kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

9-мамыр - Жеңіс күні

Нажмите, чтобы узнать подробности

9 - мамыр Жеңіс күніне арналған тәрбиелік іс-шара ұсынып отырмын. Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандықтардың ерлімен танысып, патриоттық тәрбие беру мақсатында өткізілген тәрбие жұмысының үлгісі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«9-мамыр - Жеңіс күні»

Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға Ұлы Отан соғысы туралы, ел еркіндігін, бостандығын қанымен қорғаған қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстыру.
2. Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, ата - бабаларымыздың ерліктеріне сүйене отырып, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға, оны қорғауға деген ой - өрісін дамыту.
3. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі - өнеге тұтуға баулу.
Көрнекілігі: Ұлы Отан туралы жазылған кітаптардан көрме, нақыл сөздер жазылған плакаттар. Ұлы Отан соғысы батырларының суреттерінен фото - монтаж, слайд, буклеттер.
1 - жігіт: Оу, қыздар, жігіттер, бұл не тұрыс? Көңілімізді көтеріп, Абай атамыздың бір әнін шырқасақ қайтеді?!
1 - қыз: Дұрыс айтасың. Айтсақ айтайық.
(Осы кезде «Желсіз түнде жарық ай» әні басталып айтылады, қалғандары қосылады. Ән аяқтала бергенде күн райы бұзылып, күн күркірейді.
Радиодан дауыс естіледі.)
Радио дауысы: Тыңдаңыздар! тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! 1941 жылы 22 - маусымда фашистік Германия тұтқиылдан соғыс жариялап, елімізге басып кірді.
(Осы дауыс естіліп тұрғанда ауыл адамдары жинала бастайды. Сахнадағы адамдар тып - тыныш бола қалады.
1 - қыз: «Соғыс, соғыс» дейді, естідіңдер ме?
2 - қыз: Сұмдық – ай, соғыс дей ме? Енді қайттік? Күніміз не болар екен?
Жылап - сықтау басталады.
1 - қыз: Қойыңдар, жамандық шақырмаңдар! Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтар бар емес пе?!
1 - азамат:

Ат басына күн туса,
Ауыздықпен су ішер.
Ер басына күн туса,
Етігімен су кешер, - деген бар емес пе?!
Жыламаңдар! Көз жастарыңды тыйыңдар!
2 - азамат: «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген дана халқымыз. Ел қорғауға ер намысымен аттанған біздің алдымызда үлкен бел жатыр.
1 - азамат: Туған елдің келешегін сақтауға біз міндеттіміз! Ендеше Отан үшін аттанайық!
Барлығы: Отан үшін аттанайық.
Мұғалім:

Мұндай жойқын апаттың көріп түрін,

Адамзат естімеген бұдан бұрын.

Талқандап фашистерді азат болған,

Атаймыз жыл сайын Жеңіс күнін.

- Біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ. Мөлдір аспанды бұлт қаптады. Шаттық әні қайғылы үнге, нұрлы күнді қара күнге айналдырмақ болды. 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес Одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Бұл халық үшін ауыр кезең болды.

Сезім: Отанымызға қатерлі күн туды. Дүниедегі бейбітшілік бағына сұрапыл соғыс қаһарын тікті. Отанымызды қорғау үшін еліміздің көптеген ер-азаматары майданға аттанды.

Дильнәз: Еліміздің жауынгерлері қасық қаны, шыбындай жаны қалғанша шайқасты. Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ. 50 млн. адамның өмірін жалмады. Міне осынау елімізге лаң салған соғыстың жеңіспен аяқталғанына биыл 70 жыл. Ешкім де, ешқашан ұмытылмақ емес. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашанда ұмытпауға тиіс.

Жанерке:

Бұлт түнеріп аспаннан,

Талай көзден жас тамған.

Тұтқиылдан жау тиіп,

Қырғын соғыс басталған.

Айша:

Соғыс жалмап аға-іні бауырды,

Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.

Жалғызынан айырыпты ананы,

Әкесінен айырыпты баланы.

Нұржан:

Екі қолмен шоқ көсеп ойнағандар,

Кеудесін оққа төсеп лаулағандар.

Бір сәтке сол ерлерді еске алайық,

Жеңіс тойын 70 жыл тойлағандар.

Данара: Осы соғыста Кеңес Одағының басқа республикаларымен бірге біздің Қазақстан республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің қатарында және еңбек армиясының құрамында 1 млн. 870 мың қазақстандықтар болған.

Даяна: Отанымызды қасық қанымен, албырт жанымен қорғаған аты аңызға айналған батырларымыздың ерліктері тарихта мәңгілік сақталып қалды. Кеңес Одағы Батыры атағын алғандар: Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Рақымжан Қошқарбаев, Төлеген Тоқтаров, Мәлік Габдулин, Қасым Қайсенов т. б. .

Мұғалім: Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы "Ер есімі - ел есінде " деп бекер айтылмаған. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен отандастарымызды тағы бір еске алайық.
Мұғалім: Бауыржан Момышұлы (1910ж қазіргі Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы «Көкбастау» деген мекенде туған, Жетіжылдық білім алған соң біраз уақыт мектепте мұғалім болған, 1936жылы қайтадан әскер қатарына алынып, взвод, рота командирі болды 1941жылы соғыс басталысымен ол генерал-майор И. В. Панфиловтың басшылыңғымен Алматы маңындағы жаңадан жасақталған 316-атқыштар дивизиясының құрамында аттанып, батальон, полк командирі қызметтерін атқарған, Соғыстың соңғы жылдары гвардиялық дивизияны басқарды. Соғыстан кейін Кеңес Армиясы Бас штабының Жоғары Әскери Академиясын бітіріп (1950ж) әскери-педагогикалық қызметпен айналысып, әскерт академиясында сабақ берген, 1956жылы полковник атағымен шығып бірыңғай шығармашылықпен айналысты, Әскери жазушы Бауыржан Момышұлының алғашқы шығармалары «Бір түннің оқиғасы», «Артымызда Москва», «Ұшқан ұя», Қанмен жазылған кітап» (1991жжинақтары жарық көрді, Екінші дүние жүзілік соғыстың сұрапыл шайқастарындағы ерен ерлігі үшін Бауыржан Момышұлына 1990жылы Халық қаһарманы атағы берілді. 


Қайтпаған дауылдан
Кек алған жауынан
Халқымның қастерлі
Жайсаңы Бауыржан.
Қазақтың қаны үшін
Жүрегі ауырған
Елінің намысын
қорғаған Бауыржан.

Мұғалім: Қазақстаннан құрылған гвардиялық атқыштар дивизиясы жауынгерлерінің ерлігі Ұлы Отан соғысының тарихына алтын әріппен жазылды. Мәскеу түбіндегі шайқаста генерал Панфилов басқарған 316 атқыштар дивизиясының аты шықты. Осы дивизияның 28 жауынгері 50 танкіге төтеп берді. Олар қаһарлы жауды үнсіз тосып алды, арыстандай алысып, ақырғы демі біткенше жауды қаусатты. Жаудың қара темірінен батырлардың табандылығы асып түсті. Халқымыз Мәскеуді қайсарлықпен қорғаған 28 Панфиловшы батырларды ғұмыр бойы құрметпен есте сақтайды.

Ән "Жиырма сегіз"
Тоқтаров Төлеген (1920, Шығыс Қазақстан обл, Ұлан ауданы Қарақұдық ауылында туған , 1942жылы Кеңес Одағының Батыры атағын алды,Ол Лениногор полиметал комбинатында жұмыс істеді, Ұлы Отан соғысы жылдарында 8-гвардиялық атқыштар дивизиясы қатарында болды 1942ж Бородино үшін болған ұрыста асқан ерлікпен қаза тапты, Төлеген туралы композиторлар Р, Елебаев «Жас қазақ» әнін, Ахмет Жұбанов пен Латив Хамиди «Төлеген Тоқтаров» операсын жазды, Лениногор қаласында Т, Тоқтаровқа ескерткіш орнатылды, Алматы мен Өскемен қаласының бір көшесі Т, Тоқтаровтың атымен аталады. 
Тамерлан:

Оқ борады күн-түні,

Жапты жерді от қарып.

Алға қарай ұмтылды,

Батыр қазақ Тоқтаров.

Туын жықпай қолдағы

Өжет болды елі үшін.

Кеудесімен қорғады,

Ар намысын елінің.

Мәлік Ғабдуллин 1915 -1973жж. Ол бұрынғы Көкшетау облысының Зеренді ауданында (1915 жылы дүниеге келген, 1924-1929ылдары ауылдағы нөмері 13 бастауыш мектепте, 1929-1931жылдары Көкшетау қаласындағы жеті жылдық қазақ мектебінде оқыды, 1935жылы ҚазПИ-дің тіл-әдебиет факультетін бітірген соң «Пионер» газетінде жауапты редакторының орынбасары болып істеді, 1936-1937 жылдары армия қатарында болады, 1938 -1941 жылдары ҚазПИ-дің аспирантурасында оқыды,КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалында кіші ғылыми қызметкер болды, М,Ғабдуллин генерал И ВПанфилов бастаған даңқты 8-гвардия дивизия құрамында соғысқа бастан аяқ қатысты, Соғыстағы ерлігі үшін Кеңес Одағының батыры атағын алды, Оның «Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес» атты еңбегі қазіргі педагогикалық ой-пікірінің жиынтығы болып табылады. 

Қасым Қайсенов 23 сәуірде 1918жылы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Асубұлақ ауылында туған. 1995жылы Қазақстанның Халық қаһарманы, ал, 1998жылы Украинаның «Еңбегі үшін» орденімен марапатталған. 1938 жылы Өскемен саяси ағарту техникумын, 1941жылы Москва әскери барлаушылар училещесін бітірді. Алматы партия мектебін 1953жылы бітірді. 1941жылы жау тылына жіберілді.Украина мен Молдавияда партизандар отрядын құрып,оған басшылық жасады. «Жазушы», «Кайнар» баспаларында қызмет етті. Шығармаларына соғыс тақырыбын арқау етті. «Жас партизандар», Жау тылындағы бала» кітаптары шықты. Қасым Қайсенов 3-дәрежелі «Богдан Хмельницкий», екі мәрте 1-дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен және медальдармен марапатталған. 

Талғат Бигелдинов ұшқыш болуды жастайынан армандап аэроклубта оқыды,кейін авиация училищесінде білім алып шығады. 
1943-1945 жылдар аралығында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Жаумен 305 рет әуе шайқасына түсіп,800-ден астам техникасы істен шығарып, 7 ұшағын атып түсірді. Жаудың жүздеген танкілерін, зеңбіректері мен солдаттарын жойды. 1944 жылы Кеңес Одағының Батыры атағын алса,соғыстан кейін екінші рет Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 
Оны – «дала сермеңдесі», «көк тәңірісі», «аспан перісі», «қанаттылар ханы» деп құрмет тұтты. Дәл осындай текті құстың болмысы қазақтың ардақты ұлы, Кеңес одағының батыры атағын екі рет алған қыран текті Талғат Бигелдинов еді. 
Батыр Талғат ағамыз
Құртып талай жау мысын
Мейірімді кескін жүз
Елге біткен мінезі
Кеудесінде қос жұлдыз
Екі рет батыр - бір өзі
Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде де өлімге бастарын тікті. Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинге шабуыл жасады, Рейхстагқа қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын 1945 жылдың 30 сәуірде тікті. 
Өр тұлғалы келбетті,

Қошқарбаев Рақымжан.

Сын сағатта ерлепті,

Ер сүйсінген батыр жан.

Арпалысып ел күнде,

Аңсап талай жыл күткен -

Жеңіс күні Берлинде

Рейхстагқа ту тіккен.

Ақерке: Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауда батыр апаларымыз Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова ерлік көрсетіп батырлықпен қаза тапқан.

Әлия Молдағұлова 1924 - жылы Ақтөбе облысы, Қобда ауданында дүниеге келді. 2 жасында жетім қалып, Әубәкір ағасы тәрбиесінде болды. Содан кейін Санкт-Петербург қаласында балалар үйінде тәрбиеленді. 19-ға толмаған 1943 - жылы Кеңес Одағы батыры атағын алды.

Жер мен көктің арасын
Шарпығанда қалың өрт
Әлия орыс қаласын
Азат етіп болды мерт
Гүлназ:Ол Жеңісті көрген жоқ
Келді кейін азат күн
Бірақ мәңгі өлген жоқ
Батыр қызы қазақтың
Мәншүк Мәметова 1922 - жылы 8 - қазан Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауылында дүниеге келді. Әкесі Ахмет - дәрігер. Мәншүк дәрігер боламын деген. 1943 - жылы 15 - қазанда қаза тапты. 21 - жасында Кеңес Одағы батыры болды.
Сонау жылы жер көкті
Соғыс бұлты торлаған
Сонда Мәншүк әпкеміз
Жаудан елді қорғаған
Үстінде сұр шинелі
Дулығасы болаттан
Мәншүк әпке күн түні
Жауға оқты боратқан
Ән:" Батырлар жыры"

Мұғалім: Әрқашан әділдік жеңеді. Опасыздықпен шабуыл жасаған фашистер 1945 жылы 9 мамырда Берлинде тізе бүкті. Соғыс бітті. Ауыр жылдар артта қалды. Жер бетінде бейбітшіліктің негізі қаланды.

Даяна:

Сүйінші!

Арылтып жаудан жерімді,

Табанға шаншып өлімді.

Жеңіспен желпіп өмірді,

Оралды ерлер көңілді.

Десеңдер бұл қай күн?

9 мамыр күні.

Жанерке:

Сүйінші халқым, сүйінші,

Сүйіншіге сүйінші.

Шаттан ата-бабамыз,

Кек қайтарып фашистен,

Соғыс бітті жеңіспен.

Данара:

Жеңіс!

Жеңіс келді қалама,

Жеңіс келді далама.

Жеңіс келді әке боп,

Елдегі бар балаға.

Жеңіс келді ән болып,

Келді ауылға сән-көрік.

Жеңіс келді алақай,

Тоя жейтін нан болып.

Дильнәз:

Қаймықпаған қиындықтың жүгінен,

Өздеріне сыйлап қырдың гүлінен.

Бүгінігі ұрпақ - бақытты ұрпақ атынан,

Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!

Сезім:

Тыныштық! Жаса тыныштық!

Осы сөз бізге тым ыстық.

Көркейе берсін еліміз,

Көбейе берсін ырыс-құт.

Бақытты болсын балалар,

Соғысты сүймес адамдар.

Өркендей берсін қалалар,

Гүлдене берсін далалар.


Мұғалім: Иә, соғыс өзінің сұмдықтарын бүгінгі күнге дейін ұмыттырар емес. Ұлы Отан Соғысының жеңіспен аяқталғанына міне 70 жыл болды. Бірақ, сол жылдар жаңғырығы адамзат жүрегін әлі сыздатуда. Иә, уақыттың тарихы атты өз төрешісі бар. 
Міне балалар, жауынгер батырларымыздың ерліктері туралы өлең айтып, ән шырқадық. Олардың есімі біздің есімізде қалады. Енді балалар Ұлы Жеңіс жолында қаза болған жауынгерлерімізді 1 сәт үнсіздікпен еске алайық.

"Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында " бейнефильмді тамашалау


Соғыстың өрті жанбасын,
Сәбилер жетім қалмасын!
Есігіне әр үйдің
Бесігіне сәбидің
Мәңгілік бақыт орнасын
Болмасын соғыс болмасын!- дей отырып "Әрқашан күн сөнбесін" әнін орындайық.

Ән: "Әрқашан күн сөнбесің"


Күн әдемі, көк әлемі, 
Бұл суреті жас баланың. 
Ақ қағазға салған өзі, 
Жазылған бар сөзі. 

Қайырмасы:

Әрқашан күн сөнбесін, 
Аспаннан бұлт төнбесін, 
Қасымда болсын мамам, 
Болайын мен де аман. 

2. Айрылмас дос, айнымас дос, 
Бейбіт өмір керек елге. 
Отыз беске біз келсек те, 
Тұрар жүрек сөз есте. 

3. Анда солдат, мында солдат, 
Халық оқтан шошынады. 
Сұм соғысты, кан төгісті, 
Болдырмаймыз сәби үшін.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
9-мамыр - Жеңіс күні

Автор: Алина Айгул Олжабаевна

Дата: 14.11.2017

Номер свидетельства: 438778

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "9 мамыр - жеңіс күні."
    ["seo_title"] => string(23) "9_mamyr_zhien_is_kuni_4"
    ["file_id"] => string(6) "469144"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1526031107"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Ертеңгілік "9-мамыр Жеңіс күні!""
    ["seo_title"] => string(36) "iertien_ghilik_9_mamyr_zhien_is_kuni"
    ["file_id"] => string(6) "459549"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1519586611"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Cыныптан тыс ж?мыс.9-мамыр же?іс к?ні"
    ["seo_title"] => string(34) "cynyptantyszhumys9mamyrzhieniskuni"
    ["file_id"] => string(6) "274321"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452359454"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Тәрбие сағат: 9 Мамыр - Жеңіс күні"
    ["seo_title"] => string(36) "t_rbiie_sag_at_9_mamyr_zhien_is_kuni"
    ["file_id"] => string(6) "416243"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1495018628"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "9 мамыр Же?іс к?ні "
    ["seo_title"] => string(21) "9-mamyr-zhien-is-kuni"
    ["file_id"] => string(6) "206826"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1430286838"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1590 руб.
2270 руб.
1480 руб.
2110 руб.
1700 руб.
2430 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства