Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар, көптен сағынып күткен
«Күз-мереке атты кешімізге қош келдіңіздер!
Жиылған қауым, армысыздар, бәріңіз!
Келіп жетті алтын дәнді сары күз.
Бірге болып қуанышта бәріңіз.
Бізбен бірге шаттық әнін салыңыз!
Күз – мереке, күз – ырыстың белгісі.
Қайтып барад мекеніне жыл құсы,
Әнге ұласып, жырға ұласып даламыз.
Алтын күздің той думаны басталды.
Күз қандай мезгіл? Күз айында қандай өзгерістер болады?
Күз айларын атаңдаршы: қыркүйек, қазан, қараша
Ендеше ортаға біздің қонақтарымыз, яғни, қыркүйек, қазан, қарашаны ортаға шақырайық.
Қыркүйек (Арлан): Бірінші қыркүйек
Білімге бастады
Аң мен мал жүр билеп
Құс шарлап аспанды
Қазан (Еркеболат) Жаңартқан ғаламды
Жаңбырлы ғажап ай
Осынау заманды
Орнатқан қазан ай
Қараша (Елнур) Мол байлық тергені
Шаттығы қаншалық
Қарашы, өрледі
Қараша ән салып
Мұғалім: Күз айлары өздерімен бірге «Күз ханшайымын» ала келіпті. Барлығымыз күз ханшайымын қарсы алайық.
Дария: Уа, халайық, дархан далам , армысың.
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін
Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр
Алмақ болып бар халқымның алғысын
Мен – күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын!
Даурен: Төрлетіңіз, Күз ханшайымы, қонақ болыңыз, 2 «З» сынып оқушыларының өнерін тамашалаңыз!
Мұғалім: Нұрсауленің орындауындағы «Біз өмірдің гүліміз» атты күйін қабыл алыңыздар.
Мұғалім: Күздің кереметі, байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болады, бірақ осы
байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек. Алдарыңызда Мәдіхат Төрежановтың «Алғыс» әңгімесінен көрініс. Қабыл алыңыздар
«Алғыс» ( М. Төрежанов) Қызыл қызанаққа тойғаннан кейін Қаламқас пен Хадиша анасына келіп: - Апа, дәмді қызанақ бергеніңіз үшін сізге рақмет! – деді. - Ол алғыстарыңды маған айтпандар, жақсы қызанақ өсіргені үшін бақшаға алғыс айтыңдар.
Балалар бақшаға жүгіріп келді де өсіп тұрған қызанақтарға бас иіп:
-Дәмді қызанақ үшін сіздерге үлкен рахмет! - Ол алғыстарыңды бізге айтпандар, құнарлы, қара топырақты жерге айтындар! Қаламқас пен Хадиша жерге басын иіп, еңкейіп тұрып алғыс айтты:
- Мейірімді жер, дәмді қызанақ өсіргенің үшін көп – көп рақмет!
Жер: - Ол алғыстарыңды маған айтпандар, жаңбырсыз жер көктеп, бақша гүлдемейді, алғысты бұлтқа барып айтыңдар, - деді. Қаламқас пен Хадиша сыртындағы таудың басына шықты да, бұлтқа :
-Рахмет саған, жомарт бұлт! Сенің мейіріңе сусындаған қызанақты жеп, бір рақаттандық! - деп айқайлады.
Бұл игі еңбекті бағалай білетін балаларға бұлт былай деді: - Ол алғыстарынды маған айтпандар. Нұр үстіне нұр төгіп, әлемге тіршілік себетін құдіретті күнге айтындар!
Екі бала қара көзілдіріктерін киіп алып, күнге қарады да: -Уа, әлемге тіршілік берген мейірімді Күн! Сенің сәулеңнен нәр алған қызанақ қандай тәтті еді! Сол үшін көп көп рақмет саған! –деді.
Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар. Қызанақты отырғызып, баптаған адамға алғыс айтындар! Қызанақты дәмді еткен - адамның еңбегі!
Қаламқас пен Хадиша бақшаны баптан жүрген аналарына келіп. Екеуі жарысқа алғыстарын айтып шықты.
Дәмді қызанақ өсіргеніңіз үшін рахмет сізге, анашым!
Аналары күлімдеп тұрып:
Менің еңбегімді бағалағандарың үшін сендерге де рақмет! Өздерің де бақшаға жеміс өсіріп, ерінбей күтіндер. Ол өсіп өнім береді. Еңбектеріңе жұрт сүйсініп, сендерге де алғыс айтатын болады - деді.
Мұғалім: Келесі кезекті тақпақтарға береміз.
Алтын, алтын, сары алтын, Алтын күзде нұр жатыр. Біз мектепке баратын, Алақай-ау, күн жақын. Алтын сары, қызыл, көк... Алуан-алуан жапырақ Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады атырап. Дамир
Алтын нұрдай тамшылап, Жапырақтар төгілді. Біздің өмір таң шуақ, Біздің өмір көңілді. Біреу астық түсіріп, Біреу бидай ұшырып. Жатқан мезгіл күз екен, Алдым соны түсініп. Фатима
Қыстың жақын қалғанын, Жапырақтар білгендей Желмен ұшып барады, Жерге қонып үлгермей.
Жапырақтар жамырап, Сайға барып бекінді. Анасынан ажырап, Қалған бала секілді. Ержан
Думан толы асқарлы Күз мезгілі басталды. Күз әуені кеп жетті, Әнге бөлеп жастарды. Нұрға бөлеп өмірді, Жырға бөлеп көңілді, Жарқыраған сәулелі Күз әуені төгілді. Нұрсауле
Мұғалім: Заңғар мен Дауреннің орындауында «Нарагачи» күйі
Мұғалім: Келесі кезекті сыныбымыздың биші қыздарымызға береміз.
«Тамшылар» биі
Дария: Бұл сыныптың балалары өнерлі екен. Олай болса, менің жасырған
жұмбақтарымды шеше ала ма екен.
Жұмбақтар:
Көк ала киім киеді,
Күннің көзін сүйеді (қарбыз)
Көреді бәрін өзгенің,
Көрмейді бірақ өздерін. (көз)
Күні бойы тынбайды, Дәмді тағам жинайды (құмырсқа)
Ақ шатырлы бір қала Суда жүзіп жүр дара (кеме)
Дария: Өте жақсы, бұл сыныптың балалары ақылды екен.
Мұғалім: иа, дұрыс айтасын, күз ханшайымы, бұл сыныптың балалары ақылды,
өнерлі. Келесі кезекте әсем әнге береміз. Ортада Жанерке, Балнұр, Диана.
Мұғалім: Келесі кезекті сыныбымыздың биші жігіттерімізге береміз.
«Жігіттер» биі
Мұғалім: Күздің сиын алайық, Қызығына қанайық. Күзге арнап бәріміз Әнімізді салайық. «Алтын күз» әні, орындайтын 2 «З» сынып оқушылары
«Алтын күз» әні
Дария: Ал, қымбатты, балалар, өнерлеріңе рахмет. Мені сендер сияқты балалар күтіп
отыр. Оларға күздің мол өнімдерін сыйлауым қажет. Себет толы сыйлығымды
сендерге табыс етемін. Келесі кездескенше сау болыңдар!
Мұғалім: Осымен «Алтын күз» ертеңгілігіміз аяқталды. Тамашалағандарыңызға