kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

К?ктем жыры 4 "А" сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Беген орта мектебі» КММ

  Та?ырыбы:   

М.Хакімжанова«К?ктем жыры»

                               ?дебиеттік о?у.(ашы? саба?)

 4 - сынып

Бастауыш сынып м??алімі:  Калиева З.Б.

2016 жыл

Саба?ты? ма?саты:

 О?ушылар?а к?ктем мезгілі туралы тере?ірек білім беру,с?здік ?орларын молайту,с?з тіркестерімен с?йлем ??растыру?а да?дыландыру.
БІЛІМДІЛІК: 
К?ктемге байланысты жа?а с?здерді,с?з тіркестерін ме?герту,оларды? ма?ынасы туралы т?сінік беру. М?нерлеп о?у ар?ылы ?ле?ні? мазм?нын ашу. 

Т?РБИЕЛІК: Топпен ж?мыс істей отырып, ?згені? пікірін ??рметтеуге, ?йымшылды??а, ауыз-біршілікке т?рбиелеу. Таби?атты аялау?а,?ор?ау?а,?демілікті ба?алау?а т?рбиелеу.

ДАМЫТУШЫЛЫ?: О?ушылар шы?армашылы?пен ж?мыс жасай отырып, д?ниетанымын ке?ейтеді, с?здік ?орын молайтып, ?з пікірін ашы? айта білуге, еркін ?ор?ау?а жеке т?л?аны? дербес интеллектуалды? ой-?рісін дамыту. 
Саба?ты? т?рі:Жа?а білімді ме?герту.
Саба?ты? ?дісі:Ойын ар?ылы о?ытуды? элементтерін пайдалану,

СТО,венн диаграммасы,т?сіндіру,с?ра?-жауап.

Саба?ты? к?рнекілігі:М.Хакімжанованы? портреті,слайдтар,суреттер,

б?ктемелер, ?сімдіктерді? ?ызыл кітабы,стикерлер.

 П?н аралы? байланыс:д?ниетану,музыка, ?аза? тілі, бейнелеу ?нері

                                       Саба?ты? барысы:
I. Психологиялы? дайынды?:
О?ушылармен с?лемдесу,т?гендеу.Зейіндерін саба??а аудару. 
Армысы?, алтын к?н,
Армысы?, асыл жыр.
Армысы?, ?она?тар,
Армысы?, к?к аспан,
Армысы?, жан досым,                                                                                            Армысы?, к?ктемім,
Жылуыма жылу ?ос,
Міне, мені? ?олым бос

О?ушылар «Шатты? ше?берін» ??рып,ж?рекше шарын бір- біріне бере отырып, тілек айтады.
 

-М??алім с?зі:

-Балалар б?гінгі саба?ымыз к?ндегіден ерекше саба? болып т?р?анын бай?айсы?дар ма?
-Несімен ерекше деп ойлайсы?дар?
- ?она?тар ?атысып отыр.
-Д?рыс айтасы?дар, балалар.

-  О?ушыларды топ?а б?ліп,топты? ережесімен таныстыру.

?оржыннан о?ушылар асы?ты алып,асы?ты? т?сіне ?арай топ?а б?лінеді.

Жасыл т?с- «К?ктем»

?ызыл т?с- «Жаз»

Сары т?с- «К?з»

К?к т?с- «?ыс»

II.?й тапсырмасын с?рау, ба?алау.

   К?ктем туралы ша?ын ??гіме ??растырып,жазу.?р топты? о?ушылары жазып келген ??гімелерін о?ыды. (?лихан,Н?рай, Ма?пал,Елнара,Ба?н?р.)

Саба?ымызды бастамас б?рын, ма?ан бірнеше с?ра?тар?а жауап бері?дерші.

«Ой ?оз?ау с?ра?тары»

1.     Таби?ат дегеніміз не?

2.     Таби?атты нелер ??райды?

3.     Таби?ат пен адамны? байланысы бар ма?

III.Жа?а саба?: 

1.Кіріспе с?з.
1-слайд.
-Балалар,мен сендерге ж?мба? жасырамын, сендер жауабын айты?дар.

?ар кетіп, ?ыр к?герді,

??с ?и?уы к?бейді.

Жерге д?н сеуіп,

?орадан жас т?л ?рді.    (К?ктем)

 М??алім:

-?ане,балалар, есімізге т?сірейікші,?андай  жыл мезгілдерін білесі?дер?

-Балалар, к?ктемні?  белгілерін ата?даршы ?

?лемжан:

-С?ра?тарым к?п еді,

Айтар кезі д?п келді.

Халы? неге айтады.

Туады деп,

К?ктемді?

Аяжан:

-Неге десе?

К?ктемде,

К?ктем келіп жеткенде.

??лын,

Б?зау,

?озы,

Ла?,

Толып ?ріс беткейге,

У-шу болып жатпай ма,

Мал т?лдерін таппай ма?!

- К?ктем туды,- деп халы?

Сонды?тан да айтпай ма ?!

-Олай болса, к?ктем туралы ма?л?матты ты?дайы?.

(Н?рхан,Ма?пал,Айдана,Н?расыл)

  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«К?ктем жыры 4 "А" сынып»



«Беген орта мектебі» КММ





Тақырыбы:

М.Хакімжанова«Көктем жыры»

Әдебиеттік оқу.(ашық сабақ)

4 - сынып







Бастауыш сынып мұғалімі: Калиева З.Б.



2016 жыл



Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға көктем мезгілі туралы тереңірек білім беру,сөздік қорларын молайту,сөз тіркестерімен сөйлем құрастыруға дағдыландыру.
БІЛІМДІЛІК: 
Көктемге байланысты жаңа сөздерді,сөз тіркестерін меңгерту,олардың мағынасы туралы түсінік беру. Мәнерлеп оқу арқылы өлеңнің мазмұнын ашу. 

ТӘРБИЕЛІК: Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа, ауыз-біршілікке тәрбиелеу. Табиғатты аялауға,қорғауға,әдемілікті бағалауға тәрбиелеу.

ДАМЫТУШЫЛЫҚ: Оқушылар шығармашылықпен жұмыс жасай отырып, дүниетанымын кеңейтеді, сөздік қорын молайтып, өз пікірін ашық айта білуге, еркін қорғауға жеке тұлғаның дербес интеллектуалдық ой-өрісін дамыту. 
Сабақтың түрі:Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі:Ойын арқылы оқытудың элементтерін пайдалану,

СТО,венн диаграммасы,түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі:М.Хакімжанованың портреті,слайдтар,суреттер,

бүктемелер, өсімдіктердің қызыл кітабы,стикерлер.

 Пән аралық байланыс:дүниетану,музыка, қазақ тілі, бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:
I. Психологиялық дайындық:
Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу.Зейіндерін сабаққа аудару.
Армысың, алтын күн,
Армысың, асыл жыр.
Армысың, қонақтар,
Армысың, көк аспан,
Армысың, жан досым, Армысың, көктемім,
Жылуыма жылу қос,
Міне, менің қолым бос

Оқушылар «Шаттық шеңберін» құрып,жүрекше шарын бір- біріне бере отырып, тілек айтады.










-Мұғалім сөзі:

-Балалар бүгінгі сабағымыз күндегіден ерекше сабақ болып тұрғанын байқайсыңдар ма?
-Несімен ерекше деп ойлайсыңдар?
- Қонақтар қатысып отыр.
-Дұрыс айтасыңдар, балалар.

- Оқушыларды топқа бөліп,топтың ережесімен таныстыру.

Қоржыннан оқушылар асықты алып,асықтың түсіне қарай топқа бөлінеді.

Жасыл түс- «Көктем»

Қызыл түс- «Жаз»

Сары түс- «Күз»

Көк түс- «Қыс»

II.Үй тапсырмасын сұрау, бағалау.

Көктем туралы шағын әңгіме құрастырып,жазу.Әр топтың оқушылары жазып келген әңгімелерін оқыды. (Әлихан,Нұрай, Мақпал,Елнара,Бақнұр.)

Сабағымызды бастамас бұрын, маған бірнеше сұрақтарға жауап беріңдерші.

«Ой қозғау сұрақтары»

  1. Табиғат дегеніміз не?

  2. Табиғатты нелер құрайды?

  3. Табиғат пен адамның байланысы бар ма?

III.Жаңа сабақ: 

1.Кіріспе сөз.
1-слайд.
-Балалар,мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер жауабын айтыңдар.

Қар кетіп, қыр көгерді,

Құс қиқуы көбейді.

Жерге дән сеуіп,

Қорадан жас төл өрді. (Көктем)

Мұғалім:

-Қане,балалар, есімізге түсірейікші,қандай  жыл мезгілдерін білесіңдер?

-Балалар, көктемнің белгілерін атаңдаршы ?

Әлемжан:

-Сұрақтарым көп еді,

Айтар кезі дөп келді.

Халық неге айтады.

Туады деп,

Көктемді?

Аяжан:

-Неге десең

Көктемде,

Көктем келіп жеткенде.

Құлын,

Бұзау,

Қозы,

Лақ,

Толып өріс беткейге,

У-шу болып жатпай ма,

Мал төлдерін таппай ма?!

- Көктем туды,- деп халық

Сондықтан да айтпай ма ?!

-Олай болса, көктем туралы мағлұматты тыңдайық.

(Нұрхан,Мақпал,Айдана,Нұрасыл)

1-слайд. Көктем жылдың төрт мезгілінің бірі .
Көктем-наурыз,сәуір,мамыр айларын қамтиды.Қыс мезгілінен кейін келетін жазға дейінгі кезең.Көктем күн мен түннің теңелуінен басталады.Күн мен түн көбінесе наурыздың 22-не келеді.Қазақ халқының дәстүрі бойынша «Ұлыстың ұлы күні» жаңа жыл мерекесін тойлаймыз.Көктемде күн ұзарып ауа райының жылуынан қар еріп,тоң жібиді,жауын- шашын мол жауады,соның салдарынан көбінесе су тасиды.Көктемде жалпы тіршілік иелерінің жандануы,тірілуі басталады,жәндіктер мен хайуанаттар қысқы ұйқысынан оянып тіршілігін бастайды,мал төлдеп,жыл құстары оралады,жер бетіне көк шығады,жеміс ағаш отырғызу,егін егу т.б ауыл шаруашылығы жұмыстар жүргізіледі.

2-слайд. «Жыл құстары» ұшып келеді.

- Қандай жыл құстарын білесіңдер?

- «Құстар келді» өлеңін Нұрай оқиды.

- Көктемде өсетін гүлдер,қызыл кітапқа енген гүлдер туралы қысқаша мағлұмат беру.Қыс мезгілі аяқталып,жайдарлы, мерекелі көктем де келіп қалды.Мына табиғат көрінісіндегі қыс мезгілін, шуақты көктемге айналдыру үшін тапсырмаларды орындауымыз керек.Бұлтқа,күнге,құстарға,ұяға,

гүлдерге,өзенге тапсырмаларды жазып қою. Жұмбақтар шешіп, көктем туралы өлеңдерді жатқа мәнерлеп оқу.

1.Күн ысып,су жылынып,

Егін басын тұр иіп.

Жеміс тердік бақшадан,

Жеңімізді түрініп. (Жаз)

2.Далада егіс сарғайды,

Шаруа қысқа қамданды.

Күн қысқара бастады,

Тауға тұңғыш қар жауды. (Күз)

3.Сұлық жатыр ақ дала,

Сирек жортқан аң ғана.

Көтеріп бір аяғын,

Қаздарым тұр аулада. (Қыс)

4. Үлкен-үлкен түйені,

Тастапты атам шөгеріп.

Өркеші бұлтқа тиеді,

Бауыры жатыр көгеріп. (Тау)

5.Өсіп тұрған бұл не ?

Жаз болса жайнап,

Саясында ән салып,

Құстар жүрген сайрап. (Ағаш)

6. Сылдыр қағып,

Таудан құлап,

Жатыр ағып

Мөлдір ... (Бұлақ)

7.Жарқ етсе

Сабау қамшы,

Нөсерлетіп

Жауар тамшы. (Найзағай)

8.Төгіліп жерге ақ моншақ,

Ғайып болды сол шақта – ақ. (Бұршақ)

-Көктем туралы қандай өлең білесіңдер? (Бұл кімнің өлеңі?)
-«Жазғытұрым», «Жазғытұры» дегенді қалай түсінесіңдер?

3-слайд. Сабақтың тақырыбы: Мәриям Хакімжанова «Көктем жыры»

Сабақтың мақсаты: Көктем мезгілі туралы тереңірек білім беру. Жаңа сөздерді меңгерту,олардың мағынасы туралы түсінік беру. Мәнерлеп оқу арқылы өлеңнің мазмұнын ашу.Табиғатты аялауға, қорғауға,әдемілікті бағалауға тәрбиелеу.



4-слайд.

М. Хакімжанова – ақын, аудармашы, Қ.Р.-ның халық жазушысы. 1906ж 16- қарашада қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданы Қобыланды ауылында дүниеге келген.

- М. Хакімжанованың  «Көктем жыры»  атты өлеңдерімен танысамыз.

-Өлеңді мұғалім оқиды.

-1-2 оқушы мәнерлеп оқиды.Ұйқасын табу.Логикалық екпін туралы білім беру.

-  Міне, балалар, өлеңмен таныстық. Енді сұрақтарға жауап берейік.

-Ақын көктемдегі қандай өзгерістерді жырлайды? 
-Өлеңнің әрбір шумағын мұқият оқып ,сөздердің ұйқасуын байқа. 
-Өлеңді мәнерлеп оқып,үзілісті,екпінді,логикалық екпінді анықтап,оқуға жаттығыңдар. 

5-слайд. «Сөйлемді жалғастыр»ойыны. Оқушылар біріне – бірі допты лақтырады. Допты қағып алған оқушы сөйлемді ары қарай жалғастырады.

