kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Аналар – асыл жандар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: «Аналар – асыл жандар»

 Ма?саты:

1.Ана жайлы тамаша с?здер,?ле?дер,?ндер ар?ылы аналар мен ?желерді мерекемен ??тты?тау.

2.Ананы? мейірімін,махаббатын,жа?сылы?ын т?сініп,о?ан балалы? с?йіспеншілікпен жауап бере білуге баулу.

3.Ана е?бегін ?адірлей білуге ?йрету.

К?рнекіліктер:даналы? с?здер,шарлар,г?лдер,суреттер.

Т?рбие са?атыны? барысы.

1.Кіріспе с?з:

Асия:

Б?гін шатпыз к??ілдерде жо? уайым

Мен сіздерге жырдан ал?а та?айын

Осы кешті? б?лісуге шатты?ын

?ош келді?із барлы?ы?ыз,а?айын

Бекжан:

Ана ба?ыт,ана деген а? арман,

Ана деген ба?ыт ?шін жарал?ан.

Аналары кіші пейіл жан болса,

Б?рі де сол аналардан тара?ан,-дей отырып,?ымбатты ата-аналар,?стаздар,?ыздар!Сіздерді 8-наурыз Халы?аралы? ?йелдер,аналар мерекесімен ??тты?таймыз дей отырып,сіздерге

3 «г»,  сыныптарыны? ?л-?ыздары дайында?ан мерекелі т?рбие са?атын ашу?а р??сат еті?іздер!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Аналар – асыл жандар»

Тақырыбы: «Аналар – асыл жандар»

Мақсаты:

1.Ана жайлы тамаша сөздер,өлеңдер,әндер арқылы аналар мен әжелерді мерекемен құттықтау.

2.Ананың мейірімін,махаббатын,жақсылығын түсініп,оған балалық сүйіспеншілікпен жауап бере білуге баулу.

3.Ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Көрнекіліктер:даналық сөздер,шарлар,гүлдер,суреттер.

Тәрбие сағатының барысы.

1.Кіріспе сөз:

Асия:

Бүгін шатпыз көңілдерде жоқ уайым

Мен сіздерге жырдан алқа тағайын

Осы кештің бөлісуге шаттығын

Қош келдіңіз барлығыңыз,ағайын

Бекжан:

Ана бақыт,ана деген ақ арман,

Ана деген бақыт үшін жаралған.

Аналары кіші пейіл жан болса,

Бәрі де сол аналардан тараған,-дей отырып,қымбатты ата-аналар,ұстаздар,қыздар!Сіздерді 8-наурыз Халықаралық әйелдер,аналар мерекесімен құттықтаймыз дей отырып,сіздерге

3 «г», сыныптарының ұл-қыздары дайындаған мерекелі тәрбие сағатын ашуға рұқсат етіңіздер!

Асия:

-Адам баласы үшін ең аяулы,ең қастерлі де қадірлі сөз-АНА.Бала дүниеге келгеннен жылы жүзі,ыстық құшағы,барлық сүйіспеншілігін,махаббатын бере білген жалғыз ана.Сол үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген,ол-

Хормен: 8-Наурыз мерекесі.

Бекжан:

Аналарға арнап келесі кезекте жырдан шашу шашайық.

1-оқушы:

Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,

Ана дейді жас сәбиде жарқылдап,

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген алтын қазық,алтын бақ!

2-оқушы:

О,аналар осындайсың бәріңде,

Осындайсың жасыңдағы кәріңде

Сыйынатын осы өмірде құдірет,

Сыйынар ем ана деген тәңірге.

3-оқушы:

Наурыз күні,ана күні,әлем күні,

Әлемді тебірендірер ана үні.

Анасыз жан туған жоқ жер бетінде,

Ұғып ал,сыныптастар,сендер мұны.

4-оқушы:

Ардақты ана,аяулы ана,қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың-аясындай гүл бақтың.

5-оқушы:

Ана деген-асыл жандар болаттай,

Ана десең-мөлдір таза бұлақтай.

О, адамдар,қадірлей біл ананы,

Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.





6-оқушы:

Ана десем,сезім билер тым ыстық.

Жарасымды адамдарға туыстық,

Бар адамға берсе ананың мейірін,

Орнар еді бар әлемге тыныштық.

Асия:

Құлақтан кіріп бойды алар.

Әсем әнмен тәтті күй.

Жүрекке жылы ой салар.

Әнді сүйсең менше сүй-деп Абай атамыз жырлағандай кезекті әнге береміз.

Ән: «Апа туған күніңмен!»

7-оқушы:

Ана десем шешек атып жанары,

Өмірімнің бастау алар жаңа әні.

Ана деген тіршілікке пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

8-оқушы:

Өмірдің иесі сен ғазиз ана,

Келтірген дүниеге нелер дана,

Анасыз батыр да жоқ,ақын да жоқ.

Өмірдің алтын кілті сонда ғана.

9-оқушы:

Адамзат қуат алар ақ сүтінен,

Мәпелеп,әлдилеген пейілің кең.

Аналық махаббаттың кәсар бұлақ,

Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.

10-оқушы:

Алтын анам жасымнан аялаған,

Мен үшін игілікті аямаған.

Сабақтан шаршап үйге келгенімде,

Бал сөзің жаным деген,сая маған.

11-оқушы:

Шырмауынан шығып қазір ескілік,

Құрметті ана,кетті әлемге есімің.

Алыстағы айды құшып адамдар,

Ашып тұрмыз болашақтың есігін

12-оқушы:

Сияқты бір жаздың әсем қыр гүлі

Асыл анам құлпырады март күні.

Осы күні тасып менің көңілім,

Жас жүректің шықты шалқып шат күні.

Бекжан:

Уа,халайық,халайық,

Босқа қарап тұрмайық.

Мың бұралып билейтін

Дарияны қошеметтеп қояйық!

Асия:

Әже деген көп шығар

Әжемдей менің жоқ шығар

Мейірімді бұл кісі

Қандай ғажап күлкісі-деп

Әжелерімізді құттықтайық.

13-оқушы:

Менің әжем,жыр әжем,

Шуағы мол,нұр әжем.

Ақ жаулығың желбіреп

Аман есен жүр әжем

14-оқушы:

Тірегі болып жаныңда

Бірге еріп жүрегім

Жанашырым жанымда

Тек әжем деп білемін

15-оқушы:

Өзің мені өсірген

Айналайын ақ әжем

Тентек болсам кешірген

Балдай тәтті бал әжем

16-оқушы:

Ақ әжемді әрқашан

Сыйлап жақсы көремін

Қуантайын деп оны

Өлең айтып беремін

17-оқушы:

Менің әжем мейірбан,

Мені жақсы көреді.

Қажетіне жарасам,

Жас балаша күледі.

Бекжан:

Менің әжем,ақ әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем дегендей әжелерімізге ән арнаймыз.

Хор: «Ақ әжем»

18-оқушы:

Ана десем алғыс алам халқымнан,

Ана десем теңіз болам шалқыған.

Ана десем,ашылады қабағым,

Ана десем әділдікті ұғамын.

19-оқушы:

Ана деген-жарық жұлдыз шырағың.

Ана деген-қайнар ыстық бұлағың,

Ана деген-өмірдегі қамқорың.

Ана деген-сүйенерің жан құрбым.

20-оқушы:

Асыл анам қандай ыстық құшағың,

Өн бойымды билейді күш әнің.

Есейсем де еркелігім қалмапты

Көрген сайын қайта-қайта құшамын.

21-оқушы:

Абзал анам мәпелеген өсірген

Жарқын бейнең кетпес мәңгі есімнен

Есепсіз сол еңбегіңді өтеуге

Тер төгемін кең далада көсілген.

22-оқушы:

Адам бар ма ана сүтін татпаған,

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған.

Адалдықты,ар намысты сақтаған,

Мен анамның сонысына мақтанам.

Асия:

Наурыз тойы құтты болсын,халайық.

Жыр тойымызда би билеп,ән салайық-дегендей келесі кезекті биге береміз.

Бекжан:

-Қыздар,қыздар,сұлу қыздар,

Қандай әсем сұлусыздар,-деп отырып ұлдарымыздың қыздарға дайындаған әндеріне кезек берейік.

Ән: «Он алты қыз»


Асия:

Ойын ойнап ән салған,

Өнерлі бала жоқ емес.

Қызықты түрлі ойындарда,

Ешкім артта қалар емес.

Бекжан:

Озып шығар қатардан,

Жұрттан алғыс жинаған.

Үздік шебер аттанған,

Менің мамам сыйлы адам,-демекші,келесі кезекті аналар ойынына берейік:

Ойын: «Өз балаңды тап?»

Ән: «Көктем келді»

Асия:

Ана-көркі көгімнің,

Ана нұры жерімнің.

Ана бағы баланың,

Мақтанышы елімнің,-демекші,сөз ретін ата-аналар қауымына береміз.

Бекжан:

Теңізді де кешіп өтіп жетпейме,

Жан ботасын сағынғанда ару ана.

Асия:

Ана бауыр еті-баласы үшін отқа да күйеді,суға да түседі.

Аналарға амандық тілейік,балалары бақыт сыйласын!

Балаларыңыздың сіздерге арнаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар!

Хор: «Көктем келді»








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Аналар – асыл жандар

Автор: Елемесова Хадиша Анебаевна

Дата: 15.04.2016

Номер свидетельства: 319017

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Аналар асыл жандар!"
    ["seo_title"] => string(21) "analar_asyl_zhandar_1"
    ["file_id"] => string(6) "446657"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1514265825"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Аналар асыл жандар!"
    ["seo_title"] => string(21) "analar-asyl-zhandar-1"
    ["file_id"] => string(6) "313555"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459504548"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Аналар-асыл жандар"
    ["seo_title"] => string(17) "analarasylzhandar"
    ["file_id"] => string(6) "303635"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457580097"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "Конспект урока на тему "Аналар-асыл жандар""
    ["seo_title"] => string(38) "konspiekturokanatiemuanalarasylzhandar"
    ["file_id"] => string(6) "303082"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457424594"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Ашы? саба? "Аналар - асыл жандар""
    ["seo_title"] => string(27) "ashyksabakanalarasylzhandar"
    ["file_id"] => string(6) "327124"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1463394540"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства