Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ "Қазақстанның фортепиано өнері" 6 сынып»
Музыка 6 сынып
Оқытушысы: Мендигалиева Гульмира Узахбаевна
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның фортепиано өнері.
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның фортепиано өнері жайлы әңгімелеу. Білімділік: Қазақстанның фортепиано өнерімен таныстыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық - іс әрекетін дамыту, фортепиано әуені иірімдерін дұрыс ести білу, мелодиялық ерекшеліктерін сезіну қабілеттерін дамыту. Тәрбиелілігі: Фортепиано әуенін тыңдату арқылы Отанын сүюге, рухани адамгершілікке, өз ісіне сенімі мол, еңбекқор, мейірімді, өнерлі, заманына сай тұлғаны тәрбиелеу. Түрі: Жаңа сабақ Әдіс – тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, топтық жұмыс, сергіту сәті, шығармашылық жұмыс. Көрнекілігі: Сурет,үнтаспа,әуен. Пәнаралық байланыс: Әдебиет, өнер, тарих. Сабақтың барысы: І. Қызығушылығын ояту. 1. Әнұранды орындарынан тұрып, жатқа айту. 2. Психологиялық тренинг. - Мен мықтымын, - Мен әдемімін, - Мен өнерлімін, - Мен білімдімін, - Мен қиындықтың бәрін былай жеңемін!
Қазақстанның фортепиано өнері.
Батыс Еуропада фортепиано аспабы ХVIII ғасырда пайда болып, бүтін мәдениеттің тарихи даму жолына өз әсерін тигізді. Фортепиано халық арасына кеңінен тарап, көпшіліктің ең сүйікті аспабына айналды. Фортепиано өнері әлемдегі классикалық музыканың негізін қалады. Кәсіби фортепиано өнері XIX ғасырда ең биік деңгейге жетіп, әлем халықтарының арасында зор беделге ие болды.1945 жылы Алматы консерваториясында фортепиано класы ашылып, студенттер кәсіби ұстаздардан
дәріс ала бастайды. Алғаш ашылған фортепиано класының меңгерушісі Мәскеу консерваториясының профессоры Г.Н.Петров болды.Петербург консерваториясының ұстазы Е.Ф.Гировскийдің жетекшілігімен фортепианоға арналған оқу бағдарламасы жазылады. 1947 жылы консерваторияда алғаш рет пианистер сайысы ұйымдастыры-
лып, сол сайыста қазақтың тұңғыш пианисті Нағым Меңдығалиев ерекше көзге түседі. Сол кезеңнен бастау алған фортепиано өнері үлкен қарқынмен дамиды. Фортепиано
өнерінің биік кәсіби деңгейге көтерілуіне ықпал еткен әлемдік, халықаралық түрлі сайыстар болатын.Мұндай халықаралық сайыстардың тарихына үңіле отыра, Қазақстандағы фортепиано өнерінінің дамуындағы жарқын жаңалықтарға шолу жасап көрелік!
1983 Алматы консерваториясының ректоры Ғазиза Жұбанова Кеңес үкіметі басшыларынан пианистердің Бүкілодақтық іріктеу сайысын Алматы қаласында өткізілуі жайлы рұқсат алады. Сөйтіп,алғаш рет Орта Азия халықтарының арасында бұрын-соңды болмаған ауқымды Одақтық сайыс өткізіледі. Қазақстанда өткізілген бұл сайыс Еуропадағы ең әйгілі Маргарита Лонг және Жак Тибо атындағы сайыстың талабы бойынша жасалды. Осы сайыста Станислав Бунин мен Жәния Әубәкірова
жеңіп шығады. Екі орындаушы да Францияда өтетін халықаралық сайысқа жолдама алады. Сол Париж қаласында өткен сайыста алғаш рет Азия халықтарының арасынан барған қазақ қызы Жәния Әубәкірова үлкен жеңіске жетіп лауреат атағына ие болады. Жәния Әубәкірованың халықаралық сайыстағы мұндай жеңісі Қазақстанның фортепиано өнерінің биік кәсіби деңгейін өсіріп, әрі қарай дамуына жол салды.
2000 жылдан Жәния Әубакірова Орта Азия халықтарының арасында халықаралық пианистер сайысын өткізіп келеді. Осы сайыста Қазақстанның жас орындаушылары фортепиано өнерінің биік деңгейін көрсетіп үлкен беделге ие болуда. Еуропаның Франция, Германия, Италия, Ресей және шығыстың ең мықты мемлекеттері Қытай және Жапонияның кәсіби музыканттарын даярлайтын консерватория мамандары Қазақстан фортепиано өнерінің биік кәсіби деңгейін мойындауда. Ал, қазіргі
таңда Алматы консерваториясында қалыптасқан фортепиано мектебі дарынды жастарға әлемдік деңгейде білім беріп, кәсіби орындаушы болып қалыптасуына зор ықпал жасап келеді.
Не себепті адамдар музыка, сурет, би және спорт өнерінің түрлі сайыстарына қатысуға
құштарлық танытады?
Біліп ал!
Жәния Әубакірова – К.Бәйсейітова атындағы Республикалық музыка мектебін тәмамдаған.Профессор Л.Власенконың класы бойынша Москва консерваториясында жоғары білім алған. 1981 жылдан бастап Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында ұстаздық қызмет атқарған. 1997 жылы консерваторияның ректоры болып тағайындалады. 1983 жылы Францияда өткен М. Лонг және Ж. Тибо атындағы Халықаралық сайыста лауреат атанады. Ол концерттік сапарлармен
Франция, Англия, Германия, АҚШ, Жапония, Корея, Ресей, Польша, Венгрия, Болгария, Финляндия,Италия, Израиль. Греция, Түркия мемлекеттерінде өнер көрсеткен. Бүгінгі таңда Жәния Әубәкірова Орта Азия халықтарының арасында ең жарқын пианистердің бірі. Жәния Әубәкірованың қажырлы еңбегінің арқасында Қазақстанның фортепиано өнері халықаралық биік деңгейге көтеріліп отыр.
Ж.Әубәкірова Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығың иегері. Ол «Францияның Өнер және әдебиет орденімен» марапатталған.
Ән үйрену: «Достарым»Сөзі: Хасен Закарияновтікі,Әні: Оралхан Көшеровтікі.
Сұрақтар:
1. Қазақстандағы фортепиано өнері қалай қалыптасты?
2. Фортепиано өнерінің дамуына кімдер ықпал жасады?
3. Қазақ дәстүріндегі қандай сайыстарды білесің?
Тапсырма:
1. «Қазақстанның фортепиано өнері» тақырыбын оқып кел.