Просмотр содержимого документа
«Халы? аспаптар оркестрі»
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
«Т.Кенжебаев атындағы орта мектеп
мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
музыка пәнінің мұғалімі: С.А.Анапияева
6-сынып.
Тақырыбы: Халық аспаптар оркестріне арналған шығармалар
Мақсаты: Қазақ халқының музыкалық мұрасы – халық аспаптар оркестріндегі шығармаларды жазған қайраткерлер туралы мағлұмат беру.
Оркестрдің сиқырлы әсем үнін тыңдата отырып, оқушылардың ұлттық сана – сезімін оятып, қазақтың халық аспаптар оркестріндегі шығармалардың асыл қасиетін қастерлей білуге тәрбиелеу.
Музыкалық сауаттылықтарын дамыту
Сабаққа қолданылатын музыкалық шығ-лар, көрнекіліктер:
Н.Тлендиев «Ата толғауы» тыңдау
Динамикалық белгілер
Слайдтар,
Сабақ түрі: аралас
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды топқа бөлу /до, ми, соль, до/
Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушыларға дауыс жаттығуларын жасатып, Т.Базарбаевтың әні «Ауылым» - орындау
Қапан Мусин кім? /ортақ сұрақ/
Білімді жан жақты тексеру
Қазақстан композиторларының аспаптық музыкасы тақырыбы бойынша білімдерін тексеру.
Халық музыкасы?
Халық аспаптары оркестрі?
Ең алғаш құрылған оркестр?
Концерт, этюд, соната?
Екпін дегеніміз не?
Симфониялық поэма, және алғаш кім жазған?
Мақсат қою кезеңі
Қазақ халқының музыкалық мұрасы – халық аспаптар оркестріндегі шығармаларды жазған кайраткерлер туралы мағлұмат алып, музыканың асыл қасиетін қастерлей білуге тәрбиеленеміз. Және де музыкалық сауат «Динамикалық белгілермен» танысамыз
Жаңа білімді меңгерту
Н.Тлендиевтің күйі «Ата толғауы» - тыңдау.
- Біз не тыңдадық?
- Күй қалай орындалды? /жеке, оркестр/
- Кімнің күйі деп ойлайсыңдар?
- Н.Тлендиев кім?
Ол халық аспаптары оркестріне арнап «Ата толғауы», «Мұрагер», «Қайрат» увертюрасын, «Алтын дән» (поэмасы), «Еңбек қуанышы» т.б көптеген шығармаларды жазды.
Сондай-ақ композиторлар М.Қойшыбаев, Х. Тастанов, Б.Жұманиязов, К.Күмісбаев, А.Жайымов, Ж.Тезекбаев, Е.Үсеновтердің де шығармалары – бүгінде халық аспаптары оркестрінің репертуарынан берік орын алған туындылар.
Композитор М. Қойшыбаев алғаш рет халық аспаптары оркестріне арнап симфониялық шығарма жазды. Ол «Қазақстан» деп аталадық
Топпен жұмыс: «Композиторлардың шығармашылығы»
Сергіту сәті: «Қара жорға» музыкасына би.
Музыкалық сауат: «Динамикалық белгілер»
Жаңа білімді меңгергенін тексеру
Қандай композиторлардың шығармашылығымен таныстық?
Қазақтың ұлттық аспаптарын ата?
Динамика дегеніміз не?
Динамикалық белгілерді ата?
Қорытынды.
Сабақтан алған әсерін қағаз бетіне түсіріп, тілектерін жазады