Мақсаты: ойын арқылы оқушылардың тілін дамыту, алған білімдерін тиянақтау, есте сақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын дамыту, ата- ана, мұғалім, оқушы пән арасындағы қарым- қатынасты дамыту.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Мақсаты: ойын арқылы оқушылардың тілін дамыту, алған білімдерін тиянақтау, есте сақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын дамыту, ата- ана, мұғалім, оқушы пән арасындағы қарым- қатынасты дамыту.
Кіріспе сөз. Құрметті ата –аналар , оқушылар , ұстаздар бүгін 1»а» сыныбына «Анам және мен» атты жанұялық танымдық ойынға қош келдіңіздер! Бала біздің болашағымыз. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші—ата-ана.Адамдар – әрқашанда өз аналарының перзенті. Ана болмаса ақын да , батыр да болмайды.Ата- ана ақылы – салулы қара жолмен тең. Ата- ана қадірін білмеген халық қадірін біле алмас. Халық қадірін білмеген ата- ана қадірін біле алмас.Ендеше, ата – аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екендігімізді ұмытпайық.
3.Балаңыз болашақта кім болғысы келеді? 1.Апта атауларын ретімен айтып шық.
ІІІ-топ
1.Отбасының басшысы кім?
2. Сынып жетекшінің толық аты- жөні.
3. Балаңыздың туған жылы. 1.Табиғат нешеге бөлінеді?
ІҮ-топ
1.Барлық отбасы бірдей деп ойлай сызба?
2.Балаңыздың парталас көршісі кім?
3.Балаңыз қандай түсті жақсы көреді? 1. 12 айды ретімен айт.
Ү-топ
1.Бақытты жанұя. Ол қандай?
2.Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
3.Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз? 1. Әліппеде неше әріп неше дыбыс бар?
ҮІ-топ
1.Тәрбие басы-тал бесік мақалының мазмұнын аш.
2.Балаңыздың ең жақын досы кім?
3.Балаңыз сабақтан барғанда қалай қарсы аласыз? 1. 2+3=5 3+2=5 ережемен түсіндір.
1.Қызықты математика сайысы.
1. 1 қоянда 2құлақ бар, 3 қоянның неше құлағы бар?
2. 4 ке 2 ні қосса Марғұланның жасы шығады, Марғұлан нешеде?
3. Жаңа ғана шалғында 6 бұзау жүр еді, әлде шаршап қалдыма жатып қапты 1 еуі,енді жайылып жүр нешеуі?
4. Сыныпқа 2 ұл, 3қыз бала кірді. Барлығы неше бала болды?
5. Рамазан аптасына 3 кітап, ал Данияр сонша кітап оқыды.Балалар қанша кітап оқыды?
6. 6 асықтың 2 уін досың ұтып алды. Айтшы сонда қолыңда, Неше асық қалды?
3. Өнер сайысы.
Бұл сайыста әр отбасы өз өнерлерін көрсетеді.
4. Баланы еркелетіп жылы сөз айту.
1. Ата-аналар жылы сөздер айтады. Балалар: Сабақты жақсы оқып, үлкендерді тыңдауымыз қажет. Ата- анамызды әрдайым сабақ үлгерімімен, жақсы тәртібімізбен қуантамыз.
Әр ана баласы бойынан көргісі келетін жақсы қасиеттерді тірек сызбасына түсіреді.
Бала бойындағы қасиеттері
5. Күлдіргі жұмбақ.
1.Кім барлық тілде сөйлейді? (Жаңғырық.)
2.Тышқан аулағышты бес әріппен қалай атауға болады? (Мысық.)
3.Дүниедегі ең шапшаң нәрсе. (Ой- қиял.)
4.Қай кезде аспан жерден төмен тұрады?( аспан суреті судан көрінген кезде.)
5.Қандай бөшкеге су құюға болмайды?(Іші толы бөшкеге.)
6.Егер түнгі сағат 12-де жаңбыр жауса, мұнан соң 72 сағаттан кейін күн ашылып шуақ түсеме? (Жоқ, бұл түн мезгілі)
Бұл кезде балалар өзі қалаған суретін салып тапсырады.
6.Жалпы сұрақ
«Мақал сөз атасы»дегендей мақал сайысына шақырамыз.
4.Қой мен қасқыр ойланама? (Қойдың ойлағаны-амандық , қасқырдың ойлағаны-арамдық.)
5.Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр?(Көз қорқақ, қол батыр.)
6.Киіз қазық жерге қағылама?(Тоқпағы келіссе киіз қазық жерге кіреді.)
Қорытынды. Баламыздың болашақта саналы, халқының қалаулы, елінің елеулі азаматы болу үшін мақтан тұтатындай тәрбиелі, ақылды, ізетті, парасатты, мейірімді азамат болып қалыптасуындағы дамуында тек қана мұғалім тарапынан іс- әрекет болмай, ата- ананың да бала тәрбиесінде маңызды ролі бар екендігін ұмытпаңыздар.
Жұтатын таза ауаларыңыз болсын!
Жылынатын жылуыңыз болсын!
Ішетін таза суларыңыз болсын!
Әрқашанда дендеріңіз сау болсын!
Бәріненде өмір сүретін жерлеріңіз
Және мықты да бақытты отбасыларыңыз болсын!
Қазылар алқасына номинациялар бойынша қорытынды сөз беру.
«Білімді отбасы»
«Ең белсенді отбасы»
«Өнерлі отбасы»
«Тапқыр отбасы»
«Әдепті отбасы»
«Көңілді отбасы»
Құрметті көрермендер, осымен 1 «А» сыныбында өткізілген «Анам және мен» атты сайысымыз аяқталды.