- Ал енді балалар сабағымызды бастамас бұрын мына сиқырлы себеттен түрлі жеміс-жидек, көгөністер алайық. (оқушылар ортаға келіп түрлі түсті суреттерді алады) Алған түрлі жеміс- жидек, көкөніс суреттерін қолымызға алып көтерейікші.Енді осы суреттер арқылы әр топқа бірігеміз. (Үш топқа бөліну) 1-топ : «Алма» тобы 2-топ : «Сәбіз»тобы 3-топ: «Құлпынай» тобы Ал енді балалар мына бір бейнематериалға назар аударайықшы. -Не көрдік? Не туралы болды? (Оқушылар жеміс жидек, көгөніс туралы бейнематериал көргендерін айтады). Ендеше балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай аталады деп ойлайсыңдар? (Оқушылар өз пікірлерін айтады) Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Жемістер мен көкөністер концерті» деп аталады. Енді қалай ойлайсыңдар бүгінгі сабағымызда тақырыбымыз «Жемістер мен көкөністер концерті» деп аталатын болғандықтан сабағымыздың мақсаты қалай болады деп ойлайсыңдар? (Оқушылар өз ойларын айтады) Иә балалар сендер қандай мақсат қойсаңдарда өте құнды. (сабақтың мақсатын слайдтан көрсету) Ал енді осы жемістер мен көгөністер туралы кім не біледі? (оқушылар өздерінің қаншалықты жемістер туралы не білетінін, қандай өлең тақпақ білетіндерін айтады) Жақсы жауап берген оқушыларға ұпай жинау үшін жемістер суретін беру. Ал енді осы жемістер мен көгөністер туралы айтатын болсам, жемістердің пайдасы адамға өте зор. Жемістердің құрамында дәрумендер болады. Жемістерді көбірек жеп тұруымыз керек.Жемістерді міндетті түрде жуып жеуіміз керек.Енді осы жемістер мен көгөністер концерті деп айтып өттік ия балалар.Енді осы концерт деген сөзді үш тілде айтып көрейікші. Үштілділік :концерт-концерт-concert-қазақша, ағылшын,орысша айтып үйрету. Үш топ жеке жеке айтып шығады. 1-топ қазақша 2-топ орысша 3-топ ағылшынша айтылады. (концерт- концерт - консет) Біз, балалар білімділер ауылының балаларымыз,біз тек қана білімді ғана емеспіз, сонымен қатар келген қонақтарға өз өнерлерімізді көрсетеміз. Ендігі кезекте қазір мен сендерге ән тыңдатамын және ол әнге мұқият назар аударамыз. «Жемістер концерті» К.Қуатбаев (Оқушылар өз ойларын айтады.) Жақсы жауап берген оқушыларға ұпай жинау үшін жемістер суретін беру. -Ал енді қазір алдарыңа осы әннің өлең жолдары, түрлі түсті суреттер үлестіріледі.Осы ресурстарды пайдалана отыра постер қорғаймыз. (Оқушылар постер қорғайды) 1-топқа әннің 1-шумағының тексті және суреттер 2-топқа әннің 2- шумағының тексті және суреттер 3-топқа қайырмасы және суреттер Жақсы жауап берген оқушыларға ұпай жинау үшін жемістер суретін беру. Ал енді осы әннің мазмұнын ашып болсақ осы әнді орындап үйренбес бұрын дауыс ырғағын қалыптастырып алайық. Вокалдық жаттығулар орындау Жаңа әнді орындап беру Фразаға бөліп орындау Топқа бөліп орындату Жалғастыр ойыны арқылы орындау. Оқушылармен осы әнді ұрмалы аспаптарды қосып ойнау арқылы орындау Жақсы жауап берген оқушыларға ұпай жинау ұшін жемістер суретін беру. Оқушылар бейнематериал бойынша өз ойларын айта біледі. Берілген тақырып бойынша жылдам және зеректілігін анықтайды Музыкалық фраза ойластырады. Әннің көңіл күйін ажыратады. Ән мазмұнын ашады. Оқушылар мәтінмен жұмыс жасайды және қорғайды. Оқушылардың жинаған ұпай жемістерін санау, сол жемістер арқылы бағалау. Рефлексия Музыка кілтіне ноталар жапсыру арқылы бағалау Үш түрлі нота түстерімен сабақты қалай меңгергендерін анықтау. Жасыл түсті нота - Менің сабаққа да, өзіме көңілім толды, тапсырмаларды өте жақсы орындап,жақсы баға алдым Сары түсті нота – сабақ жақсы болды, бірақ сұрақтарым бар Қызыл түсті нота – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл күйім жоқ |