kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Аяулы күз, алтын күз!» атты мерекелік іс - шара

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Аяулы күз, алтын күз!» атты мерекелік іс - шара сценарий

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Аяулы күз, алтын күз!» атты мерекелік іс - шара»

«Аяулы күз, Алтын күз »

Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.
Мерекелік безендіру: Күзге байланысты қабырға газеттері мен шарлар ілу, жапырақтар, жеміс - жидектер, көкөністер т. б.

Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді. 
Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,
                      Жасымыз бен кәріміз.
                      Қырдан кепті қыдырып,
                     Алтын күз бізге нұр төгіп.

Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
 Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.

Армысыздар ұстаздар мен ата-аналар, қадірлі қонақтар! «Аяулы күз, Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.

«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
  Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін» - Бұл не, балалар? (Күз мезгілі)

(ендеше, күз мезгіліне арнаған өлең шумақтарымызды тыңдайық)


1. Қарашы күз келді, күз келді

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен тізеді,

Қара бұлт қабағын түйеді.


2. Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан – алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.


3. Қоңыр салқын тарады

Қойнаулар мен сайлардан,

Қаздар қайтып барады,

Қайтқан елдей жайлаудан.


4. Соңғы шуақ төгіліп,

Жалқынданып тұр аймақ.

Ақ сәулеге шомылып,

Жапырақтар жүр ойнап.


Жүргізуші: 

Ұшты кенет жапырақ. 
Ой, алақай, тамаша, 
Шашу шашты жапырақ! 
(алтын күзге арнаған әнімізді айтайық)

Ән: «Алтын күз» (2 сынып)

Балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты.Ол кім болды екен?

Күз ханшайымы:  Сәлем менің достарым,
                               Өмірге көп қосқаным,
                               Күз сыйлығын алыңдар
                               Сыйлығына қаныңдар.
                               Молшылыққа кенеліп,
                              Шаттық әнге салыңдар.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы! Біздің балалар сізді асыға күтті.

Күз ханшайымы: Рахмет, менің достарым! Ал, мен сендерге жұмбақ ала келдім.

1.Бұтақта ілініп тұрамын,

Піскенде себетке құладым.(Жеміс)

2. Ашулы қонақ бұл анық,

Тонып шешсе жыладық. (Пияз)

3. Өсірер тың дала,

Көшірер қамбаға.

Айналар ұңға да

Айналар нанға да.(Бидай)

4. Сырты қатты,

Іші тәтті. (Қарбыз)

5. Өсірдім ұлпа қар,

Шешуін кім табар. (Мақта)


Жүргізуші: Күз ханшайымы, біздің балалар, егін және күз жайлы мақал- мәтелдер біледі.  

1.Екпей егін шықпас,  2. Жердің сәні егін

Үйренбей білім жұқпас. Ердің сәні білім

3. Егіндікті күз суар. 4. Арпа, бидай ас екен

Күз суарсаң, жүз суар Алтын күміс тас екен

5. Не ексен соны орасың  6. Жері байдың – елі бай.


Жүргізуші:Вальс биін тамашалайық.

Би: «Вальс» (3 сынып)


Расул: Тоқтаңдар, тоқтаңдар!
Бойымнан әл құрып

Көздерім бұлдырап
Басым айналып барады!
2 - бала: Енді, енді не етеміз?!
Мадинаға қалай көмектесеміз?
Дарын: Сабыр сақта, саспайық
Дәрігер шақырайық!
Расул: Жо - жоқ! Дәрігер керек емес!
Қазір өзім тұрамын тез!
Айым: Онда дәрі ішіп ал,
Менде міне, көп дәрі бар!
Гүлназ: Ауырмау үшін суық суға шомылу керек
Бұл - дәлелденген !
Расул: Ах!
Бәрі бірге: Дәрігер, дәрігер! ("Жедел жәрдем" машинасының дыбысы естіледі. Дәрігер киімін киген бала келеді)
Дамир: Мені неге шақырдыңдар,
Қандай шағым, арыздар бар?
Бәрі бірге: Мадинаға дәрігерлік көмек керек!
Дамир: Қазір қарап шығайын,
Неден ауырғанын ұғайын... (Фонендоскоппен кеудесін тыңдайды)
Дамир: - А - а - а - деп қане, аузыңды ашшы...... (Тексереді)
Тістерің орнында, тамағың іспеген
Қол - аяғың әлсізденген
Қызуың ыстық екен
Білдім, неден ауырғаныңды...!
Жеткілікті мөлшерде ағзаңа
Дәрумендер жетіспеген!
Расул: Енді не істеймін?
Дамир: Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс,
Көп - көп көкөніс, жемістер жеуге тырыс!..


Жүргізуші: Балалар,ендеше Эфирде –  «Күзгі бақша»  телеарнасының , Қызанақ – кориспондентінен бақшада қандай өзгерістер, қандай жаңалықтар  бар екенің, хабарласып көрейік!

-          Сәлеметсізбе, мені естіп тұрсыз ба? Бақшада қандай жаңалықтар, қандай өзгерістер болып жатыр!

Қызанақ - кориспондент: (Расул) Сәлеметсіңдер ме балалар! Бақшада жемістер де, көкөністер де пісіп жатыр Бірақ кім, оларды жинап алады, мен білмеймін! Мүмкін сендер көмектесіп жібересіңдер?


Жүргізуші: Әрине біздің балалар, көмектесіп, көкөністермен жемістерді жинап береді.

ОЙЫН «Жемістер мен көкеністер»

Залға 4 шеңбер қойылады (олар үлкен себет болады) 4 баланың басына- өрік, қызанақ, орамжапырақ жүзім маскаларын кигізеді. Барлық балалар 4 командаға бөлінеді.

1 –Өрік

2 – Қызанақ

3 – Сарымсақ

4 – Жүзім

Музыкамен барлығы билейді, тоқтап қалғанда, әр команда өз шеңберіне барып тұрады. Кейін ойын қайталанады.

Күз ханшайымы: --- Бәрекелді, керемет!

Жүргізуші: Қызанақ,саған көп рахмет. Біз бақшада қандай өзгерістер бар екенін білдік. Ендеше, біздің балалардың әнін тамашалайық.

Ән: «Күз тамаша» (3 сынып)

Жүргізуші: Жыл мезгілімізге арнаған өлең шумақтарын тыңдайық.

(2 сынып)

1. Асылжан:   Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз
Жиып-теріп болған соң    

Той жасайды халқымыз,

2.  Дос:  Жатыр дала жалтылдап, жаз шуағы мол құйды,
Күн астында алтын дән, тербеледі толқиды    

Көктемде егін егетін, күзде жиып беретін
Біздің дала бай дала, астық толы айнала.

3. Сая:Қыстың жақын қалғанын, жапырақтар білгендей,
Желмен ұшып барады, жерге қонып үлгермей
Жапырақтар жамырап, сайға барып бекінді,    
Анасынан ажырап, қалған бала секілді.

4.Әли: Көк майсалы көрікті, 
Алқаптағы көпегін. 
Бұл күндері киіпті, 
Сары жібек көйлегін. 
5. Мақсат: Ағаштардан жамырап, 

Ұшты кенет жапырақ. 
Ой, алақай, тамаша, 
Шашу шашты жапырақ! 

Жүргізуші: :  Күз ханшайымы! Біздің қыздарымыз,  аналары тіккен күздік киім үлгілерін  көрсетпекші. Ендеше «Алтын күз-2019» күзгі сән үлгісін ортаға шақырамыз! Қарсы алыңыздар!

Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі!


Жүргізуші:  Кезегімізді  өлең шумақтарына берейік.

(3 сынып)

1. Айым: Алтын сары қызыл көк

Алуан – алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап

 

2. Гүлназ:Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді


3. Дарын: Көбейді құт-береке

Астық толы қоймамыз

Құтты болсын мереке

Алтын күзді тойлаймыз


  4. Нұрасыл: Күздің қазан айында

Алма, алмұрт піседі

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр-сыбдыр түседі

  

5. Расул:   Сары алтындай сары күз

Бірге шырқар әніміз

Жаздай күткен бәріміз

Келді міне алтын күз


6. Айша: Келді міне күз

Айнала сары түс

Керемет тамаша

Қандай әсем күз

7.Асхат: Күз айлары тамаша

Сабан тойы жараса

Жемісін мол сыйлаған

Қыркүйек, қазан, қараша

8.Ислам: Қамба толды астыққа

Алғыс саған Алтын күз

Бір уыс дән шаштық та

Қап-қап астық алдық біз


Жүргізуші: Күз ханшайымы , біздің оқушылар күзге арнап, күз байлықтарын қолдана отырып күзгі мүсіндер жасап әкелді! Қаранызшы қандай керемет!
Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі! Ал енді бүгінгі белсенділерді біздің қонақтарымыз марапаттап өтсін!

Марапаттау рәсімі.

Балалар, менің басқа мектеп балаларына  баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, келесі кездескенше сау болыңдар!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар бүгінгі «Аяулы күз, Алтын күз» - атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. Сау болыңыздар қонақтар, келгенше жыл айналып.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Аяулы күз, алтын күз!» атты мерекелік іс - шара

Автор: Мадигасымова Молдир Канатовна

Дата: 05.11.2019

Номер свидетельства: 525709

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Бастауыш арасында?ы мерекелік іс-шара"
    ["seo_title"] => string(38) "bastauysharasyndagymieriekielikisshara"
    ["file_id"] => string(6) "273965"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452316547"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Ана?а ?арап ?ыз ?сер"
    ["seo_title"] => string(24) "anag-a-k-arap-k-yz-osier"
    ["file_id"] => string(6) "297959"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456250721"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Сынып са?атыны? та?ырыбы: "Ана-?мірді? шуа?ы""
    ["seo_title"] => string(46) "synyp-sag-atynyn-tak-yryby-ana-omirdin-shuag-y"
    ["file_id"] => string(6) "312974"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459422167"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "«Сыйынар ем Ана деген т??ірге» "
    ["seo_title"] => string(35) "syiynar-iem-ana-dieghien-t-n-irghie"
    ["file_id"] => string(6) "185446"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1426180034"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) ""Бізді? ба?та?ы кездесу" атты сыныптан тыс іс-шара "
    ["seo_title"] => string(53) "bizdin-bak-tag-y-kiezdiesu-atty-synyptan-tys-is-shara"
    ["file_id"] => string(6) "238826"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1444661350"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства