kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Эстрада өнері»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың  тақырыбы:  «Эстрада  өнері»

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың  мақсат-міндеттері:                       

 А) Ақпараттық                                                                                                                                                                                                                                                    Вокалды- эстрадалық жанр  туралы  түсінік  беру

Б)  коммуникативтік                                                                                                                                                                                                                                    Оқушылардың өнер туралы түсініктерін кеңейту.Өнер  жолына  бағыттау.

В) Проблеманы шешу құзыреттілігі                                                                                                                                                                                                                         Музыкалық  сауаттылыққа, бейімділікке  үйрету.

Сабақтың  түрі: түсіндірмелі сабақ, топпен  жұмыс.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Эстрада өнері»»



Кабдрахманова Зауреш Кабдрахимовна, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, А. Тайманов атындағы №34 мектеп – гимназиясының музыка пәнінің мұғалімі.

Сабақтың тақырыбы: «Эстрада өнері»

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) Ақпараттық Вокалды- эстрадалық жанр туралы түсінік беру

Б) коммуникативтік Оқушылардың өнер туралы түсініктерін кеңейту.Өнер жолына бағыттау.

В) Проблеманы шешу құзыреттілігі Музыкалық сауаттылыққа, бейімділікке үйрету.

Сабақтың түрі: түсіндірмелі сабақ, топпен жұмыс.

Қолданылатын педагогикалық технологиялар: Ақпараттық-коммуникативтік технология

Әдістер: Музыка тыңдау, ән айту, тапсырмалар, сұрақ-жауап, ойын түрлері.

Пәнаралық байланыс: Саз теориясы, әдебиет.

Пайдаланылған көрнекілігі: Эстрада жұлдыздары, слайдтар, муз. центр, баян, домбыра, плакаттар, «ля», «си» нотасы т.б.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылармен амандасу. (Баянмен орындайды) Үлкендерге біз, Кішілерге біз. Құрметпенен бас иіп, Сәлем бердік біз.

2.Оқушыларды түгелдеу: Сабақта жоқ оқушыларды анықтау;

3.Дауыс жаттықтыру: « Аспаптар әні.» дауыс жаттықтыру. (Қимылмен орындау) 1.Айман алды сыпырғы, Домбыра қылып тартуға Айдар ағаш сындырды, Дауылпазды қағуға. Қ/сы: Аспаптарда ойна, Ойнаудан бір тойма. Барлық бала, жинал, Ән айтып бір тойла. 2.Тобылғыдан жонып-ап, Сыбызғымен сайрайық. Ысқышпенен қобыз ап, Әйтеуір ұқсап бағайық. . II.Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар. 1.«Әуенін дұрыс тап» ойыны .(Арнайы балаларға арналған кинофильмдер мен мультфильмдерден үзінді)

2. «Қыз-Жібек», «Менің атым Қожа» кинофильмдеріне музыка жазған композитор? / Н.Тілендиев

3. Эстрадалық симфониялық оркестр алғашқы рет халыққа қалай таралды. / Радио

4. Ең алғашқы экранға шыққан қандай қазақ кинофильмін білесің? / Амангелді

5. Еуропалық кәсіби музыка қалай аталады? / Опера

6. «Біздің сүйікті дәрігер» фильмінің режиссері кім? / Ш. Айманов

7. Табиғат пен махаббатқа арналған музыкалық жанр. / Лирика

8. Қазіргі заман талабына сай музыкалық жанр. / Эстрада

III. Жаңа материалды игеру кезеңі: Ән айтуды – халық әнін айту бағыты, эстрада әнін айту бағыты және академиялық бағыт деп бөлуге болады. Ән халықтан шығатындықтан халық әнін айтушыларда, тыңдаушыларда көп. Эстрада жанрындағыларға қазір мүмкіншілік мол, техника дамыған осы заманда кімге еліктеп, қалай қарап, қайтіп айтам десе де өз еріктері. Бірақ, бір ескеретін жағдай – қанша эстрада болса да өз ұлтының дәстүрі, тілі, ұлттық менталитеті, ұлттық нақышы аңқып тұруға тиіс.Халық әндерін орындау эстрада әндерін айтудың өзіндік ерекшелігімен, тамашалығымен ерекшеленеді. Бірақ, дауыс шығару, техникалық орындау тәсілдері классикалық бағытта тәрбиеленген орындау тәсілдерінен айырмащылығы мол. Қай бағытта болса да ән орындаудағы негізгі мақсат – дауыс құлаққа жағымды, қысылып қымтырылмай дауысты дұрыс тәрбиелеп, еркін меңгеру болып табылады. Эстрада өнері (франц. estrade, исп. estrado – тақтайша үстел ) – көп жанрлы сахналық өнердің бір түрі. Эстрада өнері әр алуан артистердің (әншілер мен бишілер, көркем сөз оқушылар мен акробаттар, конферансье мен музыканттар, т.б.) ойын – сауығынан құралады. Кейде жалғыз артистің өнер көрсетуіне құрылған жеке – соло концерт те болуы ықтимал. Әрбір ойын-сауық нөмірінің ұтымды әрі шапшаң (10-15 мин)орындалуымен байланысты. Эстрада өнері 20 ғасырда пайда болады.Халық арасында өте тез дамып, әлемге кеңінен тараған.Вокалдық әндер мен кәсіби классикалық әндерді арнайы музыкалық білімі бар адамдар ғана айта алады. Ал эстрадалық әндерді кез келген дауысы бар адамдар айта алады.

Жалпы эстрада өнері туралы не білетіндеріңді алдарыңдағы постерге жазып шығыңдар .(Өте жақсы. Эстрада жұлдыздары туралы біраз мағұлмат алғандарың көрініп тұр).
Топтық тапсырма:
1-топ: эстрада өнері туралы не білдіңіз. 2-топ: ой толғау, 3-топ: 4 жол өлең шығару арқылы әннің мазмұнын, бейнесін ашу.
Музыкалық сауаттылық: « ля», « си» нотасы

Ән жаттау: С. Әшімовтың әні «Наурыз» үйрену. Мұғалім домбырамен айтып көрсетеді
Музыка тыңдау: Л.Хамиди «Қазақ вальсі». Б. Төлегенованың орындауында тыңдалады. Ұлттық өнер туралы ұғымы кеңейіп музыка тыңдайды.  Қазақ Вальсі — қазақ биі. Биді қойып, алғаш сахнаға шығарған, Ш.Жиенқұлова. Музыкасы  Л.Хамидидікі. Музыкалық өлшемі 3/4. Ырғағы жеңіл әрі екпінді. Би қазақ қыздарының талшыбықтай бітімін, кәусардай тазалығы мен биязылығын бейнелейді. Бидің 2 нұсқасы бар. Алғашқы нұсқасын автордың өзі кезінде одақтық және шет ел сахналарында билейді. Бір топ қыздардың билеуіне лайықталған екінші нұсқасы 1958 жылы  Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің он күндігінде Үлкен театрда  көрсетілді. Кәсіби қазақ композиторларының ішінде ең алғаш вальс жанрына музыка жазған Латиф Хамиди. Жаңа сабақты бекіту: «Сынып дауысы» байқауын өткізу арқылы бекіту. Не білемін? Нені білдім? Не білгім келеді?
Сабақтан алған әсерлеріңді стикерлерге жазыңдар.
Бағалау: Оқушылар жұмысына жалпы сипаттама беру. Тақырыпты қорғаудағы жетістіктеріне баға беру. Үй тапсырмасы: Эстрада өнері туралы оқып келу. «Наурыз» әнін жаттау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
«Эстрада өнері»

Автор: Кабдрахманова Зауреш Кабдрахимовна

Дата: 23.11.2016

Номер свидетельства: 361991

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(25) "Эстрада ?нері "
    ["seo_title"] => string(14) "estrada-onieri"
    ["file_id"] => string(6) "196328"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428045653"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "?нер т?рлері. Эстрада."
    ["seo_title"] => string(22) "onier-turlieri-estrada"
    ["file_id"] => string(6) "252885"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447484716"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(27) "?аза? эстрадасы"
    ["seo_title"] => string(14) "kazakestradasy"
    ["file_id"] => string(6) "315633"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459934717"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(24) "?ншілік ?нері "
    ["seo_title"] => string(14) "nshilik-onieri"
    ["file_id"] => string(6) "178094"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424775311"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "?аза? эстрада ?нері."
    ["seo_title"] => string(21) "k-azak-estrada-onieri"
    ["file_id"] => string(6) "259403"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1448733507"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства