Сабақтың тақырыбы: Музыка бейнелейді: «Ақсақ құлан» күйі
Мақсаты: - Музыка бейнелейді: «Ақсақ құлан» күйі тақырыбы аясында әңгіме құру. Міндеттері: 1) Музыка бейнелейді - туралы түсінік беру, «Ақсақ құлан» күйін тыңдау 2) Оқушылардың халық музыкасына деген сүйіспеншілік сезімін , өнерді құрметтеуге ,пәнге деген қызығушылығын арттыру, адамгершілікке тәрбиелеу; 3 ) Оқушылардың аңыз-күйлер тыңдау арқылы әуендік сезімталдығын, әуенді айта білу дағдысын, есте сақтау, тыңдау,қиялдау, жатқа айту, ойлау, өз жұмысын дұрыс бағалауын дамыту. Түрі:дәстүрлі сабақ Әдіс-тәсілдері Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ қолдану. Көрнекілігі: Презентация, «Ақсақ құлан»аңыз-күйінің аудиосы. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.,үй тапсырмасын сұрау. 2. Жаңа сабақ
3. Үйге тапсыррма беру I. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Сәлемдесу. 2. (Қуаныш шеңбері)
1.Үй тапсырмасын сұрақтар арқылы сұрау. Домбыра аспабы құрылысы туралы қысқаша айту .
2. ( Сабақ тақырыбын жаздырту ) Музыка бейнелейді: «Ақсақ құлан» күйі - тақырыбы аясында түсінік беру. Қазақ халқының басынан өткен қилы замандар, тіршілігі мен тағдыры, салт-дәстүрі, өмір сүрген ортасы мен әдет-ғұрыптары ұлттық өнері арқылы ұрпақтан –ұрпаққа жалғасып, тарих арнасына айналды. Соның ішінде музыканың алатын орны ерекше. Қазақ музыка өнерінің халықпен бірге жасасып, тарихи әлеуметтік өмірі мен толғаныс-тебіреністерін үздіксіз баян етіп келе жатқан саласы-ән мен күйі. Халық дүниеге келген сәби қуанышынан бастап, адамзат тіршілігіндегі оқиғаларды, алуан түрлі ойларды ән-әуенмен жеткізе білген. 3.Сұрақ-жауап: А) Өткен сабақтарда қандай күйлер естеріңде қалды? Ә) Ол күйлерді тыңдаған кезде көз алдарына не елестеттіңдер?Қандай әсер алдыңдар?
Бүгін біз «Ақсақ құлан» деп аталатын аңыз-күймен танысамыз. 1. «Ақсақ құлан» күйін тыңдау. Күй қандай аспапта ойналды? Бұл күйдің басты кейіпкерлері кімдер? Күйшіні ажалдан арашалап қалған не?(домбырамен орындалған күй) Осы арқылы күйдің құдіретін тыңдап көрдік. Күйдің құдіреті .....................................................шауып, (Кең далада құландар жүрді шауып, ) .....................................................атып, (Келді бала садақпен оны атып, ) .....................................................өлтіреді, (Жауызды ызаланған құлан өлтіреді) .....................................................жеткізеді.(Бұл хабарды домбырамен күйші жеткізеді) .Үй тапсырмасын беру: Оқулықтың тт беттерін оқып, мазмұндау. )
Музыка 1-сынып
Сабақтың тақырыбы Музыка бейнелейді: «Жетім бала»
Сабақтың мақсаты Оқушыларды «Жетім бала күйімен таныстыру
Дамытушылық Оқушыларды әуен,дыбыс сезіну қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік мәні Оқушыларды бірін-бірі тыңдай білуге ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Сабақтың барысы Ұйымдастырушылық кезең
Жетім - ата-анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала болып табылады. Сондай - ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кеттi деп танылуына, олар өлдi деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектеулi) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған бала. Жетімдік – баланың психикалық дамуына қатты әсер етеді. Ата-анадан айрылған және интернат жағдайына түскен балалардың жалпы психикалық жағдайы төмендейді, өзін-өзі реттеп-бағыттауы бұзылады, көңіл күйі жабырқау болады. Балалардың басым көпшілігінің өмірге құштарлығы жоға-лады, өзіне-өзінің сенімсіздігі күшейіп, бойын үрей билей бастайды. Эмоционалдық-танымдық тал-пынысы төмендейді де, интеллектуалдық дамуы тежеледі.
Қорытындылау: Сұрақтар қою,күйді қайталап тыңдау
Бағалау : Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау