kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Оқушының оқырмандық қабілетін дамыту жолдары.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушының қабілетін дамыту,және де қауіпсіздік бөлімін дамыту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Оқушының оқырмандық қабілетін дамыту жолдары.»

Оқушының оқырмандық қабілетін дамыту жолдары


Э.Т. Калыкова

Қараоба орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, Ақтоғай ауданы, Павлодар қ.


Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата-бабамыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, яғни бала әкеден ақыл, анадан мейір алады. Қай ата-ана болмасын, баласының білімді, әдепті болуын армандайды. Ал тәрбиенің көзі – ата-бабамыздан қалған асыл да, дана сөздер. Яғни, небір тәрбиенің, кереметтің кітапта, көркем әдебиетте екені сөзсіз. Сондықтан бүгінгі айтылар әңгімеміз де осы тақырыпта болмақшы.

Балаға көркем әдебиет оқуына бірден-бір ықпал етуші – әрине, мектеп. Оның ішінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде мен, өзім деп ойлаймын. Баланың көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылығы мен ынтасының төмендеуі менің алдыма мынадай сұрақтарды қоюға мәжбүр етті: «Балалардың көркем әдебиет оқуға неге ынтасы жоқ? Болашақта біз алдыңғы қатарлы елдермен тереземіз теңесу үшін баланың кітап оқуы қажет пе? Кітап оқымай-ақ компьютер білуімен де биіктерге жетеміз дегендердің әрекеті дұрыс па? Көркем әдебиетті көп оқығаннан біз нені ұтамыз? Ұлтымыздың өткен өміріндегі жетістіктері сол ғылыммен бірге көркем әдебиетті көп оқыған, ұлтымыздың барлық киелі қасиеттерін өз бойларына сіңірген тұлғалардың арқасында қалыптасты емес пе? Осы сұрақтар төңірегінде сұхбат жүргізгенімде кейбір оқушыларым менің пікіріммен келіспеді. «Қазір компьютер білсең болды, интернет арқылы қажетті мәліметтерді табуға болады» деген ойларын айтты. Оқушыларымның пікірі мен өз пікірімді ой таразысына сала отырып, компьютерді білудің де, көркем әдебиетті оқи білудің де баланың тұлғалық қалыптасуы үшін қажеттілігін былай тұжырымдадым.


Компьютердің бала дамуына әсері


Кітап оқудың бала дамуына әсері

- Баланың техникалық сауаттылығы артады.

- Балада ептілік қалыптасады.

- Интернет арқылы дүниенің түкпір-түкпірінен жаңалықтар және ғылыми деректер жинайды.

- Баланың ой өрісі дамиды.


- Ұлттық сана-сезімі қалыптасады.

- Баланың тіл байлығы дамиды.

- Жан-жақты ойлау қабілеті артады.

- Қатесіз жазуға дағды қалыптасады.

-Өмірді түсіне білуге деген көзқарасы дамиды.

- Кейіпкерлердің орныныа өзін қою арқылы өз өмір жолын таңдайды.

- Жақсылық пен жамандықтың ара жігін ажырата біледі.

Оқушылардың оқырмандық қабілетін, яғни көркем әдебиет оқуға деген ынтасын анықтау мақсатында 6-сынып оқушыларымен сауалнама жүргіздім:

«Сіз кітап оқуды қай кезден бастадыңыз? Сіздің отбасыңызда көркем әдебиет оқырманы бар ма? Жанұяда қандай кітаптар оқисыздар? Оқитын кітабыңызды қалай таңдайсыз? Оқыған кітаптарыңның ішінен ерекше ұнағаны бар ма? Көркем әдебиет оқуға сізді не итермеледі?

Осы сұрақтар бойынша оқушылардан жауап алдым. Нәтижесінде, 6-сынып оқушыларының ішінде Айнель, Мадина, Айдана, Еркежан есімді оқушылардың оқырмандық қабілеті бар екендігін анықтадым. Бұл төртеуі де жақсы оқитын оқушылар.

Оқушыларымның сауалнамаға берген жауаптарына қарап осы оқушыларымның оқырмандық қабілетін әрі қарай дамыту үшін оларға оқитын кітаптарын таңдауға көмектестім. Таба алмай жүрген көркем шығармаларды тауып беруге атсалыстым. Оқушылардың кітап оқуға деген ынтасы күнен-күнге арта түсті. Олар әрқашан өздері оқып жүрген кітаптары жайлы әңгімелесіп, өз пікірлерін айтып отырады.

Оқушыларымның көркем әдебиетке деген қызығушылығын тудыру мақсатында өз тарапымнан жүргізілген мынадай бір жұмысыма тоқталғым келіп отыр:

Мектеп кітапханасында «Шығыстың ұлылары» сериясы бойынша шыққан кітаптар топтамасы бар. Мен өз оқушыларыма сол кітаптарды алып оқыңдар деп тапсырдым. Олар «Абылай хан» деген кітапты кезекпен оқып шықты. Сынып сағатында осы кітаптан алған әсерлерін тыңдаған болатынбыз.

Бір айта кетерлігі, алынған сауалнаманың нәтижесінен оқушыларымыздың көпшілігінің көркем әдебиетке деген қызығушылығы төмен екені байқалды. Сондықтан осы мәселе төңірегінде дөңгелек үстел басында олардың ата-аналарың қатыстыра отырып, ой бөлістік. Ата-аналарға төмендегідей сұрақтар жолдап, олардың пікірлерін тыңдадық.

1. Сіздің үйіңіздегі кітаптар қорында балаларға арналған кітаптар бар ма?

2. Сіздің балаңыздың кітап оқуға деген ерекше құштарлығын байқаған кездеріңіз болды ма?


3. Балаңыз жақсы кітапты сыйлық деп санай ма?

4. Өзіңіздің бала кезіңізде оқыған ең сүйікті кітабыңыз қандай еді? Ол туралы балаңызға айттыңыз ба?

5. Балаңызға қажетті газет-журнал жаздырып алуға жағдай жасайсыз ба?

Баланың көркем әдебиетке деген қызығушылығын ояту мақсатында ата-аналарға мынадай кеңес берер едім.

1.Өзіңіз оқыған кітабыныздан керемет цитата тауып айтып, оны баланыздан да талап етіңіз.

2. Кейбір жазушы немесе ақынның өмірінен қызықты оқиғалар айтып беріңіз.

3. Сіз егер үйге кітапты толтырып қойып, балам енді оқымасқа шарасы жоқ десеңіз, қателесесіз. Тек бірге оқығанда ғана ол оқырман бола алады.

4. Егер сіздің балаңыз көркем фильмді көруді ұнатса, онымен әңгімелесіп, бұл кинолардың барлығы ең таңдаулы роман, повесть, пьесалардан алынған тек қана үзінді екенін түсіндіресіз де, егер кітабын оқыса, мүлде басқа болатынына көз жеткізесіз.

5. Кітап оқыса, сөздік қорының молаятынына және ой-өрісінің дамитынына мысалдар келтіресіз.

Баланы азамат етіп тәрбиелеу және олардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын ояту көкейкесті мәселелердің бірі.

Абай атамыздың :

«Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл артық білуге.

Артық ғылым – кітапта,

Ерінбей оқып көруге», - деген сөзін басшылыққа алып, балаларымыздың жарқын болашағының мәнді болуына ат салысайық...


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Оқушының оқырмандық қабілетін дамыту жолдары.

Автор: Калыкова Эльмира Табылдиновна

Дата: 12.05.2017

Номер свидетельства: 414823

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "Баяндама "О?ушыларды? о?у жылдамды?ын арттыру жолдары""
    ["seo_title"] => string(51) "baiandamaokushylardynokuzhyldamdygynarttyruzholdary"
    ["file_id"] => string(6) "283256"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1453809211"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(108) ""Сөз өнері" 2-3 сыныптарға арналған арнайы курс бағдарламасы"
    ["seo_title"] => string(62) "soz_onieri_2_3_synyptarg_a_arnalg_an_arnaiy_kurs_bag_darlamasy"
    ["file_id"] => string(6) "364295"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1480514150"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства