Просмотр содержимого документа
«"Бөкей Ордасына-215 жыл" сыныптан тыс шара»
Бөкей Ордасы ауданы ,Бисен ауылы, З.Жиеналиев атындағы бастауыш мектебінің мұғалімі Ұлболсын Тоқсанқызы Бекқалиева
Сыныптан тыс шара
Тақырыбы: Бөкей Ордасына -215 жыл
Мақсаты: Туған жерін ,оның тарихын тануға ,тарихи тұлғалар туралы үйрету,елге деген құрмет,оларды қастерлеуге баулу арқылы оқушылардың бойында потриоттық сезім ұялату,ой-өрісін дамыту,дүниетанымын кеңейту.
Ресурстар: Карта , Қасиетті Орданың,батырлардың суреттері,өлкетану музейінің суреттері.
1-Жүргізуші: Ұлтарақтай болса да,ата-қоныс жер қымбат. Ат бөбеліндей болса да,туып өскен ел қымбат.Екі ғасырлық тарихы баркиелі мекен қасиетті Орда –біздің туған жеріміз.Бұл аймақ қадірі аспандап,беделі биіктеген дарынды,дара тұлғалардың өлкесі.Орда- білім мен мәдениеттің алғаш кірпіш қалаған Жәңгірдей жігерлі бабалардың мекені.
Әдеби сазды монтаж:Е.Қисахметовтың «Бөкейлік болсаң...»
1-оқушы: Емес қой мақтан, сірә, бұл,
Биікке самғап шыға біл.
Танылғың келсе тарландай,
Бөкейлік болып туа біл!
Бөкейдей елсіз өңірде,
Еңселі Орда құра біл.
Жәңгірдей жарқын, жаңашыл,
Жасампаз істер қыла біл.
Салықтай ғылым көгінде,
Жарқырап, жайнап тұра біл.
2- оқушы: Құрманғазы боп күмбірлеп,
Даланың үнін ұға біл.
Махамбет болып дауылпаз,
Тайырдай – «Тасқын» жыр ағыл
Тарихын танып ақтаңдық,
Тозаңын ашып, жуа біл.
3- оқушы: Осындай өршіл үні бар,
Шежіре Нарын құмы бар.
Бисендей батыр ұлы бар,
Мәншүктей «Тұмар» қызы бар,
Еліңнің өткен өмірі,
Бөкейлік болсаң ұғып ал.
2- жүргізуші:-Менің өлкем атадан мирас хат қалған,
1-жүргізуші: Басылым беттерінен:М.С.Бабажанов.Ішкі Орда халқы Бөкейханға алғыс айтуға тиіс,міндетті.Бөкей сұлтан тынбай жұмыстанбаса,Еділ-Жайық арасының қазыналы жеріне тұтастай Нарын даласы Еділ-Жайық шұрайлы,шырайлы алқаптарына Қазақ халқы қайтадан қоныстана алар ма еді? Бөкей сұлтан ерекше көрегендік танытыпбатыл шешеміге келмегенде,бұл аталған байтақ өңір қияңдағы келімсектердің иелігіне айналар ма еді.Ғайсағали Сейтақтың «Егер Бөкей көшпесе...»
Егер Бөкей көшпесе,
Жүрер едік біз қайда?
Шекараны өзге жұрт,
Басқа жерден сызбай ма.
Егер Бөкей көшпесе,
Еділ-Жайық бетке алып.
Құмнан аспай қалың жұрт,
Қалар ма еді тоқталып.
Қазақ мәңгі ұмытпас,
Махамбеттей ақынды.
Батырлары бар елдің,
Хандары да ақылды.
Қалың жаудан кім елін,
Қорғай алса,сол батыр.
Ел-тәуелсіз,жер –жаңа,
Шекарада Орда тұр.
Слайд-2.Бөкей Ордасы картасы.
1801 жылы Бөкей сұлтан өзіне қараған бес мың халқымен Жайықтың оң жақ бетіне көшіп шығады.
2-жүргізуші:Әкесі Бөкейхан аманаттаған Ордасын жерұйыққа айналдырып,сан мәрте картасын сыздырып,шекарасын белгілетіп,ішкі қазақ ордасы дегенді жүздеген құжатқа жаздыртып,екі тілде іс-қағазын мұқияттап кеткен тұлғаға алғыс лайықты.Өйткені ,қазақ жерінің Бөкей заңдастырып,Жәңгір жалғастырған қасиетті мекенді ,бүгінде Елбасы жарлығымен осы құтты мекен Бөкей Ордасы ауданы деп аталып кетті.
Көрініс:Мереке Құлкенов «Жәңгірхан» кітабынан:
Хор: «Орда –туған мекенім» Әні:Хабиболла Алесов
Жыр «Ереуіл атқа ер салмай», «Мен,мен,мен едім»
1-жүргізуші:Орда Исатай мен Махамбеттей батырлар мен айтулы ақындар шыққан жер.Орда –Бөкей Ордасы ол тұңғыштар мекені.Тұңғыш мектеп,тұңғыш баспахан,тұңғыш қыздар мектебі,тұңғыш дәріхан,тұңғыш аурухана. Қ.Жұмағалиев «Құм Нарын»
Батыстағы түстігім,
Асты-дария.
Үсті құм.Шығармасы-
Нарын Құм.Құдіретті күштінің,
Бұйрат құмдар шөккен шіл.
Күн құяды төккен нұр.
Шынашақтай жер қазғанда,
Су шығады мөп-мөлдір.
Саған көңіл,құлан тым,жер шарында біреу-ақ.
Мәрттігіңді ұнатам.
Нарын Құм.Жұмақ құм.
2-жүргізуші:
Әр адамның қадір тұтатын төрт киелісі болады.Туған жер,тілі,дәстүр,тарихы.Әр перзент бұны тұмарындай сыйлауы,естен шығармауы қажет.Бұл шындық.
Жамбыл баба: Өтірікті сүймедім,
Дүние үшін күймедім.
Алтынына біреудің ,
Жай жатса да тимедім- дейді.Қазақтың ең қасиетті,ең ірі құндылығы-намыс.Байлық мұрат емес,жоқтық ұят емес.