kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Грбенников Михаил

Нажмите, чтобы узнать подробности

Перспективный план для старшей казахской группы. По предмету музыка

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Грбенников Михаил»

«Утверждаю»

Заведующая детским садом

«Бакытты бала»

М.А.Елубаева ____________

«_____»__________2021 г.









2020-2021 оқу жылына арналған

музыка пәні бойынша

ұйымдастырылған оқу қызметінің


ПЕРСПЕКТИВТІК ЖОСПАРЫ


Мектепалды даярлық

тобы

























Қыркүйек

«Балабақша»


Тақырыптар

Мақсаты


Сағат

1 Апта

«Жақында мектепке барамыз» («Скоро в школу мы пойдем»)


1.Шығармалардың эмоционалдық мазмұнын, сипатын,көңіл-күйін ажырата білуді қалыптастыру. Дыбысты таза орындау,сөзін анық айтуға үйрету.

Музыканың ырғағына салып,аяқтың ұшымен жұптасып билеу. Ересектердің орындауындағы музыкалық пьесаларды тыңдау. 2. Музыкалық жанрды ажырата білу. Әннің сипатын қабылдау, даусын дұрыс келтіріп орындауға үйрету. Музыка сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау.






2




2 Апта

«Менің отбасым»

(«Моя семья»)


1.Музыкалық бейнені қабылдауға үйрету. Дыбыс ұзақтықтарын сақтай отырып,әнді нақты айта білу. Музыканыңсипатына сай қимылдарын өзгерту іскерлігін дамыту. Домбыра аспабымен таныстыру.

2. Музыкалық шығармаға өзінің қатынасын білдіру, оның мазмұны мен сипаты туралы пікірін айту. Әннің көңіл-күйін жеткізе білуге баулу.Мазмұнына сай қимыл-қозғалыс жасау. Балаларды топпен билеуге үйрету.






2





3 Апта

«Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай

біл де, талап қыл!»

(«Профессии разные нужны – профессии разные важны»)


1. Күйші Құрманғазының шығармашылығымен таныстыру. Әннің мәтінін әуенге қосып үйрету. Таныс би қимылдарын қолдана отырып, ойдан қимыл-қозғалыс ойлап шығаруды жетілдіру. Жоғары регистр, аспаптың дыбысталу тембрін ажырату.

2. Қобызда орындалатын «күй»жанрымен таныстыру.Қазақ халық әндеріне қызығушылығын арттыру.Дыбыс биіктіктерін ажырата білуге дағдыландыру






2





4 Апта

«Дені саудың жаны сау»

(«Растем здоровыми»)

1.Домбырада орындалатын «күй» жанрымен таныстыру Қолымен бағытын (жоғары-төмен) көрсете отырып, әуеннің жоғарғы- төменгі қозғалысын ажыратуға үйрету.Қимыл-қозғалысты бірге бастап бірге аяқтауға дағдыландыру.


2.Қобызшы Қорқыт шығармашылығымен таныстыру.Ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беруге үйрету.Би қимылдарының элементтерін орындау.







2




Қазан

«Жомарт күз»

Тақырыптар

Мақсаты

Сағат

1 Апта

«Қош келдің, Алтын күз!»

(«Здравствуй, Осень золотая!»)


1. Тыңдаған музыкалық шығарманы есте сақтау қабілеттерін арттыру.Ән айту ережелерін сақтай отырып,әннің көңіл-күйін жеткізу. Музыканың сипатына сәйкес ырғақты, мәнерлі жаттығуларды орындау. Музыкалық аспаптар туралы түсініктерін кеңейту.

2.Қазақтың ұлттық аспаптарының дыбысталуымен таныстыру. Ән айтқанда тынысты дұрыс қолданып орындауға үйрету. Музыка сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындауда үлкен шеңберден кіші шеңберге қайта тұру.






2




2 Апта

«Ас атасы-нан»

(«Из чего получается хлеб?»)


1. Музыкалық шығарманың мазмұны мен сипаты туралы пікірін айтуға үйрету. Дауысқа күш салмай,әнді хормен орындату. Халық биінің элементтерімен таныстыру.

2. Шығармалардың эмоционалдық мазмұнын, сипатын сезінуді қалыптастыру. Қиын емес әуендерді 2-3 жақын үндестікте дауысын дәл келтіріп орындауға үйрету. Мәтінге сәйкес әнді жеке сахналауға үйрету.






2





3 Апта

«Тірі және өлі табиғат»

(«Живое и неживое в природе»)


1.Музыканы тыңдау қабілеттерін арттыру. Дыбыстарды таза орындау, сөздерін анық айту.

Музыкалық тіркестерге сәйкес қозғалыстарды өзгерту, жылдамдық пен ептілік таныту.

2. Күйді тыңдату арқылы қазақ ұлттық аспабының дыбысталуымен таныстыру.Дыбыстарды таза орындау, сөздерін анық айту.

Марш екпінінде музыка әуенімен жаттығулар жасау.

Қазақтың ұлттық ұрмалы аспаптарында ойнауға үйрету






2






4 Апта

«Қазақстаның жыл құстары»

(«Перелетные птицы Казахстана»)

1.Музыкалық жанрды ажырата білуге үйрету.Әннің көңіл-күйін жеткізе білуге баулу. Ұлттық ойындардың көңілді сипатын бере білу. Таныс әуендерге салып сылдырмақ аспабында ойнау.

2. Күзгі табиғатқұбылыстарын музыка арқылы сезіне білуге тәрбиелеу.

Әннің көңіл-күйін жеткізе білуге баулу. Таныс би қимылдарын қолдана отырып, ойдан би ойлап шығару іскерліктерін жетілдіру.







2









Қараша

«Туған өлке байлықтары»

Тақырыптар

Мақсаты

Сағат

1 Апта

«Күз сыйы»

(«Осенние букеты»)


1.Музыкалық шығармаға өзінің қатынасын білдіруге үйрету.

Әннің сипатын қабылдау. Музыка сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындауға ынталандыру. Күйдің ырғағына салып,асатаяқ аспабында ойнау.


2.Музыканы есте сақтау қабілеттерін арттыру. Әнді дауысын келтіріп орындауға үйрету.

Қол ұстасып шеңберде айтылатын әндермен шеңберді айналып жүру.






2



2 Апта

«Жабайы табиғат әлемі»

(«МИр дикой природы»)


1.Музыканың мазмұны мен сипаты туралы пікірін айтуға үйрету. Әннің сипатын қабылдап, мазмұнына сай орындай білуге дағдыландыру.Музыка әуеніне сәйкес қимылдарды ауыстыру,шығарманың аяқталуын сезіну.


2. Музыка тыңдату арқылы ұлттық сезімдерін ояту. Күрделі емес әуендерді 2-3 жақын үндестікте дауысын келтіріп орындауға үйрету. Марш екпінінде музыка әуенімен жаттығулар жасау.

Аспаптың дыбысталу тембрін ажыратуға баулу.






2





3 Апта

«Мен және қоршаған орта»

(«Я и окружающая среда»)

1. Қобызшы Қорқыт шығармашылығымен таныстыру.

Септима мен терция дыбыстарын ажырату. Музыка сипатына сәйкес қимылдарды ырғақты, мәнерлі орындауға дағдыландыру.

Күйдің ырғағына салып,асатаяқ аспабында ойнау.


2. Музыкалық шығармаға өзінің қатынасын білдіруге үйрету.Қолымен бағытын (жоғары- төмен)көрсете отырып, әуеннің жоғарғы- төменгі қозғалысын ажырату.






2






4 Апта

«Менің туған өлкем»

(«Мой край родной»)

1.Музыканың мазмұнын,әсерлі реңктерін ажыратуға үйрету. Әннің ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беруге баулу. Би қимылдарының элементтерін орындау. Балаларға таныс ұрмалы аспаптарда ойнату.


2. Тыңдаған музыканы есте сақтау қабілеттерін арттыру.Ән айту ережелерін сақтай отыра,әннің көңіл-күйін жеткізу.

Үлкен шеңберден кіші шеңберге қайта тұруды үйрету.








2





Желтоқсан

«Менің Қазақстаным!»


Тақырыптар

Мақсаты

Сағат

1 Апта

«Елін сүйген - Елбасы» («Золотая колыбель Президента»)


1.Музыканы Отанға деген сүйіспеншілік сезіммен тыңдауға үйрету. Ән айтқанда дұрыс тыныс алуды үйрету. Музыка әуеніне сәйкес қимылдарды ауыстыру.Музыкалық аспап туралы түсініктерін кеңейту.

2. Музыканың мазмұны мен сипатын сезініп, пікірін айтуға үйрету.

Әннің кіріспесін, басын, қайырмасын ажыратуға дағдыландыру.

Халық биін үйрету арқылы көркем мұрамен таныстыру.






2




2 Апта

«Қызықты қыс мезгілі!»

(«Зимы прекрасная пора»)


1.Музыка тыңдату арқылы балаладың патриоттық сезімдерін ояту.

Ән айтқандадыбысты таза айтуға үйрету. Үйренген биді қайталап, қимылды ырғақты, мәнерлі орындауға дағдыландыру. Домбыра аспабының құрылысын қайталау және қағыстарды көрсету.

2. Музыкалық шығармалардың эмоционалдық мазмұнын ажырата білуге жаттықтыру.

Әнді дұрыс айтуға, демді бөлмей шығаруға үйрету.Музыканы тыңдап, вальс ырғағына жүру.






2





3 Апта

«Өнер көзі - халықта» («Народ – источник искусства»)


1.Тыңдаған музыканы есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Әнді көңілді, жеңіл айтуға машықтандыру.

Қол ұстасып шеңберде айтылатын әндермен шеңберді айналып жүруді жетілдіру. Таныс әуендерге салып сылдырмақ аспабында ойнау.

2. Музыкалық жанрды (күйді)ажырата білу.

Әннің ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беруге баулу. Қимыл-қозғалысты бірге бастап бірге аяқтауға дағдыландыру. Күйдің ырғағына салып,асатаяқ аспабында ойнау.






2






4 Апта

«Қош келдің, Жаңа жыл!»

(«Здравствуй, Новый год!»)

1.Музыкадағы ырғақтың мәнерлілігін ажырата білу.

Әннің сипатын қабылдап, дауысын дұрыс келтіріп орындауды жетілдіру.Би қимылдарының элементтерін орындау.Қобыз туралы түсінік беру.

2.Музыкалық шығармалардың мазмұнына эмоциялық қатынастарын білдіру. Қиын емес әуендерді 2-3 жақын үндестікте дауысын дәл келтіріп орындауға үйрету. Қазақ биі қимылдарын ырғақты, мәнерлі орындауға үйрету.Таныс әуендерге салып қазақтың ұрмалы музыкалық аспаптарында ойнау.







2






Қаңтар

«Туған өлкенің табиғаты»

Тақырыптар

Мақсаты

Сағат

1 Апта

«Қыс қызығы»

(«Зимние забавы»)




1.Музыкалық мәнерлілік құралдары мен сипатын ажырата білу қабілетін дамыту. Бір дыбыста құрылған әуеннің бөліктерін дәл ырғағымен дербес орындауға ынталандыру. Музыканың ширақ сипатын жеңіл бере білуге үйрету. Ересектердің орындауында халық әуендерін тыңдау.

2.Домбыраның дыбысталуы бейнеленген пьесаларды тыңдауға дағдыландыру. Әннің айтылуындағы терция дыбыстарын ажыратуға үйрету. Ырғақты жүгіріспен беруге баулу. Жеңіл әуендерді ансамбльмен балаларға арналған музыкалық аспаптарда ойнау.





2


2 Апта

«Қардың пайдасы»

(«Для чего нужен свет?»)


1.Лирикалық, вальс ырғағындағы байсалды әуендерді тыңдауға үйрету. Қолымен бағытын көрсете отырып, әуеннің жоғарғы- төменгі қозғалысын ажырату. Қимылдарды тізені жоғары көтеріп Таныс әуендерге салып музыкалық аспаптарда ойнау.

2.Музыкалық шығарманы тыңдап, мазмұнын сипаттап беруге үйрету. Қолымен бағытын көрсете отырып, әуеннің жоғарғы- төменгі қозғалысын ажырату. Ұлттық билердің элементтерін орындау. Жеңіл әуендерді ансамбльмен балаларға арналған музыкалық аспаптарда фортепианоның сүйемелдеуімен қосылып айту.





2





3 Апта

«Қазақстанның қыстайтын

құстары»

(Зимующие прицы Казахстана»)

1. Лирикалық, вальс ырғағындағы байсалды әуендерді қабылдап, пьесаның билеуге икемді сипатын сезініп, қарқындық өзгерісін белгілеуге үйрету. Бір дыбыста құрылған әуеннің бөліктерін дәл ырғағымен дербес орындауды дамыту. Музыкаға сәйкес заттармен қимылдар орындау.Металлофон аспабы туралы түсінік беріп,таныс әнді ойнату.

2. Қазақстан композиторларының шығармашылықтарымен таныстыру. Фортепианоның сүйемелдеуімен жалғыз ән айтуға үйрету. Музыка сипатын би қимылдарында бере білу.






2




4 Апта

«Аңдардың қысқы тіршілігі»

(«Как зимуют звери?»)

1.Қазақстан композиторларының шығармашылығымен таныстыру. Фортепианоның сүйемелдеуінсіз ән айту. Музыкаға сәйкес саптағы орнын өзгерте отырып, кеңістікте еркін бағдарлауға үйрету.

2.Қыс құбылыстарын музыканы тыңдату арқылы сезіне білуге үйрету. Фортепианоның сүйемелдеуімен топпен ән айту дағдыларын жетілдіру. Сюжетті ойындарды сахналауға үйрету. Әнді металлофонда ойнау.






2




Ақпан

«Бізді қоршаған әлем»

Тақырыптар

Мақсаты

Сағат

1 Апта

«Техника және біз»

(«Техника и мы»)


1.Музыкалық шығарманы сипаттай білуге үйрету.

Сезіммен, ырғаққа сәйкес, ырғақтық бейнесін сақтай отырып, сөздерді анық айту. Музыка сипатына сәйкес таныс би қимылдарын қолданып, би ойлап шығаруға баулу.

2. Музыкадағыбейнелердің дауысын

танып,ажырата білу.Әннің сөзін анық айтуға дағдыландыру. Музыкаға сәйкес қозғалыс бағытын жеңіл, еркін және нақты ауыстыра отырып орындауға баулу. Аспапта әуеннің ырғақтық бейнесін анық бере отырып ойнау.






2




2 Апта

«Көлік»

(«Транспорт»)


1.Музыка тыңдату арқылы ұлттық аспапқа деген қызығушылығын арттыру. Динамикалық ерекшелікті көрсете отырып, эмоционалды түрде ән айтуға баулу. көңілді музыка әуенімен жеңіл жүгіру.

2. Музыканың мәнерлілік құралдары мен сипатын ажырата білу қабілетін дамыту. Әннің сөздерін анық

және фразалар арасында дұрыс тыныс алып, айтуға баулу. Би қимылдарын орындату арқылы әсемдікке тәрбиелеу.Ұрмалы аспаптармен ырғақты дұрыс ұстау.





2





3 Апта

«Ғажайыптар әлемінде»

(«В мире невнроятного»)


1. Лирикалық, вальс ырғағындағы байсалды әуендерді қабылдап, пьесаның билеуге икемді сипатын сезініп, қарқындық өзгерісін белгілеуді дамыту. Терция дыбыстарын ажырата білу.Байсалды, баяу және көңілді, би күйін мәнерлі жеткізуге машықтандыру.Әуенді аспапта ойынмен бірге сүйемелдеу.

2. Музыканы тыңдап, мазмұнын сипаттап беру. Әнді тынысты дұрыс қолданып орындау. Бейнелік би қозғалыстарын қолдана отырып, әндерді сахналау.Музыкалық аспаптарда фортепианоның сүйемелдеуімен, әнді қосылып айту.







2







4 Апта

«Теңіздер мен мұхиттар  әлемінде»

(«Мир морей и океанов»)

1.Музыкалық мамандықтармен таныстыру.Фортепианоның сүйемелдеуімен ән айту.Шеңбер бойымен аяқтың ұшымен билеуге баулу.

Сылдырмақ пен бубенде ойнату.

2. Музыканыңмәнерлілік құралдарын қабылдау қабілеттерін дамыту. Әнді үндесе қосылып айтуға үйрету. Сюжетті ойындарды сахналауға үйрету.






2










Наурыз

«Табиғаттың гүлденуі»

Тақырыптар

Мақсаты

Сағат

1 Апта

«Алғашқы тамшылар»

(«Зазвенела первая капель»)


1.Күйді ажырата білуге үйрету.Әнді динамикалық ерекшелікті көрсете орындау.Музыкаға сәйкес қозғалыс бағытын жеңіл, еркін

және нақты ауыстыра отырып орындау.

2.Музыкалық шығарма туралы әңгімелеуге талпындыру. Бір дыбыста құрылған әуеннің бөліктерін дәл ырғағымен дербес орындауға баулу.Ересектердіңорындауындахалықәуендерінтыңдау






2




2 Апта

«Жылғалар

дан су ақты»

(«Весенние ручьи»)


1.Домбыраның дыбысталуы бейнеленген пьесаларды әсерлі реңкі мен музыкалық мәнерлілік құралдарын белгілей отырып тыңдауға дағдыландыру.Әнді көңілді,жеңіл орындау.Музыка сипатын би қимылдарында бере білуге баулу.

2.Музыкалық шығармаларға эмоциялық қатынастарын дамыту.Бір дыбыста құрылған әуеннің бөліктерін дәл ырғағымен дербес музыкалық сүйемелдеумен орындау.Музыкаға сәйкес заттармен қозғалу, саптағы орнын өзгерту. Металлофонда ойнау.






2





3 Апта

«Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!»

(«Наурыз зовет друзей!»)


1.Лирикалық, вальс ырғағындағы байсалды әуендерді қабылдау. Қолмен бағытын көрсете отырып, әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын ажыратуды жетілдіру. Көңілді музыка әуенімен тізені көтеріп жүгіру. Ұрмалы аспаптармен ырғақты дұрыс ұстауға үйрету

2. Қазақстан композиторларының шығармашылықтарымен таныстыру.Ән айтуда денені түзу ұстап, дыбысты еркін шығару.Түрлі сипаттағы музыкамен байланысты музыкалық-ойын бейнелерін мәнерлі жеткізу қабілеттерін дамыту.







2






4 Апта

«Көктем жаршысы-құстар»

(«Первые весенние птицы»)

1.Ұлттық музыкаға деген сүйіспеншілігін арттыру. Терция дыбыстарын ажырата білуді дамыту. Сюжетті ойындарды сахналауға үйрету.Балаларды ансамбльмен ойнауға баулу.

2.Музыканы мұқият тыңдауға дағдыландыру.Сөздерді анық және фразалар арасында дұрыс дем алып, музыкалық кіріспеден соң бірден бастап айту. Музыканың ширақ сипатын жеңіл, ырғақты жүгіріспен беруге баулу. Жеңіл әуендерді ансамбльмен ойнау.






2











Сәуір

«Біз еңбекқор баламыз»


Тақырыптар

Мақсаты

Сағат

1 Апта

«Көктемгі егістік»

(«Весенняя посевная»)


1.Аспаптардың үнін ажырата білуге үйрету.Қолмен бағытын көрсете отырып, әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын ажырату. Би қозғалыстарын қолдана отырып, әндерді сахналау.Металлофон аспабында таныс әнді ойнату.

2.Бейненің мазмұны мен музыкалық мәнерліліктің элементтерін байланыстыру, шығарманы сипаттай білуге үйрету.Әнді фортепианоның сүйемелдеуімен орындау. Қимылдарды музыка ырғағымен сәйкестендіре білуге дағдыландыру.






2




2 Апта

«Қазақстан

ның ғарышкер

лері»

(«Космонавты Казахстана»)


1.Музыкалық мәнерлілік құралдары мен сипатын ажырату қабілетін дамыту. Динамикалық ерекшелікті көрсете отырып, эмоционалды түрде ән айту, тынысты дұрыс алуды жетілдіру. Музыкаға сәйкес үйлесімді қимылдар жасауға талпындыру.

2.Музыкадағы ырғақтың мәнерлілігін ажырата білу.Қолымен бағытын көрсете отырып, әуеннің жоғарғы- төменгі қозғалысын ажырата білуге дағдыландыру. Музыка сипатына сәйкес таныс би қимылдарын қолданып, би ойлап шығару қабілетін дамыту.Күйдің ырғағына салып,асатаяқ аспабында ойнау.





2





3 Апта

«Көктемгі ағаштар»

(«Деревья весной»)

1. Музыканы есте сақтау қабілеттерін арттыру. Әнді ырғақтық бейнесін сақтайотырып, сөздерін анық айтуды жетілдіру. Бейнелік би қозғалыстарын қолдана отырып, әндерді сахналау.Домбыра аспабының құрылысын қайталау және қағыстарды көрсету.

2. Домбыраның дыбысталуы бейнеленген пьесаларды тыңдауға баулу. Терция дыбыстарын ажыратуды жетілдіру. Биді орташа екпінде орындау.






2




4 Апта

«Жайнай бер, Қазақста

ным!»

(«Цвети, мой Казахстан!»)

1.Музыка мен сөз арасындағы үндестікті сезіне білуге баулу.Бір дыбыста құрылған әуеннің бөліктерін дәл ырғағымен дербес орындау. Ұлттық билердің элементтерін үйрету. Металлофон аспабында таныс әнді ойнату.

2.Музыканың сезімдік мазмұнын бейнелей білуге үйрету. Әннің сөздерін анық айту, фразалар арасында дұрыс тыныс алуды жетілдіру. Саптағы орнын өзгерте отырып, шеңбер бойымен аяқтың ұшымен билеу.







2









Мамыр

«Әрқаша күн сөнбесін!»


Тақырыптар

Мақсаты

Сағат

1 Апта

«Бір шаңырақ астында»

(«В семье единой»)


1. Ұлттық музыкаға деген сүйіспеншілігін арттыру. Динамикалық ерекшелікті көрсете отырып, эмоционалды түрде ән айту, тынысты дұрыс алу.Музыканың ширақ сипатын жеңіл, ырғақты жүгіріспен беруг е дағдыландыру.

2.Қазақстан композиторларының шығармашылығымен таныстыруды жалғастыру.Фортепианоның сүйемелдеуінсіз жеке ән айту дағдыларын қалыптастыру. Баяу және көңілді музыка ырғағын би қимылдарымен мәнерлі жеткізу.Металлофон аспабында оркестрде ойнауға үйрету.






2




2 Апта

«Бейбітшілік қорғанында»

(«На страже мира»)


1.Музыкалық мәнерлілік құралдары мен сипатын ажырату қабілетін дамыту.Әннің сөзін анық айтуға дағдыландыру.Музыкаға сәйкес қозғалыс бағытын жеңіл, еркін ауыстыруға үйрету.Тұяқтас аспабымен танысып, әуенге ырғақпен ұру.

2.Лирикалық ырғақтағы әуендерді қабылдау.Фразалар арасында дұрыс дем алып, әндімузыкалық кіріспеден соң бірден бастап айтуды жетілдіру.Тізені көтеріп жүгіруді орындау.






2





3 Апта

«Салт-дәстүрлер және  фольк

лор»

(«Традиции и фольклор»)


1.Вальс ырғағындағы байсалды әуендерді қабылдауға баулу.Әннің сөзін анық айтуға дағдыландыру.Ұлттық билердің элементтерін орындауға талпындыру.

2.Аспаптардың үнін ажырата білуге үйрету.Бір дыбыста құрылған әуеннің бөліктерін дәл ырғағымен дербес орындауды жетілдіру.Әндерді сахналау қабілеттерін дамыту.Жеңіл әуендерді ансамбльмен балаларға арналған музыкалық аспаптарда ойнау.







2




4 Апта

«Жайдары жаз келді!»

(«Здравствуй, лето красное!»)

1.Күйді ажырата білу.Музыкалық сүйемелдеумен топпен ән айтуға дағдыландыру.Музыкаға сәйкес үйлесімді қимылдар жасауға талпындыру.

2. Аспаптардың үнін ажырата білуге үйрету. Ән айтуда дұрыс тыныс алуды жетілдіру.Музыканың ширақ сипатын жеңіл, ырғақты жүгіріспен беру. Таныс әуендерге салып музыкалық аспаптарда ойнау.




2


ИТОГО


72







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Грбенников Михаил

Автор: Грбенников Михаил Викторович

Дата: 17.02.2021

Номер свидетельства: 573405

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Грбенников Михаил Викторович"
    ["seo_title"] => string(30) "grbennikov_mikhail_viktorovich"
    ["file_id"] => string(6) "573404"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1613531702"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства