kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ар намысым, ?асіретім, ма?танышым, Желто?сан!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?уелсіздік мерекесі ?арса?ында ?йымдастырыл?ан "Ар намысым, ма?танышым, Желто?сан!" аттыкешке  сынып о?ушылары белсене ?атысты. Т?рбие са?аты барысында желто?сан о?и?асына арнал?ан ша?ын к?рініс ?ойылды. Желто?сан ?а?армандарына арнал?ан арнау ?ле?дер о?ылды.  Желто?сан о?и?асына ?атысушы ?Р Парламенті М?жілісіні? депутаты Н?ртай Салих?лы Сабильянов  туралы о?ушыларды? т?саукесері к?рсетілді. О?ушылар ?н-би к?рсетіп кешті жандандыра т?сті. Кеш со?ында ата-ана К.Жанбаев о?ушылар?а Желто?сан о?и?асыны? ма?ыздылы?ы туралы айта келіп, олар?а "Т?уелсіз елімізді? туын биік ?стайтын білімді азаматтары болып ?сі?дер",-деп тілек білдірді. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ар намысым, ?асіретім, ма?танышым, Желто?сан! »

Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым-желтоқсан» 


Мақсаты:

Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгендігімізді. Осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын көрерменге жете ұғындыру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту. Отанды сүюге, құрметтеуге, желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жердің қадір- қасиетін

ұғынуға тәрбиелеу.
1-Жүргізуші :

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар. Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен,
ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік, Егемендік күні мерекесіне арналған «Ар-намысым, қасіретім; мақтанышым-желтоқсан» атты кешімізді сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

2-Жүргізуші: Тарихтың ойлы-қырлы белестерінде халықтың жүрегінде сақталып, жадында жатталып қалатын, қоғамдық дамуға айрықша әсер етіп, ұлттық сана сезімге қозғау салатын аса маңызды оқиғалар болады.

Қазақ халқы үшін осындай оқиғалардың бірі – 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы
1-Жүргізуші: Дүниені дүр сілкіндірген, Тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 86-ның желтоқсаны туралы шындық аз айтылып жүрген жоқ. Қанша жыл өтсе де бұл ұмытылмайтын оқиға.

 2-жүргізуші: Иә, күллі әлемді дүр сілкінткен 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы Қазақ топырағына ұлттық санасы, намысы жетелеген жаңа, әрі қайсар буынның келгенін әйгіледі. 1986 жылы 17-желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, «Тәуелсіздік керек, қазақ халқының өз көсемі сайлансын» деген ұранмен шеруге шықты. 

1-жүргізуші: Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде. Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен бауырларымыз есімізге түскенде жан – жарасы жаңғырып , қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне түсесің. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін емес.

2-жүргізуші

Осы желтоқсан оқиғасы салдарынан қаза болған жазықсыз жастарымыздың рухына бас иіп, орынымыздан тұрып бір минут еске алайық !
Бір минут үнсіздік.

Рахмет!

Музыка ойнайды.
Алема:

Желтоқсанда.
Алматыда, Ақ қарда 
Алма бақтар ақ қырауға батқанда, 
Күңірене күн күркіреп тау жатқан. 
Жайдың оты жалаң қақты шатқалда

Кім көріпті о заманда, бұл заман, 
Найзағайды көк аязға құлаған. 
Кеуделерде-үрей бәрі ұялады, 
Болсайшы аман, мына ғалам, дін аман.
Бұрын көктің көкірегін тілгілеп, 
Найзағайлар от билігін тұр билеп, 
Ақ боранда құтырады ит деуші еді, 
Алматының иттері ұлып, үрді кеп.
Диана:

Желтоқсанда шындақ жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың. 
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның 
Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның! 
Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің. 
Уақытымның талабында дөп келсе де ұраның. 
Уақытыңның әділетсіз соққысынан құладың. 
"Нашақор" деп, "маскүнем" деп айыпталдың, ұланым!

Алишер:

Жанымыз жомарт қазақпыз. 
Мәңгүрт боп кете жаздаппыз. 
Қосайық басты, бауырлар, 
Жанайық жансақ маздап біз.
Жаныбек:

Желтоқсан-сен еркіндіктің ұраны,
Желтоқсан-сен азаттықтың жыр-әні. 
Ұмытпайды сені мәңгі ұланың, 
Желтоқсан-болашағы елімнің.
Ажар:

Өгей қозы біз болдық елімізге,
Келімсектер шықты ғой төбемізге... 
Күңірену, айқайдан құлақ тұнды, 
Көзге жас ап аналар жылап тұрды.

Ерасыл:

Бұл тарих шындықтарды електейді, 
Десең дағы керексіз, керек мейлі. 
"Желтоқсан" деген сөзді естігенде 
Көз алдыңда сол күндер елестейді.

Арслан:
Желтоқсанның жан түршігер күндері

Жалдап әскер аяушылық білмеді.

Бұрымынан сүйреп ару қыздарды

Ал ұлдарды тоғытқан жер түрме еді.

Алишер:
Естен кетпес аяусыз ұрғандары, 
Қазаққа неше айла құрғандары. 
Қайрат сында елімнің ұл-қыздары 
Желтоқсанның кезінде құрбандары.

Арина:

Қыстың қалай қанқызыл таңғы нұры,

Бүр жаратын гүлдердің мәңгі ұрығы.

Күйдіргідей кеудені күйдіреді,

Жүректегі желтоқсан жанғырығы
Әлем:

Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өркендер ақталады.
Ер намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік сақталады .

Зейін:

Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула! Лаула! Желтоқсанның мұзға жанған алауы!
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда тиісті емес еңкеюге жалауы!

1-жүргізуші:
Желтоқсан оқиғасына байланысты 103 адам жауапқа тартылды. 99-ы сотталды. Алматы қаласы бойынша 2401 адам қамауға алынып оқудан 309 студент шығарылған, 99-ның ішінде 2 адам өлім жазасына кесілген. Олар: Қайрат Рысқұлбеков, Мырзағали Әбдіқұлов. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды.

2-жүргізуші: 

Ерлігіңе қуанам да, сүйінем,

Қайрат аға рухыңа мен иілем.

Бәйшешектің солғанына ах ұрсам,

Әділ жанның қазасына күйінем.

Күй ойнайды

                                       


Көрініс

Тергеуші: Ал бала ерте бастан ескертіп қояйын.Мен не айтсам соны мақұлдап қол қойып бересің.Бұл бір.Ереуілге қатысқан көз таныс,сырт таныс білетін балалардың бәрін тізіп жазып бересің.Бұл екі. Ұқтың ба?

              Қ.Рысқұлбеков үндемейді.

Тергеуші:Өз елімізді өзіміз басқаратын құққа жетейік деп ұран көтеріп ,желпілдеп алаңға шыққандарың рас па?

Қайрат:  Рас.

Тергеуші: Астанада пәтер іздеп қаңғып жүрген, жұмыс таба алмай ,өз жерінде қажетсіз қоқыс болып теперіш көрген қазақ жастары дедіңдер ме?

Қайрат: Дедік.

Тергеуші: Үкімет басшысы қазақ болсын деп қыр көрсеттіңдер ме?

Қайрат: көрсеттік.

Тергеуші: Мә,саған ұран көтерген.Мә,саған қыр көрсеткен.(ұрады).Үкімет басшылығына таласатын сен кім едің,басыңды алып жүре алмай,өле алмай жүріп.Қол қой мына қағазға!

Қайрат: Ол қағазға қол қоя алмаймын.

Тергеуші: Неге қол қоймайсың?

Қайрат: мені алаңға шық деп ешкім үгіттеген жоқ.Қазақ қыздарын шашынан сүйреп,таяқтап сабап жатыр деген хабарды естіген соң жатаханада шыдай алмай үкімет үйінің алдына өзім бардым.

Дауыс: Қ.Рысқұлбеков 1987 жылы 1 қаңтарда ұсталып,1987 жылы 16 маусымда ату жазасына кесілді.Кейін оған кешірім жасалып,жазаны 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырды.

1988 жылы 13 мамырда Семей түрмесіне әкелініп,21 мамыр күні таңда өмірмен қоштасты.

Қайрат:

Күнәдан таза басым бар,
21-де жасым бар. 
Бозторғайдай жаным бар, 
Алам десең алыңдар 
Қайрат деген атым бар 
Қазақ деген затым бар 
Еркек тоқты құрбандық 
Атам десең атыңдар.
Ән: Семейғазин Әлем" ".


1-жүргізуші:

Сәл аялдап тағзым етпей бұл алаңнан өтпендер ,
Желтоқсанда ызғарықтан тітіркеніп көк пен жер 
Бұл жер , қалқам , асқақ рух жарылысы өткен жер ,
Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер ,
Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп , тепкен дер ,
Жатты мұнда естен танып күзге айналған көктемдер .

Желтоқсан туралы бейне көрініс

Би «Қазақ биі»

1-жүргізуші

Мен-қазақпын, мың өліп, мың тірілген, 
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен. 
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып, 
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген. 
Мен-қазақпын, биікпін, байтақ елмін, 
Қайта тудым өмірге, қайта келдім. 
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске 
Айта бергім келеді, айта бергім. 
Ұлы аманат етейін еркіндікті, 
Ел құлдықты білмесін жер кіндікте. 
Аңсаймын мен сенемін туады ертең. 
"Қазақ болу" зор бақыт дер күн тіпті.
Ән «........................................." Тулегенов Диас

2-жүргізуші:

Көтерілді жастарымыз алаңға, 
Көтерілді студент қыз, балаң да. 
Қан төгілді намысы үшін қазақтың, 
Ерліктері жайылды кең ғаламға. 
Қаһарманын ұмытпайды халықтар, 
Өткен күнді тарихымыз анықтар. 
Ерлігіңе тағзым еттім қашанда, 
Тәуелсіздік алып берген алыптар! 

1-жүргізуші:

Халқым менің, саған қарап жұбанам, 
Тарих беті қатпар-қатпар бұралан, 
Талай зардап қайғы мұңының соңынан, 
Егемендік алғаныма қуанам.

«Нұртай аға –желтоқсаншы» желтоқсан оқиғасына белсене қатысушы Н.С.Сабильянов туралы презентация.

Би «Алға!»:

1-жүргізуші:

Желтоқсан жастық қазбалап тегін сұрама 
Жанартау тектес атылмай бір күн тұра ма? 
Осылай халқым созылған тура үш ғасыр 
Ойланып бітті, толғанып бітті драма. 
2-жүргізуші:

Қаһарманын ұмытпайды халықтар, 
Өткен күнді тарихымыз анықтар. 
Ерлігіңе тағзым етем қашанда, 
Тәуелсіздік алып берген алыптар! 

1-жүргізуші:

Ақталды боздақтардың ақ талабы, 
Әділ іс әрқашанда ақталады. 
Елі үшін жанын қиған асыл жандар 
Ел есінде мәңгілік сақталады.

Хор «Егемен елім»

1-жүргізуші: Тәуелсіздіктің 23 жылдығына арналған мерекелік шарамыз осымен аяқталды. Сіздерге тек бақыт мен ашық аспан тілейміз. Тәуелсіздігіміз нығая берсін! 







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Ар намысым, ?асіретім, ма?танышым, Желто?сан!

Автор: Азимбаева Нурпан Мусабайкызы

Дата: 19.02.2015

Номер свидетельства: 175944


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства