Тәрбие сағатының тақырыбы: Әдептілік әліппесі Тәрбие сағатының мақсаты: Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жазылған плакаттар, тірек сызбалар Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім:Бүгінгі тәрбие сағатымыз әдептілік тақырыбында өтіледі. Әдептілік- адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс- тұрысының ережесі. Осы әдептілік ережесін сақтау керек. Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек. «Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан. Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қалан»деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейрімді, досына қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң өсе келе ата- анаңның, Отаныңның мақтанышы боласың. Адам болатын бала-барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысуы керек. Ендеше әдепті, ақылды балалардың қандай болуы керек екенін мына өлеңдерден тыңдайық.
1- оқушы Ата- ананың тілегі- адам болып өскенің, Адамдықтың тірегі – адал болып өскенің. Әдептілік дегенің- әрқашанда керегің, Әсемпаздық дегенің- әуре сарсаң әлегің. 2- оқушы Тәртіпті бала сүйеніш, Төбең бір көкке жетеді. Ұрыншақ бала жанында, Ұрыс пен керіс айқай шу. Ұстамды бала маңынан, Ұнамды қылық байқайсың. 3- оқушы Кім үлкенді сыйласа, Кім үлкенді тыңдаса Үлкен болған кезінде Сыйлы болмақ өзі де. 4- оқушы Сыйла үлкен кісіні Қамқорлыққа ал кішіні. Сақтап көше тәртібін, Бағдаршамның ал тілін. Әдет қыл бұл ісіңді, Тазалап жүр тісіңді. 5-оқушы Қарсы ал ерте күн көзін, Төсегіңді жина өзің. Асықпай іш тамақты, Жалама аяқ-табақты. 6-оқушы Пышақты ұста оң қолмен, Шанышқыны сол қолмен. Нанды үгітпе, қадірле, Қабығымен бәрін же. Саусағыңды сормағын Салыр салақ болмағын. 7-оқушы Сыйлап сәлем беремін Көршілерді көргенде. Ізетпен бас иемін, Үйге қонақ келгенде. Әдепсіз деп сөкпесін, Анама айтып өкпесін. 8- оқушы Атам маған қашан да, Кішіпейіл бол деген. Ата сөзі санамда, Мақтанбауды жөн көрем. 9- оқушы Өзгелерден өзімді, Санамаймын жоғары. Артық айтып сөзімді, Желпінгенім жоқ әлі. 10- оқушы Атам маған қашан да, әділетті бол деген. Ата сөзі санамда, Жүрем тура жолменен. 11- оқушы Қалдыратын ұятқа, Жалған сөзге төзбеймін. Жеткізетін мұратқа, Тек шындықты көздеймін. 12- оқушы Ізетті бала Ерлан қандай елгезек, Берді ағайға жол кезек: -Ағай ғафу етіңіз! Алға қарай өтіңіз. -Оқасы жоқ, ұланым, Ізетіңмен ұнадың. Деп ағай да Ерланды Жақсы көріп нұрланды. Ән: «Не деу керек?» «Жалғастыр» ойыны: «Не істеуге болмайды?» деген сөзді мұғалім айтады, оқушылар әрі қарай өздері жалғастырады. 1. Үлкендердің алдын- 2. Кішкене баланы- 3. Құстарды- 4. Қыз баланы- 5. Сабақтан- 6. Үйге жүгіріп- 7. Үлкен кісіні- 8. Оқу –құралдарын- 9. Сыныпта айғайлауға- 10.Ысқыруға- 11.Құстың ұясын- Не істеу керек? - Үлкендерді сыйлау керек - Ата- аналардың тілін алу керек - Тәртіпті болу керек - Оқу құралдарын күтіп, таза ұстау керек - Сабақты жақсы оқу керек Мұғалім: Ал енді балалар, кезекті мақал- мәтелдерге берейік. «Жақсыдан үйрен, Жаманнан жирен» деген мақалды қалай түсінесіңдер? Оқушылар хормен: Аулақ жүріп жаман қылық, әдеттен, Үйренеміз жақсы мінез әдептен.
Әдептілік жайлы мақал- мәтелдер айту. Әдепті бала- арлы бала, Әдепсіз бала- сорлы бала. Әдептілік белгісі, Иіліп сәлем бергені. Ашу- дұшпан, ақыл- дос, Ақылыңа ақыл қос. Сіз деген- әдеп, Біз деген- көмек. 1. Ұлық болсаң- кішік бол. 2. Кішіден ізет- үлкеннен құрмет 3. Әдепті бала ата- анасын мақтатар, Әдепсіз бала ата- анасын қақсатар. 1. Жақсы адам ай мен күндей Әлемге бірдей.
1. Әдепті бала кездессе,сәлем берер бас иіп, Әдепсіз бала жолықса, өте шығар кекиіп. Сұрақ- жауап: «Сен маған, мен саған» 1. Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқаныңда алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің? 2. Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек? 3. Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек? 4. Үйге қонақ келгенде бала не істеу керек? 5. Әдептілікті бізге кім үйретеді?
Мұғалім: «Әдеп» деп «әдептілік» деп қандай мінез бен іс- әрекетті айтамыз? 1-оқушы: Әдептілік деп үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей- ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі, көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді. 2-оқушы:Сонымен әдептілік дегеніміз әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен. Тағы да бір айтатын жағдай бір- бірімізге кешірімді болу керек, ол да- әдептілік. Кейде кешірмейтін мінез құлықтар да болады. Ондай теріс мінезді тезге салып, тез түзеу керек.
Жас- кәріге сіз деген Жақсы үлгі іздеген. Дос боламыз біз деген, Ізетті ұл мен қызбенен. Көрініс: Байлық пен ақыл Ізеттілік, әдептілік, адамгершілік жөніндегі сұрақ- жауап Сыйлап үлкен ағаны Сәлем берген баланы Кім дейміз? Әдепті екен бұл дейміз. Кітап, дәптер, қаламы Кір шалмаған баланы Кім дейміз? Ұқыпты екен бұл дейміз. Таудай биік талабы Жақсы оқитын баланы Кім дейміз? Үлгілі екен бұл дейміз. Әдептілік сөзін топтастыру. Мұғалім: Балалар, бүгін біз сіздермен әдептілік жайлы білдік. әр адам өзін кез-келген жағдайды кез-келген жерде тәртіпті ұстап, әдепті де әдемі сөйлей білуі керек екен. Әдепті адам жамандықты жақсылыққа баурап, өзінің ақылдылығын таныта білуі керек.
3
Сынып сағат тақырыбы: Жол ережесін есте сақта Сынып сағат мақсаты: Оқушыларды жолда дұрыс жүріп-тұруға тәрбиелеу. Қоғамдық мекемелердің күнделікті тұрмыста алатын орны , онда көптеген адам жұмыс істейтінін айтып түсіндіру. Олардың қандай көліктермен жұмысқа баратынын анықтау. Қалалық және ауылдық жерлерде жолда жүру ережесінің айырмашылығын анықтау. Жол белгілерін ажырата білуге баулу. Жол жүру ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Сынып сағат көрнекілігі: Үй макеті , бағдаршам , жол белгілері.
Сынып сағат барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Сынып сағаты. -Балалар біз бүгін « Жол тәртібін жадыңда ұста » тақырыбында сынып сағаты өткіземіз. Мұғалім: Жолда жүру ережелеріне арналған сынып сағатымызды Шөмішбай Сариевтің мына өлең жолдарымен бастаймыз. Арманға алдан күткен асығамыз, Біз қалай толқын атпай басылармыз. Жол жүру ережесін жақсы біліп, Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз. Жалғайтын достастырып бар елменен, Жолдардан тұрады ғой әлем деген. Бүгінгі бізге келген қонақтарға, Алдымен беріледі сәлем деген. Нұршат: Жол тәртібі кімге керек – бірге ойланып көрелік, Әрқайсыңның қылығыңа әділ баға берелік. Ережені жақсы білген ортаға шық, жас ұлан, Біліміңді сарапқа сал, біз етейік төрелік. Ленмар: Қызыл көзін ашқанда, Сынық сүйем баспа алға. Қуаныш: Сары көзін ашқанда, Қарап қалма аспанға. Ербол: Жасыл көзін ашқанда, Өте бергін жасқанба. Ескерту белгі: Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам, Хабарлайтын бар қауіпті, оң сапарды жолдаған. Тыйым салу: Мен бәріне әрқашанда тыйым салып тұрамын, Қауіп болса алда тұрған, жібермеймін бір адым. Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін, Осы жолы үндемеймін, барма тағы сұрағың? Анықтама: Белгімен көрсетер жылдамдық пен бағытты Ой, шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті. Барлығын да анықтап көрсетіп жіберем, Сондықтан бәрі де мені тез таныпты. Нұршат: Баратын сапардың қашығын, тұрағын, Үн-түнсіз жол сілтеп, көрсетіп тұрамын. Төрт топтан құрылған белгілер туыстай, Жөн сілтеп тұрамыз у-шусыз ұрыспай. Мұғалім: Жол белгілерін, міндеттеріңізді жақсы біледі екенсіңдер. Сендерге көп рахмет. Ал енді, балалар, олай болса , қазір жұмбақ шешіп, викториналық сұрақтарға жауап беріп көрелік.
