1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру. Тәрбиелік: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз анна тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан»»
«Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан»
Мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру. Тәрбиелік: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз анна тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу. Дамытушылық: Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту. Көрнекіліктер: Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова суреттері. «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты плакат. Желтоқсан тақырыбындағы топтардың қабырға газеттері және буклеттер. Қанатты сөздер. Алғы сөз. Армысыздар құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты тәрбие сағатымызды ұсынамыз.
1-жүргізуші: Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы, Бақыт көрсін Отанның сан ұланы. Енді ағайын, көгінде қалықтасын, Қазағымның қастерлі - Әнұраны!
Желтоқсанда Алматыда, ақ қарда, Алма бақтар ак қырауға батқанда, Күңірене күн күркіреп тау жақтан, Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан. 2-жүргізуші: Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың, Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың. Айналайын, айналайын жас өркені халқымның. 1-оқушы: Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның, Айналайын, айналайын жас қайраты халқымның. Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған Намысыңды жықпай өттің нәубе, дүлей маусымнан. Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан. Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы, Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы. Өздеріндей ер намысты жас өркені бар елдің, Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы! Жас арудың жанарында – Желтоқсан, Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан. Қаралы өмір қайыстырған халқымның, Қара тұман қабағында – Желтоқсан. Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан, Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан. Жазықсыздың көз жасына жуынып, Абақтыға тастаған да – Желтоқсан. Намысымның шырағы да – Желтоқсан, Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.
2-3 сынып оқушылары "Сәлем қазақстан"әнін орындады. Жігіттердің ұраны да - Желтоқсан, Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан. 1-жүргізуші: Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды. Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ляззат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді.
2-жүргізуші: Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі күйреген, рухани езілген балаң жігіт Қайрат. Қайрат есіл ер көзі тірісінде жазған өлеңдері адам жүрегін тебірентеді. Соның бірі «Менің тағдырым». 4-оқушы: Өмір бойы жолым болып көрмеді, Жылап келем бұл дүниеге келгелі. Қайғы шаңы басты менің денемді, Түспейді шаң сілкінсем де мен енді. Жолдаған сәлемімді дос алмады, Шын ба екен-ау тас керең боп қалғаны. Айта берем, айта берем қайбірін, Ауыр менің, ауыр менің тағдырым. Тағдыр мені аямады, қорлады, Жалынсам да, жыласамда болмады. Қараңғы өмір бақытым жоқ, жоқ менің, Армандаған ақ сәулеге жетпедім. 1-жүргізуші: Осы өлең жолдары Қайраттың қатты қиналып Қазақстан үшін жанын құрбан еткенін еске түсіруге болады. (Осы кезде Қайрат, Ляззат, Сабира, Ерболдардың суреттері әкелінеді) 2-жүргізуші: 1 минут үнсіздік 1-жүргізуші: Орыны ағалардың бізбен толсын, Сәбилер ағалардың жолын қусын. 1минут үнсіздікпен еске алайық, Аруақ ағалардың ырза болсын. 5-оқушы: Тұрса да биік өр басын, Қазаққа бақыт орнасын. Сексен алтыншы жылғыдай, Желтоқсан желі болмасын! Күн кешіп лапылдаған жастарым, Дүрліктірді желтоқсанның аспанын. Жерді, дінді, тілді баба дәстүрін Қорғау үшін көтерді олар бастарын.
«Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты тәрбие
сағатының сараптамасы
Мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру. Тәрбиелік: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз анна тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу. Дамытушылық: Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту. Бүгін біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты тәрбие сағаты өтті.Бұл тәрбие сағатында Тәуелсіздік туралы,желтоқсан оқиғасы жайлы оқушылар тақпақтар айтты.
1-сынып оқушылары "Мен қазақтың-ұлымын" атты өлеңін айтса, 1-ші орыс сыныбының оқушылар би билеп шықты. 2,3 сынып оқушылары "Сәлем қазақстан"әнін орындады.
5,6,7 сынып оқушылары "Атамекен"әнін орындады.11 сынып оқушысы Гадаева Сабина және әкесі екеуі шешен ұлтының биін билеп шықты.3 және 4-ші сыныптар Қазақстан туралы ән орындады.