Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіз Қазақстан»
«Тәуелсіздік - ел тірегі »
Мақсаты:
Бүлдіршіндерге еліміздің тарихы туралы түсінік беру. Рәміздерімізді қастерлеуге үйрету .
Өз Отанын сүюге, халқымыздың әдет – ғұрпы, салт – дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыра білуге дайындау.
Ұлтжандылыққа, достыққа, саналылыққа тәрбиелеу .
Жүргізуші:
- Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды . Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдермен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Біз өзіміздің Гимнімізбен, Туымызбен , Елтаңбамызбен басқа елдерге мақтаныш етеміз.
Барша халық таныған,
Біздің үміт тілекті .
Шырқалғанда Әнұран,
Шаттық кернеп жүректі .
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.
(Хан кіреді)
«Ерте,ерте,ертеде бір хан болыпты.Ол өте ақылды және даңышпан болыпты.Оның еліндегі адамдар бейбітшілік пен татулықта өмір сүріпті. Бір күні хан данышпандарды отырысқа шақырыпты».
Хан:
- Патшалығымда адамдар жақсы өмір сүреді. Сол мені қуантады.Енді менің елімнің туын белгілейтін уақыт келді.
Данышпан:
- Менің ойымша тудың түсі көк болуы керек.Бұл мөлдір судың белгісі. Сусыз тіршілік жоқ.Су болмаса жердің бетін құрғақшылық басады. Көгілдір түс ,ол таза, ашық аспанның белгісі. Аспан бұл көп адамдар тұратын үйдің шатыры сияқты. Ол бәрімізге ортақ.
Хан:
- Рахмет сендерге,ақсақалдар.Мен сендермен келісемін.Бұл көглдір түс адам бойындағы әділдік пен адамдықтың белгісі.
(Осы кезде бүркіт ұшып келеді)
Бүркіт:
- Мен ең күшті,ең ірі дала құсының бірімін. Бүркіттер өздерінің балапандарын қорғайды және биікке ұшып алыстағының бәрін көреді.
Хан:
- Бүркіт мен сенімен келісемін.Сен халқымның күштілігі мен қырағылығының бір белгісісің,тудың бір белгісі болуға сен лайықтысың. Данышпан:
- Сусыз әлемде өмір жоқ.Ендеше күнсіз де жер бетінде тіршілік жоқ. Күн-тіршілік иесі. (Күн кіреді)
Күн:
- О, данышпан Хан ием, күні бойы жер бетін аралап жүремін, менсіз жер бетінде тіршілік жоқ.
Хан:
- О,құдыретті күннің көзі, сен қайда болсаң қуаныш та,бақыт та сонда.Сенде тудан орын алуға лайықтысың. Ендеше осылай болсын: Көгілдір түстің ортасында күннің көзі жарқырап тұрсын. Күннің ортасында қалықтап, самғап бүркіт ұшсын. Ол – бостандықтың белгісі. Ою – өрнек көп ұлтты халықтың бірлігі мен достығын рәміздесін.
Жүргізуші:
- Осылай біздің мемлекетіміздің туы пайда болды.
Би: «Көк тудың желбірегені»
Хан: Бәрі де сенің Отаның
Данышпан: Бойыңды биіктететін.
Бүркіт: Рухына балап атаның
Күн: Өлгенше сүйіп өтетін.
Жүргізуші:
- Балалар, осы біз «Отан» деген сөзді күн сайын естіп жүрміз . Осы Отан дегеніміз не?
Айзере: Отан деген – атамекен. Арсен: Отан деген – туған жер. Дана: Отан – ана, Отан үлкен Арлан: Казақстан – туған ел.
-Отан дегеніміз – адамың туып – өскен жері, туған – туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын ата мекені .
Ән:
Аяжан:
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн
Желтоқсанға қараңдар,
Айнала толы аппақ қар.
Он алтыншы желтоқсан,
Алға, самға Қазақстан!
Қуанышты халқымның,
Мейрамы төрде елімнің.
Нұрға толы желтоқсан,
Аман болшы әрқашан.
Жаса, жайна гүл арман,
Сазды ән мен жыр, дастан.
Он алтыншы желтоқсан,
Сенімен бірге Қазақстан!
Туған елім, туған жерім,
Бейбіт болсын жерімде.
Өмір бойы елімде
Болсын достық, береке.
Ақан
Күн шуақты Қазақстан
Саған ғана үн қосқан.
Жүрегімнің дүрсілі
Төгіледі жыр дастан.
Жүргізуші:
- Қазақ халқы өнерге бай халық, соның ішінде би өнері ерекше .Олай болса қыздарымыздың биін тамашалаңыздар
Би: «Домбыра»
Жүргізуші:
Олай болса балалар ұлттық ойын ойнайық .
Ұлттық ойын:
Жүргізуші:
Бүгін міне, Егеменді тәуелсіз еліміздің ұлы мерекесін тойлап жатырмыз. Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық болсын деп тілейміз. Егеменді елдің болашағы – сендерсіңдер ! Сендерге зор денсаулық , көңілдеріңе шаттық тілей отырып, атар әрбір таңдарың арайлы да шуақты болсын , күннің нұры сәулесін мол төксін деп ертеңгілігімізді аяқтаймыз . Сау болыңыздар!