Ерте замандарда Еуропада филармониялар мен концерт залдары болған жоқ. Сондықтан музыканттарды бай әрі ауқатты адамдар үйлеріне арнайы шақырып тыңдаған.Концертке бір немесе бірнеше орындаушы қатысқан.Ол ансамбльдерді дует,трио,квартет және квинтет деп атаған. Әсіресе скрипка,альт,виолоншель орындаушыларының концертін тыңдауды дәстүрге айналдырған .Концертті үй иесінің туыстары,достары және арнайы шақырылған қонақтар тамашалаған. Мұндай концертті камералық концерт деп атаған. Бұл атау Италияның «camera»,яғни бөлме деген сөзінен шыққан.Осылайша үйде пайда болған камералық музыка үлкен сахнаның төрінен орын алды.
Музыка тыңдайық! Ішекті аспаптар орындауындағы В.А.Моцарттың «Кішкентай кешкі серенадасы»