Қазақтың ұлттық мейрамдары:* бесік той, шілдехана, тұсаукесер, сүндет той, үйлену тойы т.бНаурыз мейрамы- көне иран сөзі, қазақша «жаңа күн» дегенді білдіреді.Шешендік сөздер- қоғам өміріне, табиғат құбылыстарына байланысты терең ой, бейнелі тілмен айтылған халық шығармасы, тапқырлық сөздер мен тұжырымдыр.
Би-шешендер халық мүдессін қорғап ұлттық рухты орнықтырды .
Үш би Бұхаржырау
Қазақта өзіндік тұрмысына негізделген музыка өнері қалыптасқан. Көне заманнан бері 50-ге жуық әр түрлі музыкалық аспаптар болды .
Ұлттық аспаптар
Домбыра - қазақхалқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр , толғау , термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады.
ХІХ ғасыр қазақ ән өнерінің алтын ғасыры
Біржан сал
АҚАН СЕРІ
Үкілі Ыбырай
Сара Тастанбеккызы
Жаяу Муса
Естай Беркімбайұлы
Күй өнері- орындау мәнері, орындаушылық дәстүрмен және тақырыптардың әртүрлілігімен ерешеленедіАтақты күйшілер
Төкпе күйдің майталман шебері-Құрманғазы Сағырбайұлы(1806-1879жж) қазіргі Батыс Қазақстан обл. Жаңақала ауданы, Жиделі елді мекенінде дуниеге келген. Туындылары: «Ақбай», «Ақсақ киік», «Кішкентай», «Көбік шашған», «Қайран шешем», т.б
Сарыарқа жерінде шертпе күйдің тамаша үлгісін жасаған күйші- Тәтітімбет Қазанғапұлы (1815-1862жж) Қарқаралы тауының баурайында дүниегеи келді. Туындылары: «Былқылдақ», «Сылқылдақ», «Қосбасар», «Сарыжайлау», «Балбырауын» т.б
Ұлы сазгердің 40-тан астам күйі болған.
Қобыз — таңқаларлық пішінді және ғажайып сазды, бай тембрлі аспап. Кобыз ен коне аспаптардын бірі Қобыз екі шекті 40-қа тарта аттың ұзын қылы керілген ысқышы бар аспап. Қылқобыз аталуы да осыдан болар. Қобыз үнінің төмендеп қайта жоғарылап дыбыс шығаруы — шектеріне саусақтың ұшын ғана тигізіп, сәл ғана басып шертіп, керілген қылды ысқышпен үйкеп ысқылап тарту арқылы ысқышты аспапқа «іліп қойғандай» етіп көлденең ұстап ысқылап сүйкеп-сүйкеп көсеп-көсеп жібергенде флажолетті обертонды қою-қошқыл сазды мұңлы болып шығады.Біреулер қобыз үнін адам даусына ұқсатады ащы, зарлы, өксікті үн шығарады деген де пікір айтады. Кобыздын 4000 жылдык тарихы бар.
Қобыз күйі- қазақтың ерекше өнері деп саналады. Қобызды қасиетті музыка аспабы деп қазақтар аса қадір тұтады.ХІХ ғасырдағы Ықыласқа дейін дәулескер күйші-қобызшылар көп болған.
Қорқыт- түрік халықтарының ұлы ойшылы, жырау, қобызшы, бақсылардың қамқоршысы. Ол ІХ-Х ғ.ғ өмір сүрген оғыз тайпасынан шыққан.
«Ұшардың ұлуы» күйі ( күйі орындалады)
«Ұшардың ұлуы» - Қорқыт Атаның күйі. Көнеден келе жатқан аңыз-әңгімелерге сүйенсек, ,аяғы заманда бір заманда бір шаңырақ астында жалғыз ұл бала және ата-анасы өмір сүрген. Ұл баланың өзінің қатты жақсы көрген Ұшар атты иті болады. Бір күні бала өліп қалады да ата-анасы баланы жерлейді. Сол кезде Ұшар жоғалып кетеді. Анасы оны іздеуге барайын десе оны ұл баланың зиратының қасында ұлып жатқанын көреді. Бұл оқиғаны көрген Қорқыт Ата «Ұшардың ұлуы» атты күй шығарады.
Ықылас Дүкенұлы (1843 – 1916 жж) Қарағанды облысы, Жанарқа ауданы , Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Шу өзеннің бойы – бұрынғы «Сарысу» кеңшарының батысына қарай 30 км Қуарал деген жерде) – қазақтың атақты күйші қобызшысы, композитор, қылқобызда ойнаудың асқан дүлдүл шебері .