Далаға көктем келді, - деп бастап сурет бойынша әңгіме құраңдар.

(Сурет бойынша сұрақтар қойып,жауап алу )

* Мына тірек сөздерді пайдаланып әңгіме құрастыр:Көктем,жылынды,жан- жануарлар,төлдейді,қар,жер,айлары,ұзарады,ұшып келеді.
   

  Көктем келді.Күн жылынды.Жан-жануарлар ұйқысынан оянды.Малдар төлдейді.Қар еріп ,жер көктей бастайды.Күн ұзарып,түн қысқарады.Құстар ұшып келеді.

Үлестірме қағаздармен жұмыс:
-Мына аяқталмаған өлеңді мазмұнына қарай отырып, ұйқасын тауып жазыңдар.

1.Көктемге еріп құс.....
Әнге бөлеп......
Өлкем ерке түске....
Киінгендей .....
(келді,даланы,енді,жаңаны)

2. Көктем мезгілінде болатын мерекелерді ата: (8- наурыз,аналар мерекесі.22- наурыз-наурыз мейрамы.1-сәуір-күлкі күні. 1-мамыр-бейбітшілік күні. 7- мамыр-Отан қорғаушылар күні. 9- мамыр-Жеңіс күні.)

3.Сөздердің арасына байланысу сызықтарын жүргіз. Дауыстап оқы.

Күз қаһарлы

Қыс жайдары

Көктем алтын түсті

Жаз көгілдір

4.Жыл құстарын ата: тырна, қарлығаш, бұлбұл, аққу,ләйлек, ұлар т.б.

5.Жыл мезгілдерін ата: Көктем, жаз, күз,қыс.

6. а)Адасқан сөздерді орнына қой:

иелері, барлық, оянады, тіршілік,Көктемде.

ә)сөйлем құра,оқы: (Көктемде барлық тіршілік иелері оянады.)

 Сергіту сәті: «Барлық жанға мейірім сыйла ...»

6-слайд
«Сен білесің бе?» ойыны. Табиғаттағы ауа райына байланысты халық болжамдарын оқушылар айтады.
1.Шық қалың түссе,шөп қалың бітеді.

2.Көктемнің алғашқы жаңбырында күн күркіресе, шөп шүйгін шығады.

3.Қарлығаш ұшуын сиретсе,ауа райы бұзылады

4.Суыр інінің аузын қораласа,көктемде су тасқыны болады.

5. Су бетінде шабақ шоршып ойнаса,жаңбыр жауады.

6.Қарлығаш жоғары ұшса,күн жылы болады.Төмен ұшса жаңбыр жауады.
7.Мысық босағаны тырмаласа, ауа райында өзгерістер болады.
8.Жаңбыр жауарда қарғалар,у да шу болады.
9.Ерте көктемде қарға суға шомылса, күн жылынады.



Топтарға арнайы тапсырмалар беру:

I топ. Мектеп 100 жыл. топтаст.стратег.
II топ. Көктем мезгіліне топтаст.стратег. 
III топ . Венн диаграмасын толтыру. ( Көктем-күз.)

Көктем

Күз










IV топ . Автор жайлы постер қорғау. Мәриям Хәкімжанова кім? 

IV Қорытындылау, бағалау

-         Көрікті көктем мезгілі жайлы тағы қосымша білім алдыңдар. Қыс бойы қар көп жауса, көктемде су тасқыны қаупі болады. Су тасқынын болдырмау үшін қандай шара қолданылады?

- Адамдар өз үйлерінің маңайындағы қарды тазалап, су ағатын арықтар жасап отыруы қажет.

- «Ыстық микрофон» ойынын ойнау.Бір оқушы микрофон ұстап тұрады,қалғандары сабақ мазмұны бойынша кезекпен сұрақтар қояды.

Бағалау.

V.Үйге тапсырма: өлеңді жаттап, сурет салу.

Мұғалім:Бүгінгі ашық сабағымызды М.Әлімбаевтың «Көктем келді»өлеңімен аяқтағым келеді.

Көлдің мұзын күн тесті,

Аппақ тонын жер шешті.

Жан - жақтан күн күркіреп,

Жаңбыр жауды сіркіреп.

Жерді жапты көк кілем,

Ондай кілем жоқ, білем!

Көктем келді күлімдеп,

«Міне, саған гүлім!»,- деп қатысқан қонақтарға оқушылар өздері қағаздан жасаған қызғалдақ гүлдерін сыйға тартады.

-Зейін қойып,тыңдағандарыңызға рахмет!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
К?ктем жыры 4 "А" сынып

Автор: Калиева Зульфия Болатбековна

Дата: 04.03.2016

Номер свидетельства: 302121


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства