-Ғарыш – табиғаттың бір бөлшегі. Жер ғарыштың бір бөлігі. Адам аспанға қарап, жұлдыздарды көреді. Сол жұлдыздар – ғарыш. Бұрын адамдар мұхит арқылы сапар шегетін кезде жұлдыздарға қарап жолының бағытын айқындаған.
Ғарыш - аспан әлемі, космос. Аспан әлемін зерттеу өте ерте кезден бастаған. Ғарышты адам игілігіне пайдалану үшін адамдар көп еңбектенді. Мысалы, олардың бірі аспандағы бұлттардың қозғалысын бақылап,содан кейін ауа райын дәл айтқан. Ал, кейбіреулері мұхиттарда жүрген кемелерді аспаннан бақылаған.
Ғарышқа ең бірінші иттерді ұшырған. Неге итті таңдады?
Ғалымдар ит болғанда, үлкен төбеттер емес, кішігірім итті таңдаған.Өйткені мұндай ит өте төзімді жануар. Белка мен Стелка бірінші рет орбитаны сәтті айналып, Жерге аман оралды.
Байқоныр туралы не білеміз?( Ғарыш айлағы, онда ғарыш кемелері ұшырылады)
