Қазақ халқының рухани, мәдени мұралары біз үшін, келешек жас ұрпақ үшін баға жетпес құндылық. Атадан балаға мұра болған киелі де қастерлі домбыра аспабының адам өмірінде алатын орны бір бөлек. Осы киелі домбыра аспабында шертпе күйдің атасы, күйші композитор Тәттімбет Қазанғапұлының халқымыздың музыка өнеріне қосқан үлес жеке бір тарих деуге болады. Домбыра аспабында күй өнерінің қыр-сырын жетік меңгергісі келген кез-келген ұстазбен осы аспапты жаңа үйреніп келе жатқан жас өнерпаз буындар Тәттімбет шығармаларына тоқталып кетпеуі мүмкін емес. Менің де осы ұлы күйші композитор атамыздың өнер алды туындыларының тарихилығына тоқталып, оның орындауы тәсілдерімен шығуына көңіл бөлуімде сол. Осы ізденіс жұмысымды жазу мақсатым – Тәттімбеттің шертпе күйінің құдіретін, орындалу қасиетін ашып, әр күйдің шығу тарихына көңіл бөлу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Тәттімбет күйлеріндегі ерекшеліктер»
№1 Балалар музыка мектебінің
домбыра сыныбының ұстазы
Қайроллаұды Жеңіс
Тәттімбет күйлеріндегі ерекшеліктер.
«Тәттімбет творчествосы қазақтың музыка тарихында ерекше орын алады, қанша уақыт өтсе де, қанша ғасыр артта қалса да оның әсем күйлері талай буынның рухани азығы болады»,-деп жазды академик А.Жұбанов.
Қазақ халқының рухани, мәдени мұралары біз үшін, келешек жас ұрпақ үшін баға жетпес құндылық. Атадан балаға мұра болған киелі де қастерлі домбыра аспабының адам өмірінде алатын орны бір бөлек. Осы киелі домбыра аспабында шертпе күйдің атасы, күйші композитор Тәттімбет Қазанғапұлының халқымыздың музыка өнеріне қосқан үлес жеке бір тарих деуге болады. Домбыра аспабында күй өнерінің қыр-сырын жетік меңгергісі келген кез-келген ұстазбен осы аспапты жаңа үйреніп келе жатқан жас өнерпаз буындар Тәттімбет шығармаларына тоқталып кетпеуі мүмкін емес. Менің де осы ұлы күйші композитор атамыздың өнер алды туындыларының тарихилығына тоқталып, оның орындауы тәсілдерімен шығуына көңіл бөлуімде сол. Осы ізденіс жұмысымды жазу мақсатым – Тәттімбеттің шертпе күйінің құдіретін, орындалу қасиетін ашып, әр күйдің шығу тарихына көңіл бөлу. Осы арқылы келешек ұрпақты күй өнерінің шеберлігін, орындалу тәртібін жетік таныстыру. Күй құдіретін, домбыра сырын ерекше сезіне біліп, жанымен сүйсінген, күй жанрының табиғи болмысын шынайы ұққан өнер адамын тәрбиелеп, жеке дара тұлғаны даялап шығу әр ұстаздың міндеті деп айтсақ та болады. Әр кәсіби орындаушы Тәттімбет күйінің орындалу тәсілімен шығу тарихын білмесе, түсінбесе онда ол күйді толық меңгере алмайды деп ойлаймын. Өнерде өзіндік қолтаңбасымен жарқырай көрініп, ол қолтаңбасы ұлттың рухани әлеміне құнарлы арна болып қосылған тұлғалар қай елде де, қай заманда да некен-саяқ.
Тәттімбет ұлттық музыка өнері аспанында жарық жұлдыздай жарқырап өткен сегіз қырлы, бір сырлы талантымен, өнерпаздығымен танылған суреткер –күйші-композитор.
Ол күй құдіретін, домбыра сырын ерекше сезіне біліп, жанымен сүйсінген, күй жанрының табиғи болмысын шынайы ұққан өнер адамы екендігін байқатады.
Қазанғапұлы Тәттімбет - қазақ халқының аспапты музыкасында қоңыр күйлердің дәстүрлерін қалыптастырып, тұтас бір мектептің орнығуына мұрындық болған ұлы күйші.
Домбырашылық өнер арғы ата-тегінен дарыған Тәттімбет Қазанғапұлы 1815жылы Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауданында дүниеге келген.
Өнердің бәрін де үйрену қажет деседі халық. Ешбір мектебі жоқ кездерде де халық таланттары жасөспірімдерді өнерге баулып, үйрете білген. Міне, сол өнерге қабілеті бар адамның оны үнемі дамытып отыруға ұмтылары хақ. Тәттімбет те сол бала кезінің өзінде-ақ музыка әлемінің сұлулығына ұмтылған жан. Алғаш домбыра тартуды әкесі Қазанғаптың інісі Әлиден үйреніп, анасы Ақбөпеден тәрбие алған.
Тәттімбет Қазанғапұлының шығарған 40-тан асқан күйлері «Сарыөзен», «Шайып қалды», «Қосбасар, «Сылқылдақ», «Жетім қыз», «Былқылдақ», «Сарыжайлау», «Азамат», «Бозайғыр», «Азына » т.б. қазақ мәдениетінің бір үлкен бөлшегі. Сондықтан да ол халық жүрегіне берік орнап, сұлулықтың, ізгі дүниенің бір мұрасы болып қалады. Тәттімбет күйлері өмірді терең түсінген, ойшыл, қиялшыл жаннаң сыры мен сезімін аңғартады. Ол негізінен лирикалық композитор. Шығармалары философиялық түйінділермен астасып жатады, ал музыка тілі көңілге қонымды, тез жатталғанымен орындауға қиын, күрделі болып келеді. Тәттімбет күйлеріндегі лирикалық сарындар, әуен толқындары қазақтың кең даласы мен оның сұлу табиғатын суреттейді. . Өйткені Тәттімбеттің күйлері ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, халықтың классикалық музыка қорына жатады. Тәттімбет күйлерінде адам айтып жеткізуге болмайтын сұлулық пен жарасымдылықтың сыры оның орындалудағы күрделілігіне, терең мағыналы ішкі философиясына тікелей байланысты.
Композитор «Саржайлау» күйін Майдасары жайлауына қоныстанған кезде, күз мезгілінде шығарған. Мұнда табиғаттың әсем суреті, жаз-сайраңдағы рахатты шақтар бейнеленеді. Күйдің ішкі философиясы табиғатты суреттеу арқылы жаз думанын бастан кешкен адам өмірінің қайта оралмас бұралаң жолдарын табиғат мезгілімен салыстыруды меңзейді. Күй табиғаты сыршыл, қиялшыл, мөлдір лиризмге толы. Нәзік нюанстары мен әсем ырғақты иірімдері тыңдаушысын бірден желпіндіріп, енді бірде тәтті мұң толқынымен тербетеді. Тәттімбет күйлерінде негізінен өмір тартысы, тағдыр тауқыметі, сұлулыққа құштарлық, алыс арман, сарғайған үміт, өкініш сарыны баяндалады. Ал «Былқылдақ»күйі жер атына байланысты (елінде былқылдақ атты сазды жайлау болған) шықты. Күйдегі романтика – мың бұралған өзен ағысы, бұлақтың қоңыраулы сыңғыры, тоғайдағы құстың әсем үні, сұлу табиғат тынысымен ұласып жатыр. Тәттімбет шығармаларының ең биік шыңы – «Көкей кесті». Бұл күйді сазгер өмірінің соңғы жылдарында шығарған. Мұнда халық шежіресінің ұлылығымен ұлағатты ақыл-ойдың парасаты толғанады. Домбыра орындаушылық шеберлігінде кездесе бермейтін екі қолға бірдей вибрациялық діріл толқынын түсіру арқылы және саусақтарымен жоғары қарай орап қағу «Көкей кестінің» өте күрделі туынды екендігін көрсетеді. Күйдегі орындаушылықтың жаңа пошымы, яғни шерту тәсілдерінің сан қырлы өрнегі – Тәттімбеттің күйшілік мектебін даярлай түседі. Сөйтіп, ол домбыра үніне «жан бітіреді», күйдің табиғатын, сырын ашады. Тәттімбет лирикасының тағы бір қырын ашатын «Сылқылдақ» күйі. Бұл күйді композитор өзімен күй сайысына түсіп, өнер көрсеткен домбырашы қызға арнап орындаған. «Сылқылдақ» күйінің музыка тіліндегі күміс қоңырау үні, әдемі әуен тыңдаушыға ерекше әсер қалдырады. Күй бойынан жастық жалын мен өмірге құштарлық лебі еседі. Күй сарыны Тәттімбетке тән композициялық ерекшелік қолтаңбасын даралап, оның шертпе күйдегі нақышын танытады.Тәттімбеттің «Қосбасар» күйінің бірнеше түрі бар. Осы аттас күйлер Тоқа, Әбді, т.б. халық күйшілерінде де кең өріс алған Әр «Қосбасардың» өз тарихы, айтары бар. Тәттімбет «Қосбасарлары» туған жер табиғатын, халық өмірін суреттейді. Тәттімбет күйші ғана емес, сөзге ұста, шешен, шыншыл, әділетті көксеген ақын жанды сері адам болған. Композитор «Бес төре» күйін халықты қыспаққа алып, жәбірлеген атқамінерлерге арнап шығарған. Бұл юморға толы туынды. Тәттімбет қоғамдық болмысқа сын көзімен қарап, өзінің шығармалық туындысы арқылы әлеуметтік бағыттын аңғартады.
Қорыта айтқанда, Тәттімбет Қазанғапұлының күйлерінің маңыздылығы мен ойнау тәсілінің қиындығын ашып отырмын. Бұл қиындықтың шешімі әр күйдің шығу тарихы мен ондағы композиторлардың баяндағысы келген жан айқайын жетік түсінген шебер орындаушы ғана оның орындалу стилін,ашып көрсете білеміз. Сонымен қатар, әрбір осы күй өнерінің құдіретін ұғынғысы келген жас жеткіншек шәкірттерімізге өрелі өнер иелері жайлы қызықты да әсерлі мәліметтерді бере аламыз деп ойлаймын. Қазақ халқының музыка өнері келешек ұрпақтың жүрегіне берік орнап, сұлулықтың, ізгі дүниенің бір мұрасы болып қалыптаса берсін.
Қолданылған әдебиеттер:
А. Жұбанов Тәттімбет. Ғасырлар пернесі:
Қазақтың халық сазгерлерінің өмірі мен шығармашылығы туралы очерктер.-Алматы. 2002.-203 б.
2. С. Ләмбеков, Тәттімбет. Хикаят.-Алматы: Өнер, 1993.-270 с
3. У. Бекенов Күй табиғаты.-Алматы :Өнер,1980-180 б.