Б?гінгі ?ліппе о?улы?ымен ?оштас?алы отыр?ан ерте?гілігімізде, сіздерді? балалары?ызды? осы к?нге дейін сауат ашып, о?ып жазу?а ?йреткен ?лппе о?улы?ынан ал?ан білім мен ілімдерін орта?а салама? кез келді.
“?ліппе” бітіру алда?ы ?мірге бастайтын к?п белестерді? бірі. Ендеше біз б?гінгі к?ні сол белесті? бірінен асты?, сонды?тан б?гінгі той сіздермен біздер ?шін орта? та салатанатты мереке.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Көрнекіліктер: “Білім басы әліппе”, “Әліппеге шексіз рахмет”, “Кітапсыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ”, ертегі кейіпкерлерінің маскалары, кеспе әріптер.
Құрметі жиналған қауым, ата-аналар, ұстаздар!
Бүгінгі әліппе оқулығымен қоштасқалы отырған ертеңгілігімізде, сіздердің балаларыңыздың осы күнге дейін сауат ашып, оқып жазуға үйреткен әлппе оқулығынан алған білім мен ілімдерін ортаға саламақ кез келді.
“Әліппе” бітіру алдағы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше біз бүгінгі күні сол белестің бірінен астық, сондықтан бүгінгі той сіздермен біздер үшін ортақ та салатанатты мереке.
Қош келдіңіздер, басатауға рұхсат етіңіздер!
Жеміске құты толама,
Бір бірлеп теріп алмаса?
Әп- сәтте шыға қоя ма,
Еккен дәнін ойласаң?
Білімде сондай қарағым,
Біртіндеп сіңер ойыңа,
Ұғып ал білім боларын
Шам шырағың жолыңда
көлге ойнаған бұлақтың
Қайнар көзін көріп пең?
Том том қалың кітаптың
Басы болар “Әліппең”
Хормен: Біз “әліппені бітірдік”
Ән: “Отан”
Иә, бітірдіңдер қазір біз әліппе мен қоштасып, жаңа достармен танысамыз.
Әліппе ортаға шығады
Әліппе: Балалар, сендер мені оқып тауыстыңдар, әріптерді жақсы меңгердіңдер. Енді сендерге ары қарай білім беретін мына “Ана тілі” танысыңдар.
Хормен: Сәлеметсіз бе “Ана тілі”
Әліппеге арнап тақпақтар айтады.
1-оқушы-Дарина:
Әліппем менің әліппем
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарық пен
2-оқушы-Аружан:
Қош бол құтты Әліппем
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Тқылдатып сөйлеттің
3-оқушы- Нұрғиса:
Сөйледі олар тіл бітіп
Не бір қызық сырларды
Тыңдай бердім мен жұтып
Тіл біткен тақпақ жырларды
4-оқушы-Улдана:
Арта берді кітапқа
Бойымдағы қуатым
Бірге жүрген қасымда
Кітап болды сыңарым
5-Оқушы- Алишер:
Ашыла берді алдымнан
Кең дүние есігі
Соғылған сомдар алтынан
“Әліппе” білім бесігі
Ән “ Әліппе”-орындаған Дарина
Тақтамен жұмыс: ана, бала, отан сөздерін жазып сөйлем құрастыру.