Просмотр содержимого документа
«Бастауыш сынып Армысы?, Алтын к?з! »
Армысың, Алтын күз!
Мақсаты: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенін оқушы санасына жеткізу. Өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.
Көрнекілік: шырша ағаштары, талдар, жапыраққа жазылған нақыл сөздер, жапырақ, құстар.
1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар! «Армысың, Алтын күз!» мерекесін бізбен бірге өткізуге қош келіпсіздер. Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз-жазира даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз- байлық, молшылық.
2 - жүргізуші:
Қош келдіңіз көрермен,
«Алтын күз» кешіне.
Шат күлкіге бөлене.
1 - жүргізуші:
Бүгін мейрам, бүгін той,
Қуаныш күн, біліп қой!
Күзгі бақтай сыңғырлап,
Алақанды соғып қой!
2 - жүргізуші:
Бүгін, міне, қуандырып біздерді,
Берекелі күз келді, мерекелі күз келді!
1 - жүргізуші:
Көбейді құт - береке,
Құтты болсын мереке,
Астық толы қоймамыз.
«Алтын күзді» тойламыз!
2 - жүргізуші:
Өрік, шие, алма, алша,
Жидек, жүзім піседі.
Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз,
Қоймаларға түседі.
Айтындаршы, балалар,
Бұл қай кезде болады?
Балалар: Күзде.
1 - жүргізуші:
Олай болса, ортаға күз бен күз айларын шақырайық.
Күз, Қыркүйек, Қазан, Қараша шығады
Күз:
Сәлем, өрен достарым,
Қымбатты сый алыңдар,
Өмірге көп қосқаным.
Молайтыңдар шаттықты,
Ән айтыңдар бақытты!
Ерінбестен еңбек етіп келетін,
Еңбекшіге бар жемісін беретін
Мен мырза күз ынтымақты еліңе
Берекелі ырыс болып енетін.
Нағыз сары алтындай күз айы -қыркүйек айы. Ол-еңбек айы.
Қыркүйек:
-Алтын күз! Сіз бен бізге шуақ шашсын,
Көңілдің серіппелі күйін ашсын.
Бақ пен шаттық бізге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын.
Күз:
Күз маусымының екінші айы – қазан. Бұл ай – мереке басы. Өйткені, дихандар сабантой жасайды.
Қазан:
-Қазан айы басталады,
Құстар қайта бастады.
Туыстық адал достықпен,
Жалғасып күндер барады.
Күз:
Күздің соңғы айы-қараша. Қараша десе дегендей, айнала теп-тегіс сүреңсіз. Жапырағынан айрылған ағаш қара суыққа қалтырап, жүдеу далаға өң бере алмай селтиеді.
Қараша:
Күздің қараша айында,
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайған,
Сыбдыр, сыбдыр түседі.
Күз:
Мен – Күзбін. Өте еркемін, сәл нәрсеге ренжіп бұртиып қабағымды түйе қаламын. Кейде болмашыға өкпелеп, көз - жасымды аямай төгіп - төгіп жіберемін. Әйтсе де менің жомарттығым, ақкөңілдігім үшін халық мені ұнатады.
Күз:
Барлығыңды қимаймын,
Бір айға нәр бір демім,
Барымды мен сыйлаймын.
Өздеріңмен біргемін – (деп себетке салынған жеміс - жидектерін, балаларға таратады, әділқазыларға да береді).
Оқушылар хормен: «Жаса, жаса, Алтын күз!»- деп айтады.
1 - жүргізуші: Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын!
2 - жүргізуші: Көңілдің серіппелі күйін ашсын!
1 - жүргізуші: Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
2 - жүргізуші: Береке бірлікпенен ортақтассын,- дей отырып, құрметті көрермендер, бүгінгі мектебімізде жыл сайын өтетін дәстүрлі « Армысың, Алтын күз!» атты мерекеміз сайыс пен жалғасады. Бұл сынға үш сынып, үш топ болып қатысқалы отыр. Олай болса, сайысымызды бастайық.
Жүргізуші:
Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем, Әділдікке бас иеді күллі әлем. Жүйрік озар сайыстарда неше бір, Сарапқа сал, әділдікпен шеше біл, - дей келе, бүгінгі сайысымызға қазылық жасайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар! 1. Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары –Зәуре Бекенқызы.
2. Бастауыш сынып мұғалімдері Бейбітгүл және Индира Ақылбекқызы.
3. Еңбек пәнінің мұғалімі Ардақ Сағадиқызы.
Жүргізуші:
Уа, халайық, халайық, сәлем жолдап баршаңызға бәріне жар салайық!
Құрметті көрермендер, «Жапырақтар» 4 сынып, «Алтын дән» 3 сынып, «Жеміс-жидектер» 2 сынып топтарын ортамызға шақырайық. (Топтар ортаға шығады)
кезең: «Мерекелі, берекелі күз!». Таныстыру. Әр топ өздерін таныстырады.
2 – кезең: «Бар сыйымыз саған, Алтын күз!». Өз өнерлерін көрсету (күз туралы өлең оқу);
3- кезең: «Білгенге маржан». (мұнда әр топқа жұмбақтар жасыру);
4 – кезең: «Жаңылмай айт». ( жемістер мен көкөністердің аттарын әр адым сайын жаңылмай айту керек); 5 – кезең: «Кім бұрын?». (Оқушылар себеттің суретін салады және оны жемістер мен көкөністерге толтырады);
Көрермендермен ойын: 3 оқушы шығып шашылған картоптарды шелекке жинайды, қай сыныптың оқушысы көп жинаса ұпай саны сол сыныптың тобына қосылады)
6 – кезең: «Қас-қағым сәт». (Әр топқа бір сөз беріледі, сол сөзді жобалап бір-біріне айту); мысалы, күз – жыл мезгілі, балалар мектепке барады, ауа райы құбылмалы болып тұрады т. б.)
«Пантомимо»: Топ басшысы шығып жеміс немесе көкөніс жеуді мимика, қимыл арқылы көрсету және топтағы оқушылар қай жеміс не көкөніс екендігін айтады.
7 – кезең: Үй тапсырмасы: «Күз – береке, күз - мереке» тақырыбына сурет және қол еңбек көріністері (әр топтан 1 шығармадан);
8 - кезең: «Күз сыйы». (Күзгі көкөністерден, жеміс - жидектерден дайындалған салат, оның жасалу жолы туралы айту) 1 - жүргізуші:
Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл жүрекке жылы тиіп, Теп – тегіс жұмыр келсін айналасы, – дей отырып, алғашқы кезеңіміз «Мерекелі, берекелі күз!» атты таныстыру бөліміне береміз. Жүргізуші: Мінекей, таныстыру кезеңінде артқа қалдырдық. Құрметті әділқазылар өтілген таныстыру кезеңінің нәтижесін білсек. Жүргізуші:
Асыл тастан, өнер жастан,
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалт айтпас,
Әрқашанда нанымды
Сол шындықты күнделікті,
Көріп жүрміз өмірден
Өнерімен танысайық,
Тілекші боп көңілден, - дей келе, сайысымыздың 2-ші кезеңі «Бар сыйымыз саған, Алтын күз!». Өз өнерлерін көрсету. (мәнермен «Күз» туралы өлең оқу)
Жүргізуші:
Білім аққан сел дейді,
Бірақ оңай келмейді.
Ала білсең білім көп,
Ақыл ойға кел дейді.
Білім ой мен арымыз,
Рухани ол нәріміз.
Сайыскерлер сіздерге,
Қол соғамыз бәріміз!-дей келе, әділқазылар сіздерге сөз берсек.
Жүргізуші:
Қазақтың түрлі – түрлі дәстүрі бар, Оның сырын ашқанға жұрт қызығар. Жауаптарын табар ма екен үміткерлер, Сол себептен қоятын сұрақтар бар, - демекші, сайысымыздың 3 кезеңіне де келіп жеттік. 3-кезең: «Білгенге маржан». (мұнда әр топқа жұмбақтар жасыру);
1.Жерге қазық қақтым. Басына айдар тақтым. /сәбіз/ 2.Бүрі, бүрі, бүрі бар, Күн келбетті түрі бар. / күнбағыс/ 3.Піспегенде сырты қара, өзі қатты, Ал, піскенде ерекше дәмі тәтті. /картоп/ 4.Ұзын, мұртты сарылар, Қойынында наны бар. /бидай/ 5.Бойын жерге жасырған, Бұрымы бар жасылдан. /сәбіз/ 6.Іші жұмсақ, сырты қатты, Еті қызыл, сүті тәтті. /қарбыз/ 7.Қалың киімді ұнатады, Шешіндірсең жылатады. /пияз/ 8.Аласа талда алуан алма, Алқызыл болмай аузыңа салма. /қызанақ/ 9. Ешкім де жемейді, Тәтті екен демейді. Сарғайып піседі, Үзіліп түседі. /жапырақ/ 10.Үстіне тігіп көк шатыр, Астында қызғылт дәу жатыр. /қызылша/
11. Жаздай інге тығылып, Жатқан қызыл түлкіні, Құйрығынан суырып, Әкелді әжем бір күні. (Сәбіз) 12. Үстіне тігіп көк шатыр, Асытында қызыл дәу жатыр. (Қызылша) Жайлы, жұмсақ төсегім, 13. Домаланып өсемін, Қабат-қабат тоным бар, Қалай оны шешмін? (Қырыққыбат) Көмдің тағы түйірлеп, Қазып алдың «үйірлеп». (Картоп) Әділқазылар сөйлейді. Жүргізуші:
Жеңістер мен жеңілістен тұратын, Өмір күрес, жеткізе ме мұратын. Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін, Қатысу да бір жеңіс, болсаң егер ұғатын,-дей келе, сайысымыздың келесі кезеңі, 4 – кезең: «Жаңылмай айт». ( жемістер мен көкөністердің аттарын әр адым сайын жаңылмай айту керек);
(Жеміс-жидек, көкөністерді дайындау)
Әділқазылардың бағасы.
Жүргізуші:
Берекесін сыйлауға, Өлкемізге күз келді. Жемістерін жинауға, Шақырады біздерді, - деп, келесі сайысымызды бастаймыз. 5 – кезең: «Кім бұрын?». (Әр топ себеттің суретін салады және оны жемістер мен көкөністерге толтырады);
Көрермендермен ойын ойнау. 3 оқушы шығарып, олардың көздерін байлап, картоп жинату.
Әділқазылардың бағасы.
Жүргізуші: 6 – кезең: «Қас-қағым сәт». (Әр топқа бір сөз беріледі, сол сөзді жобалап бір-біріне айту); мысалы, күз – жыл мезгілі, балалар мектепке барады, ауа райы құбылмалы болып тұрады т. б.)
«Пантомимо»: Жеміс немесе көкөніс жеуді мимика, қимыл арқылы көрсету және топтағы оқушылар қай жеміс не көкөніс екендігін айтады.
Әділқазылардың бағасы.
Жүргізуші:
О, заманда қазақ өнер сырын,
«Өнер жастан» жаныңдар
Шақырған сайыстарға бірі-бірін
Өнерпаздар – дарындар
Көрейік тамашалап, көрермендер,
Көрсетсін сайыскерлер өздерінің дайындаған қолөнерлерін.
7 – кезең: Үй тапсырмасы: «Күз – береке, күз - мереке» тақырыбына сурет және қол еңбек көріністері (әр топтан 1 шығармадан); әділқазыларға таныстырып, табыстау;
Әділқазылардың бағасы.
Жүргізуші:
Бүгін келген сыныптар ылғи талантты, Өнерімен жұртты өзіне қаратты. Ендігі кезек Күз сыйы сайысымыз, Дұрыс таңдап, бере біл бағаны, – деп ендігі кезекті «күз сыйы», яғни, әр сыныптың өздері дайындап келген күзгі көкөністерден, жеміс - жидектерден дайындалған салат, оның жасалу жолы туралы айту; әділқазыларға табыстау;
8 - кезең: «Күз сыйы». (Күзгі көкөністерден, жеміс - жидектерден дайындалған салат, оның жасалу жолы туралы айту)
Әділқазылардың бағасы.
Міне, сайысымыздың соңғы кезеңіде аяқталды, енді, балалар, әділқазылар соңғы шешімдерін айтқанша, ортамызға сыйлы қонағымыз Күзді шақырайық! Сайыс соңында Күз сөйлейді.
Күз:
Рахмет, достар, өнеріңе! Талмай еңбек етіңдер,
Уақыт өтпес тірліксіз, Қыстан аман өтіңдер.
Бақыт келмес бірліксіз.
- Барлығың өнерлі, білімді, талантты екенсіңдер. Енді мен қайтайын. Келесі жылы келермін. Мені қуандырып қарсы алдыңдар, риза етіп шығарып салыңдар. Қош болыңдар, келесі жылы амандықпен кездесейік!
Хормен: «Сау болыңыз, Алтын күз!»
Жүргізуші:
Келешекте әлі талай сайыстар бар, Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдар. Өнерлілер көбейсін күннен – күнге, Өмір күрес әлі талай жарыстар бар, - дей отырып, «Армысың, Алтын күз» сайысының жеңімпазын білу үшін әділқазыларға сөз кезегін береміз. Әділқазылар алқасы «Алтын күз» байқауының жеңімпаздарын марапаттайды. Жүргізуші: - Осымен «Алтын күз» атты мерекеміз аяқталды.
Білім- теңіз, мектепті кеме дейміз,
Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,
Әдемі мен тәлімі үндесетін,
Жастарды болашаққа жетелейміз.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір-күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар.
Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге,
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар, -дей отырып, бүгінгі «Армысың, Алтын күз!» атты кешімізді аяқтаймыз. Жеңісті күндерде кездескенше, достар!!!
Күз:
Сәлем, өрен достарым,
Қымбатты сый алыңдар,
Өмірге көп қосқаным.
Молайтыңдар шаттықты,
Ән айтыңдар бақытты!
Ерінбестен еңбек етіп келетін,
Еңбекшіге бар жемісін беретін.
Мен мырза күз ынтымақты еліңе,
Берекелі ырыс болып енетін.
Нағыз сары алтындай күз айы -қыркүйек айы. Ол-еңбек айы.
Қыркүйек:
-Алтын күз! Сіз бен бізге шуақ шашсын,
Көңілдің серіппелі күйін ашсын.
Бақ пен шаттық бізге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын.
Күз:
Күз маусымының екінші айы – қазан. Бұл ай – мереке басы. Өйткені, дихандар сабантой жасайды.
Қазан:
-Қазан айы басталады,
Құстар қайта бастады.
Туыстық адал достықпен,
Жалғасып күндер барады.
Күз:
Күздің соңғы айы-қараша. Қараша десе дегендей, айнала теп-тегіс сүреңсіз. Жапырағынан айрылған ағаш қара суыққа қалтырап, жүдеу далаға өң бере алмай селтиеді.
Қараша:
Күздің қараша айында,
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайған,
Сыбдыр, сыбдыр түседі.
Күз:
Мен – Күзбін. Өте еркемін, сәл нәрсеге ренжіп бұртиып қабағымды түйе қаламын. Кейде болмашыға өкпелеп, көз - жасымды аямай төгіп - төгіп жіберемін. Әйтсе де менің жомарттығым, ақкөңілдігім үшін халық мені ұнатады.
Күз:
Барлығыңды қимаймын,
Бір айға нәр бір демім,
Барымды мен сыйлаймын.
Өздеріңмен біргемін – (деп себетке салынған жеміс - жидектерін, балаларға таратады, әділқазыларға да береді).
Сайыстың шарттары:
кезең: «Мерекелі, берекелі күз!». Таныстыру. Әр топ өздерін таныстырады.
2 – кезең: «Бар сыйымыз саған, Алтын күз!». Өз өнерлерін көрсету (күз туралы өлең оқу);
3- кезең: «Білгенге маржан». (мұнда әр топқа жұмбақтар жасыру);
4 – кезең: «Жаңылмай айт». ( жемістер мен көкөністердің аттарын әр адым сайын жаңылмай айту керек); 5 – кезең: «Кім бұрын?». (Оқушылар себеттің суретін салады және оны жемістер мен көкөністерге толтырады);
Көрермендермен ойын: 3 оқушы шығып шашылған картоптарды шелекке жинайды, қай сыныптың оқушысы көп жинаса ұпай саны сол сыныптың тобына қосылады)
6 – кезең: «Қас-қағым сәт». (Әр топқа бір сөз беріледі, сол сөзді жобалап бір-біріне айту); мысалы, күз – жыл мезгілі, балалар мектепке барады, ауа райы құбылмалы болып тұрады т. б.)
«Пантомимо»: Топ басшысы шығып жеміс немесе көкөніс жеуді мимика, қимыл арқылы көрсету және топтағы оқушылар қай жеміс не көкөніс екендігін айтады.
7 – кезең: Үй тапсырмасы: «Күз – береке, күз - мереке» тақырыбына сурет және қол еңбек көріністері (әр топтан 1 шығармадан);
8 - кезең: «Күз сыйы». (Күзгі көкөністерден, жеміс - жидектерден дайындалған салат, оның жасалу жолы туралы айту)