kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Айг?лек" балаба?шасында?ы "Алтын к?з" мерекесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Айг?лек" балаба?шасында ?ткен "Алтын к?з" мерекесіні? іс-шарасы.

Ерте?гілік: «Алты? к?з»

Тобы: Ересек

Ж?ргізуші:

Сары жапыра? к?йлегін желбіретіп,

Жапыра?ын а?аштарды? селбіретіп

Той?а б?леп елімізді к?зім келді,

Н?р тамшысын аспанны? м?лдіретіп.

Армысыздар ??рметті ?она?тар, балалар! Алтын к?з атты мерекемізге ?ош келді?іздер!  Сіздерге к?з айыны? жемістеріні? т?суіндей, к?кеністерді? пісуіне байланысты ?р отбасыларыныз?а молшылы? тілеймін. Енді орта?а бізді? біттей б?лдіршіндерімізді ша?ырайы?.

(Балалар екі ж?птан бір ?олдарында жапыра?тар, ?уенні? ыр?а?ымен кіреді, орындарында т?рып билейді.)

Хормен  :  К?з жомарт

Адия:

?уандырып біздерді

Берекелі к?з келді

Мерекелі к?з келді

К?бейді ??т – береке

Асты? толы ?оймамыз

??тты болсын мереке

Алтын к?зді тойлаймыз.

Ж?ргізуші:

 Мерекелі к?з б?рімізді ?уантады, ия балалар! Балалар білесі?дерме? Неге біз «Алтын к?з»  деп атаймыз:

Жауап: ЕСІМЖАН

Біз айтамыз Алтын к?з деп

К?п піскен со? бау ішінде

Сары алтындай сары ?ауын

?ауын-?арбыз жемістермен

Толтырамыз сол сбетті

Алтын к?з деп аталды,

К?з айы да сол себепті.

Ж?ргізуші:

Б?лттар т?ніп,

Жерге ш?гіп.

Дым?ыл т?ман басады.

Жапыра? сар?айып,

??і тайып

Дала н?ры ?ашады.

Айты?даршы балалар

Б?л ?ай кезде болады?

Балалар: к?зде

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Айг?лек" балаба?шасында?ы "Алтын к?з" мерекесі»

Ертеңгілік: «Алтың күз»

Тобы: Ересек

Жүргізуші:

Сары жапырақ көйлегін желбіретіп,

Жапырағын ағаштардың селбіретіп

Тойға бөлеп елімізді күзім келді,

Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.


Армысыздар құрметті қонақтар, балалар! Алтын күз атты мерекемізге қош келдіңіздер! Сіздерге күз айының жемістерінің түсуіндей, көкеністердің пісуіне байланысты әр отбасыларынызға молшылық тілеймін. Енді ортаға біздің біттей бүлдіршіндерімізді шақырайық.

(Балалар екі жұптан бір қолдарында жапырақтар, әуеннің ырғағымен кіреді, орындарында тұрып билейді.)

Хормен ән: Күз жомарт


Адия:

Қуандырып біздерді

Берекелі күз келді

Мерекелі күз келді

Көбейді құт – береке

Астық толы қоймамыз

Құтты болсын мереке

Алтын күзді тойлаймыз.


Жүргізуші:

Мерекелі күз бәрімізді қуантады, ия балалар! Балалар білесіңдерме? Неге біз «Алтын күз» деп атаймыз:

Жауап: ЕСІМЖАН

Біз айтамыз Алтын күз деп

Көп піскен соң бау ішінде

Сары алтындай сары қауын

Қауын-қарбыз жемістермен

Толтырамыз сол сбетті

Алтын күз деп аталды,

Күз айы да сол себепті.


Жүргізуші:

Бұлттар төніп,

Жерге шөгіп.

Дымқыл тұман басады.

Жапырақ сарғайып,

Өңі тайып

Дала нұры қашады.

Айтыңдаршы балалар

Бұл қай кезде болады?

Балалар: күзде

(Әуен ойналады: күз ханшайымы келеді.)

Күз ханшайымы:

Амансың ба алтын күн,

Амансың ба жер ана

Амансыңба достарым

Сендерді көрсем қуанам.

Амансыңдарма балалар! Мен сендерге қонаққа келдім, қоглымда сыйлығым бар. Бұл сыйлықтарды бермей тұрып мен сендердің өнерлерінді тамашалауға келдім.


Жүргізуші:

Ал, балалар ендеше әдемі тақпақтарымызбен өнерлерімізді бастарйық:

Аян:

Ой балалар , балалар,

Қоңырқай күз болыпты

Қурап жапырақ солыпты

Ел егінің орыпты.


Бек:

Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.

Арман:

Шоғы толған гүлдей жайнап,

Жарқырады жарқын күз.

Сайрандадық күліп-ойнап,

Келді, міне, алтын күз.


Т.Мұхамедали:

Күз де келді, жеміс иісі аңқыды,

Кең даламда ән мен күйім шалқыды.

Аспанымда жыл құстары сап түзеп,

Іс көбейді алуан түрлі, сан қилы.


Аллажар:

Күздің көркін теңемейтін алтынға,

Жер бетінің қаншалықты халқы бар?

Берекелі жылдың осы кезеңін,

«Алтын күз» деп атайтұғын салтым бар.


Серім:

Диқан бабаң екті де,
Еңбектен еш қашпады.
Алдыңа әкеліп төкті де.
Ақ нанды үйіп тастады.

Жүргізуші:

Көбейді құт – береке

Астық толы қоймамыз

Құтты болсын мереке

Алтын күзді тойлаймыз. Дей келе ертегіден үзінді көрейік. Ертегінің аты: «Егінші мен қасқыр»


Жүргізуші:

Енді ортаға тақпақ айтып беретін бүлдіршіндерімізді шақырамыз.

Аружан:

Келдің бе, күз, алыс жолдан сабылып?

Құшағыңа ендім сені сағынып.

Ажарын бер, базарын бер өмірдің,

Сары киім, сарша кілем жамылып.

Ислам:

Тер төгілді еңбеккер-білекті ерден,

Алтын астық құйылды шүмектерден.

Көк аспанда тыраулап тырналар да,

Тоғай асты балалар жидек терген.

Мади:

Қыстың жақын қалғанын,
Жапырақтар білгендей
Желмен ұшып барады,
Жерге қонып үлгермей

Даниял:

Жапырақтар жамырап,
Сайға барып бекінді.
Анасынан ажырап,
Қалған бала секілді.

Нұрболат:

Алтын нұрдай тамшылап,
Жапырақтар төгіледі.
Біздің өмір таң шуақ,
Біздің өмір көңілді.

Күз ханшайымы: «Көкеністер жинау» ойыны


Жүргізуші: Тағы да қандай бүлдіршіндер өлеңдерін айтады екен?

Данияр:

Жүзім, алма жинаймыз,

Алтын мақта тереміз.

Үлкендерді сыйлаймыз,

Көмектесе береміз.

Дулат:

Астық жеміс жиылды,

Қамбамызға құйылды.

Ардақты күз мың алғыс,

Алдық өнім сыйыңды.

Серіжан:

Жадырап жаз өтті,

Күз алды кезекті.

Құстардың керуені

Аспанда көлбеді.

Сарғайды барша бақ

Сарғайды шартарап.

Береке ел іші,

Күздің көп жемісі.

Аятолла:

Тербеледі ағаштар

Қызыл асры атырап

Сусып жерге түседі

Алтын түстес жапырақ.

Нұрдаулет:

Біреу астық түсіріп,
Біреу бидай ұшырып.
Жатқан мезгіл күз екен,
Алдым соны түсініп.


Жүргізуші:

Би: «Қолшатыр»


Байкен:

Өрік – алма

Шие – алма.

Жидек жүзім піседі.

Қауын – қарбыз

Қияр – сәбіз

Қоймаларға түседі.

Айтыңдаршы балалар,

Бұл қай кезде болады?


Балалар: Күзде


Жүргізуші:

Ал, балалар енді сендерге мен жұмбақтар жасырайын:

Жерде жатып желіндейді,

Күз түскенше желінбейді.

Үндеместен төлдеп жатыр,

Су беріңдер шөлдеп жатыр.

(АСҚАБАҚ)

Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні,
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні. (СӘБІЗ)

Жайлы, жұмсақ төсегім,
Домаланып өсемін,
Қабат-қабат тоным бар,
Қалай оны шешемін?
(ҚЫРЫҚҚАБАТ)

Іші толған шәрбәт,

Дәмі қандай әйбәт.

Үзесің бірден жүзін,

Оның аты – (ЖҮЗІМ.)

Сырты қандай қатты,
Дәні сондай тәтті.
Шағып қара таңдап,
Оның аты - ЖАҢҒАҚ

Дөп-дөңгелек сары,
Ішінже бар дәні.
Қызығасың көріп,
Оның аты – (ӨРІК.)
Бір сабақта көп түйме,
Жей алмайсың көк күйде.
Санап қара қанша,
Оның аты – (ШИЕ.)

Алуан түрлі түсі бар, сырты қатты,

Адамзат жеуге құмар өзі тәтті.

Тоқсан күнде толықсып күні бітіп,

Есепсіз ақты-қара бала тапты.

(ҚАУЫН-ҚАРБЫЗ)

Ағайынды бәрі,

Жазда жасыл,

Күзде сары. (ЖАПЫРАҚ)

Терісі-сары,

Еті-дәрі.

(ЛИМОН)

Жерге қазық қақтым,

Басына айдар тақтым.

(СӘБІЗ)

Бұл не деген көп киім,

Жетпіс қабат көк киім.

(ҚЫРЫҚҚАБАТ)

Үстіне тігіп көк шатыр,
Асытында қызыл дәу жатыр.
(ҚЫЗЫЛША)
Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады.

(ПИЯЗ)


Жүргізуші:

Ән: «Тұлпарым» орындайтын Мухамедали

Андрей:

Күзде жауын, бұлт, тұман,
Сары жапырақ жауады!
Сары құйын ұйытқып,
Сапырады ауаны.

Темірлан:

Тапталады табанға,
Судыр-судыр жапырақ.
Өрттей сары бояуға,
Малынғандай атырап.

Мөлдір:

Қайтқан құсты көрдің бе,
Қаптай ұшқан әуелеп.
Күткен күзім келдің бе,
Сыңсып бағың мәуелеп.

Мадина:

Қыры толы егіске,
Бағы толы жеміске.
Елді сыйға кенелтті
Қолы ашық періште.


Жүргізуші:

Ән: «Ақсисса» орындайтын М.Есімжан


Жүргізуші:

Тақпақтар тыңдайық

Ерсұлтан:

Алтын, алтын, сары алтын,
Алтын күзде нұр жатыр.
Біз балабақшаға баратын,
Алақай-ау, күн жақын.

Ратмир:

Алтын сары, қызыл, көк...
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.

Ерасыл:

Қыры толы егіске,
Бағы толы жеміске.
Елді сыйға кенелтті
Қолы ашық періште.


Қорытынды: Сау болыңыздар!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Айг?лек" балаба?шасында?ы "Алтын к?з" мерекесі

Автор: Жулеуова Айгерим Ибрахимовна

Дата: 19.11.2015

Номер свидетельства: 255312


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства