Просмотр содержимого документа
«Білім күніне арналған сыныптан тыс жұмысы»
Өткізілген күн:1 қыркүйек 2019 ж
Тақырыбы: саналы ұрпақ-жарқын болашақ
Мақсаты: Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру; Жас ұрпақтың танымдық көзқарасын, ой-өрісін, дүние-танымын кеңейту, іскерлік қасиеттерін дамыту;
Сабақ түрі: танымдық ойын
І – « Қай қалада не бар?» ойыны
І – « Қай қалада не бар?» ойыны арқылы Қазақстан картасына қалардың аттарын жаза, не өндіретіндеріне тоқталу.
Мынау қай елдің картасы
Оңтүстік Қазақстан қалаларын атаймыз
Солтүстік қалаларын кім атайды
Атырау,Ақтау қай өңірде орналасқан
Енді әр өңірдің қазба байлықтарын,немен айналысатындарын атап,жазып шығайық.
Орталық Қазақстан:
Нұрсұлтан- Астанамыз
Қарағанды-көмір
Жезқазған –жез,руда т.б
Солт.Қазақстан:
Қостанай-егін
Петропавл,Павлодар-мал шаруашылығы
Батыс Қазақстан:
Атырау,Ақтау-балық,мұнай
Шығыс Қазақстан-мал шаруашылығы
Оңтүстік Қазақстан:
Алматы-апорт алмасы,жеміс-көкөніс шаруашылығы
Қызылорда,Тараз-мақта шаруашылығы
І1 – « Кім көп біледі?»
1І – « Кім көп біледі?» ойыны арқылы ауызша сұрақтар ретінде «қоржыннан сұрақ» ойыны арқылы интелектерін дамыту.
Сыйлы адамға берілетін етті сыбаға деп атай ма? Ия
Абай атамыздың шын аты Ибраһим дегенге келісесіз бе? Ия
Тоқтар Әубәкіров қазақстанда алғаш ғарышқа ұшты ма? Ия
Әбілхан Кастеев атақты сазгер ма? Жоқ
« Үш бақытым» М.Әуезовтың өлеңі ме? Жоқ
« Тоғызқұмалақ» қазақтың ұлттық ойыны ма? Ия
Күй атасы Қорқыт баба дегенге келісесіз бе? Ия
1 мамыр балаларды қорғау күні ма? Жоқ
Мұқағали Мақатаев «Абай жолы» романының авторы ма? Жоқ
Аққу киелі құс дегенге келісесіз бе? Ия
9 мамыр Ұлы отан соғысының басталған күні ма? Жоқ
« Палау» қазақтың ұлттық тағамына жата ма? Жоқ
Жылқының пірі Қамбар ата ма? Ия
22 наурыз қазақ халқының Жаңа жылы дегенге келісесіз бе? Ия
ІІ «Сөзжұмбақ» толтыру ойыны
Қандай ұлтпыз?
Дініміз қандай?
Астана қаласының жаңа атауы
Бүгін қандай мереке?
Қандай мемлекеттің тұрғындарымыз?
Жаңа президентіміздің есімі кім?
«Көгершін» ненің символы?
3- рефлексия:
Оқушылар қиылған көгершін құсына өз тілектерін жазып,шеңбер бойына тұра,бір-біріне тілектерін оқып,сыйлайды.
Өзара пікірталас жасалып,өз ойларын ортаға салып үйренеді.