Б?гін осы кішкене залда ?аза? сахарасыны? ?зендей алып,?зендей ?лы ?ажайып талантты? иесі,?асиетті де,аруа?ты ?лем ?дебиетіні? жары? ж?лдызы-Абай туралы сыр шертпекпіз?ай елді? болса да,т??ірдей табынып,??дайдай мін?жат ететін киелілері болады ?ой.Абайды? с?зі-хал?ымызды?,?лтымызды? ?раны.Абай-алты алашты?,иісі ?аза?ты? пай?амбары.Б?гінгі с?улелі мезетте біз ?лы т?л?амыз-Абай ??нанбаевты? ??рметіне арнал?ан кезекті «Абай о?улары» ?деби-монтажды сыр мен сезім жарысына жиналып отырмыз. Сайысымызды ашу ?шін с?з мектеп директорыны? о?у ісі ж?ніндегі орынбасары Жанна Бахитжан?ызына беріледі.
Просмотр содержимого документа
««Абай дана, Абай дара ?аза?та»»
«Абай дана, Абай дара қазақта»
(Бастауыш сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған «Абай оқуы» сайысы)
Жүргізуші:-Қайырлы күн,құрметті қауым!
Бүгін осы кішкене залда қазақ сахарасының өзендей алып,өзендей ұлы ғажайып таланттың иесі,қасиетті де,аруақты әлем әдебиетінің жарық жұлдызы-Абай туралы сыр шертпекпізҚай елдің болса да,тәңірдей табынып,құдайдай мінәжат ететін киелілері болады ғой.Абайдың сөзі-халқымыздың,ұлтымыздың ұраны.Абай-алты алаштың,иісі қазақтың пайғамбары.Бүгінгі сәулелі мезетте біз ұлы тұлғамыз-Абай Құнанбаевтың құрметіне арналған кезекті «Абай оқулары» әдеби-монтажды сыр мен сезім жарысына жиналып отырмыз. Сайысымызды ашу үшін сөз мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жанна Бахитжанқызына беріледі.
Мектепішілік «Абай оқулары» 3 кезеңнен тұрады.
І-кезең «Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы».Бұл кезеңде Абай Құнанбайұлының шығармаларын жатқа оқу қажет;
ІІ-кезең «Көңілім әнді ұғады» -Абайдың әндерін орындау сайысы;
ІІІ-кезең «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас дарындар сайысы./өз шығармаларын орындайды
Сайыскерлердің Абай шығармалары қаншалықты сезіне алатындығын талқыға салатын әділ-қазылар алқасымен таныс болайық.
1.Жанна Бахитжанқызы-оқу ісінің орынбасары,қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі;
2.Райля Қуанышқызы-жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі;
3.Гүлсара Сағынгерейқызы-бастауыш сынып мұғалімі
Жүргізушісі: «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» сайысына 14 талапкеріміз;
«Көңілім әнді ұғады»Абай әндерін орындау сайысына 4 талапкеріміз;
Ортаға 3 «ә»сынып оқушысыСапарғалиева Анельді шақырамыз.
Төлеуов Мейрамбек- 3 «ә» сынып оқушысы
Агисов Айдарбек- 3 «ә» сынып оқушысы
І-жүргізуші:-Абай сынды 100 жылда бір жүниеге келетін ұлы тұлғаның өлеңдері тек өмірдің мәні мен сәнін түсініп қалған адамдарды ғана емес,бүлдіршін бөбектерді де тебірентеді.Олар да Абай шығармаларын сүйсіне оқиды.Сондай бүлдіршіндеріміз
4- сынып оқушысы Мұхит Назымды шақырамыз.
Өлеш Далила 4-сынып оқушысы
Әнуарбеков Айбек-4-сынып оқушысы
ІІ-жүргізуші:-Иә,бүгін сахнада аға-әпкелерімен қатар тайсалмай тең дәрежеде өнер көрсетіп жатқан бүлдршіндеріміз Абай шығармаларын келесі ұрпаққа таза күйінде жеткізетіндігі хақ.Сонда ұлы Абай қазақ сахарасында мәңгілікке ғұмыр кешпек.
«Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы»номинациясы бойынша барлық сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетіп болды.Сөз кезегін әділқазылар алқасына берейік.
Ортаға өз өнерін көрсету үшін Мектепалды даярлық тобының оқушысы Қобыланды Денизді шақырамыз. Тұманбай Молдағалиев «Мен кішкентай баламын»
Қабдолла Бейбарыс Қадыр Мырза Әлі «Сіріңке»
І-жүргізуші: Өлең айт дарын өрге өрлегендей,
Сезімді қозғап, тәтті ой кернегендей.
Жанды сөз бойды ерітіп, маужыратып,
Әлдилеп жыр бесігі тербегендей –
ІІ-кезең «Көңілім әнді ұғады» -Келесі кезеңде Абайдың әндерін орындау сайысы
Ортаға 3 «ә» сынып оқушылары Уалиоллина Дамира,Тұрғынғали Мақсат,Әбілтай Таңшолпанды «Айттым сәлем,Қаламқас» әнімен ортаға шақырамыз.
ІІ жүргізуші: Әлем жұртшылығына Абай атамыз ақындық жағынан ғана емес,композиторлық жағынан да танылған.
4-сынып оқушылары Есенгелді Алтынай және Жанболатов Әділеттің орындауында «Желсіз түнде жарық ай» әнімен
Хамитов Бекарыс «Көзімнің қарасы» 4-сынып оқушысы
Ортаға «Бала тілегі» әнімен 2-сынып оқушысы Каберова Альмираны шақырамыз
Жүргізуші:
Орындалмай қалды қанша арманы,
Жас ақындар өнеріңді жалғады.
Ұрпақтарың есіне алып өзіңді,
Жауһар жырмен мүсініңді сомдады. ІІІ-кезең «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас дарындар сайысы./өз шығармаларын орындау/
1.Ихсан Ажар- 2 «ә» сынып оқушысы
2.Есенгелді Нұрболат- 3 «а» сынып оқушысы
3.Төлеғұлова Ақерке-4 –сынып оқушысы
4.Оспанова Диана-4-сынып оқушысы
5.Хмитов Бекарыс 4- сынып оқушысы
.
І жүргізуші:
Бойларыңда от бар екен байқадық,
Жүректерде шоқ бар екен байқадық.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым,-
деген ізгі тілекпен сайыс жеңімпаздарын марапаттау үшін қорытынды сөз әділқазылар алқасына беріледі.
Ортаға өз өнерін көрсету үшін --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
ІІ жүргізуші:
Мен өлеңге сыйғыза алман Абайды,
Жыр құдайы жоғарыдан қарайды.
Көлеңкелі кеудесіне қазақтың
Шымырлаған шуақ болып тарайды.
Өлең-жырдың көктеткен боз тақырын,
Анық басып, жүрдің байқап ақырын.
Қазақ бүгін көтереді көгіне,
Халық үшін қан жылаған ақынын. Сөз кезегін әділқазыларға береміз.
Ән: «Қазақстаным» Мектепалды даярлық тобының оқушысы Қобыланды Дениздің орындауында
Бастауыш сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған мектепішілік Абай оқулары» сайысымыз мәресіне жетті.Көріскенше күн жақсы болсын.