Саба?ты? ма?саты: халы?аралы? аналар мерекесі ?арса?ында ана мен бала?а деген ?ам?орлы?, ?о?амда?ы ананы? орны, «Ана» атымен байланысты ?асиетті ??ымдар туралы пікір б?лісу,?стаз аналарды ??рметтеу. ?ыз балаларды? ата-ананы сыйлау?а,??рметтеге,?адірлеуге ж?не бір-бірімен сыпайы ?арым-?атынаста болу?а т?рбиелеу.
Просмотр содержимого документа
«Аналар-асыл жандар»
Аналар-асыл жандар!
Сабақтың мақсаты: халықаралық аналар мерекесі қарсаңында ана мен балаға деген қамқорлық , қоғамдағы ананың орны , «Ана» атымен байланысты қасиетті ұғымдар туралы пікір бөлісу,ұстаз аналарды құрметтеу. Қыз балалардың ата-ананы сыйлауға ,құрметтеге ,қадірлеуге және бір-бірімен сыпайы қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу.
1-оқушы: «Әйелдер-ау,әйелдер...» өлеңі
1-жүргізуші: Армысыздар ,құрметті қонақтар! Бүгінгі кешімізге қош келдіңіздер.
2-жүргізуші: Ана... Ана... Ана...!!!! Не деген мейірімді, не деген шапағатты сөз еді! Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің қасиеттің сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім қадірлемейтін жан бар ма? Жақсылық атаулының барлығы ананың ақ сүтінен жаралған. Олай болса алғашқы сөзімізді аналардың әжелерге, аналарға және аналардың көмекшілері әпкелеріміз бен қарындастарымызға ,сұлу қыздарға арнаймыз.
2-жүргізуші: Күлімдеген күніміз жер бетіне молынан шуағын шашып, тіршілік ояна бастаған кезде Аналар мерексі тойланады.
1-жүргізуші:Құрметті ұстаздар, әріптес құрбылар,сіздерді осынау айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!
2-жүргізуші:Сіздерге зор денсаулық,ұзақ ғұмыр,өмірде бақыт,еңбектеріңізге табыс тілейміз!
Ән:
1-оқушы:Ана-жұмақ,мен-шуақ, саябағы,
Ана-шырақ,мен-сұрақ санадағы.
Ана-теңіз,мен-қайық тербетілген,
Ана-бұлақ, мен-құрақ жағадағы.
2-жүргізуші:Бүгін біздер ардақты аналарымызды,құрметті әжелерімізді ерекше құрметтеп, қошеметтейміз. Себебі; «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деп халқымыз бекер айтпаған. Кеш қонақтарымен таныстыру.
1-жүргізуші: Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді. Аналарға деген баланың да жылы лебіздері таусылмайды.
2-оқушы: Бар қырқаға аналар деп гүл өссін
Тартысқандар қоя тұрсын күресін
Аналарға табиғаттың сыйы ғой,
Көктем деген мерекесін білесің.
1-жүргізуші:Дүниедегі ең сұлу кім?
2-жүргізуші:Дүниедегі ең сұлу-ол қазақ аналары!
1-жүргізуші:Қазақ аналары –бар мұратын отбасының игілігіне арнаған ,әлемдегі ізгі адам.
2-жүргізуші: Қазақ аналары-бар тілегін перзентінің жолына арнаған әлемдегі ең мейірбан ана.
1-жүргізуші: Қазақ аналары-бар бақытын ерінен күткен, әлемдегі ең адал жар.
2-жүргізуші:Ұлттың ұйытқысы.
1-жүргізуші:Ұрпақтың анасы.
2-жүргізуші:Білесіңдер ме, аналар әр уақытта балалары үшін бәрін жасайды еркелетеді,араға түседі.
1-жүргізуші:Әрине,мұны «Анашым» өлеңінен білуге болады. Әрбір ана-өз баласының сүйікті досы,мақтанышы. Бізге ананың еркелеткені мен еңбегі мақтаныш. Сондықтан осы кешіміз аналарымызға арналады.
3-оқушы: Қара көз ,қиылған қас жазық маңдай
Алма бет, ақша жүзді нұр тамғандай
Қыр мұрын,оймақ ерін,меруерт тіс,
Бейне мақпал,қызыл тіс,шекер балдай.
Ән:
1-жүргізуші:Бүгінгі кешіміздің басты тақырыбына көшейік.
2-жүргізуші:Ендеше кезекті аналар жолын жалғар біздің сыныптың сұлу қыздарына берейік.
Би:
Ән:
3-оқушы: Өзіңсін сүйікті ана құдіретім
Жанымды жадыратып күлдіретін
Сендегі маған деген махаббатты
Нұр толы қос жанарың білдіретін
Ән:
4-оқушы:Арулар аяулылар,ардақтылар
Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар
Арулар тіршілікке күре тамыр
Өмірді бір-біріне жалғап тұрар
Ән: «Алло»
5-оқушы:Ана десем,сезім билер тым ыстық
Жарасымды адамдарға туыстық
Бар адамға берсе ананың мейірін
Орнар еді бар әлемді тыныштық
Ән:
6-оқушы: Аналар,арулар мен сұлу қыздар
Мәңгі әсем гүл болып жайнаңыздар
Шын жүректен құттықтаймыз сіздерді
Ең бақытты,ең құрметті болып қалыңыздар!
7-оқушы:Қыздар,қыздар көңілдің көк гүлдері,
Көк гүлдер көзгк ыстық көрінеді
Азаймаңдар арулар,жауқазындар
Азаймаңдар өмірдің көп гүлдері
1-жүргізуші: Қадірлі аналар, әйелдер,әпкелер мен құрбы-құрдастар!!! Сіздерді көктемің алғашқы мерекесі 8- наурыз мейрамдарыңызбен құттықтаймыз! Көктеріңізден күн кетпесін, құшақтарыңыздан гүл кетпесін, өмірлеріңізден күлкі кетпесін!
2-жүргізуші: Құт болып әрбір үйден табылып ,шуақ боп әрбір үйге жағыла беріңіздер!!!