Просмотр содержимого документа
«"1 наурыз алғыс айту күні" атты тәрбие сағаты»
Күні: .03.2018ж
Сыныбы: 3 «А»
Пәні: Тәрбие сағаты
Тәрбие сағатының тақырыбы: 1 наурыз – Алғыс айту күні
Мақсаты: балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту Міндеттері: - ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру; - үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту; - әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу Әдістері: сыни тұрғыдан ойлау технологиясының стратегиялары, ойын, түсіндіру, әңгімелесу. Көрнекіліктері: оқулық, дәптер, сандықша Барысы: І. Ұйымдастыру Оқушылар тізбектеліп, бір - бірлеріне тілек білдіріп шығады. Ризашылық өлеңін оқу Ризамын бүгінге, Ризамын бүгінге, Ризамын бүгінге, Ризамын қазірге! Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге, Ризамын, ризамын, ризамын қазірге. ІІ. Кіріспе. «Орынын тап» ойыны Оқушыларға әріптер беріледі. Осы әріптердің артында жұмбақтар жазылған. Олардың жауаптары тақтада ілінеді. Әріптерді дұрыс жауаптардың орнына орналастыра отырып, сабақтың тақырыбы ашылады.
Шаңырақ – күн, Уықтары - нұр, шашқан. Екі пырақ, көк аспанға ұласқан. Жарқырайды темірқазық жұлдызы, Жол көрсетіп, алға бас - деп, Қазақстан! (Герб) Ыстық дейді оны оттан, Патриот оны ұнатқан. Оңбайды бұл өмірде, Адам оны жоғалтқан. (Отан) Баспана көшпендіге өте ыңғайлы, Әдемі мекен екен, жанға жайлы. Тентектік істеп қойсаң, әке - шешең, Сені тағы бұрышқа қоя алмайды. (Киіз үй)
Егіз қайың, Бой - бастары тең өскен. Іске дайын, Бұтақтары бес - бестен. (Қол) Бір малға екі бала мінгеседі, Айлап - жылдап түспестен күн кешеді. (Түйе) Тұмсығымен ояды, Ағаш құртын жояды. (Тоқылдақ) Қиналмай тауларды, орманды, Теңізді, дария, жондарды, Ауылды, қаланы, халықты...,
Ойлап тап, көтерген алыпты. (Жер) Тау, қыр, жазық, өзен, көл – Қабырғада биік тұр. Нансаң, кел, өзің көр – Бір қағазға сыйып тұр. (карта) Емес ол кітап та, дәптер де, Жүреді бірақ та портфельде. Көрсетіп ондағы бағаңды, Қуантып қоясың ағаңды. (күнделік)
Тақырыптың мақсатын түсіндіру.
Әңгімелесу Ризашылық дегеніміз не? Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер? - Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді? - Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты? - Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер? Балалардың жауаптары тыңдалады.
ІІІ. Негізгі бөлім. Ризашылық - адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.
- Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс - әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
Ризашылық ұғымымен тағы қандай ұғымдар байланысты? Адамдар арасындағы ынтымақты қарым - қатынастың орнауы әр адамның өзіне және қоршаған ортасына тікелей байланысты. Сондықтан «Ризашылық» атты Қазақстан елінің барлық оқушылары мен отбасылары қатысатын акциясы өткізіледі. Осы акция төңірегінде көмекті қажет ететін балалар мен ересек адамдарға ақшалай, тұрмысқа қажет құралдар мен киім - кешек түрінде көмек көрсетіледі. Осы акцияның негізін салушы Сара Алпысқызы.