Просмотр содержимого документа
«Аналар - асыл жандар»
Мақсаты:
8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру. Бала бойындағы ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ балаларына тән жақсы қасеиттерді қалыптастыруға ынталану.
Көрнекілігі: Зал мерекеге сай безендірілген. Шарлар, нақыл сөздер.
Барысы:
Тәрбиеші:
-Армысыздар, бақытты балалық шағымыздың шат көңілді өтуіне барлық жағдайды жасап отырған аяулы да ардақты аналар! Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған. Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер бүгінгі «Ана – өмірдің гүлі» атты мерекелік кешіміз сіздердің құрметтеріңізге арналады.
Балалар, бүгін бізге қонаққа ақ әжеміз келіп отыр, ол сендердің өнерлеріңді тамашалағысы келеді екен.
Әже: - Айналайын қарақтарым, шырақтарым, құлындарым, бүгінгі мерекеге шақырғандарыңа рахмет. Мен сендердің өнерлеріңді тамашалағым келіп тұр. Қане, өнерлеріңді көрестіңдерші.
Тәрбиеші: - Әже, біздің балаларымыз өте өнерлі олар аналарына арналған әртүрлі тақпақтарды өте жақсы айтады, өзіңіз тыңдап көріңіз.
Ойын шарты бойынша балалар екі топқа бөлінеді. Қай топ аналарына көп гүл жинаса сол топ жеңімпаз болады.
Әже: Балаларым, өнерлеріңе ризамын. Өте өнерлі екенсіңдер. Аналарың бүгін қатты қуанып қалды. Үнемі аналарыңның тілін алып тәртіпті бала болыңдар, аналарыңды сыйлап, құрметтеуден жалықпаңдар. (Әже батасын береді)
Тәрбиеші: - Балалар, бүгінгі кешіміз ұнады ма? Аналарың сендер үшін қуанып қалды.Аналарымызға алғысымызды айтып кешімізді аяқтайық. Бәріміз бірігіп :