Ұлы Отан соғысының батырларының ерлігін, майданға қосқан қазақстандықтардың үлесін, халық басындағы қиыншылық жайлы білім алады.
Ұлы Отан соғысының батырларының ерлігін білу. Елжандылыққа, елін, туған жерін қорғауға, батырлардың ерлігін құрметтеуге, есте сақтауға тәрбиелеу. Б.Момышұлының ерлігін, отансүйгіштігін, батырлығын насихаттау.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Аты аңызға айналған ашық сабақ»
Тақырыбы: Аты аңызға айналған батыр
Мақсаты:
1.Ұлы Отан соғысының батырларының ерлігін, майданға қосқан қазақстандықтардың үлесін, халық басындағы қиыншылық жайлы білім алады.
Ұлы Отан соғысының батырларының ерлігін білу. Елжандылыққа, елін, туған жерін қорғауға, батырлардың ерлігін құрметтеуге, есте сақтауға тәрбиелеу. Б.Момышұлының ерлігін, отансүйгіштігін, батырлығын насихаттау.
Көрнекілігі:
Ұлы Отан соғысының батырлары (буклет). «Аты аңызға айналған батыр» тақырыбына лайықталып жасалған слайд көрсетіледі. Оқушылардың шығармашылық жұмыстары (суреттері, шығармалары). «Мәңгілік алау» макеті жасалып, гүл шоқтары қойылған.
Сабақтың барысы
Мұғалім: - Соғыс өрті өшіп, қайғы-мұңнан арылып, бейбітшілік орнағанына 71 жыл толады. Бірақ бұл жңіс бізге оңайлықпен келген жоқ(«Священная война» әнінің әуені ойнап тұрады.
1-жүргізуші
2.Соғыс өтті жалмап талай өмірді
Қаншама қан еш жазықсыз төгілді
Соғыс аты естілгенде құлаққа
Елестетер қара тажал өлімді
Ән: «Майданға» (хор)
3-жүргізуші
Елімізге қаншама қасірет пен қайғы әкеліп, әлем тарихында өшпес із қалдырған Екінші Дүниежүзілік соғыстың аяқталып қарапайым халық қуаныштан бөркін аспанға атып қарсы алған Жеңіс күніне биыл 71 жыл толады. Алайда бұл жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ.
Мөлдір аспанды бұлт қаптады. Соғыс шаттық әнін қайғылы үнге, нұрлы күнді қара түнге айналдырмақ болды. 1941жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес Одағына опасыздықпен шабыл жасады. Бұл халық үшін ауыр кезең болды.
4. Отанымызға қатерлі күн туды. Дүниедегі бейбітшілік бағына сұрапыл соғыс қаһарын төкті. Отанымызды қорғау үшін еліміздің көптеген ер-азаматтары майданға аттанды.
Ән: «Майданға» (хор)
Көрініс (Майданған аттанған азаматтар елімен, жерімен қоштасуы)
5. Соғыс –адам жанын қинайтын ең ауыр, ең ащы азап. Осы соғысқа Кеңес Одағының миллиондаған адамы қатысты. Солардың ішінде қазақ халқының арасында аты аңызға айналған батыр атамыз Бауыржан Момышұлы да болды.
6. Момышұлы Бауыржан 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Көлбастау ауылында дүниеге келген.
7. Бауыржан Момышұлы он үш жасындаоқу іздеп туған үйден алыс сапарға аттанады. Жамбыл, Шымкент қалаларындағы интернатта тәлім алып, білім нәрімен сусындайды.
8. 1935 жылы Қызыл Армияға шақырылып, Қиыр шығыста шекара күзетінде офицер болған. 1936 жылы Қызыл Армия қатарына қайта алынып, взвод, рота командирі, полк штабы бастығының көмекшісі болады.
9. Бауыржан Момышұлы сонау сұрапыл соғыс жылдарында «Отан үшін отқа түс күймейсің», «Ел үшін аянба – ерлігіңе сын» деп неміс фашистеріне қарсы аттанған.
10. Осы соғыста ерекше қаһармандық танытқан Бауыржан Момышұлы 1941 жылы соғыс кезінде қолбасшы Рокосовский лейтенант шеніндегі жап-жас қазақ жігітінің қабілетіне риза болып полк командирлігіне өзі тағайындаған.
11. 1941-1945 жылы Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияның батальон полк командирі болады. Соғыстың соңғы жылдары осы дивизияны басқарады.
12. Бауыржан Момышұлы соғыс жылдары 207 рет шайқасқа қатысып, 2 рет ауыр жараланды. Басшылық тарапынан бірнеше рет Кеңес Одағының батыры атағына ұсынылады. Бірақ атақ берілмей қала береді.
13. Еңбекқор Бауыржан Момышұлы мойыған жоқ. 37 дәптер күнделік жазған батыр, бейбіт өмірдің қаруы қаламды алып, қазақ және орыс тілдерінде көптеген кітаптар жазды. «Артымызда Москва» кітабы Кубаның бүкіл әлемге әйгілі басшысы Фидел Кастроның сүйіп оқитын кітабына айналды.
14. 1955 жылы қаруын қаламға айырбастаған жазушы шғармаларымен өз биігіне көтеріледі.
15. Көрнекті жазушының жазып қалдырған «Офицердің күнделігі», «Бір түннің тарихы», «Біздің семья», «Москва үшін шайқас», «Майдан», «Майдандағы кездесулер», «Ұшқан ұя» т.б. кітаптары әскери өмірбаяндық жайттарды арқа етіп, патриотизмді, адалдықты, ерлікті, бірлік пен туысқандықты ту етті.
16. «Баукеңдей ер қолбасшы қалар ма естен,
Тапты ол тар қыспақта не бір шешім», - деп жырлағандай Бауыржан Момышұлы соғыста көрсеткен ерлігі үшін орден, медальдармен марапатталды. Қашан да қазақ халқы өзінің ұлдарын ұмытпаған. Бауыржан Момышұлына халықтың өзі батыр деген ат беріп, жоғары құрмет көрсете білген.
17. Баукең – өте тәкаппар болған кісі. Әрі бетің бар, жүзің бр демей айтатынын бетке айтатын. Өзінен шені жоғары талай генералға қарсы пікір білдірген. Сол себепті ол кісі Мәскеуге жаққан жоқ.
(Бейнежазбалар Бауыржан Момышұлын көре отырып, нағыз өз даусын тыңдау)
18. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1990 жылы 11-желтоқсанда Бауыржан Момышұлына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Батыр Бауыржан әділ бағасын еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін алды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» атағы берілді.
19. Батыр Бауыржан Момышұлы – алмас қылыштай өткір де қайсар, дана да данышпан, шешен әрі ақын, сөз қадірін өз қадірі, ел қадірі деп бағалаған.
Бауыржан атамыз артынан ұлағатты сөздері мен мақал-мәтелдерін қалдырып үлгерген.
20. Оқушылар кезекпен ерлік туралы мақал-мәтелдерді жатқа айтады. (Слайдтан көрсетіледі)
21. *Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады.
*Отан үшін отқа түс күймейсің
*Отанда опасызға орын жоқ
*Жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын
*Адал ұл ер болып шықса – ел тірегі
*Ерлік елеусіз қалмасын
*Ерлік тәрбиеден туады
*Ерлік бірлікте емес, жүректе.
Мұғалім:
Елдік пен ерліктің киесіндей батырлық пен батылдықтың иесіндей, аты аңызға айналған баһадүр батыр Бауыржан Момышұлы тау тұлға. Ол кісінің өмір жолы, сұрапыл соғыс жылдарындағы жанқиярлық ерлігі, өжеттігі мен өрлігі, алғырлығы мен көрегендігі – үлкен тәрбие мектебі.
Ой-толғау
-Бауыржан Момышұлын кім деп білеміз?
Оқушылар топтастыру, постер құрастырады (жолақ қағазға жазылған сөздерді жапсыру.
Айбынды Қаһарман Хас батыр Жеңімпаз
Жазушы Рухы күшті
Шыншыл Білімді Намысқой Жаны таза
1-оқушы постерді қорғайды
Бауыржан орасан ойдың адамы болды. Ол өте білімді, намысқой, рухы күшті, жаны таза адам. Айбынды, асқақ, алдына қойған мақсатына жеңімпаз еді. Оның болмысы осы қасиеттердің бірлігі еді. Сол бірліктен қазақтың хас батыры шықты. Хас батырдан қасқайып тұрып сөйлейтін қаһарман мінез шықты.
«Бауыржан атаға хат» оқушылар ойларын, шығармашылық жұмыстарын мәнерлеп айтып өтеді.
«Мен майдангердің ұрпағымын» оқушылар соғысқа қатысқан арғы аталары, тылда еңбек еткен аталары туралы ой толғайды.
«Менің атам майдангер» әнін 1 оқушы орындайды
1-жүргізуші:
Ер есімі ел есінде. Кір жуып, кіндік кескен жері үшін, аялап, әлпештеп өсірген елі үшін, жанған отқа түсіп, жалын кешкен ерлер естен шықпайды. Олар тарихта өшпес із қалдырды.
2-жүргізуші:
Адамзат бақыты, туған елі үшін ата жаумен жан аямай шайқасқан қаһарман перзенттерін халық шексіз сүйіп, құрмет тұтады, мәңгілік есте сақтайды. Ерліктің ерен үлгісі болған Бауыржан Момышұлы дәл осындай адам еді.
1-жүргізуші: Қалды артта қантөгіс
Қиындық кешу де
Бірақ та сұм соғыс,
Әркімнің есінде
Отты жыл бедері
Ескерткіш құлпытас
Соғыстың зардабын
Ешкім де ұмытпас.
Жас ұрпақ тілегі
Бейбіт күн асқары
Ашық боп тұрсын де
Әлемнің аспаны.
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!» (Оқушылардың қолындағы шарлар, жалаушалар, гүлдер ән ырғағыментербеледі).