kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?йгілі Вена опералы? театры

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушылар?а ?йгілі Вена опералы? театры туралы а?парат беру. Балаларды? шы?армашылы? ?абілетін дамыту. о?ушыларды? музыка?а деген ?ызыушылы?ын ?алыптастыру, бас?а елді? м?дениетіне ??рметпен ?арау?а ?семдікке  досты??а т?рбиелеу. Жалпы ?аза?станда?ы театрлар т?рлеріменде таныса отырып, о?ушыларды? еркін ой-пікір алмасуына жа?дай жасау. Бірлесіп ж?мыс жасау ар?ылы ізденімпазды?, шы?армашылы? ?абілетін  дамыту.

?р кезе? бойынша топтарды? арасынан топ басшыларын  топта на?ты ж?мыс істеуге к?мек беру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?йгілі Вена опералы? театры »

Күні: 24.04.15ж

Сыныбы: 4«А»

Сабақтың тақырыбы: Әйгілі Вена опералық театры

Сабақтың мақсаты: 
Оқушыларға әйгілі Вена опералық театры туралы ақпарат беру.

 Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту. Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру, музыка пәніне деген қызығушылықтарын ояту. 

Басқа елдің мәдениетіне құрметпен қарауға, әсемдікке, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақты игеру
Сабақтың түрі: саяхат сабағы

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, топтық жұмыс
Көрнекіліктері: тақырыпқа байланысты слайдтық фильмдер, интерактивті тақта, плакаттар,күй табақ.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. 
Оқушыларды, келген қонақтарды психологиялық икемге келтіру.

«Сәттілік» тренингі. (оқушылар музыка әуенімен сыныпқа кіреді )

Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз ерекше. Сабағымызға қаламыздың түкпір-түкпірінен қонақтар келіп отыр. Олар, сендердің күш-жігерлеріңді, білімдерінді, еңбекқорлықтарынды бағаламақшы. Ендеше, бір-бірімізге бүгінгі сабағымыздың сәтті өтуіне тілек білдіріп, көңіл-күйімізді көтерейікші, сәттілік тілейікші.

Қуанамын мен де, (өзімді көрсетемін)
Қуанасын сен де, (жанындағы досымды көрсетемін)
Қуанайық, достарым, (бір біріміздің қолымыздан ұстаймыз)
Арайлап атқан күнге (қолдарымызды жоғары көтереміз)

 РАХМЕТ! 

Топқа бөлу: 1.Вена опера театры 2. Сидней опера театры 3. Орыстың Үлкен театры.
Балалар, менің білуімше ізденпаз балаларсыңдар. Сондықтан, бүгін біз сендермен  Еуропа елдерінің опералық театрларына саяхат жасаймыз. Вена опера театрымен танысқыларың келе ме? 
Ол үшін сендер, бүгінгі саяхат-сабағымызда, әр аялдамадан сүрінбей өтулерін керек, сонда ғана, біз сендермен Венаға жетіп, театрдың тарихымен таныса аламыз.
Ендеше, жол болсын!

I-топ «Орыстың Үлкен театры» аялдамасы. 
Бірінші аялдамамыздың сұрақтары мен тапсырмасы:

Орыстың үлкен театры жайлы не білеміз?

Хор музыкасы дегеніміз не?

Либретто деген не?

Оркестр дегеніміз не?

Симфониялық оркестр құрамына кіретін аспаптарды ата?

Артығын тап:

  • Опера, ария, увертюра, марш, либретто

  • Скрипка, виолончель, литавра, контрабас

  • Сопрано, тенор, бас, оркестр


Өте жақсы, балалар! Сендер алғашқы аялдамадан сәтті өттіңдер.

Ендеше, ары қарай кеттік. Поезда көңілді билеп отырайық, балалар!


II-топ «Сидней» опера театры аялдамасы.

Екінші аялдамамыздың сұрақтары мен тапсырмасы:
«Сидней» опера театры туралы не білеміз?

Ұрып ойнайтын аспаптарды ата?

Скрипка деген не?

Симфониялық оркестр дегеніміз не?

Увертюра деген не?

Өте жақсы, балалар! Сендер екінші аялдамадан да сәтті өттіңдер.

Сергіту сәті: «Көңілді күн»

Ендеше, ары қарай кеттік.

III- топ «Вена опера театры » аялдамасы.

Үшінші аялдаманың сұрақтары мен тапсырмасы:

  1. Вена опера театры жайлы не білеміз?

  2. Ария деген не?

  3. Сопрано, тенор жыр, опера оратория дегеніміз не?

Міне, балалар. Бүгінгі біздің саяхатымыздың соңғы  «Вена опера театры» аялдамасына дак еліп жеттік.. Мұқият тыңдап алайық. «Вена опера театры» атты тақырыптық слайдтық фильм. Слайдтарды көрсете отырып,  тарихын әңгімелеу. 

Әлемнің ең үздік театрларының бірі Австрия астанасы Вена қаласында орналасқан өнер ордасы 1869 жылы мамыр айында Моцарттың «Дон Жуан» операсымен ашылды. Театр ғимараты ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде біраз қиратылды.

1955 жылы ғимарат қалпына келтіріліп, Бетховеннің «Фиделио» операсымен ашылды. Әр жыл сайын театрда 60-тан астам жаңа операның тұсауы кесіліп, театр жылдың 285 күні жұмыс істейді. Сондай-ақ, театр жыл сайын «Опера балын» ұйымдастырады.

Вена- бүкіл әлемнің музыкалық астанасы. Себебі Венада бүкіл әлемге әйгілі атақты В.А. Моцарт, Й. Гайдн, Л. Бетховен, Ф. Шопен, И. Штраус сияқты композиторлар өмір сүрген және өздерінің ғажайып шағармаларын жазған. Сонымен қатар Венаны «Вальс отаны» да деп атаған.

Музыка тыңдау: В.А. Моцарт 40 симфония. Л.Бетховен «К Элизе»

В. А. Моцарт «Турецкий марш»

Л. В. Бетховен «Симфония-5»

Сабақты қорытыңдылау: Постер қорғау

  1. І топ: Симфониялық аспаптарды орналастыру.

  2. ІІ топ: Опера жайлы біз не білеміз?

  3. ІІІ топ: Опера негіздері?

Рефлексия: «Алма ағашы»  алмаларды орналастыру. (қызыл алма- сабақ өте жақсы,қызықты өтті;  сары алма- сабақ жақсы, маған бәрі түсінікті; жасыл алма - маған түсініксіз болды, мен сабаққа дұрыс қатыспадым) 

Ән орындау: «Аяулым мектебім».

Оқушыларды бағалау:

  1. Топты жинаған скрипка кілті бойынша бағалау.

  2.  Оқушыларды жинаған смайликтеры бойынша бағалау

Үйге тапсырма: В.А. Моцарт және Л. Бетховен жайлы мәлімет табу, жазу.

Осымен біздің бүгінгі сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар!











Ла Скала" театры - әлем мойындаған өнер ордасы

«Ла Скала» (италиян тілінде Teatro alla Scala или La Scala) — Милан қаласындағы опера театры. Театр ғимараты 1776-1778 жж. сәулетші Джузепе Пьермаринидің жобасымен Санта-Мария делла Скала шіркеуінің орнына салынған.1778 жылы 3 тамызда театр Антонио Сальери «Признанная Европа» операсымен ашылды.2001 жылы Ла-Скала қайта жөндеуге жабылып, барлық қойылымдар Арчимбольди театрына көшірілді. 2004 жылы қойылымдар есік ғимаратта жалғасты, Арчимбольди театры Ла-Скало театрымен тығыз байланыста. .XVIII ғасырдың соңында XIX ғасырдың басында театр репертуарында итальян сазгерлері П. Анфосси, П. Гульельми, Д. Чимарозы, Л. Керубини, Дж. Паизиелло, С. Майра опералары болды.Театр сахнасында Дж. Россинидің «Пробный камень» (1812), «Аврелиан в Пальмире» (1813), «Турок в Италии» (1814), «Сорока-воровка» (1817), Дж. Мейербераның  «Маргарита Анжуйская» (1820), «Изгнанник из Гренады» (1822), Саверио Меркадантенің шығармаларының премьералары өтті.1830 жылдан бастап театр репертуарында Г. Доницетти, В. Беллини, Дж. Верди, Дж. Пуччини шығармалары, сонымен қатар, «Пират» (1827) и «Норма» (1831) Беллини, «Лукреция Борджа» (1833) Доницетти, «Оберто» (1839), «Набукко» (1842), «Отелло» (1887) и «Фальстаф» (1893) Верди, «Мадам Баттерфляй» (1904) и «Турандот» Пуччини шығармалары енгізілді.Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде театр ойрандалып, 1946 жылы инженер Л. Секки қайта қалпына келтіріп, театр ашылды. Ла Скала опера театры неоклассикалық стилдің үлгісі, ал ішкі жағы XVIII ғасырдың сәулет өнерінің эталоны болып табылады. Музыка, опера және балет өнеріне құмар жандар бұл театрды әлемнің жеті кереметінің бірі деп есептейді. Ла Скала театрының концерттік маусымы желтоқсан-маусым аралығында өтеді. Күзде театрда симфониялық кештер өткізіледі. Маусым салтанатты түрде 7 желтоқсанда Милан жебеушісі Ардақты Амвросия күнінде ашылады. Қойылымдарға билет алу өте қиын. Билет сату алдын ала интернет немесе арнайы тапсырыс беру арқылы өткізіледі. Ақсүйек қауым өткен ғасырлардағыдай театрдағы ложаны қалайды. Саудагерлер мен қалталы американдықтар «Т аймағындағы» партерді таңдайды.Ал нағыз өнерсүйер қауым жоғарғы қатардағы орындарға жайғасады. Себебі, дыбыс акустикасы жақсы естіледі. Білгірлерді атауынша, «C-point» атты арнай нүктеге қадалып, Мария Каллас өз даусының зор мүмкіндіктерін сол жаққа қарай бағыттайды. Театр әкімшілігінің талабы бойынша премьералық қойылымдарға ер азаматтар қара түсті костюм мен галсту тағып келуге міндетті. Ал ханымдар кешкі көйлек пен ішіктерде кіре алады. Ұялы телефон, фотоаппарат, бас киім, қолшатыр гардеробқа өткізіледі.Ла Скала сахнасында әлемге танымал итальян және шетел опера жұлдыздары өнер көрсеткен. Метрополитен Опера театры - алып елдің әйгілі ордасы

Метрополитен Опера (Metropolitan Opera) – Америка Құрама Штаттарының белгілі опера театры. Нью-Йорк қаласында орналасқан театр 1883 жылы «Фауст» қойылымымен ашылды. 1966 жылы театр «Линкольн орталығына» көшті. Жаңа ғимараттағы театр жұмысы Барбердің «Антоний и Клеопатра» операсымен басталды. 

Метрополитен театры өз қызметін бастаған кезде көбінесе Вагнердің шығармаларын қойды. Театрда 1884-1891 жылдары дирижёр Дамрош, 1908-1910 жылдары Малер қызмет етті. 1910 жылы кез келген шығарманы түпнұсқа тілінде орындау дәстүрі бастау алды. Метрополитен Опера сахнасында Альбани, Зембрих, Имс, Мелба сынды атақты әншілер өнер көрсетті.

XX ғасырдың бірінші жартысында театрда Галли-Курчи, Дестинова, Джильи, Мельхиор, Пинца, Руффо, Тиббет, Флагстад және т.б. әншілер қызмет етті. Варни, Стибер, Такер сынды танымал әншілер өз шығармашылық жолдарын осы театрда бастаған. XX ғасырдың екінші жартысында Бастианини, Гобби, Каллас, Гедда, Гяуров, Дель Монако, Доминго, Кабалье, Лондон, Б. Нильсон, Паваротти, Л. Прайс, Сазерленд, Силс, Скотто, Тебальди, Шварцкопф Метрополитен Опера театрында танымал шығармаларды орындады.

Метрополитен Опера – Американың ең ірі мемлекеттік емес мәдениет ошағы. Театр «Метрополитен-опера хаус компани» акционерлік қоғамындағы қаржы негізінде құрылған.

Метрополитен Опера театрына әлі күнге дейін жеке тұлғалар мен коммерциялық мекемелер демеушілік етеді. Метрополитен Опера театрын «Мет» деп атайды.

Театрдың көркемдік жетекшісі – Джеймс Ливайн, бас директоры – Питер Гельб.Театр қыркүйек-сәуір айларында жұмыс істейді. Мамыр мен маусым айларында театр гастрольдік сапарларға шығады. Шілде айында театр труппасы Нью-Йорк қаласындағы саябақтарда тегін өнер көрсетеді.













Симфониялық оркестрі














Симфониялық оркестрі












Алматы қалалық эстродалық-симфониялық оркестрі







Ла Скала" театры - әлем мойындаған өнер ордасы









Л. В. Бетховен







В. А. Моцарт



Орыстың Үлкен театры

Вена операсы









Тәттімбет атындағы академиялық халық аспаптары оркестрі





, Казахский государственный академический оркестр народных инструментов имени Курмангазы


Конец формы





























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?йгілі Вена опералы? театры

Автор: Хуанар Дина Тойшан?ызы

Дата: 14.05.2015

Номер свидетельства: 211381

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "?йгілі Вене опералы? театры "
    ["seo_title"] => string(31) "ighili-vienie-opieralyk-tieatry"
    ["file_id"] => string(6) "171662"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423709841"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства