Сабақ әдістері: сұрақ-жауап, әңгіме, түсіндіру, ойын.
Сабақ көрнекілігі: Денсаулық сөзі (әр түрлі түспен үлкен әріптермен жазылған ), станциялар «шынығу», «тамақ», «тазалық» сөздері, жалаушалар, көкөніс суреттері.
Бастаушы: Құрметті балалар, қонақтар бүгінгі денсаулық мерекесіне хош келдіңдер!
Балалар: Ура!
Бастаушы: Адамда ақшасы көп екен дейік, бірақ ол ауырады. Оны бақытты деуге бола ма? Жоқ.
Ол адамның жаңа әдемі машинасы бар, бірақ ол ауырады. Оны бақытты деуге бола ма? Жоқ.
Сонда денсаулық, дені сау адам деген кім екен?
Оқушылар: Денсаулық деген дені сау адам.
Ешбір жері ауырмайтын адам.
Көрініс: «Байлық» (М .Дулатов)
Екі таныс кездесіп қалады:
1-сі: Осы жұрт қалай бай болады?Ақша бар, мал бар, машинада бар. Ал мен неге кедеймін?
2-сі: Қалайша сен өзіңді кедеймін дейсің? Қол-аяғың аман жұмыс істей аласың. Мына қолыңды мың сомға кестіресің бе?
- Құдай сақтасын. Он мың сомға да кестірмеймін.
- Ал көзіңді, құлағыңды қаншаға бересің?
- Мен бұларды дүниедегі бүкіл ақшағада айырбастамаймын.
- Осындай байлыққа ие бола тұра өзіңді қалайша кедеймін дейсің?
- Шынында да солай екен ғой, қой барып жұмыс істейін.
Бастаушы: «Денсаулық-зор байлық» деген осы.
шынығу тамақ тазалық
Бастаушы: Шынығу деген не екен?
Оқушылар: Жақсы тамақ ішсек денсаулық жақсы болады. Күшіміз көп болады.
Бастаушы: Тазалық, тазалық сақтау не үшін керек.
Оқушылар: Қол жуып тамақ ішу керек. Таза ауамен дем алу керек. Лас қолымен көз, құлақты ұстауға болмайды.
Бастаушы: Қанекей балалар денсаулық әлеміне саяхатқа шығайық.
1-топ. Алма 2-топ. Апельсин.
Командалар сәлемдесуі. Топ капитандары өз командаларын таныстырады.
Бастаушы: Қанекей балалар Қаз-қатар тұрыңдар Ойнайық-күлейік Жанға саулық тілейік Денсаулық маңызы Түсініп көрейік. Денсаулық зор байлық Екенін білейік.
1.аялдама «Тазалық»
Тақпақтар сайысы:
Бұл бала қай, қай бала? Қарашы үстіне, Бір кіршік түстіме көзіңе Тап-таза ақ қаздай Киімі мұнтаздай Жарайсың балақай Дейміз біз мадақтай
Ойын: «Жаңылма»
Бұл бала қай, қай бала? Қарашы үстіне, Бет-аузы кір айғыз Аяқ қол жарылған Батпаққа малынған Ұятай балақай Дейміз біз мадақтай
2.аялдама «Тамақ» аялдамасы
Реклама жасау
Айран сүттен жасалады. Ол асқазанға пайдалы. Кола ішкенше айран іш! Айран алыңдар!