең «Бәйге» – 10 сұраққа әр топ жауап беру керек
Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?
Көп тілді білетін адам кім?
Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді?
«Әке-шеше» синонимин атаңыз.
.Қазақ тілінде неше жалғау бар?
Дауыссыз дыбыстар неше топқа бөлінеді?
«Family» сөзі қалай аудырылады?
«Туыс» сөзінің синонимин атаңыз?
Тілдер мерекесі қай айда тойланады?
Жазылуы, айтылуы бірдей, бірақ мағынасы басқа
ІІ – кезең. «Полиглот» Мақал – мәтелдерді жалғастыру
( Мақал- мәтелдердің жалғасын сайыскерлер қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтады.)
1.Адам басшысы-……..(ақыл, ум,intelligence)
2. Нет дыма без ……… (от, огонь,fire)
3. Лучше ……. чем никогда (кеш, поздно,late)
4. Ана сүті бой өсіреді,…..ой өсіреді. (ана тілі, родной язык,language)
7. Жердің сәні егін, ердің сәні ……. (білім, знание,knowledge )
8. Дерево крепко корнями. Человек …… (друг, дос, friend)
III кезең «Жыр парағы» деп атап, өлеңді мәнерлеп оқып жарысайық.
Әр оқушы тіл туралы бір өлеңнен мәнерлеп жатқа оқиды.
1.Тілім менің!
Тілім үшін мың өліп, тірілді елім,
Аралыммен арыммен қатар қойып,
Тілді қорғау –парызым бүгін менің,
Қуан халқым! Күшіне енді тіл заңы,
Сүйінші деп ақын ұлың жырлады
Ел елдігі бағаланар тілімен,
Сол арқылы құлпырады, гүл бағы.
2.Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,
Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.
3.Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,
Туған тілім-анам тілі-өз тілім.
Туған тілім-далам тілі-өз тілім
Туған тілім-адам тілі-өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
4.Тілім менің!
Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің.
Тұнығым, рухани жан азығым
Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.
Ана тілім, туған тілім,бал тілім
Сен арқылы дүние танып талпындым.
Сен арқылы әлемге аян бар ісім
Сен өмірде таусылмайтын алтыным.
IV- кезең“Зеректік” Бұл кезеңнің шартымен таныс болыңыздар. Қазір мақал - мәтел, тұрақты тіркестер оқылады, олардың бір сөзі түсіріліп оқылады. Сол сөзді тауып, оны 3 тілге аударасыңдар. 3 тілде де дұрыс жауап айтсаңыздар 30 ұпай, 2 тілде дұрыс жауап айтса 20 ұпай, тек 1 тілде дұрыс жауап айтылса 10 ұпай қосылады.
1. Ер қанаты -..... 2. Білім.... құдық қазғандай. 3. Доссыз өмір – тұзсыз..... 4. Білімі көпті дау алмайды, досы көпті.... алмайды. 5. Қой аузынан.... алмас.
6. Төбе.... тік тұрды. 7. Ит өлген..... 8. Қас пен.... арасында. 9. Отанды сүю.... басталады. 10. Көп сөз – көмір, аз сөз -.....
11. Тіліңмен жүгірме,.... жүгір. 12. Өнер алды – қызыл..... 13. Сегіз қырлы.... сырлы. 14. Түйедей бойың болғанша,.... ойың болсын. 15. Тіл тас жарады, тас жармаса.... жарады.
Қорытынды Сабақты қорытындылап, ұпай саны бойынша нәтижесі шығарылады . Барлық топ марапатталады