1-жұмбақ: Арқаным бар тым ұзын, Ала алмайсың бір үзім. Ақылға салып ойланып, Тапшы мұны пысығым. ( жол)
2-жұмбақ: Бір тұлпар, су ішпейді, жем жемейді, Ескеріп ешбір адам емдемейді. Жүк емес жануарға жүз адам да, Шылбырын сымға байлап тез жөндейді. (трамвай)
3-жұмбақ: Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақта, Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)
Викториналық сұрақтар.
1-сұрақ . Жолаушылар дегеніміз кімдер ? Жауап: Кез-келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.
2-сұрақ. Бағдаршам дегеніміз не ? Жауап: Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қозғалысын реттейді.
3-сұрақ. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады ? Жауап: жол бойына 14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат.
4-сұрақ. Жиекжол жоқ жерде қалай жүру керек ? Жауап: Ауылдық жерлерде жиекжол болмау мүмкін, ондай жағдайда жолдың бір шетімен келе жатқан көлікке қарама-қарсы бағытта жүрген жөн Көрнекіліктермен жұмыс. А) жолда жүру ережесінің сақталуы Ә) көлік түрлері Б) жол белгілері Қорытынды. Ән.«Әрқашан күн сөбесін» аяқтау. Көшеде тек жүрелік, Өзінше бұл да бір ерлік. Ата-ана қынжылмасын, Түсіріп ұнжырғасын.
«Рәміздерім - мақтанышым» (қазақша тәрбие сағаты)
«Рәміздерім - мақтанышым» (қазақша тәрбие сағаты)
Тақырыбы: «Рәміздерім - мақтанышым» Мақсаты: Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру. Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап Көрнекілігі: ҚР-ның рәміздері, Президент портреті Барысы: Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің «Рәміздерім - мақтанышым» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын. Оқушылар орындарынан тұрып, ҚР-ның Әнұранын орындайды. Жанғаным: Батырлықтың уызына жарыған, Ер түркіні байрағынан таныған Өзі ақын, өзі әнші халықта, Кім айта алар болмаған деп Әнұран.
Айжол: Гректің «гимн» сөзі қазақша «ұран», «ұран салу» деген ұғымды білдіреді. Басқа ұлттар секілді қазақ елінің де әрбір ру-тайпасының таңба белгілері, жалауымен қатар, Әнұраны да болған. Елді жау шапқанда жер-жердегі сарбаздарды жинауға ат шаптырып, ұран салады, хабар береді. Кезінде сарбаздарға рух берген, жауға қарсы ерлікпен күресе білуге жұмылдырған. Жүргізуші: Балалар, қазақ халқының «Бізді таныдыңдар ма?» деп, әлемге жар салған Әннұранның әнін жазған, сөзін жазғандар кімдер?
Оқушылар жауабы. Әні: Шәмші Қалдаяқов Сөзі: Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекең Нәжімеденов Камила: ҚР-ның Әнұранында адамға зор рухани әсер ететін күш, өйткені Әнұранда халықтың, ұлттың, мемлекеттің, елдің бірлігінің нышаны бар. Еркін: Бәрі болған қараң сынды көне Ел белгі де, ерлік өнерде. Жаһандағы ең жауынгер халықта, Кім сенеді «Ту болмады» дегенге?
Жүргізуші: Ту бейбіт кезде құрметпен сақталып, ол тек жаугершілік кезде ғана шығарылып отырған. Тудан айырылу - өліммен тең болған. Өздерімізге белгілі қазақ жеріне көз тігушілер аз болмаған. Сондай бір қиын-қыстау кезеңде ұлы дана бабаларымыз Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би ордабасында кездескеннен кейін, Әбілхайыр хан үш жүздің басын қосып, Бөгенбай батырға қазақтың туын ұстатқан екен. Гүлназ: 1992 жыл 4 -маусым - тарихи күн. Сол кезде Республика Жоғары Кеңесі тәуелсіз ҚР-ның мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. 1992 жылы маусым айында тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаев ұлт Туына тағзым етті. Жалғас: Ту ортасында күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран, Тудаң сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн шұғыла, қыран, өрнек бейнесі алтын түстес.
Аянна: Бас білгізіп жер тарпығын тарпаңға, Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға. Қалай оның Елтаңбасы болмайды, Түлігіне дейін салса ен-таңба.
Камила: Енді бүгін өлген Туым тірілді, Әнұраным жалғап алды ғұмырды. Босағада қалып кеткен Елтаңбам, Баяғыша төріме кеп ілінді.
Ән: «Жас дәуірдің түлегіміз» Жүргізуші: Егеменді еліміз жер әлеміндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең өркениетті, ол ретінде өзінің Елтаңбасы мен Әнұранын, Туы мен Жалауын белгілеп, осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақтың терең түсініп, әдептілік рәсімдерін орындау борышымыз деп санауын көздейді.
Ал, балалар, ҚР-ның Елтаңбасында нелер бейнеленген? Оқушылар жауабы: күн сәулесі, көк аспан, шаңырақ, жұлдыз, қанатты тұлпар, бидай сабақтары.
Жүргізуші: Олар қандай мағынаны білдіреді? Жанғаным: Көк аспан – кеншіліктің, тыныштық пен биіктіктің белгісі. Ашық аспанға тараған күн сәулелері сәулетті өмір санатын көрсетіп тұрғандай, биіктегі жарық жұлдыз Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын білдіреді. Еркін: Елтаңбадағы алтын шаңырақ Қазақстанның «қара шаңырақ» деген қасиетті сөзінен алынып, шаңырақ астындағы халықтар бірлігін талап етіп, халықтың қасиетті шаңырағы биіктеп, отбасына күн ананың жарығын шашып, бақыт жұлдызының нұрын төгіп тұр. Гүлназ: Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз-ертегісінен алынған. Аңыз бойынша, қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қат аспанға ұшып, жеті қат жер астына түсіп, халықты қасіреттен азат еткен.
Аянна: Бидай сабақтары – молшылықтың нышаны. Аспан ашық, жұлдызы жарқыраған, шаңырағы биік, жеңімпаз, молшылық елінің перзенті болу. Қорытынды. Айжол: Алдағы уақытта тәуалсіз еліміздің шаңырағынан күн сәулесі тарап, кең даласы нанға толып, көлдері көкке күмісткр шашып, тілінің мәртебесі биік болсын! Жүргізуші: Сонымен қорыта келгенде, өзіміздің жерімізді, рәміздерімізді, Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайты түсуге тырысайық! Туған жер киелі ұғымды әр қазақстандық құрмет тұтуға, оны қастерлеуге міндетті екенін ұмытпайық. «Ел ерімен мақтанар, жер кеңімен мақтанар» деген, елімізді қорғар ер-азаматтар, асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл-қыздар молая берсін.
Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз" (қазақша тәрбие сағаты)
«Тіл- тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»
Мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Көрнекілігі: Сыныпты тақырыпқа лайық безендіру, нақыл сөздер. Мұғалім: Ана тілі- адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін,мәңгі құламайтын бәйтерегі.Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа сақтап отыратын қазына. Мейрам: Қазақ тілі аса бай, икемді тіл.Қалай исең, солай иіле береді.Орамын, бұрымын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалаңсаң,бұл тілмен сурет салуға, тас қашап,ағаш, текемет оюға болады-ау.Бұл тілден май тамады десе де сыяр.Халықтың тіліне жырына құлақ салсаң, небір алуа-шекер балдай татитын нәріне,әріне әсте тоймайсың.Ғашықпын қазақ тіліне...Осындай майса , сұлу тілді қалай өгейсітуге болады. Рауан: Ана тілім- тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сөз ойдағы, Тілім өссе, мен де бірге өсемін, Тілім өшсе , мен де бірге өшемін.
Ана тілін білмеген- ақылы жоқ желікбас, Ана тілін сүймеген- халқын сүйіп жарытпас.
Айбек: Туған тілім- бабам тілім- өз тілім, Туған тілім- анам тілім- өз тілім, Туған тілім- далам тілім- өз тілім, Туған тілім- адам тілім- өз тілім.
Раймбек: Туған тілде сыры терең жаным бар, Туған тілде әнім менен сәнім бар. Туған тілім тіл болудан қалса егер, Жүрегімді суырып-ақ алыңдар!
Мұғалім: Құлақтан кіріп бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй.
«Ана тілім» әні . Орындайтын хор.
Аманжан: Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы , ерінбе. Адамдықты көздесең, Жаттап тоқы көңілге.
«Абай мен Әбіштің сырласуы» атты қысқаша көрініс. (Абай- Мейрам, Әбіш- Рауан) -Балалар, тіл туралы біз не білеміз? Ойларымызды ортаға салайық. Рауан: Халық бар жерде тіл бар.Тіл бар жерде өнер бар.Өнер бар жерде жанкүйер бар.Әр халықтың ана тілі- оның бақыты, оның қуанышы. Аманжан: Туған тілің мақтан ету, оны таза сақтау, оның өрлеп, өсе түсуіне еңбек сіңіру- әрбір қазақ отбасының жүрегі. Айбек: Халықтың қуаты- тілдің қуаты. Біз ана тілімізді ең айтқыш, ең білгір, ең бай тілдердің біріне айналдыруымыз керек. -Балалар, тіл туралы қандай мақалдар білеміз?
1. Өнер алды қызыл тіл.
2. Тіл тас жарады, Тас жармаса, бас жарады.
3. Шебердің қолы ортақ, Шешеннің тілі ортақ..
4. Тіл қылыштан өткір.
5. Басқа бәле тілден.
Мұғалім: Қалың елім қазағыңа қорған бол! Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол, Шет тілі мен компьютерді меңгеріп, Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!
Осымен біздің тіл мерекесіне арналған сабағымыз аяқталды. Рауан: Ана тілім- тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сөз ойдағы, Тілім өссе, мен де бірге өсемін, Тілім өшсе , мен де бірге өшемін.
Ана тілін білмеген- ақылы жоқ желікбас, Ана тілін сүймеген- халқын сүйіп жарытпас.
Айбек: Туған тілім- бабам тілім- өз тілім, Туған тілім- анам тілім- өз тілім, Туған тілім- далам тілім- өз тілім, Туған тілім- адам тілім- өз тілім.
Раймбек: Туған тілде сыры терең жаным бар, Туған тілде әнім менен сәнім бар. Туған тілім тіл болудан қалса егер, Жүрегімді суырып-ақ алыңдар!
Мұғалім: Құлақтан кіріп бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй.
«Ана тілім» әні . Орындайтын хор.
Аманжан: Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы , ерінбе. Адамдықты көздесең, Жаттап тоқы көңілге.
«Абай мен Әбіштің сырласуы» атты қысқаша көрініс. (Абай- Мейрам, Әбіш- Рауан) -Балалар, тіл туралы біз не білеміз? Ойларымызды ортаға салайық. Рауан: Халық бар жерде тіл бар.Тіл бар жерде өнер бар.Өнер бар жерде жанкүйер бар.Әр халықтың ана тілі- оның бақыты, оның қуанышы. Аманжан: Туған тілің мақтан ету, оны таза сақтау, оның өрлеп, өсе түсуіне еңбек сіңіру- әрбір қазақ отбасының жүрегі. Айбек: Халықтың қуаты- тілдің қуаты. Біз ана тілімізді ең айтқыш, ең білгір, ең бай тілдердің біріне айналдыруымыз керек. -Балалар, тіл туралы қандай мақалдар білеміз?
1. Өнер алды қызыл тіл.
2. Тіл тас жарады, Тас жармаса, бас жарады.
3. Шебердің қолы ортақ, Шешеннің тілі ортақ..
4. Тіл қылыштан өткір.
5. Басқа бәле тілден.
Мұғалім: Қалың елім қазағыңа қорған бол! Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол, Шет тілі мен компьютерді меңгеріп, Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!
Осымен біздің тіл мерекесіне арналған сабағымыз аяқталды.
Ата салтым – асыл қазынам» (қазақша тәрбие сағаты)
«Ата салтым – асыл қазынам» Мақсаты: 1.Қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиеттерінің халықтың салт-дәстүрлерімен сабақтастығын түсіндіру, кейбір халық әндерін, мақал-мәтелдерін үйрету. 2.Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру. Көрнекілігі: Қазақ үйінің жасауы, мақал-мәтелдер, даналардан шыққан сөз, қолөнер бұйымдары, ою-өрнек түрлері.
Барысы: «Дұшпанға қатал, Досқа адал - халық» Кіріспе Мұғалім: Қай заман болсын адамзат алдында тұратын басты міндет – адал, білімді, еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті әр халық салт-дәстүріне орай іске асырады. Яғни әр халық ғасырлар бойы сыннан өтіп, сұрыпталған озық салт-дәстүрлерін жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланып келген.
Бала тәрбиесі тек мектеп қабырғасында ғана берілмейтіні анық. Ананың бесік жырынан бастап, адамның жер қойнына берілгенге дейінгі өзі көріп-білген салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар барлығы да адамның дүниетанымын қалыптастыратын өмір сабақтары. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрі бар. Салт-дәстүрдің пайда болып, қалыптасу тарихына көз жіберсек, олар халықтың әл-ауқат, тұрмыс-тіршілік болмысынан туып қалыптасатынын көреміз. Дүниеден өткен адамды жерлеудің салтын қарайтын болсақ, үнділер өте тығыз орналасқандықтан, көмуге жер жетіспейтіндіктен мәйітті өртеуі, орыстардың ағаш табытқа салуы, топырағына күрек батпайтын жерде тұратын адамдар мәйітті адам жүре қоймайтын айдалаға апарып тастайды. Қоғамдық салт – қоғадық болмыстан туындайды деген осы. Сондықтан халық дәстүрлерінің дұрыс-бұрысы бар деуге болмайды.
Халық педагогикасының тұрмыстық ереже болып, халықтың салтына айналған әдет-ғұрыптардың тәрбиелік мәні ерекше. Халық тәрбиені балаға ана құрсағында жатқаннан бастайды. Оған куә іштегі сәбидің уақытында дүниеге келуі үшін үлкен аналар түрлі ырымдар жасайды.
1-оқушы: Шілдехана – сәби дүниеге келген соң бір жеті бойы ана мен баланы күтіп, оның көңілін көтеріп, оның қасына дастархан жаю әдеті. Қазақ елінің әр түкпірінде бұл рәсім әр қалай өтеді. Сол күні баланы шілде суына шомылдырып, сыңғырлаған тиындар салады, балаға денсаулықпен бірге байлық та тілейді. Шілдехана өткізілетін күні ана әбден сорпаланып өзінің шілде терін шығаруы тиіс.
2-оқушы: Қырқынан шығару – бөбек дүниеге келген соң 40 күннен соң оның алғаш рет шашы мен тырнағы алынып, бесікке салу рәсімі орындалады. 40-күннің өзі ананың бой көтеріп, денсаулығы түзелген кезде болады. Жалпы осы уақыт ішінде ананың да, баланың да денсаулығы өте мықты күтімді қажет етеді. Анаға кіндік шеше көмек беруі тиіс. Бұл дастархан басына тек әйел адамдар келіп қатысады.
3-оқушы: Есімін атау (ат қою) – бұл рәсім ұлағатты кісіге жүктеледі. Қазақ аттарының көптігі басқа халықтардан ерекшелігі. Қыз балалардың есімдері олардың көркемдігі. Ат қою «көз тимесін» деген оймен қойылады. Ат таңдалғаннан кейін баланың құлағына 3 қайтара айтылады.
4-оқушы: Бесікке салу – бұл кішігірім той ретінде өтеді. Келушілер тарту, шашу, жоралғыларыналып келеді, бесікке салу немесе бөлеу тәжірибелі әжеге немесе анаға жүктеледі. Бесікті түбегімен, жабдығымен кіндік шеше алып келеді, сумен бала шыланады, ыдыстары отырғандарға таратылып беріледі. Баланың «ит көйлегі» жүгіртіледі, яғни тәтті дәм толтырылған кішкене дорба иттің мойынына көйлегімен байланады да жүгіртіледі, соңынан қуып жеткен бала дорбаға ие болады. Бесіктің түбегі орналасқан жерден кішкене бұршақ тәрізді тоқаштар өткізіліп, оны «тыштырма» деп айтады. Осы жерде жиналған аналар бесік жырларын айтады. Бесік жырының сөздері естияр балалардың ой-қиялына жыр етіп, ананың мейір-шапағатын арттырады. Ондай отты жырларды балалар да жаттап алу керек.
5-оқушы: Тұсау кесер – бір жасқа толып еркін жүре бастаған бал бөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіру салтанаты ретінде өтеді. Бөбектің тұсауын ата-ананың қалауы кеседі. Тұсауы кесілген баланы «Ақ жол болсын» деп ақ орамалдың үстімен немесе жұмсақ болсын деп кілем үстімен жүргізеді. Тұсау кесер жырлары айтылады.
6-оқушы: Баланы атқа мінгізу салты – баланың буыны бекіп, 4-6 жасқа келгенде ат үстінде өзін-өзі ұстап отыра алатын жағдайға жеткенде, атқа мінгізу салтын жасап, ат құлағында ойнайтын денсаулығы зор, мықты, шымыр жауынгер, еңбекқор, қиыншылыққа төзімді ұрпақ тәрбиелеудің бір түрі. Балаға ер-тұрмандарын сыйлап (ашамай, жандарба, тоқым, жүген, ноқта), атқа мінгізіп той жасайды. Бұл әрекет ер баланың ендігі азамат болуға дайындалғанының белгісі болып саналады.
Қорытынды. Мұғалім: «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дегендей, ата-бабаларымыз ұл-қыздарын жасынан бастап сан алуан іс-әрекетпен, жауапкершілікті талап ететін еңбекпен тәрбиеленген. Ер баланы бес жасынан тай жалын тартып мінуге жарағаннан бастап, оны қолғанат деп есептеген. «Жігітке жеті өнер де аздық етеді» деп халқымыз ер баланы төрт түлік малды бағып-күтуге, жер қыртысын, өсімдік түрлерін білуге, қараңғы түндерде жұлдызды аспанға қарап бағыт-бағдарды белгілеп, қоныс-суды дәл табуға үйреткен.
Әкенің баласына ақыл айтып, жауапкершілікке жүктеп, оны бес-жиырма жасында енші беріп, жастарды өз бетімен шаруа құрып, өмір сүруге дайындаған. Аталарымыз ер жігіттен ауылдың, рудың, елдің мүддесін қорғауға әрқашан дайын болуды талап еткен. Ұлдарға көкпар тарту, бәйгеге шабу, аударыспақ, теңге алу, күрес, сайыс ойындарын үйреткен. Ерлерден садақ тарту, найзагерлік өнерді, сойыл соғуды білуді талап етіп, дайындаған.
Жеті атасын үйрету ескіден қалған аталы сөз, бабалардың өнегесін, ерлігін, азаматтығын балаларға ұғындыру - әке міндеті болып есптелген. «Қыз өссе – елдің көркі» дегендей, қыз баланың сырт бейнесі, киіне білуі оның ішкі мәдениетімен, тәрбиелік деңгейімен байланысты. Қыз – болашақ ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың береке құты. Қыз баланы жасынан төзімділікке, әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиеленген. Қазақ халқының салт-дәстүрі болашақтың айқын көрінісіне үлесін тигізеді. Сауатты да, салмақты, адамгершілік қасиеті мол жас ұрпақ салт-дәстүр, әдет-ғұрыппен өте тығыз байланыста.