Просмотр содержимого документа
««Ықылас Дүкенұлының шығармалары»»
Ашық сабақ:
«Музыкалық шығармамен жұмыс»
Музыка мектебінде әр аспапта сабақ беру әдісі жалпы орта білім беретін мектептерден бөлек. Әрбір оқушымен жекелей сабақ өткізіліп, қабілет мүмкіндігіне қарай нақты жұмыстар жүргізіледі . Аспапты меңгерту мен қатар, теориялық білімдерін байытып, жетілдіріп отырамыз.
Мен оқушылармен жекелей сабақ беру барысында, қобыз аспабын меңгертудің төмендегі жұмыс жоспарын басшылыққа аламын, осы әдістер арқылы жақсы нәтижелерге жетемін.
Сабақтың жоспары:
·Сабақты дұрыс ұйымдастыру
·Қобызшының отырысы, оң және сол қол қойылымдары
·Музыкалық шығармамен жұмыс жасау
·Оқушының қабілетін, жас ерекшелігін ескеру
·Апликатура және штрихтарды меңгерту
·Музыканы түсінуге, мәнерлі ойнауға үйрету
·Оқушының музыкалық қабілетін жетілдіру
·Этюд, жаттығу және гаммалармен жұмыс жасау
·Нотаны парақтан бірден жүгірте оқуды меңгерту
·Жаңа шығармаларды оқып-үйрену
3 сынып оқушысы Есболқызы Елданаөткізілген сабақ 26.02.2019 ж.
Музыкалық шығармамен жүмыс.
Сабақтың тақырыбы: « Ықылас Дүкенұлының шығармалары »
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ықылас Дүкенұлының шығармаларын тыңдау және оқып үйрену. Динамикалық белгілер мен шрихтарды дұрыс пайдалана білу.
Дамытушылық: Музыкалық шығармамен жұмыс істей білуге үйрету арқылы оқушының есту-есте сақтау қабілетін арттыру, музыканы сезінуге, түсінуге баулу. Нотаны жақсы оқу дағдыларын, ойнау техникасын дамыту.
Тәрбиелік : Халқымыздың мұрасы қобыз өнерін оқып үйрену арқылы ұлттық сана қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: Жаңа сабақты меңгерту, сұрақ-жауап, музыка тыңдату, орындап көрсету, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Пәнаралық байланыс: Музыка әдебиеті, сольфеджио, теория.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1.Сабақты қалыпты жағдай қалыптастыру.
2.Сабаққа дайындығы, оқу құралдары, отырысы.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
III.Сергіту сәті ( музыка тыңдату)
IV.Жаңа сабақты меңгерту
V.Сабақты бекіту.
VI.Үйге тапсырма беру.
VII.Оқушының білімін бағалау.
Ұйымдастыру кезеңі:
Қош келдіңіздер құрметті ұстаздар!
Бүгінгі ашық сабақты қобыз мамандығы бойынша 3 сынып
оқушысы Есболқызы Елданамен жүргіземін.
I. Үй тапсырмасымен жұмыс:
1. «РЕ мажор» гаммасын арпеджиосымен орындау .
Си минор гаммасың 3 түрі.
2. «Қарлығаш» А.Жубанов.
Композитор өмірбаяны, шығармашылығы, шығармалары.
-Ахмет Жұбанов кім ? Өмірбаяны . Шығармалары.
-Шығармаға талдау жасату (тональдығы, екпіні, өлшемі, штрихтары, динамикалық белгілері .
а) Орындау. б ) Күйсандықпен сүйемелдеп орындату..
II. Жаңа сабақ:
« Ықылас Дүкенұлының шығармалары»
Ықылас Дүкенұлы 1843 жылы мамыр айында Жезқазган облысы, Жаңаарқа ауданында дүниеге келген . Қобызшылық өнер Ықыласқа өзінің арғы аталарынан дарыған екен. Әкесі Дүкен, оның әкесі Алтынбек және оның арғы аталары қара қобыздың қасиеті мен сиқырлы үніне сенген. Ықылас өзінің шебер орындаушылық және композиторлық дарынымен қобыздың өлмес аспап екендігін дәлелдеп артына өшпес мұра қалдырған.Оның шығармаларындағы күй иірімдері мен сарындылығы біртұтастығын көрсетеді. Оның шығармалары « Жез киік», «Ерден», «Аққу», «Қазан», «Қоңыр», «Шыңырау», « Айрауықтың ащы күй»», «Кертолғау», « Қасқыр», «Қаншайым», «Бозторғай», «Жалғызаяқ» т.б. Ықыластың күйлері және орындаушылық дәстүрі бізге атақты Жаппас Қаламбаев пен Дәулет Мықтыбаев арқылы жетті. Қазіргі кезде төртінші ұрпағы , шөпшегі Дина Нұрпейісова атындағы ұлт аспаптар оркестрінің қылқобызшысы , Республикалық сайыстардың және конкурстардың лауреаты Ақнар Шәріпбаева Ықыластың күйлерін орындап жүр....
III. Сергіту сәті: .
« Жез киік» , «Ерден» күйлерін тыңдау.
Шығармамен жұмыс.
1. « Жез киік» күйінің шығу тарихымен таныстыру.
3.Шығарманың тональдығын тауып, екпінін, өлшемін, динамикалық белгілерін, штрихтарын анықтау.
3. Фразаларды, музыкалақ бөлімдерді қарындаш арқылы белгілеп анықтау.
4. Шығарманы орындау кезінде кездесетін екпіндер туралы түсіндіру.
5. Жекеленген фразалармен жұмыс жасау.
6. Штрихтардың орындалу ерекшеліктерін орындап көрсету.
8. «Жез киік» күйін динамикасына, апликатурасына және штрихтарына көңіл бере отырып үйрету.