Білімділік: Оқушылардың музыкалық дауысын қалыптастыра отырып, өнерге қызығушылығын арттыру. Ана туралы әндерді үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың музыкалық сауатын одан әрі дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өз халқының музыкалық мұрасынан эстетикалық ләззат ала білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2. Сабаққа дайындық
Психологиялық сәт
3. Үй тапсырмасын пысықтау
4. Жаңа сабақ
Қызығушылығын ояту
Мағынаны ашу
Қорытындылау
“Сұрақ -жауап” әдісі бойынша өтілген тапсырманы пысықтау
3. Сидней Опера театры қай елдің театры?
2. Үрмелі аспаптардың түрлерін ата
1.Ұрмалы аспаптардың түрлерін ата
6. «Желсіз түнде жарық ай» әнінің авторы кім?
5Сидней театрын құрған сәулетшінің есімі кім?
4.Сидней театрының іргетасы қай жылы құрылды?
8. Театрдың түрлерін ата
7. Театр дегеніміз не?
Ана суреті арқылы әңгіме жүргізу
“Ана” сөзіне ассосация құрату
Ана
Халық даналығына шолу.
Ендеше, дүниеде не тәтті, не қатты, не жұмсақ деген сауалдарға халық даналығының жауабы мынадай
- Не тәтті ?Ананың сүті
- Не жұмсақ ?Ананың қолы
- Кім жақын ?Тату болса ағайын жақын,
Бауырмал болса, інің жақын
Не қымбат ?Алтын ұяң Отаның қымбат,
Құт – береке атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат,
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.
Түн ұйқысын төрт бөліп, мәпелеп өсірген анамның аялы алақаны маған өте ыстық. «Жер жүзінде не жұмсақ, не тәтті?» - деп сұраса, «Ананың алақаны жұмсақ, ананың сүті тәтті,»-деп жауап қатамыз. «Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен дүниені тербетеді» деп өте дұрыс айтылған. Бізді қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, қанатымен қорғаштай жүріп тәлім-тәрбиесін берсе, айналасындағыларды да ұмытқан емес. Міне, балалар, сендер тәлім-тәрбие аларлықтай “Бабадан қалған асыл сөздер” өте көп екен. Сондықтан да үлкендердің әр сөзіне зер салып, әр сөзінің астарына үңіле қарай білу керек. Әсіресе үйдегі ата-әжелеріңнің, ата-аналарыңның әр сөзін ұғып, үлкендердің ақылын, өсиетін есте сақтаңдар.
Мақалдың
жалғасын тап-ойыны
1.Атаға қарап-...
Анаға қарап-...
2.Ананың көңілі балада,...
3.Ата-ананың қадірін ...
4.Атаның баласы болма ...
5.Баланың жақсысы қызық ...
6.Ұядан не көрсе,...
7. Ананың сүтін ақта,...
8. Бала - әкенің білек еті,…9. Анасын сыйламағанды адал деме,…
10. Ана - біреу, ағайын - алтау.
жарайсың
“Ана жүрегі ” атты бейне таспа
.
Осы бейнетаспа сендерге үлкен ой салады деп ойлаймын, әрбіріміз анамызды сыйлап, әрқашан көңіліне қаяу түсірмейік.
Ана...Жалғыз ғана сөз. Бұл дүниеде адам баласына осы сөзден артық, осы сөзден ыстық сөз жоқ шығар, сірә. Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қамқоршысы, ақ сүт беріп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы.
Сергіту сәті:
1975 жылдың 8 қаңтарында Шымкент қаласында туған.
Ең алғаш шығарған әні - «Қарлығаш».
Бота 1991-1995 жылдары әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтының «Музыка» факультетіне оқуға түсіп, үздік бітірген.Сазгердің аналар тақырыбына арналған «Мама», «Сағындым әже», «Ай дидарлы анашым», «Анажаным» деп аталатын әндері бар.
«Ай дидарлы анашым»
Еркелетіп өсірген,
Тентек болсам -- кешірген
«Айналайын, күнім!,- деп
Мерейімді өсірген.
Қайырмасы
Ай дидарлы анашым!
Ақыл айтар данасын.
Аман болшы әрқашан,
Деп тілейді балашың.
Тең көрмейтін ешкімге
Орның бөлек дарасың!
Тең көрмейтін ешкімге
Орның бөлек дарасың!
2. Жүрегімде бар ізің,
Өзіңе мол қарызым!
Мәңгі бақи алдыңда
Өтей алман парызым
“Эссе” немесе Еркін жазу” әдісі Шығармашылық жұмыс