Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? «?ыс ?ызы?ы!»»
Қыс қызығы.
Мақсаты: Балалардың музыканы тыңдау қабілеті арқылы табиғаттың құбылыстарын ажырата білу. Ырғақ сезімін дамыту арқылы музыкалық шығармаларға сәйкес қимыл жасай білуге үйрету.
Міндеттер: 1) Балалардың музыкалық образдардың дамуын қабылдай білуге және қимылдарды олардың сипатымен, айқын құралдарымен үйлестіре білу.
2) Ырғақ сезімін дамыту: Балаларды музыкадағы ырғақтық мәнерлі сезінуге, оны қимылдар арқылы бере білуге үйрету.
3) Музыкалық ойындарды ойнай білу, қимылды бірге бастай білу, сабақта іс-әректтер жасау кезінде билей білуге үйрету.
Жаңбыр: бұлт, күз, күн күркірейді, аспан бұлтқа төңірейді.
Ұлпақар:қыс, боран, аяз, шырша.
Қазір балалар мен сендерге, осы құбылыстарға сәйкес музыканы қоямын. Сендер сәйкес суреттерді көрсетіп отырасыңдар.
(Карточкамен жұмыс.)
Ән айту.
Тіл жаттығуы: 1. Қар, қар ұлпақар,
Жолдарға жатады. (Қолдарымен астында шайқайды)
2. Қар, қар ұлпақар,
Дала борандайды. (Қолдарымен үстінде бұлғайды)
3. Қар, қар ұлпақар,
Жолдарды жабады. (Алақандармен тізелерін соғады)
4. Қар, қар ұлпақар,
Алақанда ериді. (Алақандарды аударамыз)
5. Ұлпақарды алып,
Онымен ойнаймыз. (ұлпақарларды жасаймыз)
6. Содан соң, содан соң,
Оны лақтырамыз. (ұлпақарларды лақтырамыз)
Балаларға қыс мезгілінің көріністерін көрсетіп, оны балалармен бірге әңгімелеу.
- Балалар, мына суретте қай жыл мезгілі көрсетілген? (жауап: Қыс мезгілі, ағаштарды қар басқан.)
- Қыс мезгілінде балалар қандай ойындарды ойнағанды жақсы көреді?
(Жауабы: Шаңғы, шана, коньки)
Өткен сабақта біз «Аққала» әнін жаттадық. Қазір бәріміз тұрып, осы әнді қайталайық. (Балалар тұрады, әнді орындайды)
- Өте жақсы! Отырамыз!
Бүгінгі үйренетін жаңа әніміз қыс туралы. Әннің аты «Қыс қызығы»
- Осы әнді мен қазір орындап беремін. (Ән орындалады.)
Балаларменәнді бөліп жаттату.
Би.
Ал балалар орнымыздан тұрамыз, бірінің артынан бірі жүгіріп, ойыншықтарымызды алып тұра қалайық. (Ойыншықтар орындықтардың үстінде тұрады. Музыка ойналады, балалар жүгіріп кетеді.)
Биді көрсету, үйрету, түсіндіру. Әр қимылды бөліп үйрету.
Ойын.
Біз бүгін өте жақсы жұмыс істедік. Енді ойынның да кезегі келіп қалды.
- Қазір біз «Көңілді өмір сүрсең!» - атты ойынды ойнаймыз балалар.
(Ойын ойналады.)
IV. Рефлексиялық кезең.
Балалар қолдарынан ұстап, шеңберге тұрады.
Балалар біз бүгін қай жыл мезгілін әңгімеледік? (Қыс мезгілі)
Табиғаттың қандай құбылыстары туралы айттық? (Жаңбыр, қар, күннің көзі)
Қандай жаңа ән үйрендік? (Қыс қызығы)
Не туралы? (Қыс туралы, шаңғы, шана, коньки т.б.)
Ал қандай жаңа би үйрендік? (Ойыншықтармен би.)
- Өте жақсы!
Ал енді біздің сабағымыз аяқталды. Енді мен сендермен қоштасайын!
Сау болыңдар! (Музыкамен қоштасу. Балалар залдан, музыкамен шығып кетеді.)
«Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімі №11 сәбилер бақшасы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорын»