Просмотр содержимого документа
«Немістің Вагнер театры»
Маңғыстау облысы ,Жаңаөзен қаласы
№ 7 орта мектептің
музыка, өзін –өзі тану пәнінің мұғалімі
Жаукенова Гулнара Жаугаштиевна
Музыка пәні бойынша сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Немістің Вагнер театры
Жаңа ән: Қош келдің, төрлет, Наурызым!
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға немістің Вагнер опера театры тарихымен таныстыру.Рихард Вагнердің шығармаларын тыңдату арқылы музыкалық сауаттарын ашу. Өнерге баулу.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.(амандасу,оқушыларды түгендеу)
2.Үй тапсырмасын сұрау. (кубизм әдісі бойынша)
- Қандай опера жанрлары бар?
-Әзілге құрылған опера жанрларын қалай атайды?
-Моцарттың «Сиқырлы сыбызғы» операсының негізгі мазмұнын білесің бе?
-Вена опера театрының дәстүрін қалыптастырған кім?
-Опера- буффа деген не?
3.Жаңа сабақ түсіндіру.
Слайд (жаңа сабақ түсіндірмес бұрын Германия мемлекеті туралы айтып кету)
Германия –Федеративтік Республикасы Еуропада орналасқан. Астанасы Берлин.Ірі қалалары-Гамбург, Мюнхен, Кельн,Майне, Штутгард, т.б. Президенті Йоахин Гаук.Жер аумағы бойынша 63-орында. Халқының 94%-ы немістер.Ақшасы- Евро. Германияда металургия мен автомобиль өнеркәсібі неше түрлі маркамен жақсы дамыған. (БМВ,Мерседес, АУДИ, Фольсваген,Опел, Ниссан)
«Бірлік ,құқық және еркіндік» деген ұранмен өмір сүреді.
Германияның Байрейт қаласында ерекше театр бар.Бұл опера театрында тек қана немістің әйгілі композиторы Рихард Вагнердің шығармалары мен опералары орындалады.Театрды композитордың жетекшілігімен салған.Оның ішкі құрылысы ерекше.Ескі замандағыдай ағаштан жасалған орындықтар әлі сақталған.Театрдың фойесі мүлде жоқ.Сол себепті көрермендер спектакль басталар алдында және үзіліс кезінде сыртқа шығып, театр ауласында серуендеп жүреді.Композитордың әйгілі «Нибелунгтар сақинасы» атты драмалық операсы алғаш рет осы театрда сахналанды.Опера 17 сағатқа созылып, төрт күн қатарынан қойылған.Қазіргі таңда немістің театрында жыл сайын жаз мезгілінде Вагнердің музыкалық опералық фестивалі өтіп отырады.
4.Музыка тыңдау. Р.Вагнердің «Нибелунгтар сақинасы» атты операсынан «Валькилиялардың самғауы» шығармасы
5.Жаңа ән үйрену.
Қош келдің, төрлет, Наурызым!
Сөзі мен әні: Б. Бейсенова
6.Сабақты бекіту.
-Немістің опера театры қалай дүниеге келді?
-Театрдың ерекшелігі неде?
-Р.Вагнердің операсы жайлы не білесің?
-Р.Вагнер театрды қалай деп бағалады?
7.Қорытынды: оқушыларды бағалау, үй тапсырмасын беру.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Роза Бағланованың өмірімен және шығармашылығымен таныстыру. Әндерін тыңдату арқылы оқушыларды өнерге баулу.Өнер адамдарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.(амандасу,оқушыларды түгендеу)
2.Үй тапсырмасын сұрау.
3.Жаңа сабақ түсіндіру.
Роза Бағланова 1922 жылы 1 қаңтарда Қызылорда обл.Қазалы ауданында дүниеге келген.1941ж.Қызылорда педагогикалық институтын бітірген.Өнер жолын Ташкент филармониясының ән –би ансамблінде әнші болып бастаған.Сол ансамбльмен 2-дүниежүзілік соғыс жылдары майдан даласында өнер көрсетіп, 1945ж. 9 мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысады.1947-49жылдары қазақ опера және балет театрының, 1949-60жылдары Қазақ филармониясының, 1960ж Қазақконцерттің әншісі болып,ұлттық ән өнерін дамытуға үлкен үлес қосты.
Роза Бағланова -әнші, опера әншісі (сопрано), Қазақстанның (1955ж) және КСРО халық әртісі (1967ж), Халық қаһарманы (1996ж)
Марапаттары: Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Халықтар достығы» ордендерімен, Шапағат медалімен марапатталған.
Әншіге құрмет: Алматыдағы орталық көшеге және мәдениет орталығына Р.Бағланованың есімі берілді.
30мамыр 1915ж. Туған жері Қазалы ауданында әншінің ескерткіш –бюсті ашылды. «Жеңіс» саябағында салынған Р.Бағланова атындағы 300 орындық мәдениет үйінің алдында Қазақстанда алғаш рет әншінің ескерткіш –бюсті қойылды.
Роза Бағланова 2011 жылы 8 қаңтарда 89 жасында Алматы қаласында қайтыс болды.
Музыка тыңдау. Шәмші Қалдаяқов «Ақмаңдайлым» Р.Бағланованың орындауында тыңдау. (Әннің шығу тарихын айту)
Жаңа ән үйрену. «Асыл әжем»
Сөзі: Қадір Мырза Әлі
Әні: Нұрғиса Тілендиев
Сабақты бекіту:
-Қазақстанда эстрада жанры қай уақыттарда қалыптаса бастады?
-Эстрада әндерінің дәстүрлі әндерден ерекшелігі неде?
-Қазақ эстрадасының қалыптасуына ықпал еткен композитор мен әншіні білесің бе?
-Ш.Қалдаяқовтың «Ақмаңдайлым» әні дүниеге қалай келді?
Қорытынды: оқушыларды бағалау, үй тапсырмасын беру.
Өзін –өзі тану пәні бойынша сабақ жоспары
№20сабақ
Тақырып: Ата-анаң-алтын тұғырың
Құндылық:сүйіспеншілік
Қасиеттер:мейірімділік, қамқорлық, достық.
Мұғалiм: Жаукенова Г
Сынып 11
Сабақ мақсаты: - Ата-анаң-алтын тұғырың тақырыбын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеті:
Білімділік: - ата-анаға деген қамқорлық сезіміне,ата-ананы құрмет тұтуға үйрету;
Ата-ананың қайсысы болса да баласына мықты денсаулық, бақытты, шат өмір тілейді. «Балам ер жетіп,елінің ер азаматы, халқының мақтанышы, абыройы, зор адамы, қажырлы қызметкер болса екен» дейді.Бүгін бесікте жатқан нәресте ертең, ер жеткен соң, еліне қызмет етеді деп қуаныш білдіреді. «Мал бақ, адал кәсіп ет, ел-жұртыңды шапқыншы жаудан қорға» деген халықтың тілек-мүдде ананың әуенді ән-өлеңімен жыр болады.
Ол сөздер: Халқыңды сүй,халқың үшін отқа түс-күймейсің,суға түс-батпайсың,әрқашан да халықпен бірге бол,бәрінен де халық мүддесін жоғары ұста,ел қорғауда және тұрмыс-тіршілікте халықтың ер-азаматы,қамқоршы ұлы бол,халық үшін ерінбей еңбек ет!-дегенді білдіреді.Сонда ол баланың өсе келе «дүниеге кірпіш болып» қалануын,өмірде,тіршілігінде шын мәнінде қызмет атқара алатын ер-азамат болып шығуын көздейді.