Бастауышпен қоштасу "Аттандық бала шақтан болашаққа
Бастауышпен қоштасу "Аттандық бала шақтан болашаққа
Білімнің сара жолы бастауышта басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз жеткізу. 2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу. Білім берер ордасы – мектепті ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Бастауышпен қоштасу "Аттандық бала шақтан болашаққа»
«Аттандық бала шақтан болашаққа!»
Мақсаты:
Білімнің сара жолы бастауышта басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз жеткізу. 2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу. Білім берер ордасы – мектепті ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Нұрын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар.
Қанатты сөздер мен тақырып.
Мұғалім:
Адам баласының есінде ерекше сақталып, үлкен өмірге дайындайтын білім ордасы – мектеп. Қызығы мен шыжығы мол күндер осы мектеп қабырғасында өтеді. Және білім нәрімен сусындатып, алғаш қолға қалам ұстатып, үлкен өмірге дайындаған ұстаз мәңгілік есте қалады. Қажет болса, махаббат атаулысының өзі осы кезеңде орын алады. «Талаптарыңа нұр жаусын!» деп «Аттандық бала шақтан болашаққа!» атты ертеңгілігіміздіашық деп жариялаймыз.
Мұғалім: Бүгін міне жақсы күн жарқыраған,
Көңілдер қуаныштан сарқыраған.
Қоштасатын күн келді бастауышпен,
Қиындау болып тұр-ау бүгін маған.
Кеше ғана алдыма келген еді,
Именіп ұлы ұяға енген еді.
4 жыл бойы сусындап біліммен,
Ұшатын қанат қағып келді кезі.
Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын қуана аттаған ұл-қыздарымыз ойлары толып, бойлары өсіп бастауыш сатысымен қоштасқалы отыр. Олай болса 4 сыныбының «Аттандық бала шақтан болашаққа!» атты бастауышпен қоштасу салтанатына қош келдіңіздер.
Армысыздар, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біз бастауышпен қоштасып, үлкен өмірге аттанғалы отырмыз.
Иә осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби -балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік. 2 - Әнуар
Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз. 3-Анеля
Иә, міне сағымдай өте шыққан 4жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды. 4 -Еркегүл
Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа ? 5 Саяхат
Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.
Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.
Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
Қайталап атымызды сұрасқанбыз. 6 Дархан
Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
Ақылға келе алмадық ерте көніп.
Бойымыз бірте- бірте үйренісіп.
Мектептің ережесін үйрендік кеп. 7 Аққайым
Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім, жырларым,
Азық болар , мәңгі талай жылдарға. 8 Бегаділ
Бастауышым- бал бұлағым ,
Алдым сеннен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын. 9 Ұлжан
Бастауышым- балбұлағым
Лаулап жанған шам шырағым.
Өзің берген біліміңмен,
Самғап ұшар тау қыраның. 10-Гүлнұр
Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.
Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар,
Бастауышпен қоштасу тойымызға. 11-Анеля
Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзетін сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге
Армысыздар ұстаздарым, қымбатты. 12 Дильназ
Армысыздар, әжелер мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.
Әнуар Армысың сен, алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағым,
Мектебіме арналады бұл әнім. Сынып әншілерінің орындауында «Мектебім»әнін қарсы алыңыздар. 14-оқушы: Еркегүл
Иә, достар, алтын ұя мектептен атамыз да, әжеміз де, әкеміз де, анамыз да тәлім мен білім алған. Енді біз де дәл сол кісілердей тәлім алудамыз. 15-оқушы: Анель
Мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше, сыныптастарымыздың мектепке арналған жырларын тыңдайық. 16-оқушы: Бегаділ
Мектеп маңы толыпты жарасымға,
Ізгілік те, мейірім бәрі осында.
Қанат қағып кешегі балапандар,
Ақыл, білім жетіліп санасында. 17-оқушы: Дильназ
Мектеп үйім, ұстаздарым, ата-анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық сен мәуелі бәйтерек,
Тамырланып сан тарапқа тараған. 18.Оқушылар:
Мектеп деген білім кені, жыр кені,- Бегаділ
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.- Гүлнұр
Мектеп деген тәрбиеші адамға,- Саяхат
Мектеп деген даналардың мекені. -Ұлжан 20-оқушы:Аққайым
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға – деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымызбен, солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің? 21-оқушы: Дархан
Ұстаз – дана 22-оқушы: Анель
Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. 23-оқушы: Еркегүл
«Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған. Олай болса, келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз. Еркегүл
Орысшаны жаттаймыз, Орыс тілінен қалмаймыз. Бейсенбаева Данаш апай арқасында Орысша біз сайраймыз. Ұнатады ол енді Орысшаны білгенді
Данаш апай арқасында Қысылмаймыз біз енді 17 - оқушы: Анель Балғын сәби болсақ та Қадіріңізді білеміз Қай қиырға қонсақ та Май нем из деп үйреткен Тәттігүл апай Өзіңізбен біргеміз.) 18 - оқушы. Ануар Асыр салып ойнаймыз Жаттығуды жасаймыз Бойымызға күш жинап Шынығуға жараймыз Қазтай ағай сіз үшін Бәріне де дайынбыз. 19 - оқушы: Дильназ Ән салғызып, билетіп Нотаны да үйретіп Жаулап алат жүректі Ән мен күйге бөлетіп Хорға да бізді дайындап Әрбір іске қарайлап Жанат апай тұрады Көзінен күндей нұр ойнап. Хор: «Ұстазым менің ұстазым»
Еркегүл: Бізді болашаққа не бастайды? Хормен: Ұстаздың көрсеткен жолы Ата-ананың ақылы Болашаққа деген сенім. Ән (хормен) «Балдырғандар» Ұстаз сөзі: Қанаттарың қатайды Биікке енді самғаңдар. Білім жолы – сара жол Ізденіңдер, талмаңдар. оқушы: Ануар
Ұмытпаймын жаныма,
Білім нәрін еккенің. Хормен:
Қош бол, балғын балалық,
Қош бол, сүйікті бастауышым!
Қош қымбатты ұстазым,
Ән. «Жарқын жүзді ұстазым». Еркегүл - Анель, балаларға бір сұрақ қойсақ па деп тұрмын. Сен оған қалай қарайсың? Анель Қойсақ, қояйық. Дильназ: Біз нені үйрендік? 7 – оқушы Саяхат - Оқуды, жазуды, есеп шығаруды, ән айтып, би билеуді. 8 - оқушы:Ұлжан - Үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды, елімізге жақсылық жасауды. Анель - Біз нені сүйеміз? 9 - оқушы: Бегаділ Отанды, ата - ананы, халқымызды, достарымызды, табиғатты, ұстазымызды, мектебімізді. Дильназ Біз нені ажырата білеміз? 10 - оқушы:Гүлнұр - Жақсылық пен жамандықты, ақ пен қараны, арамдық пен адалдықты. Анель - Біз кім боламыз? 11 - оқушы.Аққайым Адал азамат, ақылды ару, оқымысты ғалым, елін сүйген ер. Еркегүл Ұстаз жаққан шырақты Өшірмейік балалар, Бәрін - бәрін білесің Оқи берсең кітапты - дей келе, балалар бәріңді зерделі, көңілдерің сәулелі болуға шақырамын. Еркегүл Иә, бүгін әңгіме еткеніміздей мектеп тәрбиесіндегі басты тұлға - ол ұстаз, ал жанұядағы әрине ол ата - ана. Бала дүниеге келген күнінен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілікті бере білген ата - анамызға алғысымызды білдіріп әнімізді арнаймыз. Ән
Мұғалім: Құрметті ата - аналар, әріптестер! Бүгін атты ертеңгілікте осы төрт жылда арман қуып, білімге ұмтылған шәкірттерімнің өнерін көріп, үміт - армандарының қандай екенін естіп тамашаладыңыздар. Халқымыздың ізгі салт дәстүрлерінің бірі – үлкендерден бата алу. «Жауынменен жер көгереді, батаменен ел көгереді» дейді халқымыз. Ендеше ата - аналарымыздан бата тілейік. Мұғалім: Халқымыз «Тон жағасыз болмайды, ел ағасыз болмайды» дегендей алтын ұя мектебіміздің басшысы ........................................................................сөз береміз. Мұғалім: Қош менің түлектерім! Алдарыңда орта білімнің ақ айдыны күтіп тұр. Ақ тілек, ақ бата қабыл болып, ақ желкендеріңіз арман жағалауына адастырмай жеткізсін! Бастауышты бітірген бағыландарым Қуат берсін білімнен қорғандарың Алтын бесік арманға жетелейді, Орындалсын сол асқақ армандарың. Ақ жол саған менің бастауыш сыныбым! Хормен: Азаматы болсын деп саналы елдің Кілтін бердің білімнің, сан өнердің Қимай - қимай біздерді, аяулы ұстаз Ақ жол тілеп, қол бұлғап қала бердің