kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Музыка ?нері,музыка ж?не айтыс ?нері (жыраулар,сазгерлер а?ындар)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы:Музыка ?нері,музыка ж?не айтыс ?нері (жыраулар,сазгерлер а?ындар)

Саба?ты? ма?саты:

  1. Мы?да?ан жылдар бойы халы?ты? ?мірі мен т?рмысына алтын ар?ау бол?ан,салты мен санасына ба?ыт-ба?дар етіп са?та?ан ?дет-??рып,салт-д?ст?р,ырым мен тыйым,?деп пен жорал?ы,?аза? поэзиясы,музыка ?нері,айтыс ?нері сия?ты ?аза? м?дениеті мен тіршілігін насихаттау.
  2. О?ушыларды ?з ойын еркін жеткізуге,?лтты? за?дылы?тарды ба?алау?а,шы?армашылы? ізденіске,?з пікірін білдіре отырып,?орытынды жасау?а ой-?рісін дамыту.
  3. Сайыс ар?ылы досты??а,топта ж?мыс жасау?а,бір-біріні? пікірін ты?дау?а, ??рметтеуге,оларды? шешімін  сыйлау?а т?рбиелеу.

 

Т?рі:Сайыс

К?рнекіліктер: слайд,карточкалы? с?ра?тар

П?наралы? байланыс:?дебиет,Музыка, География

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Музыка ?нері,музыка ж?не айтыс ?нері (жыраулар,сазгерлер а?ындар) »


Пән мұғалімі: Абілқасымов Қуаныш Өмірзақұлы

Мектебі:ЖББ Көгеріс негізгі мектебі

Санаты:II

Тақырыбы:Музыка өнері,музыка және айтыс өнері (жыраулар,сазгерлер ақындар)

Сабақтың мақсаты:

  • Мыңдаған жылдар бойы халықтың өмірі мен тұрмысына алтын арқау болған,салты мен санасына бағыт-бағдар етіп сақтаған әдет-ғұрып,салт-дәстүр,ырым мен тыйым,әдеп пен жоралғы,қазақ поэзиясы ,музыка өнері,айтыс өнері сияқты қазақ мәдениеті мен тіршілігін насихаттау.

  • Оқушыларды өз ойын еркін жеткізуге,ұлттық заңдылықтарды бағалауға,шығармашылық ізденіске,өз пікірін білдіре отырып,қорытынды жасауға ой-өрісін дамыту.

  • Сайыс арқылы достыққа,топта жұмыс жасауға,бір-бірінің пікірін тыңдауға, құрметтеуге,олардың шешімін сыйлауға тәрбиелеу.


Түрі:Сайыс

Көрнекіліктер: слайд,карточкалық сұрақтар

Пәнаралық байланыс:Әдебиет,Музыка, География,


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру.

  1. Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  2. Оқушы зейінін сабаққа аудару


Сабағымызды бастамас бұрын қатысушыларымызды топқа бөліп алайық.Мына тұрған қағаздарды таңдап алыңыздар,кімге қай түс түссе,сол түс бойынша топқа біріге қалуларыңды сұраймын. (3 топқа отырғызу).

Топтың аты алдын ала белгіленіп қойған,олар-«Әншілер», «Күйшілер», «Ақындар».Топ басшыларын таңдап алады.

Сабағымызды бастайық!Қатысушыларға сәттілік тілеймін!


Сайыс 5 айналымнан тұрады.

1. «Зымыран сұрақтар»

2. «Менің тарихи сөздігім»

3. «Салт-дәстүрлер»

4. «Бұл кім?»Саяси портрет

5. «Менен сұрақ-сізден жауап»

1-айналым. «Зымыран сұрақтар»

Айналым шарттары мынадай-әр топ жеребе бойынша өз сұрағын таңдап алады да (Бір топқа-Не?Екінші топқа-Қайда?Үшінші топқа-Қашан? сұрағы түсуі керек),сол сұрақтарға 1 минут ішінде жауап беріледі.Барлық сұрақтар-5.Оның әрбіреуі-1 ұпайға тең.Ойын шарты түсінікті болса,бастайық!


Реті

Не?Кім?

Қайда?

Қашан?

1

Суырыпсалма ақындардың ауызша өлең түріндегі сөз жарысы:

Айтыс

Аталмыш кезеңде қазақтар шағын елді мекендерде-ауылдарда тұрды.Ауыл қайда орналасты?

Өзен,көлдің жағасында

Ең сұрапыл апатты жұт қашан болды?

1880 жылы

2

Атақты сазгер,әнші ақын,әрі балуан «Ғалия»әнінің авторы:

Балуан Шолақ, Нұрмағамбет Баймырзаұлы

1909 жылы Қажымұқан Мұңайтпасұлы классикалық күрестен дүниежүзілік біріншілікте жүлделі орынды жеңіп алды.Ол қайда өтті?Ригада

Қажымұқан Мұңайтпасұлы «Сигизмунд белдігі» атты мәртебелі жүлдені қашан жеңіп алды?

1913 және 1915 жылдары

3

«Шертпе» күйдің негізін салушы,40-тан астам күй шығарған лирик сазгер:

Тәттімбет Қазанғапұлы

Қазақтың аса ұлы күйшісі,күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлы қай жерде дүниеге келген?

Бөкей Ордасы Жиделіде

Құрманғазы Сағырбайұлы қашан дүниеге келген:

1806 жылы

4

«Ереуіл атқа ер салмай», «Соғыс», «Алайма,сұлтан,алайма!», «Баймағамбет сұлтанға айтқаны», «Тарланым», «Мұнар да мұнар,мұнар күн», «Қызғыш құс» өлеңдерінің авторы кім?

Махамбет Өтемісұлы

Суармалы егіншілік қай жерлерде жақсы дамыды?Жетісу,Оңтүстік Қазақстан,Шығыс Қазақстанда

Балық аулау және оны темір жолмен жөнелту үшін Арал поселкесі қашан салына бастады?

1905 жылы

5

«Ноғайлы босқыны», «Окоп», «Жұртта қалған» сияқты зарлы күйлердің авторы кім?

Қазанғап Тілепбергенұлы

Біржан сал Қожағұлұлы қай жерде дүниеге келген:

Солтүстік Қазақстан


Талантты және халық арасына кеңінен белгілі ,аса көрнекті композиторлардың бірі-Дәулеткерей Шығайұлы қашан дүниеге келді?1820 жылы



2-айналым. «Менің тарихи сөздігім»атты терминдер сайысы.

Шарты:әр топ кезек-кезек терминдер жасырылған ұяшықты таңдайды,соған сәйкес терминнің мағынасын түсіндірулері тиіс.Әрбір терминге дұрыс жауап бергендері үшін 1 ұпай беріледі.


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15


1.Жатақтар-қазақтардың көшпелі қоғамының кедейленіп қайыршыланған отырықшы өмір салтын қабылдаған бөлігі.

2.Қалмақы үй-қазақтардың төбесі шошақ үйлері

3.Қыстау-қазақтардың қыста тұратын баспанасы

4. Топалаң,қарасан,ақшелек,жамандат,кебенек- Мал аурулары

5. Өрт қою-Жазғы жайлаудан қайтқан қазақтар әдетте қураған күзгі шөпке өрт қоятын.Кейде мұндай өрт көктемде де қойыла беретін.Далалықтардың пікірі бойынша ондай өртенді жерде көктем кезінде шөп қалың шығады.

6.Атпа,шығыр-егістік жерді суару үшін қолданылатын құрылғы.

7.Аударыспақ-бозбалалар мен жігіттердің ойыны.Олар екі-екіден ортадағы алаңға шығып,бірін-бірі ат үстінен аударып түсіру үшін күш сынасады.

8.Этнография-халықтардың салт-дәстүрін,әдет-ғұрыптарын зерттейтін ғылым.

9.Жоңышқа-мал азықтық құнарлы дақыл.

10. Наурыз-жыл басы,жаңа жыл.Шығыс халықтарының көктемгі күн мен түн теңелгендігі мерекесі.Ол ежелгі заманнан бері наурыздың 21-інен 22-сіне қараған күні тойланады.

11.Саба,мес,торсық,көнек-қазақ халқының теріден дайындалған ыдыстары.

12.Рухани мәдениет-халықтың күнделікті өмірі,әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі,наным-сенімі,діні,тілі жатады.

13.Материалдық мәдениет-халықтың күнделікті қажеттілігін өтейтін,өмір сүруді қамтамасыз ететін бұйымдар,құралдар.

14.Қараша үй-малшы,шаруа үйі

15.Айгөлек- балалардың ең көп тараған ойыны.







3-айналым. «Салт-дәстүрлер»

Берілген тапсырма бойынша мәнін ашып түсіндіреді.

1-топқа:

1.Ерулік беру

2.Ат тергеу

3.Жылу жинау

4.Базарлық

5.Асату


2-топқа:

1.Байғазы беру

2.Асар

3.Сарқыт

4.Ат қою

5.Жасау


3-топқа.

1.Қалыңмал

2.Сүндет

3.Әмеңгерлік

4.Енші

5.Ұрын бару


4-айналым. «Бұл кім?»Саяси портрет

Әрбір топ конверт таңдайды Дұрыс жауап бергендері үшін 5 ұпай беріледі.

1-топқа:

1.Ақын,сазгер әрі әнші ретінде ел арасында кеңінен танылды.Екі сыныптық қазақ-орыс мектебінде сауат ашты,содан соң Петропавл қаласындағы медреседе оқыды.Араб,парсы,шағатай тілдерін жақсы білді.Ол махаббат лирикасы саласында көптеген ән шығарды.Оның әндерінде байлардың,старшындар мен болыстардың озбырлығы әшкереленеді.Ол әйелдердің теңсіздігін жою жөнінде жар салды. Оның «Айбозым», «Ақ тентек», «Ғашығым», «Айтбай»т.б.40-қа жуық әні бар.Ол кім?

Біржан сал Қожағұлұлы


2.Ол Қазақстанды зерттеуші ғалымдар Ш.Уәлиханов,Г.Потанин,А.Янушкевичтермен таныс болған.Ресей императоры II Александрды ұлықтау рәсіміне қатысқан.Ол халық арасына кеңінен тараған «Саржайлау», «Былқылдақ», «Сылқылдақ», «Сарыөзен», «Бес төре», «Қосбасар»сияқты әсерлі көркем лирикалық күйлер шығарды.Ол өз туындыларында қазақ жерінің,оның өзендері мен көлдерінің,таулары мен даласының сұлу табиғатын,көркем көрінісін жүрек қылын шерте отырып,нәзік сезіммен бейнеледі. Ол кім?

Тәттімбет Қазанғапұлы


2-топқа.

1.Қазақтан шыққан кәсіби балуан,еркін және классикалық күрестен дүниежүзінің бірнеше дүркін чемпионы.1911 жылы Варшавада өткен дүниежүзілік чемпионатта бірінші орынды жеңіп алып,Кіші алтын медальмен марапатталды.Мәскеуде,Киевте,Ригада,Минскіде,Парижде,Лондонда,Берлинде,Стокгольмде,Будапештте,Харбинде,Кабулда және Теһранда өткізілген халықаралық турнирлерде тамаша жеңістерге жетіп,жүлделі орындарды иеленді.Астанада,Семейде және Алматыда атақты балуанның атымен аталатын көшелер бар.1980 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Темірлан селосында балуанға арналған мемориалды мұражай ашылды.Ол кім?

Қажымұқан Мұңайтпасұлы

2.Сауатын ауыл молдасынан ашып,кейін Қызылжар қаласындағы медреседе оқыған.Ол бала кезінен өлең шығарып,музыкамен әуестене бастайды.Ол музыкалық-поэтикалық мол мұра қалдырды.Оның бізге 40-тан астам әні жетті.Оның «Алтыбасар», «Сырымбет», «Мақпал», «Ақтоқты» әндері бар.Оның әндерінде қоғамдық өмірдің әлеуметтік мәселелері,ел билеген әкімдердің озбырлық әрекеттері шебер бейнеленеді.Ол кім?

Ақан сері Қорамсаұлы



3-топқа.

1.Қазақ музыкасындағы әйгілі тұлғалардың бірі аса көрнекті ақын,композитор.Алғашқы сауатын ауыл молдасынан ашып,кейін Омбыда оқып білім алған.Ол өзінің өлеңдерінде жергілікті болыстардың зорлық-зомбылықтарын,патша үкіметінің отаршылдық саясатын батыл әшкереледі.Ол өзінің отаршыл үкіметіне қарсылығы үшін «қырдағы қауіпті адам» ретінде сотталып,Тобыл қаласына жер аударылады.Оның «Сүйіндік», «Бозторғай», «Толғау», «Жанбота», «Ғашығым», «Хаулау», «Ақ сиса» әндері бар.Ол кім?

Жаяу Мұса Байжанұлы


2.Қазақтың күй өнерін қобызда құйқылжыта шебер орындайтын дәулескер күйші.Ол патша шенеуніктері мен байларды әжуалаған «Жарым патша», «Бес төре»күйлерін шығарды.Оның «Жезкиік», «Кертолғау», «Аққу», «Жалғызаяқ», «Қорқыт сарыны», «Ерден», «Қазан» тағы басқа да ғажайып күйлері бар.Ол кім?

Ықылас Дүкенұлы


5-айналым.«Менен сұрақ-сізден жауап»

1.Қазақтың ұлы күйшісі,сазгер күйшіні ата?Қандай күйлерін білесің?неше күйі бар?

...................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

2.XIX ғасырдың атақты айтыс ақындарын ата:

..................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

3.XIX ғасырдың 40-60 жылдарындағы поэзияның жарқын өкілдерінен кімдерді білесіңдер?

..............................................................................................................................................................................................................................

4.1820-1887 жылдары аралығында өмір сүрген күйші,сазгер,домбыра өнеріндегі лирикалық бағыттың негізін салушы кім,оның күйлерін ата:

....................................................................................................................................................................................................................

5.Атырау облысы,Қызылқоға ауданы,Қарабау жерінде дүниеге келген айтыскер ақын,жырау,майталман жыршы,термеші, «Үш қиян» өлеңінің авторы,1843-1906 жылдары аралығында өмір сүрген кім?

.............................................................................................................................................................................................................................

6.Кіші жүз қазақтарының Исатай,Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне қатысушы және оның жалынды жыршыларының бірі халық ақыны:.........................................................................................................................................................................................

7.Тәттімбет Қазанғапұлы (1815-1862) Қарқаралы өлкесінде дүниеге келген.Оның қандай күйлері бар?

..................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

8.Қазақтың ұлттық ойындарын ата:.........................................................................................................................................................

.......................................................................................................................................................................................................................

9.Халық емшілерін жаз:................................................................................................................................................................................

10.Қазақтың сазгерлерін,ақындарын,күйшілерін жаз:.................................................................................................................................

.............................................................................................................................................................................................................................



Бағалау:

Оқушыларға берілген тапсырма арқылы өздерін бағалау парағы арқылы бағалады.

Үйге тапсырма:

§47.Қазақ поэзиясы мен музыка өнері

Музыка өнері,музыка және айтыс өнері (жыраулар,сазгерлер ақындар) Оқуға.

Ақындар,Күйшілер,Әншілер туралы қосымша мәлімет жинап келу.










































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Музыка ?нері,музыка ж?не айтыс ?нері (жыраулар,сазгерлер а?ындар)

Автор: Абилкасимов Куаныш Умирзакович

Дата: 28.03.2015

Номер свидетельства: 192801


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства