Балалар саз мектебіні? 2-сыныбы музыка ?дебиеті п?нінен "?н орындау дауыстары" та?ырыбында ?тілген саба? жоспары. О?ушылар музыка ?леміндегі ?н орындау дауысыны? т?рге б?лінетіндігі туралы т?сінік алып, музыкалы? шы?армаларды ты?дау ар?ылы дауыстарды ажырату да?дылары ?алыптасады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"?н орындау дауыстары" »
Тақырыбы: « Ән орындау дауыстары»
Мақсаты: 1) Дауыс, музыка әлеміндегі ән орындау даусының түрге бөлінетіне түсінік беру.
2) а) Тенор
б) Сопрано
в) Баритон
г) Меццо-сопрано
д) Контральто
е) Бас- дауыстарымен таныстыру.
3) Кәсіби композиторлардың шығармаларын тыңдау арқылы, оқушыларға музыка саласындағы ән орындау дауыстарын ести отырып ажырата білуге тәрбиелеу.
Сабақтың дамутышылығы: Оқушылар бойына музыкалық шығармаларды талдап, баға бере білу және тани білу дағдыларын қалыптастыру.
Көрнекілігі: Суреттер. Магнитола. CD диск.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу. Оқушыларды сабаққа даярлау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
-Жанр деген сөз қандай мағына білдіреді?
-Өнердің қай саласында қалай аталады?
-Сурет өнерінде қалай бөлінеді?
-Музыка саласында қалай аталады?
ІІІ. Жаңа тақырып.
Өнер саласында «жанр» деген сөз, өнерге жататын сурет, әдебиет, музыкада қалай талданып, бөлінсе, адамның дауысы да әр түрлі болады. Жалпы адам дауысы сөйлеу үшін яғни әңгімелесу үшін, адамдар бір-бірімен түсінісу үшін және ән орындау үшін жүзеге асырылады.
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз осы ән орындау дауыстары деп аталады. Ән орындау екіге бөлінеді; өз бетінше орындау және арнайы қойылған дауыс бойынша. Арнайы қойылған дауыс кәсіби әншілерде болады. Ал өз бетімен ән айту кез-келген қарапайым адамдардың ән орындауы. Арнайы ән айту тәртібін меңгерген, сауатты, білімді түрде ән орындау шыны вокалист деп атайды. Бұл сөз латын тілінен шыққан VOX- дауыс, VOCALIS- звучащий- үншығару деген мағынаны білдіреді. Вокалист-яғни ол кәсіби әнші. Ол арнайы ән айтудың мектебін оқып, адам дауысының қандай екенін толық білетін адам. Кәсіби түрде ән айту оңай емес, ол үшін әнші көптеген ағзасын жұмыс істете білуі керек, өкпе, өңеш, үн шығару жолдарын, ауыз қуысын және мұрын. Дұрыс тыныс алып, оны үнемдеу, үніңді әдемі етіп меңгеру, ауыз қуысын әдемі етіп ашу. Кәсіби әнші болу үшін осындай қиын да, қызықты ұзақ оқу мен ізденістің нәтижесінде жетеді. Атақты итальян әншісі Энрико Краузе өз естелігінде күніне 2-3 сағат дайындалған екен. Ән орындаушы әншілердің дауыстары әр түрлі болады.
1) Ерлердің жоғарғы дауысы- Тенор деп аталады. Ашық, жарқын жұмсақ тембрлі дауыс. Көптеген композиторлар операдағы негізгі партиясын осы дауысқа арнап жазады. Соның ішінде лирикалық тенор өте танымал, бұл дауыс кез-келген операда бар. Осы дауысқа жататын Қазақстанға еңбегі сіңген халық әртісі Әлібек Дінішев жататынын айту. Бизе «Перская красавица» операсынан Сметаның серенадасы-тыңдау,-орындайтын
Ә.Дінішев.
2) Ал әйел дауысының жоғарғы дауысы- Сопрано. Ол итальян тілінен аударғанда-sopra-жоғары, жоғарғы деген мағынаны білдіреді. Сопрано үш түрге бөлінеді, драмалық, лирикалық және колоратуралық сопрано. Осы түрлерінің ішіндегі ең керемет жеңіл, әдемі, жоғары дыбыстарды ІІІ- октава фа, соль дыбысын ала-алатын әнші колоратуралық сопрано. Осы дауыстағы әншіге СССР халық әртісі, қазақтың бұл-бұл әншісі атанған, әлемге қазақтың әндерін мойындатқан әнші апамыз Б.Төлегенова.
«Бұл-бұл»- орындайтын Б.Төлегенова.
3) Ерлердің ортаңғы дауысы-баритон деп аталады. Ол грек тілінен- baritonos- ауыр деген мағынаны білдіреді. Әдемі нағыз ер дауысы, ер мінезді көрсетеді. Осындай дауысқа жататын, талантын әлем мойындаған СССР халық әртісі Е. Серкебаев атамыз.
4)Әйелдердің төменгі, қоңыр үнді дауысы-меццо сопрано. Ол драмалық сопраноға жақын.
П. Булахов « Не хочу»-романсы.
Орындайтын Нина Терентьева.
5) Ал әйелдердің ең төменгі ән орындау дауысы-Контральто. Көбінесе бұл дауысты жас- өспірім балалардың дауысына арнайды.
Г. Перселл «Динона-Эней» операсынан ария.
Орындайтын Валентино Левко.
6) Енді ерлердің ең төменгі дауысы-Бас. Итальян тілінен «basso»- төменгі деген мағынаны білдіреді. Осындай дауысқа жататын бүкіл әлем танитын әнші Федор Иванович Шаляпин жатады.
Бах «Страсти по Ионну» - бас ариясы хормен- тыңдау.
Алдыңғы сабақта біз өткенбіз, бірнеше аспаптардың бірігіп шығарма ойнауын ансамбль, оркестр дейміз.
Сол сияқты әр дауысты әншілердің қосылып ән орындауын Вокалдық топ деп атаймыз.
1.Адамның ән орындауы-«соло»
2.Адамның ән орындауы-«дуэт»
3.Адамның ән орындауы – «трио»
4.Адамның ән орындауы-«квартет»
5.Адамның ән орындауы- «квинтет»
Моцарт «Дон-Жуан» Цермины дуэті- орындайтын Б.Төлегенова Е. Серкебаев- тыңдау.
8.Үй тапсырмасы:
-Әндер тыңдау
-Тақырып бойынша дайындалу.
9. Ә. Дінішев « Дударай»-тыңдау.
10 .Е. Серкебаев «Япурай» «Тақиялы періште» К/ф
11. Музыкасы А. Зацепин.Сөзі Л. Дербенев «Слушай»- әні орындайтын Е.Серкебаев.