Жоспары: I. Кіріспе бөлім. 1. Балабақшада ойын технологиясы арқылы музыкалық тәрбие беру. II. Негізгі бөлім. 1. Музыка сабағында ойын технологиясын қолдану. 2. Ашық сабақ. «Сиқырлы ноталар». 3. Би-ырғақты қимылдар маңызы. III.Қорытынды бөлім. 1.Музыкаға бейімділігін қалыптастыруда не ұттым? 2.Сызбалар 3.Фото-суреттер. IV. 1.Пайдаланылған әдебиеттер. Кіріспе. «Құлақтан кіріп бойды алар.әсем ән мен тәтті күй»,-деп данышпан ақын Абай атамыз айтқандай жақсы ән мен күйдің сиқырлы әуені адамның жан дүниесін әдемі әсерге бөлеп,көңіл күйін сергітеді. Әсіресе,музыканың бала тәрбиесіндегі алар орны ерекше.Жалпы мектепке дейінгі мекеме-жан-жақты жетілген тұлғаны тәрбиелеуді көздейді.Ал музыкалық тәрбиенің негізгі мақсаты-мектепке дейінгі балалардың бойында белгілі бір деңгейдегі білім мен музыка мәдениетінің негіздерін қалау,шығармашылық дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз ету,ән айту шеберлігін ,дағдыларын қалыптастыру.Есте сақтау,есту қабілетін,зейінді,ырғақты қимылдың ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің шығармашылық негізінде баланың музыкалық орындаушылық қабілеттерін, ынтасын, эстетикалық көзқарасын қалыптастыру жүзеге асырылады.
1.Негізгі бөлім Музыкасыз, ойынсыз,ертегісіз баланың толық мәніндегі ақыл-ой мен қиялын дамыту мүмкін емес. Балабақшадағы музыка сабағында ойын технологиясын қолдана отырып,материалды тез меңгеруге,музыкалық шығармаларды қабылдауға,әуенді ести білуге болады. Музыка сабағында ойынның маңызы зор. Ойынды әдетте мұғалім сабақ алдында не сабақты қорытындылар сәтте пайдаланады. Сондай ойындардың бірі –«Ойлан тап»жұмбақ ойыны. Жұмбақ ойынды қолдану арқылы балалар аспаптар түрлерін,құрылысын ажырата отырып,тапқырлыққа,шапшаңдыққа үйрене алады.Ойынның міндеті:балалардың қызығушылығын ояту,белсенділігін арттыру.Балаларға ән сабағынан тиянақты және сапалы білім беру үшін сабақтарда әр түрлі ойын элементтерін қолдану өте тиімді,ойын арқылы өткізілген сабақтар балалардың белсенділігін,қызығушылығын арттырады.Демек,баланың ән айтуға деген ынта-ықласы күшейсе,әнді табиғи ашық дауыспен,жеңіл,ширақ,шарықтата айтуға дағдыланады. Мысалы: «Жәй және жылдам» ойыны бойынша ең алдымен балалардың музыканы тыңдау,қабылдау,қабілетін жетілдіру,қимылды айыру үшін көңіл бөлдім. «Әнші бала» ойыны бойынша топтағы бір баланың жеке ән салуына назар аудардым. Сабақтар мазмұнына,өзіне тән ерекшеліктеріне қарай әуенді ырғақтар,сергітулер,жаттығулар болып бөлінеді. Қимыл-қоз -ғалыс белсенділігін дамыту,жетілдіру мақсатында сергітулерді өз сабағымда тақырыпқа сай алып, үнемі қолданып отырамын.
Дидактикалық ойындардың маңызы: 1.Дидактикалық ойын балалардың қоршаған дүние туралы түсінігін нақтылайды. 2Әрбір қолданған дидактикалық ойын балаларды ойнай білуге баулып,сөздік қорын молайтады,ақыл-ой қызметін қалыптастырады. 3.Дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеуде үнемі қызмет атқарады. Мен музыка сабағында балалардың қызығушылығын,белсенділігін арттыру мақсатында мынандай бірнеше музыкалық ойын түрлерін пайдаланамын. «Ырғақты сүйемелдеу».Ойынның шарты:Балалар екі топқа бөлініп,бір тобы әнді орындайды,екінші тобы ақырын шапалақпен белгілі ырғақты соғады. Мұндай «сүйемелдеу» әннің ырғағын тез үйренуге көмектеседі және әуенге жаңа өң береді. «музыкалық аспаптармен ойнау». Ойынның шарты:Балаларға алдын-ала музыкалық аспаптар таратылады.Сылдырмақ,ағаш қасықтар,тұяқ, мүйіз,барабан,т.б. Үнтаспадан музыка тыңдалады,балалар ырғақты соға бастайды және қимылмен келтіру арқылы музыканы тыңдайды. Бұл ойын тыңдаған музыканың көңіл-күйін ажыратуға және әуенді тез жадында сақтауға көмектеседі. «Музыкалық сергітулер». Балалар музыкалық әуендерді естеріне сақтау үшін,үнемі қайталау керек. Ол үшін музыкалық сергітулер ұйымдастырамын. Үйренген әндерден үзінді тыңдатып,оны бірден ажыратуға дағдыландырамын. Қорыта келе,дидактика сакласындағы негізгі мәселелердің бірі-музыкалық тәрбие беруде ойындар технологиясы болып отыр. Музыкалық ойындар балалардың музыкаға деген құлшынысын,қызығушылығын ғана арттырып қоймай,есте сақтау,ойлай білуге ,ажырата,салыстыра алуға баулиды. 2. «Сиқырлы ноталар» сабағы. Мақсаты: Балалардың тыңдау,орындау қабілетін дамыту. Міндеті: Аспаптардың тембрлік үнін сезіну.Музыканың динамикалық өзгерістерін сезініп,соған сәйкес қимылдар жасау. Әнді қуанышты,екпінді орындауға,әнге сәйкес би қимылдарын үйлестіріп,қозғалуға талпындыру. Ұйымдастыру кезеңі: Балалар залға марш ырғағымен кіреді,шеңберге тұрады.Балалар амандасып,орындарына барып отырады. Сол кезде жылаған дауыс естіледі. -Балалар, сендер жылаған дауыс естіп тұрсыңдар ма? Дауыс есіктің артынан естіліп тұр ма? (Есікті барып ашады да,жылап тұрған балапанды ішке алып кіреді). Жетекші:-Балалар,бізге балапан қонаққа келіпті,бірақ ол көңілсіз.Ол: «Әнші балапан болғым келеді,бірақ ән айтуды білмеймін»-деп жылап тұр екен. (Оның қолында қоржыны бар,оның ішінде сиқырлы ноталар болады).Әрқайсысының артында тапсырмалары бар екен. Осы сиқырлы ноталар арқылы балапанға ән айтуды үйретеміз бе? «Аспаптардың дыбыстарын ажырату» ойыны: Бірінші нота «ДО» оның артында аспаптардың суреті бар екен. Балалар біз сендермен қазақтың ұлттық аспаптарымен таныстық.Қандай аспаптарды білесіңдер? Балалар: - домбыра,қобыз,сазсырнай, жетіген,тұяқ,мүйіз тб. Жетекші: -Ендеше осы аспаптардың дыбыстарын қазір ажыратамыз. (Балалар үш топқа бөлініп тұрады,үнтаспада музыка қойылады,балалар ажыратады). «Дауыс жатықтыру» ойыны: Келесі нота «РЕ»,оның артында дауысыңды жаттықтыр деп жазылып тұр. «Нота үйренеміз» әнін айтып,дауысымызды жаттықтырайық. Балапанның келесі нотасы «МИ». Оның артында ән айтып тұрған бала. Жетекші:-Кәне,бәріміз тұрып балапанға ән салып берейікші. (Әннің бастамасы басталады,қай ән екенін сұрау). «Үнтаспа» ойыны: Мына нота «ФА»,оның артында үнтаспаның суреті бар екен.-Сендермен қазір үнтаспа ойынын ойнаймыз.Мына дөңгелекті айналдырып,тетікке қай сурет барып тоқтайды,сол жайлы біз ән білеміз бе екен? «Құстарды орналастыр» ойыны: Келесі нота «СОЛЬ» ,оның артында құстардың суреті бар.Ендеше біз қазір төмен,орташа,жоғары музыканы ажыратамыз. Ол үшін біз мына қарлығаштарды музыканы тыңдай отыра,бағандағы сымдарға қондырамыз. Егер жоғары, жіңішке дыбыс болса,онда үшінші сымға құсты отырғызамыз ал егер орташа дыбыс болса,екінші сымға орналастырамыз, егер төменгі жуан дыбыс болса,онда бірінші сымға орналастырамыз. «ЛЯ» нотасының артында ән айтып тұрған баланың суреті бар. –Балапанға сендердің ән айтқандарың ұнады ғой деймін,ендеше балалар, балапанға «Бақытты балалық» әнін айтып берейікші. Әннен кейін балалар шеңберге тұрып, қорытындылайды. -Балалар,біз балапанға мына сиқырлы ноталар арқылы көп нәрсені үйреттік.Біз бүгін ән айттық,аспаптардың дыбысын ажыраттық,жоғары,төмен ,орташа дыбыстарын ажыраттық,үнтаспа арқылы әндерді қайталадық. Балалар,балапан сендерге қарап,көп нәрсе үйренді. «Өз орныңды тап» ойыны: «СИ» нотасы,балапан өзінің ризашылығын осы ойын арқылы білдіргісі келеді. Ойын шарты: бәріміз үш топқа бөлінеміз,бірінші топ қазақ,екінші топ орыс, үшінші топ өзбек ұлты. –Қазір үнтаспамен әртүрлі музыка қоямын,әр ұлт өзінің музыкасын таныса ,қимылдар жасап билейді. Ал егер қазіргі заман музыкасы ойналса,бәрің шашырап билейсіңдер де, музыка тоқтаған кезде әркім өз орындарына тұра қалады. Балапан сендерге рахметін айтып жатыр,кәне,балапанмен қоштасайық. Жетекші: -Сау болыңыздар,балалар! Сабақтың қорытындысында балалар «Сиқырлы ноталар»ойыны арқылы музыкалық тыңдау, ажырату,орындау дағдыларын игерді. 3. Би- ырғақты қимылдар маңызы – қимылдың икемділігіне ,музыканың әсерлеріне шапшаң және дұрыс жауап берушілік қабілеті дамиды,музыкаға бағынып,қимылдай білуге үйретеді. Бұл бала бойында ұстамдылықты,ерік жігерді жетілдіреді. Кіші топтарға алақан соғу,топ-топ басу,аяқты өкшеге қою,қолды алға созу,жәй жүру тб.қимылдарын қолданамыз. Ортаңғы топтарда саппен жүру ,музыканың өзгеруіне байланысты келесі қимылға көшу,жұптасып жүру,жүгіру,секіру,бағыт өзгерту,түрлі ұлттық билерден қимылдар үйретемін. Бидің тәрбиелі және эстетикалық маңызы зор. Қорыта айтқанда заманымыздың болашағы –жас ұрпақтың ой-өрісін,рухани байлығын ,ырғақты би арқылы бүлдіршіндеріміздің денсаулығын нығайтып,әсемдікке және би қозғалыстарын көркем мәнерлі орындауымен эстетикалық құндылыққа тәрбиелеу жылдан-жылға жандандыру би жетекшілерімен саз жетекшілерінің абыройлы міндеті деп ойлаймын.
Ш. Қорытынды. Музыкалық тәрбие мен білім берудің міндеттері күнделікті жүргізілетін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде шешіледі. Музыка баланың сезімдеріне тікелей әсер етеді. Олардың музыкаға деген көзқарасы қалыптасып,есту қабілеті жетіле түседі, шығармашылық елестету сезімі пайда болады. Балаларды мазмұны бай әр түрлі шығармалармен таныстыра отырып,оларды түрлі жағымды әсерлерге бөлене білуге баулимын ,яғни музыка арқылы балалардың дыбыс үніне зейіні,байқағыштығы,тапқырлығы жетіледі.Балалар дыбыс үніне құлақ салғанда,ұқсас және өзгеше дыбыстарды салыстырып,олардың бейнелік мәнімен танысады,көркем бейненің мағыналық ерекшеліктерін байқайды,шығарманың құрылымын түсіне білуді үйреніп,өз сезімдерін білдіреді .Ән айтқанда балаларды ырғағына келтіре,әдемі ән салуға тәрбиелеймін. Ән салу арқылы өлеңнің мазмұнын,тәрбиелік мәнін саналы түрде меңгеруіне мүмкіндік беремін. Балаларды хормен ән айтқызып жаттықтыру арқылы оларды ортақ сезімге бөлендіріп, өздерінің әрекеттерін бір әуенге үйлестіруге төселдіремін, сонда ғана жауапкершілікке,ұйымшылдыққа баулимыз. Музыка тыңдағанда жекелеген музыкалық үндерді және тұтастай музыкалық шығармаларды тыңдай білуге, ондағы музыкалық дыбыстарды ажырата білуге жаттықтырамын. Дыбыстардың ырғағы дұрыс тыңдалып,қабылдай білу қабілеті дамиды. Қорыта келгенде музыкалық дидактикалық ойындар балалардың музыкаға,биге,ән әлеміне деген ынта-ықыласын арттырып,олардың сезімталдығын,кішіпейілділігін,ұйымшылдығын,эстетикалық құштарлығын тәрбиелеуге қызмет етеді. Өсе келе балалардың бойындағы табиғи дарын,қабілет,талант мүмкіндіктерінің сөзсіз әсері болады, өйткені бәріде бала кездегі тәрбиеден басталады. «Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей еліміздің болашақ дарынды ұл-қыздарын тәрбиелеу өз міндетім деп есептеймін.