kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ерлігі ұмытылмас ерлер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Күні:

Сынып: 4 «Ә»

Сынып сағатының тақырыбы: «Ерлігі ұмытылмас ерлер!».

Сабақтың мақсаты: 1941-1945 жылғы Ұлы отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауда Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін паш ету, жас ұрпақты отансүйгіштікке, ел жандылыққа тәрбиелеу.
Пайдаланылған оқулықтар: « Жеңіс нұры» - жыр жинағы Алматы «Жазушы» 1985ж; «Өмір – бақыт» Есет Әукебаев «Жазушы» баспасы Алматы-1983ж. «Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары», аудандық «Толқын» газеті.
Қолданылған көрнекіліктер;мультимедиялық аппарат, «Жеңіс», «Отан» туралы жазылған нақыл сөздер, т.б.

Барысы:
1-жүргізуші: Жеңіс күні бар әлемге әйгілі,
Көктем шуақ-9май күні.
Айтшы, кәне, біздің жеңіс шеруі, 
Кездейсоқ па көктемге сай келуі.

2-жүргізуші: Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп,
Көңілдерге шұғыласын төккен көп.
Сонау жылы 9 май күні,
Алмастырған қуанышқа қайғыны.

1жүргізуші:Бүгінгі күн – көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында Жеңістің міне 70- көктемі де келіп жетті.
70 жыл - бейбіт көктем таң атқалы,
70 жыл - шуақты күн таратты әнін.
70 рет - көктемде сонан бері, 
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.

2-жүргізуші:Фашистік Германияның мақсаты бүкіл кеңес халқын құлға айналдыру, жерін басып алу еді.Германия фюрері Адольф Гитлердің қанқұйлы саясаты кеңес халқын дүр сілкіндірді. Сол сұрапыл соғысқа біздің елімізден 1 млн. 900 мың адам аттаныпты. Кеңестер Одағының құрамдас бөлігі ретінде жаумен шайқаста  қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетіп, жеңіс күнін жақындатуға өз үлестерін қосты. Майдандағы ерлігі үшін 520 қазақстандықтың, оның ішінде 100-ден астам қазақтың Кеңес Одағының Батыры атағын алуы – ортақ Отанын қорғауда қазақ ұлтының суырылып алға шыққанын көрсетеді. 
Осындай бақытты күнді елі мен жері үшін арыстандай алысқан жеңімпаз жауынгерлер біз үшін, келер ұрпақ үшін сыйлады. Сондықтан да, бұл күні барлығымыз Отан үшін мерт болған қаһармандардың ерлік рухына бас иіп, көзі тірі ардагерлерге құрмет көрсетейік.
Көрініс: «21 июнь 1941 жыл»
21 маусым күні оқушылардың мектеп бітіру кеші.Жастар вальс билеуде.Кенет радиодан:»тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва!1941 жылы 22 маусым фашистік Германия тұтқиылдан соғыс жариялап, елімізге басып кірді.»
1 әйел: «Соғыс, соғыс дейді, естідіңдер ме? Сұмдық-ай енді қайттық? Күніміз не болар екен?»
2 әйел: «Қойыңдар жамандық шақырмай. Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтар бар емес пе?»
1 азамат:
Ат басына күн туса, 
Ауыздықпен су ішер
Ер басына күн туса, етігімен су кешер – деген бар емес пе, жыламаңдар, жастарыңды тиыңдар!
Бәрі: Отан үшін аттанайық!

1 жүргізуші:
Уа, халқым!
Күн туды сенің басыңа,
Жау кірді сенің жеріңе,
Сұм фашистен қорғауға,
Аттан, халқым майданға!

Болатова Қарақат Берқайыр Аманшин «Сақ болыңдар, тірілер!» атты өлеңін оқиды.
1 жүргізуші:
Солдаттың көкірегі толы арманы,
Оқ жаңбыр астында да жоғалмады,
Отан мен анасы үшін «Алға» деді
Амал не,
Көпшілігі оралмады.
«Алар жау сыбағасын оңбай бізден»,
Шығамыз
Соңғы күшпен,
Соңғы айбынмен,
Қорғаймыз байтақ елді,
Өйткені оны
Әр ұрпақ өз тұсында қорғай білген.
Көрініс: «Мәншүктің хаты». Жауынгерлер шайқастан кейін бірі жаралы, бірі қаруларын тазартуда. Аяжандар солдаттардың жарақаттарын таңуда.

«Мәншүктің хаты»

«Көптен күткен хат пен посылканы тура алғы шепте жүргелі тұрған сәтте алдым. Бұл 1943 жылдың 10-шы қыркүйегі еді. Өзіме бір –ақ алма тисе де, мен қатты қуандым. Кішкене сыйлықты мен сияқты күткен жауынгерлер мен командирлер талап кетті. Үлкен рахмет. Жолымыз сәтті болды. Ал қазір,алғы шепте пулеметіммен фашистерді мықтап аңдудамын. Түнде мүлдем дерлік ұйықтамаймыз,ал күндіз тынығамыз. Міне,қалт еткен сәтті пайдаланып,сізге жауап жазып отырмын

…Айналайын апатай “Моншағым” деп еркелете отырып, үнемі менің шаштарымды өріп беруші едің ғой! Сіздің жұп- жұмсақ аялы алақандарыңызды сағындым.Апа, сіз мені кешіресіз деп ойлаймын. Бұрымымды қысқарттым… Соғыста қиын ғой. Қазір қайтадан қоюлана түскен. Өздеріңмен қайта қауышу жазса, көрерміз, оған шейін бұрынғыдай ұзарып қалады.Кеше шайқас алдында өзіңіз жіберген хош иісті сабынмен жуып- шайып, әтір сеуіп, айтпақшы, айна салып жібергеніңіз мұндай жақсы болар ма, көп рақмет, кішкентай болса да соған қарап жас қылып, өріп алғанмын. Ұрысқа кірерде түйіп аламын, бірақ кейде сусып түсіп, арқамды сабалайды. “Дұшпанға оғыңды ата түс аяма!” деп мені қамшылайды.Жеңіспен оралған соң,айтатын нәрсе көп-ақ. Қолыңды қатты қысып,құшып сүйемін. Менің майдангер жолдастарым сәлем айтып жатыр.

Қызыңыз Мәншүк.

1943 жыл. 10-шы қыркүйек.

2 жүргізуші:
Жабады дала төсін нала, қайғы,
Шын қайғы жөн кәріге қарамайды,
Қып-қызыл көлдің бетін сұңқылдаған
Аққулар қанатымен сабалайды

1 жүргізуші:
Ашу менен кек оятты ел намысын,
Отан үшін жан пида болды үлкен сын.
Ер азамат жауменен арпалысса,
Әйелдер терін төкті майдан үшін

Аналар қоштасқанда асылымен,
Арулар қош айтысты ғашығымен
Балалықтың базарын ерте жауып,
Талай жұмыс істеді бала өркен.

Үдетіп соғыс оты қайғы мұңды,
Төрт жыл өтті, соғыс әлі бітпей қойды,
Кемпір шал, әйел бала ауылдағы,
Сеніммен күтуші еді Жеңіс тойды.

Би: «Катюша»


1 Жүргізуші:Соғыс.Сұрапыл соғыс қанша үйдің адамын ұрлады,қанша үйде оттар сөнді, қанша аналар ұрыс даласынан келген қаралы қағазға сенбей ұлдарын күтумен өмірден өтті, қаншама арулар жесір қалып, сәбилер жетімдіктің зарын тартты.

Көрініс: «Жеңіс»
Радио: «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!Сөйлеп тұрған Москва!1945 жылы 8 мамырды Германияның жоғарғы командованиесі жеңілгендігін мойындап Актіге қол қойды. 9 мамыр Жеңіс күні!

Халық қуанысып, бір-бірінен сүйінші сұрасып жатады.
«Сүйінші! Халқым, жұртым, сүйінші! Неміс фашистері кеше тізе бүгіп, жеңіліпті! О,жасаған, шынымен қарғыс атқыр соғыстың аяқталғаны ма?»

Күткен Жеңіс жарқ етті сәуле шашып,
Жеңіс келді, қуандық көңіл тойып,
Жауды жойып батырлар елге оралды,
Ата-анамен қауышты құшақ жайып.

Мамыр келді ағаштар бүрін жарып,
Бейбіт өмір оралды күні жарық.
«Шүкір» деп әжелер жүр ақ жаулықтың
Ұшымен көздің жасын сығып алып.

Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,
Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.
Соғыстан соңғы сәби күлкісімен
Қара күндер қайғысын ұмыттырды.

Ән: «День Победы»


Ән: «Көгершін»
Оқушылардың барлығы ортағы шығып хормен әнді орындайды.


 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ерлігі ұмытылмас ерлер»

Күні:

Сынып: 4 «Ә»

Сынып сағатының тақырыбы: «Ерлігі ұмытылмас ерлер!».

Сабақтың мақсаты: 1941-1945 жылғы Ұлы отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауда Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін паш ету, жас ұрпақты отансүйгіштікке, ел жандылыққа тәрбиелеу.
Пайдаланылған оқулықтар: « Жеңіс нұры» - жыр жинағы Алматы «Жазушы» 1985ж; «Өмір – бақыт» Есет Әукебаев «Жазушы» баспасы Алматы-1983ж. «Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары», аудандық «Толқын» газеті.
Қолданылған көрнекіліктер;мультимедиялық аппарат, «Жеңіс», «Отан» туралы жазылған нақыл сөздер, т.б.

Барысы:
1-жүргізуші: Жеңіс күні бар әлемге әйгілі,
Көктем шуақ-9май күні.
Айтшы, кәне, біздің жеңіс шеруі, 
Кездейсоқ па көктемге сай келуі.

2-жүргізуші: Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп,
Көңілдерге шұғыласын төккен көп.
Сонау жылы 9 май күні,
Алмастырған қуанышқа қайғыны.

1жүргізуші:Бүгінгі күн – көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында Жеңістің міне 70- көктемі де келіп жетті.
70 жыл - бейбіт көктем таң атқалы,
70 жыл - шуақты күн таратты әнін.
70 рет - көктемде сонан бері, 
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.

2-жүргізуші:Фашистік Германияның мақсаты бүкіл кеңес халқын құлға айналдыру, жерін басып алу еді.Германия фюрері Адольф Гитлердің қанқұйлы саясаты кеңес халқын дүр сілкіндірді. Сол сұрапыл соғысқа біздің елімізден 1 млн. 900 мың адам аттаныпты. Кеңестер Одағының құрамдас бөлігі ретінде жаумен шайқаста  қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетіп, жеңіс күнін жақындатуға өз үлестерін қосты. Майдандағы ерлігі үшін 520 қазақстандықтың, оның ішінде 100-ден астам қазақтың Кеңес Одағының Батыры атағын алуы – ортақ Отанын қорғауда қазақ ұлтының суырылып алға шыққанын көрсетеді. 
Осындай бақытты күнді елі мен жері үшін арыстандай алысқан жеңімпаз жауынгерлер біз үшін, келер ұрпақ үшін сыйлады. Сондықтан да, бұл күні барлығымыз Отан үшін мерт болған қаһармандардың ерлік рухына бас иіп, көзі тірі ардагерлерге құрмет көрсетейік.
Көрініс: «21 июнь 1941 жыл»
21 маусым күні оқушылардың мектеп бітіру кеші.Жастар вальс билеуде.Кенет радиодан:»тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва!1941 жылы 22 маусым фашистік Германия тұтқиылдан соғыс жариялап, елімізге басып кірді.»
1 әйел: «Соғыс, соғыс дейді, естідіңдер ме? Сұмдық-ай енді қайттық? Күніміз не болар екен?»
2 әйел: «Қойыңдар жамандық шақырмай. Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтар бар емес пе?»
1 азамат:
Ат басына күн туса, 
Ауыздықпен су ішер
Ер басына күн туса, етігімен су кешер – деген бар емес пе, жыламаңдар, жастарыңды тиыңдар!
Бәрі: Отан үшін аттанайық!

1 жүргізуші:
Уа, халқым!
Күн туды сенің басыңа,
Жау кірді сенің жеріңе,
Сұм фашистен қорғауға,
Аттан, халқым майданға!

Болатова Қарақат Берқайыр Аманшин «Сақ болыңдар, тірілер!» атты өлеңін оқиды.
1 жүргізуші:
Солдаттың көкірегі толы арманы,
Оқ жаңбыр астында да жоғалмады,
Отан мен анасы үшін «Алға» деді
Амал не,
Көпшілігі оралмады.
«Алар жау сыбағасын оңбай бізден»,
Шығамыз
Соңғы күшпен,
Соңғы айбынмен,
Қорғаймыз байтақ елді,
Өйткені оны
Әр ұрпақ өз тұсында қорғай білген.
Көрініс: «Мәншүктің хаты». Жауынгерлер шайқастан кейін бірі жаралы, бірі қаруларын тазартуда. Аяжандар солдаттардың жарақаттарын таңуда.



«Мәншүктің хаты»

«Көптен күткен хат пен посылканы тура алғы шепте жүргелі тұрған сәтте алдым. Бұл 1943 жылдың 10-шы қыркүйегі еді. Өзіме бір –ақ алма тисе де, мен қатты қуандым. Кішкене сыйлықты мен сияқты күткен жауынгерлер мен командирлер талап кетті. Үлкен рахмет. Жолымыз сәтті болды. Ал қазір,алғы шепте пулеметіммен фашистерді мықтап аңдудамын. Түнде мүлдем дерлік ұйықтамаймыз,ал күндіз тынығамыз. Міне,қалт еткен сәтті пайдаланып,сізге жауап жазып отырмын

…Айналайын апатай “Моншағым” деп еркелете отырып, үнемі менің шаштарымды өріп беруші едің ғой! Сіздің жұп- жұмсақ аялы алақандарыңызды сағындым.Апа, сіз мені кешіресіз деп ойлаймын. Бұрымымды қысқарттым… Соғыста қиын ғой. Қазір қайтадан қоюлана түскен. Өздеріңмен қайта қауышу жазса, көрерміз, оған шейін бұрынғыдай ұзарып қалады.Кеше шайқас алдында өзіңіз жіберген хош иісті сабынмен жуып- шайып, әтір сеуіп, айтпақшы, айна салып жібергеніңіз мұндай жақсы болар ма, көп рақмет, кішкентай болса да соған қарап жас қылып, өріп алғанмын. Ұрысқа кірерде түйіп аламын, бірақ кейде сусып түсіп, арқамды сабалайды. “Дұшпанға оғыңды ата түс аяма!” деп мені қамшылайды.Жеңіспен оралған соң,айтатын нәрсе көп-ақ. Қолыңды қатты қысып,құшып сүйемін. Менің майдангер жолдастарым сәлем айтып жатыр.

Қызыңыз Мәншүк.

1943 жыл. 10-шы қыркүйек.

2 жүргізуші:
Жабады дала төсін нала, қайғы,
Шын қайғы жөн кәріге қарамайды,
Қып-қызыл көлдің бетін сұңқылдаған
Аққулар қанатымен сабалайды

1 жүргізуші:
Ашу менен кек оятты ел намысын,
Отан үшін жан пида болды үлкен сын.
Ер азамат жауменен арпалысса,
Әйелдер терін төкті майдан үшін

Аналар қоштасқанда асылымен,
Арулар қош айтысты ғашығымен
Балалықтың базарын ерте жауып,
Талай жұмыс істеді бала өркен.

Үдетіп соғыс оты қайғы мұңды,
Төрт жыл өтті, соғыс әлі бітпей қойды,
Кемпір шал, әйел бала ауылдағы,
Сеніммен күтуші еді Жеңіс тойды.

Би: «Катюша»


1 Жүргізуші:Соғыс...Сұрапыл соғыс қанша үйдің адамын ұрлады,қанша үйде оттар сөнді, қанша аналар ұрыс даласынан келген қаралы қағазға сенбей ұлдарын күтумен өмірден өтті, қаншама арулар жесір қалып, сәбилер жетімдіктің зарын тартты.

Көрініс: «Жеңіс»
Радио: «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!Сөйлеп тұрған Москва!1945 жылы 8 мамырды Германияның жоғарғы командованиесі жеңілгендігін мойындап Актіге қол қойды. 9 мамыр Жеңіс күні!

Халық қуанысып, бір-бірінен сүйінші сұрасып жатады.
«Сүйінші! Халқым, жұртым, сүйінші! Неміс фашистері кеше тізе бүгіп, жеңіліпті! О,жасаған, шынымен қарғыс атқыр соғыстың аяқталғаны ма?»

Күткен Жеңіс жарқ етті сәуле шашып,
Жеңіс келді, қуандық көңіл тойып,
Жауды жойып батырлар елге оралды,
Ата-анамен қауышты құшақ жайып.

Мамыр келді ағаштар бүрін жарып,
Бейбіт өмір оралды күні жарық.
«Шүкір» деп әжелер жүр ақ жаулықтың
Ұшымен көздің жасын сығып алып.

Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,
Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.
Соғыстан соңғы сәби күлкісімен
Қара күндер қайғысын ұмыттырды.

Ән: «День Победы»


Ән: «Көгершін»
Оқушылардың барлығы ортағы шығып хормен әнді орындайды.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ерлігі ұмытылмас ерлер

Автор: Макиш Акку Мерекеевна

Дата: 10.01.2017

Номер свидетельства: 377355

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "«Ерлігі ?мытылмас ерлер» . "
    ["seo_title"] => string(27) "ierlighi-u-mytylmas-ierlier"
    ["file_id"] => string(6) "158280"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421725415"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "?Батырлар ерлігі ?мытылмас "
    ["seo_title"] => string(28) "batyrlar-ierlighi-u-mytylmas"
    ["file_id"] => string(6) "206836"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1430287910"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Ерлер - ел тірегі "
    ["seo_title"] => string(20) "ierlier-iel-tirieghi"
    ["file_id"] => string(6) "192726"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427515683"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) ""?лы Отан со?ысы" та?ырыбында?ы шы?армасы "
    ["seo_title"] => string(45) "u-ly-otan-sog-ysy-tak-yrybyndag-y-shyg-armasy"
    ["file_id"] => string(6) "197042"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428162662"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "МА?ТАНЫШЫМ Т?УЕЛСІЗ-?АЗА?СТАН "
    ["seo_title"] => string(36) "mak-tanyshym-t-uielsiz-k-azak-stan-1"
    ["file_id"] => string(6) "211948"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1431705660"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства