Домбырашылар ансамблінмен ж?мыс жасап жатырмын. Онда ??рман?азы, Д?улеткерей,С?гір,Н.Тілендиев; Дина Шы?армаларымен танысып сол компазиторларды? к?йлерін на?ышына келтіріп орындап ж?р.Коптеген аудан облыс бай?ауларына ?атысып ж?лделі орындар?а ие болды. 2002 жылы ?останай облысында?ы ?останай мемлекеттік педагогикалы? институтын аспапта орындаушылы? маманды?ы ьойынша толы? курсын бітіріп шы?тым
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«музыка 2 сынып ашы? саба?»
Төңкеріс негізгі мектебі
Аңшылықта хабаршы, мерекеде жаршы болған аспаптар
(2 а сыныбы)
Өткізген: Ермухамбетова Ж Б
Музыка пәнінің мұғалімі
Музыка 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Аңшылықта хабаршы, мерекеде жаршы болған аспаптар
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының көнеаспаптарының шығу тарихын есте сақтауға баулу; аспаптардың үнімен, сыр-сипатымен таныстыру; балалардың халық музыкасына деген сүйіспеншілігін арттыру; есту; есте сақтау, ырғақты сезіну қабілеттерін дамыту.
Сабақтың міндеті:
Оқушыны сөйлеуге, ойын тұжырымдап айтуға үйрету;
Музыканың адам өміріндегі маңызын терең түсінуге баулу;
Сұрақ – жауап арқылы сабақты бекіту : Оқушыларды 2 топқа бөліп, 1 топ – «Домбыра», 2 топ «Қобыз»
1 топ «Домбыра» тобына
Домбыра қай халықтың аспабы?
Домбыраның құрылсын айту?
Күй атасы кім?
Құрманғазының қандай күйлерін білесіңдер?
Күй дегеніміз не?
2 топ «Қобыз»
Қобыз қандай аспап?
Оны кім ойлап тапты?
Ы.Дүкенұлы кім?
Қай жерде туып өсті?
Ы.Дүкенұлының қандай күйлерін білесіңдер?
Екі топ жұлдызшалар арқылы бағаланады. 1 «Домбыра»тобы 4 жұлдызша , 2 топ «Қобыз» тобы 5 жұлдызша алды.
«Домбырасыз сән қайда» әнін қайталату
Жаңа сабақ :Аңшылықта хабаршы, мерекеде жаршы болған аспаптар
Қазақ халқы көбіне мал шаруашылығымен айналысқан. Сол малдың қыры мен сырын жақсы білген. Малдың ішегін, тұяғын аспапқа пайдалынған. Тіпті малды аң-құстан қорғау үшін оған да аспаптар пайдалынған екен.
Асатаяқ – ертеден келе жатқан сілкіп ойнайтын аспап. Қазақ халқында ұлттық билерді сүйемелдеу үшін қолданылған шу шығаратын музыкалық аспап. Асатаяқтың темір масағы бар. Жалпақ басы екі жағынан шебер өрнектеліп, әшекейленген. Оған металл сылдырмақ ілінген. Асатаяқтың қуыс басының ішіне бір уыс бұршақ тастап, сыртынан көн терімен қаптайды. Асатаяқты сілкіген кезде жаңағы бұршақтар өзгеше үн шығарады.
Тұяқтас –ұру арқылы үн шығаратын аспаптар тобына жатады. Ол жылқының тұяғынан жасалады, оны өңдеп, музыкалық аспап ретінде қолдануға үшін, бір немесе бір жарым жыл кептіру қажет. Сонда ғана соққанда анық, таза үн шығады. Тұяқтасты бес саусақтың ұшымен алақанға жеткізбей ұстап, екі шеткі жиегін кезекпен жартылай дөңгелетіп, алмастыра отырып соғу керек.
Қоңырау – ерте заманда қобызшылар мен бақсылардың қолданған музыкалық аспабы. Күйшілер қоңырауды қылқобыз бен домбыраның жоғарғы мойын жағына байлап, тартқанда әрлі-берлі шайқап, шылдырлатып отырған. Ал шаңқобыз тартатын әйелдер саусақтарына қоңырауды киіп алып, анда –санда қағып отырып шылдырлатқан.
Даңғыра – ұрмалы –сылдырмақты, қатты дыбысты музыкалық аспап. Бұл бір жағы терімен қапталған, ішкі жағынан темір сақиналар мен сылдырмақтар ілінген дөңгелек аспап. Даңғыра – шамандық әдет –ғұрыптың бөлінбес белгісі болып табылады.
Дабыл – бұл «дабыл қағу» деген сөз. Дабыл ұрып ойналатын аспап, ол туралы қазақ ауыз әдебиетінде көп сөз болады. Даусы күркіреп шығады. Аспаптың екі жағы көн теріңмен қапталады. Ерге іліп қою үшін бүйіріне ағаш сап орнатылады.
(Аспаптардың атауын дәптерге жаздырып, оны қалай ойнайтынын асап арқылы көрсеттім)
Музыка тыңдау: «Ата толғауы» күйі Н.Тілендиев
Нұрғиса Тілендиев күйші –композитор. Оның халық арасынан кең тараған әндері көп. «Отырар сазы» оркестрін құрап, басқарған. Әйгілі композитордың өзі құрған оркестрдің орындауында әндері мен күйлері халыққа кең танымал болды. Н.Тілендиевтің «Ата толғауы» күйін тыңдаймыз. «Отырар сазы» оркестрдің орындауында орындалады. Түрлі аспаптардың дыбысын анық ести аласыңдар.
Қандай күй тыңдадыңдар?
Қандай аспаптардың даусын ести алдыңдар?
Күйді кім шығарған?
Оқушыларға қандай аспаптар ойналғаны (асатаяқ, дабыл, тұяқтас)туралы айтып бердім.
Ән үйрену :
Балалар шығармашылығынан бүгін жаңа ән үйренеміз. Бақытжан Байқадамовтың әні «Айгөлек». Әнді алдымен аспаптың сүйемелдеуімен орындап беремін. Ал , сендер мұқият зейін қойып тыңдайсыңдар.
(әнді фраза бойынша үйретемін, музыкалық аспапқа орындатамын)
1-ші әнді домбыра аспабымен орындаймыз.
2-ші минусовкамен орындаймыз.
Сергіту сәті:
1,2,3
Қарлығащ болып ұшамыз,
3,4,5,6
Қарлығаш болып қалқамыз,
7,8,9,10
Қарлығаш болып қонамыз.
Домбыра ойнау:
«Екі саусақ» жаттығудан жоғары, төмен қағыстарымен орындау.
Домбыраны дұрыс ұстау, орындыққа дұрыс отыру ережелерін қадағалау. Сабақта сынып оқушысы Ернұр қалай орындауын көрсетеді.
«Сөзжұмбақ»
Шулы және музыкалық ... (Дыбыс)
Түйенің төлі ... (Бота)
Ән, әуен, ырғақ ... (Музыка)
Ақ қанатты, көк қанатты ... (Көбелек)
Ұлыстың ұлы күні...(Наурыз)
Атақты күйші ...(Құрманғазы)
Құрманғазының күйі ... (Сарыарқа)
Берілген музыканы тыңдай отырып, сурет салу:
Құрманғазының күйі «Адай». Күйдің әуенін тыңдай отырып, 2 топқа тапсырма беру.
«Домбыра» аспабының суретін салу. «Домбыра» тобы 3жұлдызша , «Қобыз» тобы 4 жұлдызша жинады.
Сабақты бекіту:
Музыкалық – дидактикалық ойын. Ұрмалы немесе ішекті аспаптарды (дабыл, асатаяқ, тұяқтас , қоңырау, қобыз, жетіген, т.б) дыбыс ерекшеліктері арқылы айыра білуге дағдыландыру. Ойын барысында балалардың белсенділігін, қызығушылығы жоғалтып алмау мақсатымен, аспаптарды дұрыс тапқанша көрсетпеген жөн.
Кестені толтыру
Музыкалық –дидактикалық ойын.
Тапсырма
Жауаптары
Ұрмалы аспаптарға не жатады?
Асатаяқ, тұяқтас, дабыл, даңғара
Ысқышты аспаптарға не жатады?
Қобыз
Шертпелі аспаптарға не жатады?
Домбыра, шертер, жетіген
Үрмелі аспаптарға не жатады?
Сыбызғы, шаңқобыз, сазсырнай
Топтарды бағалау:
«Домбыра» тобы 2 жұлдыз
«Қобыз» тобы 3 жұлдыз
Сабақты қорытындалау:
Сұрақтарға дұрыс жауап берсеңдер бөлшектенген аспапты дұрыс құрастыруға болады.
«Айгөлек» әнінің авторын ата.
Әннің әуені қандай?
Бүгін сабақта қандай күй тыңдадық?
Күйдің авторын ата
Үйге тапсырма : Ұлттық аспап тар туралы оқып келу.
«Айгөлек» әнін жатқа әнімен орындау
Оқушыларға бағалау: Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.
Топтарды бағалау: «Домбыра» тобы – 11 жұлдызша,
«Қобыз»тобы – 13 жұлдызша.
Сабақта екі топ арасынан белсене қатысқан оқушылар: Аида – 5, Ернұр – 5, Асанәлі – 4.