Просмотр содержимого документа
«Ана – ?мірді? г?лі »
Дәмді орта мектебі
Сабақтың тақырыбы: Ана – өмірдің гүлі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: әнді мазмұнына байланысты мәнді, мәнерлі, толғана сезініп орындауға үйрету. Ұлт аспаптар жайлы білімдерін кеңейту;
Дамытушылық: баланың әнге деген қызығушылығын арттыру, орындаушылық шеберліктерін дамыту
Тәрбиелілік: мейірімділікке, сый – құрметке, ұлтқа тән жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу;
Назарларын сабаққа аудару;
Сабақтың мақсатын анықтау.
ІІ. Үйге берілген тапсырмаға шолу
Домбыра қандай аспап?
«Айгөлек» әнін І – шумағын жатқа айт
Тембр дауыстың несін көрсетеді?
Ысқышпен ойналатын қандай аспап?
Қорқыт қандай аспапта ойнады?
Тиектің орнына асық қойылатын қандай аспап?
«Айгөлек» әнінің ІІ – шумағын жатқа айт
Сазсырнай аспабы қалай ойналады?
«Айгөлек» әнінің қайырмасын жатқа айтып бер
ІІІ. Жаңа сабақ
«Не тәтті?» аңыз – әңгіме
Жиренше шешен бір күні жолда келе жатып, алдынан кездескен бір баладан: - Дүниеде не тәтті, балам? – деп сұрайды.
Сонда бала:
Бал тәтті, - деген екен
Ал жұмсақта не жұмсақ?
Мамық жұмсақ
Қатты да не қатты?
Тас қатты
Бұл баланың жауабын тыңдап тұрған екінші бала:
Осы сұрағыңызға мен жауап беріп көрейінші, рұқсат етіңізші, - деп өтінеді,
Айта ғой, балам, не тәтті? – дейді Жиренше
Ананың сүті, - деп жауап береді бала.
Не жұмсақ? – Ананың қолы.
Ал не қатты? – деп сұрағанда
Ананың жүрегі, - деген екен.
Жиренше шешен екінші баланың жауабына риза болып, батасын берген екен.
Ендеше, балалар біздің бүгінгі сабағымыз аналарымыздың мерекесіне арналады. (Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру)
Қазір жылдың қай мезгілі?
Аналар мерекесі қашан?
Кім анасын қатты жақсы көреді?
Ия, балалар, біз бәріміз де анмызды қатты жақсы көреміз! Ана сөзі өте ыстық. Адамдағы барлық асыл қасиет ананың ақ сүтінен нәр алған. Анасыз ақын да, әнші де, күйші де шықпайды.
ІV. Музыка тыңдау
«Абзал ана» ә
Авторы: қазақтың маңдайалды дарын иесі, күй атасы – Құрманғазы.
V. Музыкалық анализ
1. Музыка қандай екпінде орындалды?
2. Музыкада қандай аспаптардың дыбыстары басым естілді?
3. Ырғағы қандай?
VІ. Ән үйрену
«Құттықтаймын, мама!»
Сөзін жазған: М. Мақатаев
Музыкасын жазған: Н. Тілендиев
V. Қорытынды
«Гүл сыйлайық!» ойыны
Мұғалім – сатушы, оқушылар – сатып алушы.
Ана туралы мақал айт
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған
Ол кім?
Әнге музыка жазатын адамды кім дейміз?
Әже туралы бір ән орындап бер
Сілкіп ойналатын аспап қалай аталады?
7. 8. Ана туралы өлең оқып бер
Біз бүгін қандай күй тыңдадық? Кімге арналған?
Күйдің авторы кім болды?
Біз үйгенген ән?
Әннің авторлары?
VІ. Үй тапсырмасы
Әнді жаттау
VІІ. Бағалау
«Ана – өмір гүлі» ашық сабақ Музыка 2 – сынып Назарбаева Бекзат Нуржановна