kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Развитие навыков ученика игры на кобызе

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бала тәрбиесі – өте күрделі процесс. Оның күрделілігі бесіктен бастау алып, үнемі уақытпен, баланың көңіл-күйімен, жеке қабілетімен, икемділігімен, тізгінді үнемі қадағалау қажеттілігі мен ұғындырылады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Развитие навыков ученика игры на кобызе»

ОҚУШЫНЫҢ ҚОБЫЗДА ОЙНАУ ШЕБЕРЛІГІН ДАМЫТУ

Кайыпова Мадина Маратовна

Преподаватель «Детская музыкальная школа п. Глубокое» отдела образования по Глубоковскому району управления образования Восточно-Казахстанской области



Бала тәрбиесі – өте күрделі процесс. Оның күрделілігі бесіктен бастау алып, үнемі уақытпен, баланың көңіл-күйімен, жеке қабілетімен, икемділігімен, тізгінді үнемі қадағалау қажеттілігі мен ұғындырылады.

Музыка – ерекше өнер түрі. Оның көп жақты сырын игеру, түсіну, қабылдау, тереңдеу тым ерте, яғни сәби шағынан басталуы тиіс. Ұлттық өнеріміздің шығу тарихы және даму кезеңдері Қорқыт ата бабамыздың есімімен тығыз байланысты. Қобыздың бойында он жеті ғаламның үні бар деп тегін айтпаған. Қобыз үні адамның жан–дүниесін басқа таза әлеммен байланыстырады. Рухани, таза сезімдерді адам жанына ұялатып, адалдық пен шындыққа баулиды. Қобыз – қиын–қыстау, тар жолда Қорқыттың талдырмас қорегі, ақыл–ойын өрбіткен, арып –шаршағанда шабыт берген, сергіткен өмір серігі.

Жалпы қобыз аспабы үш ішекке ауысқаннан соң кәсіби жолға түсті, келесі өрлеу кезеңі 1944 жылы Құрманғазы атындағы консерваториясының ашылуымен байланысты. Өнер өрістеуі, тындаушылардың талғампаздық талабы, жаңаша қалыптасып келе жатқан педагогика жүйесі, репертуарлық сұраныс, қобызды әлде де жетілдіре түсу міндетін жүктеді. Бұл аспап шын мәнінде прима емес еді. Өйткені, оның құрылысы, бұрауы, диапазоны альтке жақын болатын. Толық альт болу үщін оған кіші октаваның «до» ішегі ғана жетіспей тұрды. Сондықтан нағыз приманың регистрінде жазылған шығармаларды орындау өте қиынға соқты. Бұл жағдайлар үш ішекті прима–қобыздың музыкалық аспап ретіндегі құндылығы төмен екендігін көрсетті.

Шеберлігі жоғары қобызшылар даярлауға, музыкалық аспаптарды жетілдіруге қосқан үлесі өте зор. Осылайша қобызға 4 ішек тағылды. Енді техникалық жағынан еркіндік туып, дыбыс ауқымы кеңейіп, кішігірім шығармалар ғана емес, үлкен классикалық туындыларды орындауға мүмкіншілік туды. Халқымыздың ұлттық музыка аспаптарының ішінде қобыз – құрылысы, ойналу тәсілі күрделі, қоңыр сазды тылсым үні адамның жан дүниесіне табиғи әсер қалдыратын ерекше аспап.


Қобыз сабағында мұғалім мен оқушының байланысы

Қобыз үйренудің алғашқы шарттары


Сабақ беру әдістемесі педагогикалық тәсіл-амал жүйесінен тұрады. Соның көмегімен ұстаз оқушыға өзінің білімін жеткізеді. Бұл тәсілдер – ұстаздардың көптеген ұрпақ тегі тәжірибесі негізінде дүниеге келген. Осындай тәжірибелердің негізінде қобызда ойнаудың да қиындығы – сол мен оң қолдың бір мезгіл әр түрлі қимыл-әрекеттер жасауы керектігінде, дыбыс әдемі шығуы, тырнақ көбесін дұрыс қолдана білуге байланысты екендігі анықталады. Жүргізілген сан қилы тәжібибелердің нәтижесі – сол және оң қолды біршама уақыт бөлек қоюды оқыту керектігін түсіндіреді. Оң қолды бөлек қою әуелі қарашдашпен, кейін қыл ысқышпен жаттықтырылады. Музыкалық қабілетіне қарамай-ақ оқушыға да алғашқы табиғи қалпын сақтай отырып, еркін ойнау үшін қолын дұрыс қоя білуді үйретуге болады. Істің мәнісі алғашқы үйрету әдісінде. Алғашқы үйрену қиынға соғатын оқушылар үшін оңайланатын амал-әдістер жасалуы керек. Тұтас жинақталған амал-әдістерді үйреткеннен ғөрі жеке-жеке тәсілдермен үйреткен жеңілдеу тиеді.

Бала тәрбиесіндегі қоршаған ортаның шешуші роль атқаратыны анық. Әрине бірінші орында отбасы мен мектеп. Ұстаздық оқушысы және оның ата-аналарымен жақсы қатынаста болуы оған баланың үй және тұрмыс жағдайын жақсы білуге көмектеседі. Мұндай өз-ара байланыс шәкіртінің мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал етуіне, көзқарасы мен талғамын ұштауға, білім мен ой-өрісін кеңейтуге, тіпті жан-жақты жетілуіне музыка құдыретімен әсер беруге көмектеседі. Ал мұндай жағдайға жету үшін шәкіртінің алдында ұстаздың беделі жоғары, бала қызығатын өмірлік әлеуметтік мәселелеріне қанық болуы керек. Тіпті дауыс қою, отырып – тұру, мимика бет-әлбет қимылы сияқты ұсақ-түйектердің өзі ұстаздың беделін құрайды. Ұстаз әуелі қобызды баланың екі тізесі аралығына қойып үйретіп, содан кейін барып, баланың бос қолын қажетті бағытпен сүйемелдеп қобызға жеткізіп, оны дұрыс ұстауды үйретеді, бірте-бірте дағыландырады.


Қызығушылығын арттыру


Бәрімізге белгілі, қобызда ойнауды үйренудің алғашқы кезеңі негізінен алғанда, шәкірт үшін қызығы аз, зеріктіретін процесс. Сондықтан алғашқы сабақтардан бастап қобызға баланың қолдарын дұрыс қоюдан басқа, музыка саласындағы басқа дағдыларды да таныстыра отыру керек. Мысалы ән айту, салатын әндерін іріктіру, ноталық сауатын ашу. Жаңа дағдыға қадам жасау шәкірттің ынтасын оятып қызықтырып отырады. Бір мезгілде екі шәкіртті үйрету де жақсы нәтиже береді. Бір шәкіртке қандай да бір жаңа тәсілді көрсете отырып, екіншісіне зер салуды, зейін салуды, зейін қоя тыңдауды тапсырады. Кезектесіп көрсетіп қайтатауды, ойнап беруді талап етеді. Осылайша екеуінің арасында шығармашылық сайыс көрініс табады. Екеуі де бірін-бірі қамшылай отырып, тапсырманы тез де жеке жеке меңгеруге құлшынады. Ұстаз өзінің қатысуымен біріне екіншісінің қобызды дұрыс не бұрыс ұстағанын тексеруді, ал байқалған оқулықты түзетуге тапсырады. Келесі сабақта олар өздерінің міндеттерін ауыстырады.


Қобыз тартуды үйрету әдістері


Музыка мектептерінің қобыз сыныбына оқушылар қабылдауда ең алдымен қойылатын талап – баланың дарынын, музыкаға деген ынтасын, есту қабілетін бұрын тыңдап көрмеген жаңа әуенді есте сақтап, дәл жеткізіп қайталап беру, оның ырғағын сезіне білу мүмкіндіктерін жете тексеру. Баланың дене құрлысына, әсіресе саусақтарымен қол буындарының қимылдау ерекшеліктеріне де назар аудару қажет.

Қобыз сабағының алғашқы кезеңдер аспаппан таныстыру, оның құрлысын жете түсіндіріп, денені тік ұстап орындықта дұрыс отырудан басталады. Оқушы ең алғаш қобызды алып отырғанда, орындықтың ортаңғы бөлігінен алға таман жайғасып, сол аяғын сәл ілгері қойып аспаптың шанағын екі тізенің ортасына қысып ұстап, жоғарғы бөлігі (мойны) баланың иығы мен мойнының орта тұсына сүйеп қойылады.

Қобыз арша, үйеңкі, қарағай, шырша ағаштарынан тұтас ойылып жасалса, оның дыбысы қоңыр сазды келеді.

Қобыздың құрлысы қарапайым. Аспаптың мойны имектеліп келіп, кеудемен жалғасады. Кеуденің шанағы шұңғыл болып дөңгеленіп, төменгі жағы сүйірлене бітеді. Осы төменгі бөлігінің беті түйенің көң терісімен қапталады. Шанақтың тиегі болады. Мойнының жоғарғы жағында ішектерді қатайтып не босатып бұрайтын (құлақ күйін келтіретір) құлақтары орналасқан.

Қазіргі жаңартылған төрт ішекті прима қобыздың бұрауы (құлақ күйі) квинта тонына түсірілген.


Қобызды уйренудің негізгі баспалдағы


Қазіргі кезеңде халыктын және кәсіби музыканттардын арасында қобызда орындаушылық ерекшеліктерінің сақталуы, аспаптың өмір ағымының өзгерістеріне бейімділігінің арқасы ретінде бағаланады. Бүгінгі таңда ұлтымыздың музыка мәдениетіндегі сым қобызда орындау өнері, әсіресе техникалық жағынан, үлкен жетістіктерге жетті. Қобызда шебер ойнау-көптеген кәсіби оқушылардың қолынан келетін болды.

Қобыз аспабын меңгертуде табиғи, логикалық жүйеде баспалдақты түрде жаттықтырып, үйрету керек. Алғашқы ішек басып, ысқышпен әртүрлі дыбыс шығару әдіс-тәсілдерін және халықтың ән-күйлерін жаттығу ретінде қолданып, оқушыны орындаушылық шеберлікке жеткізу керек.

Оқушы ұлттық өнерге бойлай отырып, халық әндерін,күйлерін, Қазақстан компазиторларының шығармаларын және өлкелік сазгерлер шығармаларын нақышына келтіре ойнауға қол жеткізеді.Сонымен қатар, күрделі классикалық шығармаларды уйретуде ұстаздың атқаратын міндеті ерекще.Ұстаз оқушының есту қабілетін,екпін дәлдігін меңгеруге,мәнерлі фрозировка жасау сезімін қалыптастырады.Оқушыны үлкен сахна мәдениетіне тәрбиелейді.


  • Гаммалармен жұмыс

Гаммалар- қобыз техникасының барлық элементтерін дамыту құралы. Олар түрлі тональностерге таза дауыс ырғағымен интонациясын, нақты артикуляцияны, саусақты жүгіріп тұруын, тұрақты дыбысты және оның динамикасын дамытады. Позициядан- позицияға ауысу, ысқышпен ішектерді ауыстырудағы дайындықты, қос ішекте ойнаумен әр түрлі тәсілдік техниканы дамытуды жетілдіру үшін өте маңызды.

Оқытушы гаммалардың пьесалар мен концерттерді үйрену үшін дайындық материалы екеніне, олар қиындық туғызу үшін емес, олардан босату үшін арналғандарына оқушының көзін жеткізу керек.


  • Этюдтер

Этюд- орындаушының техникасын арттырып, шеберлігін шыңдау үшін арнайы машықтануға арналған шағын шығарма. Этюд гамма арпеджиомен қатар, оқушының техникалық дамуына көмек беріп, орындаушылық өнерді дамытуға көмектеседі.



  • Оқу процесіндегі күйлердің тиімділігі

Қобыз бен домбыра атадан балаға мирас болып жеткен көне аспаптарымыз. Ұстаздар болашақ қобызшыны музыкалық оқу орындарда жеке әртіс, ұстаз немесе оркестрант болуға тәрбиелейді. Мектеп, колледж бітірушілердің барлығы бірдей жеке орындаушы бола алмайды. Олардың көбі оркестрант болып, халық аспаптар оркестріне, ансамбліне орналасады. Сол себептен, қобызшыны жастайынан қазақтың күйлеріне, оның үніне, күйлердегі ерекше кездесетін ырғақтарымен екпініне бастапқы кездерге міндетті түрде үйрету керек. Күй арнайы күйсандықтың сүйемелдеуімен немесе домбырамен қосылып орындалады.


  • Күрделі және ірі формадағы шығармалармен жұмыс


Күрделі және ірі формадағы шығармалармен жұмыс жасау педагогиканың кең ауқымды міндеттерінің бірі. Бастапқы кезде оқушыға күрделі музыкалық форманы түсініп ойнау қиынға түседі. Бұл мәселе бірте-бірте кішігірім музыкалық пьесалардан бастап, күрделі ірі шығармаларға көшуге көмектеседі. Күрделі шығармаларды ойнау барысында бастапқы қиындықтардың бірі –ол туындының біркелкі ойыны мен бөлек бір эпизодтарын сезініп оларды бір-бірімен байланыстырып отыруы және де әр түрлі тәсілдерді орындауы әрі музыканың шығармашылық мазмұнын түсінуге байланысты. Бұндай шығармаларды орындаған кезде оқушы өз ойынынан ләззәт алуы тиіс және оқушы эмоцияналдық және физиологиялық жағынан да дайын болуы қажет.

Қорытынды

Оқушыны қобыз өнеріне сауатты, биік шығармашылық деңгейге жеткізу үшін, музыка мектептерінде бір аптада берілетін сағаттық апталық жүктеме бала үшін аздық етеді. Шығарма күрделенген сайын, оқушымен көп жұмыс істеуге тура келеді. Балалардың деңгейі өсіп жан-жақты тәрбиелеу мақсатында дамыту жұмыстарын жүргізу қажет. Балаларды байқау-фестивальға қатыстырып шеберлік деңгейлерін шыңдау мақсатында жұмыстану қажет. Әр балаланың деңгейі әртүрлі.Әр балаға жас ерекшелігене қарай әдіс-тәсілдерді қолдану.Үлкен жетістікке жету үшін әр балада жеке аспабы болу қажет.


Қобыз аспабында шебер ойнау үшін оқушының бойында:

1.Әуенді есту қабілеті жоғары.

2. Ырғақ қабылдау қабілеті жоғары.

3.Аспапты меңгеруге деген ынтасы жоғары болу керек, сонда окытушы- ұстаз да үлкен жетістікке жетеді деп ойлаймын. Тиімді оқыту әдіс- тәсілдерін қолдана отырып үйрету үлкен жетістікке жетуге, әр түрлі өнер сайыстарында өзін биік дәрежеде көрсете алуына жол ашады.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Развитие навыков ученика игры на кобызе

Автор: Кайыпова Сара Жуандыковна

Дата: 13.02.2023

Номер свидетельства: 625576

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(92) ""Работа над кобызовыми штрихами в младших классах""
    ["seo_title"] => string(53) "rabota_nad_kobyzovymi_shtrikhami_v_mladshikh_klassakh"
    ["file_id"] => string(6) "470965"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1527181370"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) "Вокально-хоровая  работа (по хору) для 1-3 классов "
    ["seo_title"] => string(51) "vokal-no-khorovaia-rabota-po-khoru-dlia-1-3-klassov"
    ["file_id"] => string(6) "215834"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1432806308"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "кюи Курмангазы и Таттимбета"
    ["seo_title"] => string(30) "kiui-kurmanghazy-i-tattimbieta"
    ["file_id"] => string(6) "312010"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459272552"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства