А.Жайымов. С.Бүркітов. Б.Ысқақов «Домбыра үйрену мектебі». Алматы Өнер1992ж.
Сабақ жоспары
Ұйымдастыру бөлімі.
Үй тапсырмасы.
Үй тапсырмасын бекіту.
Қызығушылықты ояту.
Жаңа сабақ.
Музыкалық сауаттылық.
Сергіту сәті.
Мағынаны тану.
Қорытынды.
Үй тапсырмасы.
Бағалау.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі.
а)Оқушымен амандасу, сабаққа назар аударту.
ә) Психологиялық дайындық.
Қазір бізде қандай сабақ?
Домбыра сабағына дайын болу үшін, жалпы сабақта не істейміз, не тыңдаймыз?
Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын әдеттегідей оң қолымыз бен сол қолымыз тең жүріп, домбыра пернесін еркін қуалау үшін міндетті түрде гамма ойнап аламыз.
до мажор гаммасы, арпеджиосымен
ІІ. Үй тапсырмасы.
Халық күйі дегеніміз не?(оқушыға сұрақ)
Өткен сабағымызда үй тапсырмасына «» күйін соңына дейін жатқа жүргізіп орындау берілген болатын. Ендеше үй тапсырмасын орындайық.
ІІІ. Өткен сабақтарды бекіту.
...Сәйкестендіру тесті...
халық күйі
музыкалық дыбыстар тізбегі
позиция
қағыс түрі
Гамма
композиторы ұмыт қалған күйлер
пицикато
Мажор, минор
Музыкалық ладтың екі түрі
сол қол саусақтарының домбыра мойынындаорналасу қалпын алмастыра орындау
IV.Жаңа сабақ.
Халық күйі деп авторы ұмыт болып қолдан - қолға таралып тартылатын күйлерді халық күйі деп айтамыз. Бұл аңыз күйінің қызықты тарихы бар. Кедей жігіттің жалғыз аты болған. Үлкен тойда атын бәйгеге қосады. Бәйгеден келер аттардың жолын тосып дөң басына шығып домбырасын алады да «Тепең көктің жүрісіне риза болып көңілі толқып бір күй ойнайды. Күйде Тепең көкті мақтап жатқан жері. Айт – шу тепең көк Айналайын тепең көк Кекіліңе болайын.
Келтеленген жібектей деп мақтайды. Күй сарынын естіген Тепең көк
бойына күш бітіп сәйгүліктерді шаң қаптырып жарыста жалғыз келген екен дейді. Кедей жігіттің Тепең көгі бәйгеден жеңіп шығып үстем топтың алдында мерейі үстем болыпты.
1. Үнтаспадан күйді тыңдау. 2. Күйдің өлшемін, екпінін түсіндіру. 3. Түсінікті болу үшін ойнап көрсету. 4. Бас, орта буынды тактілеп талдау. 5. Жеке - жеке ойнату. 6. Жаңа сабақты бекіту.
Мына сұрақтар бойынша топтастыру. 1. Екпіні қандай? 2. Өлшемі қандай?
V. «Тепеңкөк» күйін тыңдату:
VІ. Музыкалық сауаттылық.
Ендеше, «Тепеңкөк» күйінің ноталық жазбасын қолымызға алып теориялық талдау жасап алайық.
Күйге теориялық талдау жасау.
VІI. Сергіту сәті. Бейнетаспадан сергіту жаттығуын көрсетіп бірге қайталау
VІII. Практикалық талдау. Күйдің мазмұнымен толық танысып болсақ, сол күйді тартып көрелік.