Просмотр содержимого документа
«Внеклассное работа по музыке»
Зияткерлік ойын «Өнер әлемінде»
Мақсаты: Бейнелеу өнері және музыка пәндеріне деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың икемділігін, шеберлігін, ойлау қабілеттілігін дамыту. Оқушыларға эстетикалық тәрбие бере отырып өнерге баулу.
Әр сыныптан 5 сайыскерлерден қатысады, бір-біріне келіп таныстырып есептеуші уақыт бойынша сұрақтарға жауап береді.
Әділқазылар алқасы ұпай беріп отырады. Оқушылар бір-біріне қарама- қарсы отырады.Екі топ бірігіп мектептің ұраның айтады.
Мұғалім: Балалар, бүгін VI кезеңнен тұратын зияткерлік ойын өткізудеміз. Берілген тапсырмаларға жауапты тез беруге тырсыңыздар. Берілген белгі арқылы, аты аталған соң оқушы жауап бере алады. Егер жауап дұрыс болмаса, келесі бала жауап бере алады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
Сәттілік тілеймін!
Iтоптың аты- «До-ми-соль » ка.
«До-ми-соль» ка атында келдік біздер жарысқа
Өнеріміздің сырларын
Баяндаймыз сайыста.
II топтың аты- «Палитра»
Палитра атты тобымыз
Көп нәрседен хабармыз
«До- ми- соль» ка атты топпен сайысуға даярмыз.
III топтың аты- «Дарын»
Дарын болып өстік біз, Ән үйреніп-би билеп. Өнерліміз қашанда, Сайысамыз бәріміз.
I Айналым:Бәйге. Сайыскерлер 20 сұраққа жауап береді.
- Алғашқы драма театры қай қалада, қашан ашылды? - Суға жақсы еритін бояу? - Қазақтың халық аспаптар оркестірін кім басқарды? - Табиғат көрінісін бейнелейтін көркем шығарманы не деп атайды? - «Қара таудың басынан көш келеді-ай»деген өлең жолы бар әнді ата? - Жобалық сурет деген не? - Көп адамдардың бірігіп ән айтуын не деп айтады? - Заттардың көркем үлгісін жасап шығаратын өнер түрін ата?
-Әлем халқтарының кәсіби музыка өнерін дамытқан композиторларды ата? - Көркем шығарманы үйлестіріп құрастыруды не дейміз? - Қорқыт атаның өзінің ойлап тапқан аспабы туралы айту. - Заттар мен бұйымдар бейнеленген көркем шығарманы не дейміз? - Симфония дегеніміз қандай музыкалық шығарма? - Адам келбетін бейнелейтін жанр. - Симфониялық оркестірге қандай аспаптар жатады? - Натюрморт жанрын қандай техникалармен орындайды? - Хор неше дауыс-қа бөлінеді және олардың түрлерін ата? - Палитра дегеніміз не? - Реприза,пауза, фермата, аккорт дегеніміз не? - Қастеев деген кім?
II Айналым: «Кім тапқыр?»
* Мына шығарма қандай аспапта орындалды? * Әннің авторы кім? * Шығарма қандай жылдамдықта орындалды? * Күйдің қай түріне жатады? * Унисон қалай орындалады? * Лига,қос нүкте шығармада не үшін қойылады? * Хорда дирижордың атқаратын міндетті қандай? * Латиф Хамиди мен Ахмет Жұбановтың музыка өнерінде алатын орны. * Дарынды домбырашы,композитор,дирижер,халық һахарманы кім? * Қазақтың тұңғыш әнші –биші қыздары кімдер?
III Айналым: «Кәнекей капитандар» Капитандар өз өнерлерін көрсетеді.
* Би өнері. * Ән өнері. * Өлең сөздің патшасы. * Сурет салу өнері. * Аспапта орындау өнері. * Спорттық ойын өнері.
IV Айналым: «Левитанның картиналары бойынша талдау жасау»
V.Айналым : Композиторлардың шығармаларын айту.
VI. Айналым: «Сен маған мен саған»
Сайыскерлер бір-біріне 5-6 көлемнен сұрақтар қояды.