Ма?саты: О?ушыларды? жас ерекшеліктерін ескере отырып,со?ыс туралы ма?л?матпен жерлестерімізді? ерлік істерімен таныстырып, Же?істі? 70 жылды? мерекесін атап ?ту.О?ушыларды адамгершілікке,Отанын с?юге,оны ?ор?ау?а баулу.Отан?а деген с?йіспеншілігін арттырып,патриотты? т?рбие беру.
Просмотр содержимого документа
«Ерлер - ел тірегі »
Тақырыбы: Ерлер ел тірегі.
Мақсаты: Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып,соғыс туралы мағлұматпен жерлестеріміздің ерлік істерімен таныстырып, Жеңістің 70 жылдық мерекесін атап өту.Оқушыларды адамгершілікке,Отанын сүюге,оны қорғауға баулу.Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып,патриоттық тәрбие беру.
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа әзірлеу. Үнтаспадан ән айтылып,ойнап тұрады.
Қонақтар келіп,кіріп жайғасады.
Тәрбие сағатының тақырыбы мен мақсаты таныстыру.
-Біздің өміріміздегі әрбір күн, әрбір сағат мереке.Сондықтан мен сіздерге мерекелік көңіл күй тілей отырып, ұландар мерекесі және жеңіс мерекесіне орай бүгінгі сабағымызды сіздерге тарту етеміз.
Тәрбие сағатымыз 2 бөлімнен тұрады.
1.Соғыс туралы мұғалімнің сөзі.
2.Ерлер ер тірегі ұландар мерекесін атап өту.
1-жүргізуші: Жеңісханқызы Ақгүл - Ардагер аталар!
2-жүргізуші: Рақымова Әсем - Ардақты әкелер!
1-жүргізуші- Ақгүл - Абзал ағалар!
2-жүргізуші- Әсем -Асыл ұстаздар!
Екеуі қосылып: Баршаңызды! Баршаңызды!
1-жүргізуші- Ақгүл Ұлы Жеңіс мерекесімен.
2-жүргізуші- Әсем Ұландар мерекесімен.
Екеуі: Шын жүректен құттықтаймыз.
Соғыс туралы өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: Ақгүл
Әзір титтей бойымыз,
Әзір балаң ойымыз.
Тек қуамыз ойын біз,
Дегенмен де күн санап.
Өсіп келе жатырмыз,
Жігіт болар атырмыз.
2-жүргізуші: Әсем
Ұзарады бойымыз,
Толысады бойымыз.
Алда талай тойымыз,
Өйткені біз күн санап.
Өсіп келе жатырмыз-
Жігіт болар батырмыз!
Кіріспе сөзі.
1-жүргізуші:1941жылы22-маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайлап келе жатқан кезде фашистік Германия ССРО-ға опасыздықпен басып кірді.Соғыстың алдында 6,2миллион халық тұратын еді.Осы жылдар республикамыздан 1миллион 196мың 164адам қару асынып маданға аттанады.1945жылдың 30-сәуірінде Рейхстагқа шабуылға шыққандар ішінде аяулы халқының аяулы перзенті Рақымжан Қошқарбаев өз аты-жөні мен 674полкінің нөмірі жазылған жалауды ортадағы бағанына бекітті. 2-жүргізуші: 1941жылдың 22-маусымы мен 1945жылдың 9-мамыры әр адамның зердесіне мәңгілік сақталады.Жыл сайын 9-мамыр күні адамдар ескерткіштерге асығады.Олар жауынгерлердің тас мүсініне айналған бейнелеріне гүл шоғын қойып батырлар есімін еске алады.
1-бөлім Ерлік туралы жырлаймыз
1-оқушы: Ерғалым
Ерлікте көп,
Аңыз етіп айтарлық. 7-оқушы: Әсем
Жойдық біздер, Жігіт кетті майданға
Жаудың бетін қайтардық. Тал бойында бес қару
Отан бүгін мол шаттыққа кенеліп, Айырылғанға арманда
Жатыр елім жүзінен нұр байқалып. Қалды артында жас ару
Гүл дәуренде, Жас жүрегі бір түрлі
Күн кешейік дәуренсіз. Алқымына тығылып
Төбемізден төнбесінші дүлей күш, Алғашында бір түрлі
Бар мәселе. Қалам ба деп жығылып
Бейбіт жолмен шешілі,
Ұранымыз 8-оқушы: Ақгүл
Тыныштықты тілейміз. Әлі есімде сол бір түн
Кетер емес көңілден
2-оқушы: Жігер Көкте жүзіп ай қалқып
Ленинградтық өренім, Көгілдір сәуле төгіліп
Мақтанышым сен едің. Отырдық сонда біз екеу
О қаһарман өренім, Жағадан қарап Жайыққа
Мақтанышым беделім. Жүзеді бір жұп көлеңке
Тербелген толқын қайықта
3-оқушы: Елнұр
Соғыстың өрті жанбасын, Майданға енді қарасам
Сәбилер жетім қалмасын. Мәңгілік азат туған ел
Есігіне әр үйдің, Сағындым, ұзап барасың
Бесігіне сәбидің. Деп жазады ол,-жылдам кел
Мәңгілік бақыт орнасын,
Болмасын соғыс болмасын.
4-оқушы: Арман
Мәншүк атыс толасында,
Жүр орманның арасында.
Мені ал мені ал деп алуан гүл,
Қолына оның таласуда.
Тығылып гүл омырауда,
Сұрағандай жанға сауға.
Ант еткендей тұрды Мәншүк,
Гүлді жауға таптатпауға.
5-оқушы: Руслан
Айтамыз біз өлең ғып,
Айтамыз біз жыр етіп.
Әлия апай ерлігі ұмытылмас мәңгілік.
6-оқушы: Абдуали
Жиырма сегіз жиырма сегіз бір ғалам,
Анау жаудың таңкілері лаулаған.
Жеріміз кең артымызда Мәскеу тұр,
Шегінуге хақымыз жоқ бір қадам.
ССРО-дағы ұлтардан,
Құралған бұл шағын топ.
Жауға үрей туғызған,
Жайпап түскен жалын боп.
Сұрапылға төтеді,
Борыштарын халқының.
Ерлігімен өтеді.
ӘН: Ел қорғауға әзірміз (хормен)
Жауынгер жерлестеріміздің ерліктеріне тоқталу. Соғысқа қатысқан Бестерек ауылының соғыс ардагерлеріне тоқталайық.буклетпен таныстыру. Кезекті оқушыларға берейін.